Хинаяна және махаяна

Home » Рефераттар » Хинаяна және махаяна
Рефераттар Комментариев нет

Дін ретінде буддизм екі үлкен мектепке бөлінеді. Олар: хинаяна және махаяна. Хинаяна – буддизмнің ертеде болған бір түрі. Ол Құдайы жоқ діннің мысалы бола алады. Құдайдың орнына жалпыға бірдей карма немесе дхарма заңы қолданылады және бұл заң бойынша әлемде ешқандай әрекеттің нәтижесі ізсіз жоғалмайды және әрбір тұлға өзінің бұрынғы іс-әрекетіне лайықты ақылды, дене мен өмірдегі орынды иеленеді. Будданың өмірі мен ілімі адамның мұраты бола алады және олар әрбір ашылмаған адамға азат болудың мүмкіндігін көрсетеді. Азаттыққа ұмтылған хинаянашыл адам өзінің қабілетіне, кемелдену жолының әрбір бөлігінің сақталуына кепілдік беретін адамгершіл заңына сеніп, Будда көрсеткен ұлы жолды ұстанады және қазіргі немесе қайсыбір алдағы келешек өмірінде азаттыққа жетемін деп үміттенеді. Ондай адам азапты өшіретін рақаттылыққа немесе нирванаға жету мақсатын қояды.

Демек, хинаяна дегеніміз өзіне-өзі көмек көрсетудің діні болады. Хинаянашылдар Будданың: “Өзіңе-өзің шырақ бол”, – деген сөзін берік  ұстанады. Әркім өзі үшін биік мақсатқа жете алады және жетуі тиіс те. Олар Будда өлер алдында: “Ыдырау – барлық бөліктен құралған нәрселердің тағдыры. Өздеріңді құтқару үшін аянбай еңбек етіңдер”, – деген сөзінен рух алады.

Бірақ бұл өте қиын, күрделі жол және ол құдіретті мейірімге де, сырттан келетін көмекке де зәру емес, ол Будда таңдаған мұратқа, ғаламның моральдық заңына тәуелді, әлемде саны өте аз, күшті адамдарға ғана арналған.

Махаяна – Кіші шеңберге, яғни хинаянаға қарсы қойылған Үлкен шеңбер деген атауды иеленіп, кейін пайда болады. Егер діннің дұрыстығын сол дінді қабылдаған адамдардың санымен өлшейтін болсақ, онда махаянаның “үлкен” деп аталуы орынды, өйткені ол өзінің храмын әртүрлі талғамы бар, әртүрлі мәдениетке жататын адамдарға ашық ортақ дінге айналдыруды көздеген.

Махаяна Қытай, Жапония мен Корея елдеріне жетіп, Гималай тауларынан асқан. Ол мәдениеті әртүрлі халықтардың арасында кең тарап, жаңа түрге өтеді, оны қабылдаған халықтардың діни сенімдерін бойына сіңіреді.

Махаянашылдардың айтуынша, ағарғаннан кейін Будданың бүкіл ғұмыры барша азап шеккен адамдарды құтқару ісіне қызмет етудің, ағаруды өзін құтқару үшін ғана емес, өзінің моральдық басшылық жасау арқылы барша мұқтаж жандарға көмектесу үшін пайдалану-дың үлгісі болады. Махаяна адамның өзін-өзі азат етуге ұмтылуында реңктері аса байқала қоймайтын өзімшілдігі бар ең төмеңгі идеал ретінде қарастырыла бастайды. Ал сезімді иеленетін бүкіл жәндік-терді құтқару мұраты Будда ілімінің ең маңызды бөлігі ретінде танылатын болды. Нақ осы мұратты махаянашылдар өз дінінің ұлылығы деп қабылдап, ондай мұраттың хинаянашылдар дінінде болмауына кемшілік ретінде қарайтын болды.

Бодхисаттва мұратын махаянашылдық философия ұсынған, өйткені ол барша жеке адамның реалдылығын теріске шығарды. Бұл философия бойынша, олардың бәрі дерлік біртұтас трансцендентті реалдылықта өмір сүреді, сондықтан олар реалдылықтың жеке немесе қиялдағы көрінісі ғана болады. Махаяна жеке “менді” жоққа шыға-рып, жалпыға бірдей, абсолютті Менді адамның нақтылы “мені” деп біледі. Сондықтан, кішкене жеке “менді” ғана емес, баршаны азат етуге ұмтылу барша жаратылыстың бірлігі туралы философияның логикалық салдары болатын.

Сонымен бірге трансцендентті реалдылық құбылыстар әлемінен тыс жататын бірнәрсе емес, керісінше, ол соның ішінде болады деген ереже — басқа жерде емес, нақ сол әлемде нирванаға немесе кемел-ділікке жету қажеттілігіне деген сенімге жол ашты. Нагарджуна айтқандай, әлем мәнін сарқа таныған адам осы әлемде де нирванаға қол жеткізе алады. Сонымен хинаянаның аскетшілдігі басқа адамға деген махаббатқа, яғни фәнилік істерге деген зиялы қызығушылыққа жол береді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.