Ибн Сина: философия емделу ретінде

Главная » Рефераттар » Ибн Сина: философия емделу ретінде

Ибн Сина Әбу Әли Хусейн Ибн Абдаллах (еврейлік түсініктемелерде Авен Сона, одан кейін латындандырылған Авиценна). Бұхараға жақын жерде туды (980 ж., 1037 ж. Хамаданда қайтыс болды). Философ, дэрігер, ғалым, ақын. Басты трактаттары — Емдеу Кітабы (17-18 том). Оны екі рет қысқартты. Қысқартылған бірінші нұсқасы «Кұтқару кітабы», қысқартылган екінші нұсқасы — «Білім кітабы», «Дәрігерлік ғылым каноны» (5 томдық), «Шығыс философиясы», «Нұсқаулар мен тәлімдер кітабы» және басқалары. Ибн Сина тамаша білім алды. Барлық гуманитарлық жэне жаратылыстану ғылымдарын зерттеді. Хамадандағы уәзірдің сарай дэрігері лауазымын иеленді. Хамаданда қайтыс болды.

«Дәрігерлік ғылым каноны» — медициналық білімдердің энциклопедиясы. «Дәрігерлік ғылым каноны» латын тілінде жарық көрді. Латын тіліне 12 ғасырда аударылды. Араб нүсқасы бойынша Еуропада 1593 жылы басылып шықты. Ең алғашқы баспа кітаптарының бірі (1473 ж.). Ибн Сина — ең белгілі филсоофтардың бірі, оның өмірі мүмкін болатын әр түрлі қүпияларға, аңыздарға толы болды. Өзінің әйгілі рубайында Ибн Сина өзінің өмір жолын былай білдірді:
Қара жерден аспан денелеріне дейін Дана сөздер мен істердің қүпияларын шештім мен. Барлық түйіндерді тарқатып, жауыздықтан қүтылдым, Тек өлім түйінін ғана тарқата алмадым мен. Ибн Сина өз өмірі үлы мағынаға толы болды деп есептеді, ол өз қызметін әлеуметтік-гуманитарлық жэне жаратылыстану — ғылыми салалардың бэрінде өрістетті. Оның терең зерттеулерінің пэні — «Рух туралы ғылымдар да, табиғат туралы ғылымдар да» болды. 17 жасында ол белгілі дэрігер болды. Ибн Сина Бүхара, Исфахан, Хамадан кітапханаларында күндіз-түні жүмыс істеді. Тамаша ғалым, тэжірибеші — дәрігердің, философтың емірі ауыр болды. 57 жасында қайтыс болды. Қуғынға үшырады, тіпті, түрмеде де отырды. Бірегей қабілеттіліктерді иеленді, Ибн Сина немен айналысса да оны үнемі табыс күтіп түрды. Араб және парсы тілдерінде жазды.

Ғылыми шығармаларынан болек поэзиялық мүра -касидалар, газельдер, рубайлар қалдырды. «Урджуза фи-т-тибб» шығармасында кейбір медициналық трактаттарын олең түрінде жазды. Музыка енерінің теориясы мен практикасымен айналысты. Оған ортаазиялық музыкалық аспап-гиджакты жа-сау идеясы тиісті деп есептеледі, Еуропада аса танымал болды. Оның медицина жоніндегі еңбектері Галеннің, Гипократтың медициналық ілімдерін жаңғыртып, толықтырып, дамытты. «Дэрігерлік ғылым каноны» Еуропаның барлық елдерінде басты медициналық энциклопедиялық еңбек болып есептелді, 5 кітаптан түрады: медицина теориясы мен практикасы, аурулар тарихы, дэрілік қүралдар тарихы, хирургия, фармакология, диетология, офтальмология. Он-ың еңбектерінде вирусология туралы алғашқы мәліметтер келтірілді, олар кейіннен Луи Пастердің зерттеулерімен расталды. Ибн Синаның метафизикасы Еуропа универ-ситеттерінде компаративистік схоластикалық дискурста оқытылды. Қайта Орлеу дәуірінің философтары мен ғалымдары оның философия, медицйна жэне математика жөніндегі еңбектеріне түсініктеме берді. Жаңа дэуірде оның еңбектеріне Ньютон мен басқа да ғалымдар алхимиялық ізденістерге байланысты қызығушылық білдірді. Де-мократиялық сенімдегі кең көзқарастардың адамы болған. Әбу Әи Ибн Синаның еңбектеріне бүгінгі күндері де түсініктемелер берілуде. Медицина мен философия тарихындагы ең көп еске алынатын авторлардың бірі. Философия мен медицина — бірін бірі толықтыратын гылымдар деп есептеді. Философия — жанның емделуі, ал медицина тэннің емделуі. Ол философияның басты мақсатын — рухтың емделуі мен адам өмірінің рухтануынан көрді. Христиан схоластикасы мен христиан мистицизмінің өкілдері оның жанның мэңгі өлмейтіндігі туралы әйгілі теориясын зерттеді.

Ибн Сина эл-Фараби сияқты мемлекет қүрылысы мен «адам жаны қүрылысының» эдептік мэселелерін дамытты. Бірақ әл-Фарабиден айырмашылығы — Ибн Синаның түғырнамасы сопылық «кемеліне келген адам» түғырнамасының ықпалына үшыраған. Ибн Сина адамында жанның нэзік психологиялық қалыбы, қиялшылдық, объективтік дүниені тануға сенімділік болды жэне олар терең жеке сипатқа ие болды. Сондай-ақ Ибн Сина эл-Фараби сияқты адамды философияда жэне дінде қарастырады. Оның адамы қарапайым емес, ол үнемі жан туралы, мэңгі өлмейтіндік туралы, мэңгілік өмір туралы
ойлайды.

Жан ретінде «адамның субстанциялық бірлігінің» тамыры, оның болмысқа бейімделуі түсінілді. Жан адам туралы бірге өлмейді, ол өмірін басқа дүниеде, кеңістікте жалғастырды. Осы «жаи» арқылы адам өзін дүниенің мэңгі, өзгермейтін негіздеріне қатыстымын деп есептеді. Бүл мэңгілік өмір бойынша мүңнан біз өлім алдындағы қорқынышты емес, одан анағұрлым көп нэрсені — оз тіршілігінің шектеулілігі және тәмамдалуына мойынсынбауды көреміз. Кейбір шығыстанушылар Ибн Сина ілімінде сопылық элементтері кеп деп есептейді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.