Ибн Баджжа: адам философиясы

Главная » Рефераттар » Ибн Баджжа: адам философиясы

Ибн Баджжа Әбу Бәкір Мұхаммад Ибн Йахйа (латынша есімі — Аванпаце). 1082 жылы Сарагосада туған (мұсылмандық Испания), 1139 жылы Фес қаласында қайтыс болды. Философ, филолог-әдебиетші, дәрігер, ақын, музыкашы. Уэзір болды. Өмірі Сицилияда, Гранадада, Фесте өтті. У беріліп өлтірілді. 100-дей шығарманың авторы, қырыққа жуығы сақталған. Негізгі еңбектері Аристотель трактаттарына түсініктемелер беруге арналған. Ибн Баджжаның трактаттары: «Зерденің адаммен қосылуы туралы трактат», «Қоштасу үндеуі», «Жан туралы кітап», «Оңаша қалушының өмірін қүру» (Оңашалану туралы Кітап) (Оңаша қалғанның өмірін қүрылымдау).

Метафизика, логика мэселелерінде эл-Кинди, әл-Фараби, Ибн Сина идеяларын жалғастырды. Оның өзі мүсылмандық философиялық антропологияны жасаушы болды. Оның барлық шығармалары философияның басты мэселесі — адам мен оның тағдырына арналған. «Кемеліне келген, ізгілікті қаланың» утопиялық мү-ратын жасады, бірақ ол жалғыздық философиясы немесе оңашалану философиясы сарынында болды. Ибн Баджжаның өте жеке түлғалық философиясы оның замандас-тарына үнамады, өйткені ол философияны бүқараның қолы жетпейтін таңдаулы ғылым деп есептеді. Бүқаралық мэдениет «философиялауға» мүқтаж емес деген сенімде болды. Дүниені тануда тек жеке тұлғалық жолды үсынды — бүл жалғыз философтың жолы (Басқаша айтсақ, үжымшылдық философияға жат нәрсе). Ибн Баджжа фәлсафаның барлық өкілдерінің ішінде ислам экзистенциализмін дамытуға неғүрлым жақын болды. Мұсылмандық Испанияда зияткер-философтардың ара-сында танымал болды, ал жалпы философиялық-ғылыми ортада аса танымал болған жоқ. Ибн Туфайль (Туфайл) оны өзімнің үстазым деп есептеді.

Ибн Баджжа Қүдай жаратқан зерде мен логика адамда бірігіп, оған дүниені тану шекараларын кеңейтуге мүмкіндік береді деп есептеді. Зерделі адам дүниедегі тағайындалуын — өзінің жеке қосымша болмыстығын іске асыра отырып, зияткерлік қабілеттерін дамытады. Ибн Баджжа өзінің экзистенциялық фйлософиясында адамның басқамен сұхбаты проблемасын ашып көрсетеді, сұхбаттың болуы мүмкін емес деп есептеді, өйткені Басқа даралықты қуғынға үшыратады. Сүхбаты тек қана Қүдаймен және өзімен өзі жүргізу мүмкін болады. Оны адам дүниесін қайта қүратын нэрсе ретінде есептей отырып, музыкаға үлкен маңыз берді. Әбу Насыр әл-Фарабидің музыкалық идеяларының ықпа-лында болды. Алайда музыканы дүниені танудың рухтанған, сөздер қатыспайтын формасы ретінде түсінуде өз идеяларын негіздеді. Мұнымен бірге Ибн Баджжаның музыка философиясы андалус музыкалық мэде-ниетінің (эл-Андалус) аясында дамыды. Ибн Баджжа шығармашылығының Әльмарауилер эулеті (1056-1145) билігіне байланысты тарихи мән мәтінін де есепке алу қажет.

.
.

Егер Омейялардың билігі кезінде Кордова халифатындағы элеуметтік-саяси жэне гуманитарлық ахуал өте төзуге түрарлық болса, Әльмарауилер кезінде (мүмкін 1085 жылы Толедоның қүлауын да есепке алу керек шығар) ол өзгеріске үшырады. Ибн Баджжа бүл жағдайларда заджалда ислам-христиан стилін қосуға эрекеттенеді. Бірақ оның неғүрлым білімді билеушілер — Әльмохадтардың кезінде жасампаздықпен айналысқан Ибн Туфайль мен Ибн Рушд тәрізді жолы болмады. (Алайда бүл Әльмохадтардың бір білімді билеушісінің Ибн Рушдты түтқындап, оның трактаттарын өртеуге жарлық беруіне бегет бола алмады). Солай болса да Ибн Баджжа жалпы дүниежүзілік музыка-лық үдерісте ислам жэне испан музыкалық өнері бір-бірін өзара толықтырғаны жөнінде теориялық музыкалық ережелер енгізді. Бір кездері эл-Фараби жариялаған музыканың ғылыми мэртебесі үшін күрес Андалусияда да оны мойындаумен аяқталды. Ибн Баджжа музыкамен адам жанын емдеу теориясын негіздеді. Ибн Баджжа да ақиқат философия мен ақиқат дінді қарастырды.

«Оңашаланған адам өмірінің салты», «Жан туралы кітап», «Зерденің адаммен қосылуы туралы жолдау» сияқты шығармалар жазған Ибн Баджжа философияның дінге қатынасы туралы мэселені терең зерттеді. Адам болмысының формалары ретінде философия мен дін ізгілікті қалада өмір сүреді. Бірақ эл-Фараби «ізгілікті билеуші» қаланың гүлденуіне де жағдай жасай алады және тиіс деп есептесе, Ибн Баджжа болса мүндай эсірелеуден алыстау түр. Ол ізгілікті философия мен ізгілікті дінді — оңашалану философиясы деп есептеді. Ибн Баджжа жасаған оңашалану философиясы бізге қоғамнан қол үзген адамның дүниесін ашады, бұл қоғам оған керек емес жэне жат ақиқаттарды, қарекеттер мен проблемаларды таңады: оларды шешу үшін адам өзінің бүкіл өмірін арнауы тиіс; бүл адамға қанағаттанушылық экелмейтін проблемалар, олар оның өміріне рухани-этикалық бастаманы да енгізбейді. Олар оның назарын дүние мен құбылыстардың терең мэнділігін танудан аударады. Мүның бэрі адамға ауыртпалық түсіреді. Ол өзіне түскен ауыртпалықты көтере алмайды. Ол тіпті өзінің күнделікті қарекеттерін шеше алмай, өледі. Әрбір адамда басқа Адам өмір сүреді, оның рухани бай дүниесі басқа өмірді, басқа қоғамды, басқа билеушілерді талап етеді. Ибн Баджжаның «Оңашаланған адам өмірінің салты» жүмысында адамның «тереңдіктегі санасы» мэселелері үлкен қызығушылық тудырады.

Ойшыл философияның тағайындалуы неде екендігі туралы мэселелер қояды. Адамды неліктен күйзеліске түскен жэне терең қайғы басқан минуттарда философиялық проблемалар қызықтыра бастайды? Ибн Баджжа терең рефлексия артық болатын жалған өмірден шымылдық -«кашф» қүлап түседі деп есептейді. Өмір өзінің бүкіл ащы үйреншіліктілігімен және әдепсіздігімен көрініс береді. Өзінің жеке өмірін ой елегінен интегралды түрде өткізу қажеттігі пайда болады, ал бүл философиясы мүмкін емес ырдудырдулық философиясы бар (нан тауып жеумен эуре болып жүрген адамның философиямен ісі болмайды), мүндай философияның категориялары шынайы эділдік, бейсалдылық, «спинозизм», қол үзушілік, өсиетшілдік, ғылымтанушылық, абстрактілік қайшылықтар және басқалар.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.