ХVІ—ХVІІ ғасырлардағы Судан

Home » Рефераттар » ХVІ—ХVІІ ғасырлардағы Судан
Рефераттар Комментариев нет

ХVІ—ХVІІ ғасырларға қарай Суданда ислам діні берік орнықты. ХV ғасырдың екінші жартысында ең соңғы христиандық басшы Алва тақтан құлатылды. Бірнеше жаңа мемлекеттер құрылды. Оның ішіндегі ең ірісі Сеннар мен Дарфур болды. Біріншісінің негізін фунг халқы құраса, екіншісінің негізін фур /фор/ халқы құрады. Бұл жоғарғы Нилдегі ең бірінші мұсылман мемлекеттері болды. Сеннар мемлекеті Ақ жəне Көк Нил аралығын, Рахад жəне Диндар өзендерінің алқаптарын алып жатты. Бенимар, беджа т.б. көшпелі тайпалар Сеннарға тəуелділігін мойындады. Сеннардың негізгі шаруашылығы — суармалы егіншілік болды. Олар бидай, тары, жүгері, бұршақ, қауын, қарбыз, келімдəрі екті, мақта өсіріп, одан дамур деп аталатын ерекше мата тоқыды. Мал шаруашылығы да кең орын алды. Қодас, түйе, есек, жылқы ұстады. Сеннар сыртқы саудаға белсене қатысты. Дəстүр бойынша көпестердің басым көпшілігі шет жерліктер /египеттіктер, түріктер/ болды. Олар Таяу Шығыс елдеріне Сеннар басшыларының оңтүстік пен батысқа жиі-жиі жасап отырған шапқыншылық жорықтарында қолға түскен тұтқындарын құлдыққа апарып сатып отырды. Елге темір, əйнек, қару, əшекей бұйымдары, келімдəрі əкелінді.

Сеннардың өз ақшасы болмады, саудада египет, түрік, испан ақшалары пайдаланылды. Жергілікті шикізаттар, бұйымдар айырбас ретінде пайдаланылды: мысалы, тұз, темір, дамур матасы, найзаның ұшы /наконечник/. Ірі рыноктар тек Сеннарда ғана емес, сондай-ақ Донгол, Бербер, Суакин, Шенди жəне басқа қалаларда болды. Кейбір аудандар ауылшаруашылықтың, қолөнердің белгілі бір түрімен ғана шұғылданды. Бидай мен финиктер Сеннар мен Шендиден шығарылса, Эфиопиямен шекаралас жерлерден алтын аралас құм, темір, мыс өндірілді, ал Кордофаннан құлдар əкелінді. Донголда жылқы өсірді.

Үкімет басында сұлтан тұрды. Оның билігі ақсүйектер кеңесімен шектелді. Ол кеңеске провинция əкімдері кірді. Əсіресе өз қолына нақтылы билікті шоғырландырған текті вельможадан тұратын құпия кеңестің рөлі зор болды. 1577 жылы қайтыс болған Декин шариатқа негізделген заңдар шығарды. Сұлтан тағайындайтын кадидің билігі күшті болды. Тек өте маңызды мəселелер ғана сұлтан сотында қаралды. Сеннардың орталық бөлігінің тұрғындары адам басынан жерге, малға, саудадан түскен табысына салық төледі. Провинция тұрғындары мен көшпелі тайпалардан үнемі алым-салық жиналып тұрды. Бірақ оның мөлшері дəл анықталып, бекітілген жоқ еді. Сонымен қатар үкімет басшылары рыноктан жəне кедендік салықтардан, əскери жорықтардың олжаларынан, сотталғандардың тəркіленген мүлкінен табыс тауып отырды.

Сеннарда, зерттеушілердің пікірі бойынша, ХVІ ғасырда феодалдық меншік қалыптасты. Ең ірі феодал сұлтанның өзі болды. Оның ең жақсы егістік, жайылым жері, сансыз көп малы болды. Ол шонжарларға уақтылы салық жинап бергені, əскери жорықтарға қатысқаны, керуен тасысқаны үшін жер үлестіріп берді. Сонымен қатар шаруалардың қауымдық меншігі де сақталды. Біртіндеп ол қауымдар тəуелділікке түсе бастады. Құл иеленушілік те сақталды. Ең ірі құл иеленуші де сұлтанның өзі болды. Құлдар еңбегі негізінен үй шаруашылығында пайдаланылды. Құлдардан ұлан отрядтары құрылды, құлдарды шекараны қорғауға бекіністерде пайдаланды. Оларға жер бөлініп берілді, сол үшін түскен өнімнің белгілі мөлшерін үкіметке өткізіп отырды. Дарфурде ислам діні үстемдік құрды. Заң негізіне мұсылмандар шариаты алынды. Мұра ретінде əкеден балаға көшіп отыратын сұлтанның билігін тайпа көсемдерінен шыққан тектілер кеңесі шектеп отырды. Оның мүшелері “абу” /”əке”/ деген атақ алатын / мыс. абу коджара-коджара тайпасының əкесі; абу дунуга-дунуга тайпасының əкесі, т.с.с/. Сондай-ақ кіші құпия кеңес те болды. Абуфор деген де қызмет болды. Ол сұлтанның ең жақын көмекшісі, кеңесшісі, орынбасары /оң қолы/. Заң бойынша ол сұлтанмен бірге өлуі керек болатын. Үлкен кеңестің мүшелерінің міндеттері дəл анықталып қоятын. Оның 2 мүшесі, мысалы, салық жинауға, бірі — жер дауын шешуге, енді бірі — сыртқы істерге, тағы бірі — сұлтанның құлдары мен малдарына жауапты болды. Кеңестің құрамында бірнеше əскер басшылары да болды. Провинцияларда жергілікті үкіметті сұлтан тағайындайтын əкімдер басқарды. Олардың колындағы билік өте күшті болды. Олардың қарамағында əскери отрядтары да болды.

Салықты қауым емес, оның жеке мүшелері төледі /əркім өзі үшін/. Тек көшпелі тайпаларда салық əрбір адамға емес, тайпаға немесе сол тайпаның бір шағын тобына салынатын. Салық малмен, азық-түлікпен өтелетін. Қосымша салық та болды. Мысалы, рынокқа шығарылған тауардың құнының 1/10 бөлігі, балық аулау, сыртқы саудамен айналысу құқығы үшін ақы төленетін. Сонымен қатар қазынаның табысы сотталғандарға салынатын айып пен жазаланғандардың мүлкін тəркілеу есебінен толықтырылып отыратын. Сеннардағы сияқты, Дарфурда да құлдық болғанымен, ол шаруашылықта айтарлыктай рөл атқарған жоқ. Ең ірі құл иеленушілер сұлтанның өзі, оның шонжарлары болды. Ол құлдар шағын учаскелер алып, қожайындарына жұмыс істеді. Керуен жолы Дарфурды Сеннармен, Египетпен, Туниспен Алжирмен, Эфиопиямен, тіпті Аравиямен байланыстырды. Ол жолдың бойында қалалар салынып, өсе түсті. Əсіресе елдің орталығындағы Коббе қаласы үлкен болды. Елге қару-жарақ, темір, мыс, индия мен египет маталары, айна, қағаз, т,б. товарлар түсіп жатты. Ал Дарфур сыртқы рынокқа түйе, піл сүйегін, теріден жасалған мес, құлдар шығарып отырды. Елде біркелкі ақша жүйесі болмады. Бұйымды-бұйымға, матаға, тұзға айырбастап алатын. ХVІ—ХVІІ ғасырларда Судан халықтарының мəдениеті өзінің ескі дəстүрін сақтай отырып, енді жалпы араб мəдениетінің құрамдас бөлігі ретінде дами бастады. Бастауыш мектептер көптеп ашылды. Онда балалар құранды, араб тілін оқыды. Араб тілінде сот істері жүргізіліп, жарлықтар шығарылды. Сеннар мен Дарфурдың тұрғындары жоғары білімді аль-Азхарда /Каирде/ алатын. Бұл елдерге басқа ислам елдерінен білімді адамдар келіп қоныстанды. Хроникалар, үрім-бұтақ кестелері, əдеби-тарихи шығармалар жазылып отырды. Сол кездегі көрнекті жазушылардың қатарына Хаммад ибн Мухаммед ибн аль-Мумаих /1646—1730/ пен Мухаммедан-Ну аль Джам /1728—1809/ жатады.

Іші-сырты көрікті безендірілген, қымбат жиһаздарға толы мешіттер де көптеп салынды. Француз саяхатшысы Понсенің дерегі бойынша Сеннарда ХVІІ ғасырдың аяғына қарай 100 мың халық тұрған. Сұлтанның 6 қабат сарайы, қала тұрғындарының кірпіштен салынған үйлері, əсем мешіттер болған. ХVІ—ХVІІ ғасырлар Танганьика мен Ньяса, Виктория мен Альберт көлдерінің аралығындағы Китараның бірнеше шағын мемлекеттерге бөлініп кету кезеңі болды. Оның орталық бөлігінде құрылған мемлекет Буньоро болды. Елді азық-түлікпен егінші банту тайпасы қамтамасыз етіп отырды. Бірақ билеп-төстеушілер мал шаруашылығымен айналысатын нилот тайпасы болды. Əскери отрядтардың да негізгі күші солар болды. Үкімет басшысы омукаманың билігі күшейе түсті. Биліктің əкеден балаға мұра ретінде көшетіндігі туралы заң болмағандықтан, тақ үшін талас туып отырды. Соның салдарынан ХVІІІ ғасырда Буньоро мемлекет болудан қалды. Китараның бұрынғы вассалдары Нкоре /Анколе/ мен Буганда қуатты тəуелсіз мемлекеттерге айналды. Нкоренің ең алғашқы үкімет басшысы — омугабесі — Нкуба болды. 368 369 Бұл елдің тұрғындарының басым көпшілігін Танту тілінде сөйлейтін байру тайпасының диқандары құрады. Олар бүкіл қоғамды егінмен, көкөніспен қамтамасыз етіп отырды, қолөнерімен айналысты. Байрулардың ірі қара мал ұстауға, құнарлы жайылымдарға қоныстануға құқы болмады. Олар негізгі салық төлеушілер, жұмыс күші болды, бірақ олар əскерге алынбады, басшы қызметке тағайындалмады. Бұл міндеттер нилот тілдес мал шаруашылығымен айналысатын бахималардың үлесі болды. Малы бар адамдар құрметті адамдар деп есептелді. Малға бай адамдар үлкен қызмет орындарына тағайындалатын. Малды — жақсы кызметі мен əскери ерлігі үшін жалақы-награда ретінде беретін. Бағынбағаны, тəртіп бұзғаны үшін малын алып қоятын.

ХVІ ғасырдың аяғына қарай көлдердің оңтүстігінде Руанда жəне Бурунди мемлекеттері құрылды. Оларда негізінен 3 тайпа халықтары: тутси, хуту, тва тұратын. Малшы тутсилер басшы рөл атқарды. Тутсилерге əскери іспен ғана айналысу керек деген қағида қалыптасты. Олар басқа тайпаларға менмендікпен қарады. Диқан хутулар тəуелді, қаналушы топ болды. Олар жердің иесі деп есептелді. Олардың мал ұстауға құқы болмады, тек тутсилердің малын бағуға рұқсат етілді. Малдан түсетін азды-көпті табысты пайдаланды. Ал үшінші топты құрайтын тваның ешбір құқы болмады. Олар тутси, хутулардың малайлары болды. Тек Буганда деген мемлекетте ғана малшылар көрнекті роль атқармады. Мұнда диқандар да, малшылар да тең құқықты болды. Басшы қызметке қабілетіне қарай тағайындалды. Буганда ХVІ ғасырдың аяғына карай толық тəуелсіздігін алды.

Замбези мен Лимпопо өзендерінің аралығында Мономотапа деген мемлекет өмір сүрді. Оның халқының негізін мошона тайпасы құрады. Мемлекеттің негізін қалаушы Мутота /ХV ғ./ болды. Оның үрім-бұтағы 1917 жылға дейін басқарды. Мономотапаның құрамына қазіргі Зимбабве толығымен, Мозамбиктің бір бөлігі кірді. Чикуйдің /1494—1530/ басқарған жылдарында елде тыныштық болды. Ірі жер иелері — фумостың қатары өсе түсті. Шаруашылықтың басты саласы егіншілік болды. Сондай-ақ аңшылықпен, балық аулаушылықпен де айналысты. Қолөнері, металл өндіру мен өңдеу кең өріс алды. Шаруаларға азық-түлік салығы салынды: аңшылар, қолөнершілер де натуралды салық төледі. Салық уақтылы жиналып отырды. Құлдық болғанымен, ол елеулі рөл атқармады. Салт-дəстүрлер берік сақталды. Əруақтарды құрметтеу кең орын алды. Португалдық миссионерлердің тұрғындарды католик дініне енгізу əрекетінен түк шықпады. Дегенмен олар 1561 жылы үкімет басшыларын шоқындырып үлгерген еді. Мономотапаның жеке облыстарының арасындағы байланыс нашар болды, ортақ рынок қалыптаспады. Натуралды шаруашылық, провинциялардың экономикалық тəуелсіздігі сақталды. ХVІ—ХVІІ ғасырларда Мономотапа шығыста жаңа күшпен — португалдықтардың алғашқы экспедициясымен қақтығысқа ұшырады. Олар өздерінің оңтүстіктегі базалары Мозамбик пен Софаладан шықты. 1550 жылға қарай португалдықтар материктің түкпірінде /ішінде/ Сену жəне Тете деген тірек пункттерін салып үлгерді. Бұл пункттер мен бекеттер үшін португалдықтар қымбат сыйлықтар мен ақша төледі. Сол себепті олар еш қарсылықсыз, тежеусіз елдің ішінде жүріп-тұруға рұқсат алды. ХVІ ғасырдың екінші жартысында португалдықтар шет елдерде əскер күшімен емес, келісімдер арқылы орнығып алу бағытын ұстанды. Дегенмен 60—70 жылдарда күшпен жаулап алуға да əрекет жасады. 1563 жылғы экспедиция елді жаулап алу, алтын кеніштерін анықтап, оларды басып алу мақсатын көздеді. Найзамен, садақпен ғана қаруланған жергілікті əскер португалдық мушкетерлерді тоқтата алмаса да, шамасы келгенше қарсыласып бақты. Келесі экспедициялар да қарудың күшімен жүргізілді. Сол кездегі шайқастарды көзімен көрген куəлер қара түсті жергілікті халықтың қайтпас қайсарлығын, ерлігін ерекше атап өткен. Ұзаққа созылған соғыстың бірінші кезеңі — 1569—1573 жылдар — португалдықтар үшін сəтсіз аяқталды — олар Мономотапаны басып ала алмады.. Жаңа жорық 1574 жылы басталды. Португалдықтар Читеве облысының басшысынан оның жері арқылы жүріп-тұру рұқсатын ала алмады. Əскери жорықтың басшысы Мономотапа уəкілдерінен Чиков облысындағы күміс рудниктерін пайдалануға рұқсат алғанымен жергілікті басшы бұл келісімді мойындаудан, рудникті көрсетуден бас тартты. Португалдықтар ішкі облыстарды басып ала алмады. Дегенмен олардың мономотапа басшыларына саяси ықпалы сақталып қала берді. Үкімет өзіне бағынғысы келмей, бөлініп кетуге тырысатын вассалдарын бағындыру үшін португалдықтар көмегіне сүйенетін. Ол көмекті, əсіресе Гатси Русере /1596—1627/ кеңінен пайдаланды. Португалдықтарға ризашылығын білдіре отырып, олар үшін елдің ішінде емін-еркін жүріп-тұруға, қару ұстап жүруге рұқсат етілді. Мұны португалдықтар баю мақсатына пайдаланды. Олар тонаушылықтан да тайынбайтын.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.