ХРИСТИАН ӨНЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

Главная » Рефераттар » ХРИСТИАН ӨНЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

Христиан құпиялары хаостық және құдайсыз өмірдің жүрегінде ашылғанды. Оның «жарығы түнекте нұр шаиггы», бірақ ол өзі тараған аумақты түгелдей өзгерте алмады. Сон-дықтан христиандық өнер Шығыстың ежелгі өркениеттерінің өнерімен салыстырғанда, стилі бойынша да, рухани деңгейі бойынша да үзіктеу, толық еместеу көрінеді. Біз кейінірек ислам өнерінің пішін біркелкілігінің белгілі бір дәрежесіне тек қана грек-рим өлемінің көркем мүрасынан бас тарту арқьглы жеткенін, кем дегенде, живопись пен мүсіншілікте солай болғанын айтамыз. Христиандықтың алдында мүндай проблема болған жоқ: христиандық ақыл-ой Қүтқарушы-ның түлғасына назар аударған күйінде бейнелеу өнеріне мүқтаж болды, христиандық антикалық көркем мүрадан бас тарта алған жоқ; алайда, одан үйрену-көшіру процесінде руханильгққа қарсы мағынадағы натурализмнің белгілі бас-тауларын қабылдады. Осы мүраның ғасырлар бойы ассими ляция процесінен өткеніне қарамастан, оның жасырын нату-рализмі рухани сана әлсіреген түстарда, тіпті, дәстүрмен кетісу дәуірі болған Ренессанстан да бүрын, бой котеріп отырды. Шығыстьщ дәстүрлі еркениеттерінің енерін сакральді (киелі) және зайырлы (дүнияуи) деп бөлуге болмайды, себебі сак-ральді үлгілер, тіпті, кең тараған нәрселерден де корінеді, ал христиан әлеміңде сакральді өнермен қатар, діни, аз-кем «дүнияуи» пішіндерді пайдаланатын өнер де бар.
Нағыз христиандық шабыттан бастау алатын онер Христ пен Қүдай анасының табиғасы қүдіретті бейнелерінен баста-лады. Осы онермен қатар дәстүрлі үсталық-шеберлік дәс-түрлері де омір сүріп, олар да христиандық бола бастады, дегенмен, олар да киелі, олардың шығармашылық амалда-рыңда христиандықтың рухани ақиқаттарына тікелей сәйкес келетін бастапқы даналық жатыр. Осы екі ағым — дәстүрлі икона жазу жөне шеберлік дәстүрлері, пифагорлық мүрадан дамып шыққан литургиялық музыкамен бірге, христиан өркениетіңдегі «киелі онер» деп аталуга лайық элементтер.
Киелі бейненің, «ақиқи иконаның» (уега ісоп) дөстүрі шыныңда теологиялық нәрсе, ал оның бастаулары (қайнар-лары) әрі тарихи, әрі киелі. Бүл христиандықтың ерекше табиғасына сөйкес нәрсе, ол жайлы томеніректе айтпақпыз. Біз үшін христиандық онердің шығуы Константинге дейінгі дәуірдің түнегінде қалып қоюы танданарлық та нәрсе емес, себебі апостолдық деп мойындалған кептеген дөстүрлердің бастаулары дөл осылайша үмытылған-ды. Христиандықтың ерте ғасырларындағы бейнелеу енеріне байланысты кейбір күмәндардың болғаны рас. Бүл иудейлік ықпалға да, ежелгі қүдайсыздыққа мүлде үқсамайтындықтың да әсері еді, өйткені барлық жерде ауызша дәстүр өлі тірі еді жөне хри-стиандық толық гүлдене қоймаған болатын, соңдықтан хри-стиандық ақиқаттарды бейнелеу салыстырмалы ғана, онда да айырықша себептермен, әлсіз роль атқарады. Бірақ, кейін, бір жағынан өлеуметтік еркіндік, екінші жағынан бірлікке, қауымшылдыққа деген үмтылыс діни енерді қолдады, тіпті, оны қажетті нәрсеге айналдырды. Егер дәстүр езінің күллі рухани еміршеңдігімен осы мүмкіндіктің табиғасына сыйым-ды рух бере алмаса, бүл егей, жат нәрсе болып шығар еді.
Христианға дейінгі дәуірлерден тамыр тартқан шеберлік, үсталық дәстүрге келсек, ол космологиялық дүние, себебі үстаның жүмысы Ғарыштың Хаостан пайда болуын толық қайталайды; сондықтан, оның дүниені көруі христиандық аянмен (откровение) тікелей байланысты емес, христиандық тіл априорлы түрде космологиялық емес. Әйтсе де, шеберлік символизмінің христиаңцықпен біте қайнасуы өмірлік қажет-тілік еді, шіркеу бейнелеу өнеріне мүқтаж болды — оған өзіне көзге түсерлік пішін табу керек-тін, сол себепті шеберлікті игере отырып, оның бойындағы рухани потенцияны қабыл-дамасқа шарасы болмады. Оның үстіне, қолөнершілік символизмі христиан қаласының психикалық және рухани қүрылымында тепе-тендік факторына айналды; ол аскеттік христиан моралінің бір жақты қысымын жүмсартып, оның есесіне, тәңірлік ақиқатты «моральдық емес» жолмен күште-мей ашып отырды. Қасиетті болғысы келетін кісінің не істеуі керектігі туралы уағызға қолөнер символизмі өзінің сүлулы-ғымен де киелі ғарышты көруді қарсы қойды 1*, ол адамды табиғи, өз ерік-ынтасымен қасиет өлеміне жетелей білді. Қоләнершілік мүрасын грек-рим натурализмінің қағынан — даңққа мас кісінің қылығынан арьглтқан христиаңдық осы мүрада сақталып қалған, ғарыш зандарын қайтадан растай-тын ошпес белгілерге еркіндік берді 2*.
Теологиялық негіздегі таза христиандық дәстүр мен хрис-тианға дейінгі космологияның арасындағы түйісу нүктелерін катакомбалардағы христиандық символдарьшан, әсіресе, алты жене сегіз шабақты дөңгелек пішіндегі монограммадан аң-ғаруға болады. Өте ежелгі дүниенің мүрасы больш есептелетін осы монограмма не жеке-жеке түрған, немесе крест арқылы біріктірілген грек әріптерінен — «хи» мен «ро»-дан түраты-ны белгілі. Осы белгі шеңбер ішіне жазылса, ол ғарыш деңгелегінің пішініне айналады, кейде ол шеңбер ішіне жа-зылған кәдімгі крестпен алмастырылады. Осы шеңбердің солярлы табиғасы күмен туғызбайды: катакомбалардағы кейбір жазуларда шеңбер қолдары бар сәулелер күйінде бейнеленеді, бүл ежелгі Египеттің солярлы эмблемаларынан туьшдаған элемент. Бүған қоса, вертикаль осьті темірқазықша безендіріп түрған «Р» түзағының арқасында, крестпен жал-ғанған монограмма түзақты креспен — египеттік аях-пен байланысты барын аңғартады.Монограмма мен кресті біріктіру арқылы пайда болған сегіз шабақты дөңгелек жел раушанына (роза ветров) — ас-панның төрт негізгі және төрт қосалқы бағыттарының диаг-раммасына үқсайды.Христос литургияда да $оі ишсйи-пен теңестіршеді, осы ү қсатушылықтың растығына алтарьдің ориентациясы куә Пола алады. Литургия, өте көп ежелгі мистериялар сияқты, ксңістік бағыттары мен уақыттың циклдік өлшемдерінің мағыналарына сәйкес төңірлік қүрбандық беру драмасын қайталайды. Сөздің ғарыштық бейнесі ретінде Күн алынады.
Қолөнершілік дәстүрлердің өзінің күллі космологиялық дүниетанымымен бірге христиандықпен біте қайнасьш кетуін тағдырдың өзі әзірледі, бүл египеттік ғылыммен шабыттан-іан Юлий Цезарьдің күн календарін енгізуініңарқасында, сондай-ақ, юлиандық календарьді жөне негізгі Күн мереке-лсрін христиандық литургиялық жылға көшірудің арқасын-да мүмкін болды. Ғарыштың циклдерімен байланыстылық қолөнершілік дәстүрлеріңде негізгі шарт болып есептелетінін үмытпау керек, бүған біз храм түрғызудың мысалы ақылы көз жеткіздік; бүл процесс шынында да аспан циклдерінің ақиқат «кристалданғанындай» әсер қалдырады. Кеңістікба-ғыттарының маңызын күн цикл фазаларының маңызынан бөліп қарауға болмайды; бүл үстаным ежелгі архитектура мен литургия үшін ортақ нөрсе.
Христиандық сөулет өнері шеңберге жазьшған крестің негізгі сүлбасын бекіте түседі. Осы композицияның бір мез-гілде Христ символы және ғарыш «синтезі» болатыны атап айтарлықтай жайт.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.