Ибн Халдун: тарих пен әлеуметтану философиясы

Home » Рефераттар » Ибн Халдун: тарих пен әлеуметтану философиясы
Рефераттар Комментариев нет

Ибн Халдун Уәли ад-Дин Әбд ар-Рахман Ибн Мұхаммад (1332 жыл, Тунис- 1406 жыл, Каир). Философ, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер. Елші, Мысырда жоғары қазы болды. Дамаскіде Темірмен кездесті (1401). Негізгі шығармалары: «Өмірбаян», «Мухассалдың мэні» (ар-Разидің «әл-Мухассал» энциклопедиясын түсініктемелеу), «Үлкен тарих» ерекше эйгілісі «Мукаддима — осы кітапқа кіріспесі (пролегомендар)». «Муккадима» — тарихқа кіріспе Ортағасыр дэуіріндегі мұсылман мэдениетінің энциклопедиясы болып табылады.
Бірінші мұсылман кәсіпқой тарихшысы, әлеуметтанушысы, саяси экономисі болып есептеледі, өркениет туралы ілім жасады. Ибн Халдун элеуметтануын зерттеу дүниежүзілік білім беру дискурсына салыстырмалы түрде жуырда ғана енгізілді. Ибн Халдун оның ғылыми сінігіндегі ислам тарихының атасы. Тарихты әміршілердің, патшалардың, халифтардың, императорлардың жэне т.б. тарихы ретінде түсінуден бірінші болып бойын аулақ салды. Тарих — зерттелуі тарихи сананы қалыптастыру үшін қажетті ғылыми пэн деп есептеді. Ибн Халдун тарихты қоғамдық дамудың түйіні ретінде қарастыра отырып, тарих философиясын жасады.
Ибн Халдунның қызметі көп қырлы болды: мемлекеттік, қоғамдық қайраткерден бүгінгі күні де исламдық білім берудің басты орталығы болып табылатын Каирдегі «Эль-Азхар» университетінің оқытушылығына дейін. Оның «Үлкен тарих» — «Сабақ алатын мысалдар мен орасан мөлшерлердегі билікті иеленген арабтар, парсылар мен берберлер жэне олардың замандастарының күндері туралы хабарлардың диуаны» кітабы төрт тараудан түрады:
1. Кіріспе (Мукаддима);
2. Джахилийа кезеңінің тарихы;
3. Халифат тарихы (Африка, Испания);
4. Мысыр мен Азиядағы мүсылман эулеттерінің та-рихы
«Мукаддиманың» өзі мынадай проблемаларды ашатын біртүтас шығарма болып табылады:
• тарихтың мағынасы мен тағайындалуы;
• тарих ғылымы қалыптасуының негізгі үстанымдары;
• географиялық теория;
• демографиялық түғырнама;
• қоғамның экономикалық дамуы, оның әлеуметтік және саяси өмірмен байланысы;
• өркениеттер теориясы;
• мемлекет феномені, оның пайда болуы, мемлекет бас-қару проблемалары;
• қүн категориясы;
• еңбек түсінігі жэне оның тарихи маңызы;
• логикалық үстанымдарға сай ғылымдарды жіктеу;
• саясат пен мемлекет жэне басқалар.
Ибн Халдунның «Мукаддимадағы» басты түсініктерінің бірі «үжымдық ынтымақтық» болып аударылатын (П.В.Турчин) «асабийа» көптеген мағыналарда ашылады.
Бүгінгі күні Ибн Халдун құнның экономикалық теориясының негізін қалаушы болып есептеледі. Егер фэлсафаньщ өкілдері: әл-Ктнди, әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Баджжа дегенмен де қоғамды қайта құрудың уто-пиялық тұғырнамаларын жасаса, оның ішінде бұл эко-номикалық реформаларға да қатысты болды, онда Ибн Халдун заманауи экономикалық болмысқа релевантты жаңартушылық сипаттағы теория жасады. Заманауи исламдық экономиканың ұстанымдары Ибн Халдун теориясында негізгілер болып табылатын шариғат ере-желеріне негізделеді. Оған исламдық мәнмэтінді толық сақтай отырып, заманауи үдерістерге де бейімделе алатын жүйе қүрудың сэті түсті. Бүл кітаптың ең әйгілі бөлігі болып «Кіріспе» — «Мукаддима» есептеледі. Ибн Халдун «Мукаддимада» мынадай проблемаларды ашт.тп корсетті:
• қоғам мен жеке түлғаның арақатынасы;
• өркениеттер мен мэдениеттер;
• саясат пен қүқық;
• экономика мен элеуметтік өмір;
• қоғамды қүрудағы эділеттілік факторы;
• бэтуа философиясы (асабийа);
• еңбек бөлінісі;
• билік аппаратын шектеу;
• жалдамалы армияны шектеу саясаты;
• экономикалық жэне саяси тэуекелдер проблемасы;
• қоғамдағы эділеттілік үстанымы.
Ибн Халдун өз іліміндегі экономикалық теориясында жеке меншік проблемасын эзірледі, материалдық ынта-ландыру қажет деп есептеді, салық салу проблемалары бойынша өте маңызды жобалар әзірледі.
Әсіресе Ибн Халдунның өркениет туралы теориясына қосқан үлесі өте маңызды. Өркениеттердің қүлдырау жэне құру себептерін аша отырып, Ибн Халдун еркениет қүриды, ал мәдениет қалады деген қорытындыға келеді. Өркениет қандай да бір қоғам дамуының жоғары сатысы болып табылады, бірақ одан соң, заңды түрде, гүлденуден кейін күйреу басталады. Ибн Халдун мэдениет пен өркениеттің қатынасын тарихи жағынан бір-біріне жағдай жасайтындар ретінде қарастырады.
Ибн Халдун эділетсіздік өркениеттердің күйреуіне эке-леді деп есептейді. Зерттеуші Н.С.Розов «Ибн Халдунның заңы. Ресейдегі сыбайлас жемқорлық пен күшпен мэжбүрлеудің өсуі неге экелуі мүмкін» деген еңбегінде «бүгінгі күні Ибн Халдунның идеялары шетелдік жэне отандық авторлардың математикалық модельдеулерінде дамып жэне нақтыланып жатқаны» туралы жазады. Ибн Халдунның басты тү-сініктерінің бірі — асабийа. Асабийаны шығыстанушылар топтасқандық, эріптестік, ынтымақтастық, бэтуа ретінде түсіндіреді. Розов Ибн Халдунның асабийасы Эмиль Дюркгеймнің «өнегелілік күшіне», Макс Вебердің «ха-ризмасына», Лев Гумилевтің «пассионерлігіне», Вэндалл Коллинздің «жоғары эмоциялық қуатына релевантты» [71] деп есептейді.
Ибн Халдун өркениеттерді жіктей отырып, асабийаның эртүрлі деңгейлерін көрсетеді. Мысалы, ең жоғарысы — бэдеуилерде, көшпелілерде. Көшпелілер мэдениетінде асабийа экономикалық, элеуметтік, аумақтық, тарихи жағдайларға ғана емес, сондай-ақ көшпелінің өнегелілік қасиеттеріне (мурувва) қарай өте жоғары дамуға қол жеткізеді. Ең жоғары өркениет — исламдық өркениет. Әділеттілік туралы Құдайлық заңдарға негізделген, ислам мемлекетін басқаруға енгізілген ислам үстанымдары мұсылман мэдениетінің бүрын болып көрмеген гүлденуге қол жеткізуіне мүмкіндік берді.
Алайда, ол асабийа ұстанымына сүйенген ұлы би-леушілер басқарған кезде өркениет дамиды деп есептеді. Бірақ бүл үстаным жоққа шығарылатын жерде мемлекеттік басқару негіздері бүзылады, біреулердің эділётсіз баюы мен басқаларының кедейленуі болып өтеді. Мұның бэрі ислам экономикасының мэніне қайшы келеді.
Асабийа феномені біртіндеп «мүлік»- билік,байлық феноменімен алмасады. Байлықтың дамуына, билікке ұмтылуға байланысты ынтымақтастық ұстанымы ретіндегі асабийа біртіндеп бизнес-эріптестікке қарай ойысады. Асабийаның құлауы өркениеттердің құлауымен табиғи байланыста.
Ибн Халдун мемлекеттердің құлдырау себептерін ашып көрсете отырып, сыбайлас жемқорлық тэртіпті адамдардың ынтымақтастық сезімін жоққа шығарады деп есептеді. Бюрократтық аппаратттың сыбайлас жемқорлығы жэне «дәулеттілердің билігі» еңбек өнімділігіңің төмендеуіне, халықтың наразылығына, қоғам берекесінің кетуіне, мемлекеттің ішкі жэне сыртқы қарыздарына экеп соғады.
Ибн Халдун «билікті қолдарына толық шоғырландыруға қол жеткізген билеуші тап уақыт өте келе өсе түседі және өз қажеттіліктерін арттыра түседі, бүл оның қоғамдық ресурстардың сарқылуына, шаруашылық белсенділіктің күлдырауына, халықтың кедейленуі мен азғындауына, қуаттылықты жоғалтуға барабар бейімделу қабілетін төмендетеді. Бүндай жағдайларда сыртқы бэсекелестері мен өз халқының алдында қуаты мен берекесін көрсету эрекеттері, сыбайластарды сатып алу режимнің күйреуі мен биліктің алмасуын кейінге қалдыра алады, бірақ бөгет бола алмайды» [72] деп есептейді.
Ибн Халдунның саяси жэне экономикалық сценарийі асабийа баяғыдан тек жекелеген адамдарға ғана асабийа болып табылатыны қоғамның заманауи модельдерінен айқын көрінуде. Заманауи тарихи-әлеуметтанушылық ілімде Ибн Халдунның теориясы мемлекеттер дамуының болашағын көру үшін өте өзекті,
Ибн Халдун асабийа ынтымақтастық, топтасқандық, эріптестік ретінде әділеттілік, жауапкершілік үстаным-дарында қүрылуы тиіс, эйтпесе мемлекет бүзылуға «дайын» болады деп есептеді.
Ибн Халдунның шығармашылығы үзақуақыт бойы терең зерттелген жоқ, мүмкін бүған ішінара оның тарихы «орташа ғимараттың тамаша қасбеті» [73] болып табылады деп есептеген В.В.Бартольдтың талдауы да ықпал еткен болар. Алайда бүгінгі күні Ибн Халдунның шығармашылығы бэрін қызықтыруда. Ибн Халдун қоғам туралы ілімінде экономикалық, элеуметтік, саяси проблемаларды ашып көрсетеді. Оның экономикалық теориясы бэрінен бүрын экономиканың қүрандық аспектілеріне негізделді. Қү-ранның экономикалық негізгі ережелеріне негізделген заманауи исламдық экономика іс жүзінде Ибн Халдунның еңбектерінде жасалған еді.
Исламдық экономиканың барлық жеке меншік, жалпы меншіктің тек қана Аллаға тиістілігі туралы басты пос-тулатында: эділдік үстанымы мен адамның қандай да бір меншікті уақытша иемдену үстанымының мазмүны бар. Экономикада эділеттілік үстанымы басым болып табылады, ол зекетке жэне салық салу (уақытша жэне түрақты) саласына ендірілді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.