Ибн Туфайль: діни-философиялық антропология

Главная » Рефераттар » Ибн Туфайль: діни-философиялық антропология

Ибн Туфайль (Ибн Туфейль) Әбу Бәкір Мүхаммад Ибн Әбд әл-Мәлік (латынша аталуы — Абубацер). Испанияда туды, 1185 жылы Марракеште (Марокко) қайтыс болды. Философ, ғалым, дэрігер. Әбу Якуб Юсуф Халифтің уэзірі жэне жеке дэрігері болды. Гуманитарлық жэне жаратылыстану ғылымдары са-ласындағы белгілі зияткер, алғашқылардың бірі болып Птоломей жүйесін сынады. Беделді жэне өте белгілі адам болды. Ең танымал философиялық шығарма — «Хай, Якзанның ү_лы туралы повестің» авторы. Философиялық «Хаийе ибн Якзан туралы повесінде» ол өзініңэкзистенциалдықидеяларыніскеасырады.Жалғыздық терең ойларға, Ақиқатты іздеуге, өзімен өзінің жэне дүниемен үйлесіміне ие болуға жағдай жасайды. Қараусыз жэне жалғыз қалған, қарақүйрықтың «қамқорлығының» арқасында ержеткен Хаййя болмыс мағынасын таниды. Ибн Туфайль бүл шығармада ең соңында өз өмірінің мағынасына иф болған адам ізденістерін көрсетеді.

Өзін қоректендірген анасы — қарақүйрық өлген кезде Хаййя өліммен кезігіп, бүдан — өлі қорқынышты болмысты көреді. Хаййяның айқайына қарақүйрықтың (еліктің) үнсіз қалуы дүниенің қаһарлы үнсіздігін бейнелейді.
Ұзақ азаптанулард ан кейін Хаийя тән — бар-жоғы бейшара қабықша, ол эрбір өмірде мағынамен толтырылмайды, ал жан болса қарақүйрықты оның анасы, ал Хаййяны өзі етіп жасады деген ақиқагты түсінуге келеді.
Жан, рух бүл өмірді береді жэне толықтырады. Ибн Туфайль бұл жерде адамды Қүдайдың жаратқаны туралы қүран ақиқатын үстанады жэне растайды: Ол сондай білгір, мейірімді, жүректі…

Ұзақ ойланулардан, эр түрлі тэжірибелік ізденістер-ден кейін (Ибн Туфайльдің дэрігер-эмпирик болғанын тағы да бір атап өткен жөн) Хаййя да аралда жануарлардың дене қүрылысын зерттеу үшін тэжірибелер жүргізеді. Біздің көзқарасымыз бойынша бүл — ар-Разиден кейінгі филсоофиялық шығармада соншалықты егжей-тегжейлі сипатталған теңдессіз оқиға, Хаййя адам тек жалғыздықта ғана өзін өзі түсінуге келеді дейтін Ақиқатқа мойын үсынады. Хаййя келген Ақиқат — бүл үйлесімді тыныштық пен өз жаны мен зердесінің айқындығы, мүның бәріне Қүдай идеясы арқылы қол жеткізіледі.
Мұсылман философтары экзистенциалдық мэселелерді көтере отырып, «өмір», «өлім», «қорқыныш», «махаббат», «жалғыздық» сияқты түсініктерді кесімді мағынасында түсінді. Жалғыздық проблемасы мен қарым-қатынас проблемасын олар Қүраннан оқиды, онда жалғыздық рухани дүниеге ие болуға жағдай жасайтын болмыс тэсілі ретінде түсініледі. Мүсылмандық философияда адам эмпирикалық жеке түлғаның бейнесі емес, субъективтіліктің жалпыланған нақтылығы ретінде қарастырылады.

.

Адам болмысының «шекті негіздерін» ашып көрсете отырып, мұсылман философтары оның Мэңгілік пен шектілікке қатынастылығын ашып көрсетті.
Хаййя Ибн Якзан туралы (Сергектіктің тірі ұлы туралы) белгілі тәмсіл эңгіменің авторы Әбу Бэкір Ибн Туфайль, мүмкін, ең жұмбақ нышандық шығармалардың бірін жазған болар, ол бүгінгі күні де соңына дейін түсінікті бола қойған жоқ. Жоғары рухани үмтылыстардың, тамаша адамдық қасиеттердің иесі болған (замандастардың бағалаулары бойынша), тіпті Ибн Рушдтің тағдырында маңызды рөл атқарған адам өзінде кемеліне келген адам иеленуі тиіс көптеген үстанымдарды іске асырды. «Хаййя туралы повесть…» үзақуақыт бойы бар болғаны мінсіз арал туралы утопиялық жанрдағы тарих ретінде танылып, эдебке жатқызылып келді. Бүл кітапты тереңдей оқыған сайын біздің алдымызда қоғамды мінсіз қайта қүру туралы тарих емес, «шығыс даналығын» меңгерген адам жанының мінсіз «жай-күйінін» жетістіктері туралы тарих көрініс береді. Біз «шығыс даналығы» түсінігін бірінші рет Ибн Синаның қызметінің сопылық деп аталатын кезеңінен кездестіреміз. Ибн Туфайльдің «шығыс даналығы» — бүл кемеліне келген адам меңгерген даналық. Ол шығыс даналығын мағрибтік, негізінен андалусиялық даналыққа қарама-қарсы қояды. Ибн Туфайль мүсылмандық Испаниядан шыға отырып, сол кездегі философиялық еңбектерді талдай отырып, оларда логика мен прагматизм өте көп деп есептейді. Осыған байланысты ол тек зердесімен ғана емес, сондай-ақ жүрегімен де ойлайтын философтарға назар аударуды ұсынады. «Шығыс даналығы» түсінігі күн шығатын, күн сэулесі тарайтын жер — Шығыспен байланыстырылады.

Эманация үлгілері ретіндегі күн, күн сэулесі нышанын Ибн Туфайль Ибн Синадан қабылдаған тэрізді, оны сондай-ақ көптеген мүсылман теософтары, атап айтсақ өз ілімі үшін Алеппода 1191 жылы жазаланып өлтірілген мистик ас-Сухраварди де алды…» . Іс-жүзінде кемеліне келген адам туралы сопылық ілімді жүргізсе де, Ибн Туфайль мүсылман перипатетизмінің өкілі болып есептелді. И.М.Фильштинский Ибн Туфайль идеяларына сопылық жасаған ықпалды атап көрсетеді, бірақ бізге сопылықтың ықпалы туралы емес, жалпы алғанда Ибн Туфайльдің сопылық ілімі туралы айту қажет сияқты. Әбу Бэкір Хаййя туралы шығармасынан басқа философиялық жұмыстар қалдырған жоқ, сондықтан оны автордың жеке тұлғалық философиялық позициясы көрініс беретін негізгісі деп есептеген жөн. Біз Хаййя туралы тарихты оқыған кезде сопылар пайдаланатын барлық түсініктер және нышандармен кездесеміз: нұрлану, түйсік, жай-күй және т.б. Тіпті «шығыс даналығы» мен «жарық» түсінігі де құран сүресіндегі «Жарықты» сопылық тэпсірлеумен (Ибн Араби, әл-Ғазали) байланысты.

Сонымен, Хаийя, Якзанның үлы (есімі де өте нышанды) кемелденген адамның жолынан өтеді. Оның пайда болуының өзінде екі пайымдау бар: әйел болып туған жэне балшықтан пайда болған, «оған Қүдайдан шыққан Жан араласты жэне де оған мықты бекінгені соншалық, оны одан сезіммен де, зердемен де бөлектеп алу мүмкін болмады. Өйткені бүл Жан Ұлы жэне Даңқты Тэңірден Күннің сэулесі сияқты шығып, дүниеге мэңгі төгіліп түрады».

Хаййяның бүдан кейінгі өмірі — бүл дүниені тану: өлімді тану мен бейболыммен кездесу. Хаййяны қоректендірген қарақүйрық — ананың өлімі оны сілкіндіреді жэне қорқынышқа бөлейді, бірақ та ол тэннің бар-жоғы тірі нэрсенің тек қабықшасы ғана екенін, бастысы — бүл тэнді шындыққа айналдырып, оны мағына қүрушы мазмүнмен толтыратын рухекендігіжөніндегіақиқаттытүсінеді:»Оныңкозалдында өз сенімі бойынша онда бірқатар уақыт қоныстанып, одан кейін кетіп қалған жанмен салыстырғанда, бүкіл дене жеккорінішті бола бастады ма?».

Осімдіктер, жануарлар, минералдар дүниесін үғына отырып, Хаийя дүниенің бірлігі мен ақылға сыйымдылығын түсінуге келеді. Ибн Туфайль Хаййяыың әрбір жаңалығын барлығына Қүдайдың қатысатыны идеясын қосып, Қасиетті жазудың жолдарымен растайды: «ол әр жолы омір сүруші дүниедегі қандай да сүлулыққа, жарқындыққа, кемеліне келгендікке, күшке немесе басқалай тамаша қасиетке ие болған қандай да бір нэрсеге қарағанда, ойлана отырып, бүл арадан Жасампаздық келгенін, оның өмір сүруі мен әрекеттерін ғана мойындады. Жэне де ол озінің тікелей Жасампазға тиісті екендігін, бүл барлық тіршілік иелерімен салыстырғанда одан да үлы, кемеліне келген, әдемі аяқталған, сүлу да мэңгілік екенін, олармен салыстыруға болмайтынын түсінді».

.

Өмірді түсінудің бүл сэтінде — Хаийя 35 жаста еді. Осы сәттен бастап ол басқа омірді бастайды; дүниені тану оның қызығушылықтары шегінен тыс қалады, енді барлығы да Қүдайды тануға бағытталады. Бүл 35 жастың — сопылық нүрланудың алдындағы эдеттегі жас шегінің нышанды екендігін назарда үстаңыздар, осы уақыттан бастап ол кемеліне келу шектерінде болады, бірақ ол неге үмтылатынының мағынасын түсінген кезде шегіне жете кемеліне келген адамға айналады; «сол кезде оған озінің кемеліне келуі бір ғана бүл Жаратылысты, қас қағым сэтке де үзілмейтін оте іс-әрекетті Мэнділіктің қажеттігін аңғаруда екендігі түсінікті болды, ойткені оған өлім келгенде де ол аңғарулардан рақаттануын үзбейді және азаптауларға үшырамайды».

.

Жэне бұдан эрі түрақтардың бірінде Хаййя мәнділікті көреді. Бүл жерде Ибн Туфайль Қүдайды коретін, тек қана Қүайды коретін жүрек туралы сопылық идеяны қозғайды. Кемеліне келген Хаййя өзі енді қабылдамайтын сезімдік дүниенің откінші екендігін түсінеді, ол көкейкөздік заңдарымен омір сүре бастайды: спинозалық зияткерлік кокейкозбен емес, «олгеннің жүрегіне» ешқашан ашыл-майтын Қүдайлық кокейкезбен. «Болмыс» пен «Жойылу» дүниесінің мэнін түсінуге дейін жете отырып, ол енді аңғару мен рақаттану түрағында болу туралы ғана армандады.

Ол кемеліне келуді азап экелетін сезімдік дүниеден азат болу ретінде түсінеді. Ибн Туфайль болмыс пен дүниені түсінудің үш үлгісін: сопылықты, дін мен эдеттегілікті салыстыру үшін енгізген кейіпкерлер — Асаль жэне Саламанмен кездескен кезде ол 50 жаста еді. Исламның формальды ғүрыптарын қатаң сақтайтын Асаль көп ұзамай сопылардың ілімін қабылдайды, қарадүрсін айқындықпен ойлайтын Саламан насихаттық миссиясын бастаған Хаййяның идеяларына наразылық білдіреді. Алайда Хаййя коп үзамай адамдардың қүпия білімді меңгергендер мен бүл білімге мұқтаждарға, заттардан тек коргендерін ғана үстіртін жэне формальды коретіндерге бөлінетініне көзі жетеді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.