II дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы Таяу және Орта Шығыс

Home » Рефераттар » II дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы Таяу және Орта Шығыс
Рефераттар Комментариев нет

II дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы Таяу және Орта Шығыс

 

ЖОСПАР

 

  1. Араб-Израиль шиеленісі

 

  1. 60-70 жылдардағы Түркия, Иордания

 

  1. Иран мемлекетінің халықаралық қатынастағы саясаты

 

 

Араб-Израиль шиеленісі

 

XIX ғасырдың 60-70жылдары Таяу Шығыс мемлекетінің сыртқы саясаты өзіндік суреттермен бояуларға ие болды. II дүниежүзілік соғыстан соғыс аяқталғанға дейін дамыған державалардың отары болып, солардың қуыршағына айналған Таяу Шығыс елдері, соғыстан кейін әлсіз экономикасын, қалпына келтіру үшін екі жаққа, көбінесе әліде өз метрополияларына жалтақтады. 60 жылдардан дейін тәуелсіз мемлекеттер құрып, олардың көбі монорхияның қүрылымында болды. өзара біріккен әскери СЕНТО, СЕЯТО одақтары құрылды. Палестина-Израиль. 1960 жылы Таяу Шығыстағы өткір дипломатиялық күрес Израильдің араб мемлекеттеріне агрессиясынан басталды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Таяу Шығыста Ұлыбритания өз үстемдігін сақтай алмады. 1922 жылдан бері Ұлттар Лигасы мандатының негізінде ағылшындар басқарып келген Палестинада да ағылшындарға қарсы баскөтерулер болды. Англия Палестинаның бұдан былайғы тағдыры туралы мәселені БҰҰ талқылауына беруге мәжбүр болды.

 

1947 жылы    қарашада    БҰҰ    Бас   Ассамблеясы Британ мандатын    жою,    Палестинаның    территориясында    екі:    араб және     еврей     мемлекетін     құру    туралы   қарар  қабылдады. Иерусалим  ерекше  халықаралық режимдегі  дербес  әкімшілігі бар қала болды.

 

1948 жылы    мамырда  Израиль   мемлекетінің құрылғандығы     жарияланды.     Өзінің     өмір     сүре     бастаған алғашқы   күнінен   бастап   Израиль   Палестина   арабтары   мен араб мемлекеттері жөнінде агрессиялық саясат жүргізді.

 

1960 жылы Израильдің сыртқы саясаты АҚШ-пен американ-израиль әскери келісімшартын жасауға бағытталды. АҚШ бірден келіспейтіндіктен Израиль ГФР-мен қатынасты жақсартуға ұмтылды.

 

1963 жылы Израиль ашық түрде тасымалданған американ қару-жарақтары американ-израиль қатынастарына жаңа бетбұрыс әкелді. АҚШ-тан әкелінген қарумен жабдықталған Израиль араб елдеріне (Египет, Сирия, Иордания) экспанциясын күшейтті. Елді басқарған Эшкол үкіметі 1963 жылдың соңында өзіне Иордан өзенінің суын қолдану құқығын алды. Израиль БҰҰ 1948 жылы 11-желтоқсандағы Палестиналық қашқындардың еліне оралуы, компенсация төлеу туралы резолюциясын орындамады. Израильдің мұндай қылығына байланысты араб мемлекеттері өзіндік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ұмтылды.

 

1963-1965 жылдары болған араб елдері қатысқан конференцияда араб сыйластығын жоймай, Біріккен Араб Әмірлігін құру мәселесі қаралды. 1964 жылы АҚШ-қа ресми сапармен барып, араб мемлекеттерімен шиеленісте АҚШ көмегін алды. Осы жылдың маусымында ЕЭС енді. 1965 жылы Израиль мен ГФР арасында дипломатиялық қатынас орнады. 1966 жылы ГФР-нан 160 млн. доллар көлемінде қарыз алуға байланысты шарт жасалды. АҚШ Израильге «Скай-Хок» атқыш қаруларын жіберді. Парсы шығанағындағы шекара мәселесінен туындаған «кішігірім соғыс» 1966 жылдың ортасында одан әрі өршіді. Осы жылдың күзінде Израиль соғысқа дайындықты бастады. Қараша айында ерлер үшін әскери міндет 26-30 айға өсті. 1966 жылы 13-қарашасында Израиль Иорданияның Саму деревнясына танкілер мен ұшақтарынан оқ жаудырды. Желтоқсанның аяғында шекарадағы израиль-сирия қақтығыстары өсті.

 

1967 жылы 7-сәуірде Израиль Сирияның Тивернад көлі маңына соққы беріп, соғыс 7 сағатқа созылды. 21-мамырда мобилизация жүргізіп, 5-маусымда таңертең Египетке, бірнеше сағаттан кейін Иордания мен Сирияға бастады. Израиль соғысқа кенеттен тап беру әдісін қолданды. Египетке алғашқы соққысында 500 ұшақ, 8 танкіні қолданды. 6-10 маусым аралығында шабуылын жалғастыра берді. 1967 жылы маусым     соққысы     нәтижесінде     Израиль     Египет,     Сирия, Иорданияға тиесілі жердің 60 мың шақырымын басып алды.

 

Израиль БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің өрт отын өшіру сөзіне қүлақ асқысы келген де жоқ. 1967 жылы Тивернад көлінің маңында болған соққыға байланысты КСРО Израильдің қауіпті ойын жүргізетін және оның соққы берген территориялары КСРО территориясына жақын жатқанын, егер бір нәрсе болса, саясатының салдары үшін жауапқа тартылатьшын айтып 1967 жылы 10-маусымдағы нотасында Израильмен қатынастарын үзді. Осыдан кейін бұдан басқа

 

тағы алты социалистік мемлекет Израильмен қатынастарын үзді. 1967 жылы 22-қарашада БҰҰ «Қауіпсіздік Кеңесі» Израиль агрессиясына байланысты резолюция қабылдады. Оған екі негізгі талап енді:

 

  1. Израильдің басып       алған       территориялардан әскерін әкету;

 

  1. Таяу Шығыс аумағындағы кез-келген мемлекеттің территориялық       тұтастығын, тәуелсіздігін мойындау.

 

Израильдің 1967 жыл5ы агрессиясы оның сионистік ойын Нілден Ефрат өзеніне дейін созылған аумақта Ұлы Израильды құру мақсатын ашып берді. БҰҰ-ның қойған талабын орындамады. Шабуылдардың жаңа лебі, 1967 жылы  көктемінде-ақ басталып кетті. Шабуылдардың нәтижесінде бүкіл Палестина территориясы, Иордан өзінінің батыс жағалауы, Газа аумағы, Иерусалимның араб бөлігін жаулап алынды.

 

Араб Израиль шиеленісінде палестиналық фактордың мәнінің өсуі. 1964 жылы қаңтарда Каирде араб алғашқы отырысы болды. 1964 жылы 26 мамырда Иерусалимнің араб бөлігінде алғашқы Палестиналық ұлттық конгресс жиналды. Оған палестиналық босқындар орналасқан елдерден келген 338 делегат қатысты. Конгресс ООП құрылғанын жариялап Хартиясы мен жарғысын қабылдады. Аталған құжаттарда палестиналықтар ООП-ң жалғыз мүшелері, ал палестина халқы- ұйымның негізі делінген.

 

ООП құрылуы палестиналық ұлттық қозғалысының дамуында жаңа кезіңнің негізін қалады. Тұңғыш рет араб әлемінде палестина халқының әлеуметтік проблемасының мүддесін қорғайтын ұйым кұрылды. Араб мемлекеттері басшыларының      екінші      отырысы       1964      жылы      қыркүйекте  Александрияда өтті.

 

1969 жылы ақпанда Палестина кеңесінің бесінші сессиясында, оның құрамына партизандық ұйымдардың төрағалары енді. Бас төрағасы Ясир Арафат болып сайланды.

 

 

 

  ХХ ғасырдың 60-70 жылдардағы Туркия, Иордания

 

1960 жылы 27 мамырда Туркияда мемлекеттік төңкеріс болып, Ұлттық бірлік комитеті парламентті таратып, Конституция жариялап, Демократиялық партия жетекшілері көрнекті депутаттар, жоғарғы қызметтегі адамдар, президент Джелял Баяр және премьер-министр Аджан Мендерсенмен бірге сотталды.

 

1960 жылы 28 мамырда генерал Джемаль Гюрсель басқарған Уақытша Үкімет орнады. Жаңа Үкіметтің бағдарламасы елде демократияны, кұқықтық тәртіпті орнатуға арналды. Елді қаржы дағдарысынан шығару үшін 500 млн. лир ақша бөлді.

 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Туркия, АҚШ және ГФР-мен экономикалық, ғылыми сала бойынша байланыс орнатқан екі ел үшін де Таяу Шығыс елдері шикізат базасы еді және Кеңес Одағына қарсы әскери базасын, атом бомбасын жасау ошақтарына айналдыруға болатын еді. Күйзелген экономикасын көтеру үшін АҚШ кредитор рөлін атқарды. Туркияның Солтүстік Атланта яғни НАТО -ға және Таяу Шығыс елдері құрған әскери СЕНТО одағына енуі қыруар қаржыны қажет етті.

 

Елдің 60-70 жылдары президенттері Грюсель, Джевдет Сунай, Демирель болды. Батыс елдеріне діни тәуелділікті жою үшін жастардың толқулары да болып тұрды. Демирель үкіметтің сыртқы саясатына байланысты АҚШ және өзге капиталистік мемлекеттермен сақтауға бағытталды. Туркия НАТО-ға қарулы күштерінің саны бойынша екінші орында түрды және әскери мақсатта мемлекет бюджетінің мәнді бөлігін жұмсады. НАТО-ның штабы Измир қаласында орналасқан әскерлерінің ішінде 12 түрік дивизиясы енді. Туркия территориясында американдық әскери- ауа базасы, ракета жіберетін алаңда болды. Социалистік құрылымдағы мемлекеттер де байланысты жақсартуға тырысты.

 

1963 жылы КСРО — да Түрік делегациясы, 1935 жылы Туркияда КСРО делегациясы болып қайтты.

 

Келіссөздер теңдік, тәуелсіздікті сайлау, территориялық тұтастығына нұқсан келтірмеу принциптеріне негізделді.

 

1967 жылы Туркия мен КСРО арасында өндіріс орындарын салуға қажетті жабдықтар, материалдармен алмасуға байланысты шарт жасалды.

 

1969 жылы Туркия екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ пен әскери одаққа байланысты жасалған келісімшартты қайта қарауға шақырды. Жаңа келісім шарт бойынша базалары ортақ қорғаныс базаларына айналып, түрік офицерлері де база ісіне араласа алды. Таяу Шығыстағы бір мемлекет Ливан 60 жылдан бастап, сауда, банк және туристік орталыққа айналды. Ел экономикасында ауыл шаруашылық және өндіріс те баяу дамыды. Бұл Ливанды сыртқы нарыққа тәуелді етті. Қаралып отырған он жылдықта Ливан Батыс державаларының, әсіресе Англияның қысымына ұшырап отырды. Англия 1961 жылы күзде Таяу Шығыста өзі басшылық ететін әскери одақ қүрғысы келді.

 

1961 жылы қыркүйекте Сирия- Египет одағының тарауы Ливанға да мәнді салдарын тигізді. Капиталист және социалист болып жеке бірігіп, халық біртұтас мемлекет кұруға, өз экономикасын көтеруде әлсіз болды. Бірі байланысты Батыста дамытуды қаратырса, енді бірі Араб елдерімен байланысты нығайтуға шақырды.

 

Израильдің 1967 жылы Египет, Сирия және Иорданияға қарсы жүргізген агрессиясы Ливанда да қарсылықты толқынын тудырды. Израильдің батыс державаларының қолдауына сүйеніп отырғанын білген Ливан оның территориясы арқалы өтетін «Ирак петролум» және АРАМКО компанияларының мұнай құбырларын жауып тастады. 7- маусымда Бейруттегі американ елшілігінің құрлысының алдында қарсылық демонстрациясы болды. Сол күні Ливан, АҚШ және Англия мен дипломатиялық қатынасы үзіліп, алтыншы американ флотына Бейрут портына енуге тыйым салды. Израиль агрессиясы елдің ішкі экономикасына әсер етті. «Интра» коммерциялық банкі банкрот болып, салық, заттар бағасы, жұмысшылар наразылығы өсті.

 

Израиль агрессиясынан кейін Ливанның өз күштері елдің қорғанысының әлсіз екенін айтып, елді «Таяу Шығыстағы Щвейцарияға» айналдыруға шақырды. Бейтараптық бойынша Ливан Араб мемлекетінің лигасымен жасалған барлық келіссөз, міндеттерден арылуы тиіс болды. Алайда 1967 жылы тамызда Ливан өз өкілдерін Араб елдерінің Изральге қарсы шараларды қарастырған Хартум конференциясына жіберді. Ливан Египет пен Иорданияның 1967 жылы қарашада қауіпсіздік одағын құру шешімін қолдады. Ливан территориясы жүздеген мың палестиналықтардың танысы болды. Палестиналық партизандар мен үкімет арасында да қақтығыстар болды.

 

70 жылдан бастап Израильдің Ливанға агрессиясының өскені байқалады. 1970 жылы мамырда елге 12, 25 танкі, артиллериясын қолданып шабуыл жасады. Иордания. 1958 жылы қарашада елден ағылшын әскерлері әкетілгеннен кейін, АҚШ пен Англия елде үстемдігін сақтау үшін экономикалық қарым — қатынасқа көшті. Екеуінің арасында күрес болып түрды. Сол кездегі үкімет басшыларының өкілдері: Хазза аль- Маджали, Бахджат ат — Тальхуни, бұрын Иракта елші қызметін атқарған Васфи Телль. Хазза аль- Маджали кезінде оның төрағалығымен ішкі қауіпсіздік Кеңесі құрылды. 1958 жылдың шілдесінен бастап ел азаматтары төл құжаттарын ауыстырды. 1960 жылы Конституцияға өзгерістер енгізілді. Ел Конституциясы монархия құрылысын сақтап қалды.

 

1960 жылы тамызда Хазза аль-Малжали өлтіріліп, билікке Бахджат ат-Тальхуни келді. Алайда, Иорданияның ішкі және сыртқы саяси курсы 1962 жылға дейін аса өзгерістерге үшыраған жоқ. Негізгі өзгерістер Васфи Телльдің келуінен басталды. Оған дейін КСРО-ң қатынасы онша емес болып, 1957-1959 жылдары коммунисттік партияға енгені үшін сотталған еді. Васфи Телль билік басына келгеннен соң КСРО мен дипломатиялық қатынастар орнатуды алға қойып, түрмедегі тұтқындарға амнистия жариялап, саяси эмигранттарға отанына оралуға рұқсат берді.

 

1963 жылы 20 тамызда КСРО мен Иордания арасында шарт жасасып, БҰҰ-да кейбір Араб мемлекетін бірге ұйымға енбеу, афро-азиаттық ынтымақтастықты дамыту жағында болды.

 

Алайда, 1966 жылы сыртқы саяси бағыт Батыс елдеріне қарай бұрылды. Капиталистік державалар жоспар бойынша Таяу Шығыстың барлык реакциялық режимдерін біріктіретін «Ислам пактісін» құру көзделді. «Ислам пактісі» арабтардың ұлттық бостандық үшін қозғалысын алдына алып прогрессивті үкіметтерге,   әсіресе

Еипет пен Сирияға соққы беру керек болатын «Ислам пактісінің» мақсаты анықталысымен-ак, Иордания бұл жобаны  қолдады. Батыс     державаларымен     қатынасын жандандырды. Коммунистерге     қарсы     репрессия     күшейді.     Абақтылар     мен лагерьлерге сотсыз жүздеген ер — азаматтар қамалды.

 

1967 жылы 5 маусымда Иордания Израиль агрессиясына тап болды. Шабуыл едің өндіргіш күштеріне гүл техникасына үлкен зиян әкелді. Соғыс тоқталғанымен Израиль басшылары Иорданияға 1950-жылы бірі тиесілі Иордан өзенінің батыс бөлігін басып алды. Дәл осы территорияны басып алу Израиль үкіметі үшін саяси фактормен қоса экономикалық факторды көздегенін айқындайды. Иордания үшін Батыс жағалауда жалпы ұлттық өнімнің 38 пайыз өндірілді. Батыс аудандарда көкөністердің 65 пайызы, жемістердің 80 пайызы,  оливкидің 30 пайызы,  дәнді дақылдардың 30 пайызы өндірілді. Онда елдегі өнеркәсіптің жартысы (3700 өндіріс орны) шоғырланды. 14 мыңға жуық адам жұмыс істеді. Израиль шабуылынан кейін ондаған мың адамдар бұл территориядан кетіп, елдің шығысына қоныстануға мәжбүр болды.

Аталған     онжылдықта    елдің     сыртқы     саясаты     биік     құсап тербелді.   Бірде  Батыс  елдермен  байланысын  дамытса,  бірде КСРО-мен ымыраға келіп отырды.

1970-1971 жылдары дәл Ливандағыдай Иордания әскері мен қосылып келген палестиналықтар арасында қарулы қақтығыстар болды. Бұл қақтығыс арабтардың ортақ майданын, бірлігін бұзып, Таяу Шығыстан империалистік ізденістермен күресу, Израиль агрессиясын жою туралы мақсаттарынан тайдырып отырды.

1971 жылы екінші жартысында Палестинаның қарсыласу қозғалысының отрядтары Иордания территориясын тастауға мәжбүр болды.

 Иран мемлекетінің халықаралық қатынастағы саясаты 

Дамушы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, соның ішінде Иранда, XX ғасырдың 50-60 жылдары ғылыми-техникалық революция Иранның өзге елдермен экономикалық,   ғылыми-техникалық         байланыстарының ұлғаюына әкелді. Сыртқы саясаты мен экономикасы арасындағы тығыз тәуелділік Иранның 60-70 жылдардағы саясатының басымдылығы болды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қатынасы негізінен капиталистік елдермен болды. Ол елге АҚШ, Англия, ГФР, Жапония, Франция, Италия монополиясының еніп, саяси-әскери тәуелділігін үлғайтты. КСРО-мен қатынасы керісінше нашар күйде болды. Коммунистерге қарсы көтерілістер болып, соған енген адамдар репрессияға ұшырап отырды.

«Қырғи-қабақ» соғыс болғандықтан және Иран сыртқа мұнай экспорттайтын ел болғандықтан Батыс елдері және АҚШ-қа КСРО-мен Иранның ымыраға келуі тиімсіз еді.

1959 жылы Иран КСРО-мен шабуыл жасамау туралы жасалған келіссөзден бас тартып, екі жақты иран-американ келіссөзіне қол қойды. 1960-1961 жылдары КСРО-мен Иран арасында шиеленіскен жағдай сақталып қалды. XX ғасырдың 60-жылдарында елде қаржы-валюта дағдарысы болып, АҚШ және өзге Батыс елдері Иранға беретін қарыз, субсидияларды азайтты. АҚШ-тың осындай саясатына наразылығын Иран шахы «Нью-Йорк Таймс» газетінің корреспондентіне берген сұхбатында білдіреді. Ол егер Батыс өзінің мүдделерін жүзеге асырғысы келсе, Иранға деген американдық көмекті аямау керек деп, Иранның мәнді стратегиялық орында тұрғанын айтады.

1962 жылдан бастап Иран үкіметі жүргізген әлеуметтік-экономикалық қүрулар, аграрлы реформа мәнді қаржыны талап етті. Бұл Батыстан тағы да қаржылай көмек сұрауға итермеледі. Осындай жағдайда иран саясаткерлері «ақ революцияны» жүзеге асыруда, өздерінің сыртқы саясаттағы үстанымдарын қайта қарау, өздерінің сыртқы саясаттағы ұстанымдарын қайта қарастырды. XX ғасырдың 60-70 жылдары Иран сыртқы саясатының ерекшелігі екі жақты бағытта қатынас жасау, яғни капиталистік және социалистік мемлекеттермен де, КСРО-мен жағдайды жақсартудан бастады.

1962           жылы қыркүйекте Кеңес Одағы мен Иран үкіметтері арасында         нотамен         алмасу         болды.         Иран  өзінің территориясында шетелдік ракета базаларын тұрғыздырмауға міндеттенді.    Бейбітшілік   актісі   КСРО-мен   Иран   арасындағы қатынасты      нығайтты.      Бұл      шаралар      Таяу      және  Орта

Шығыстағы  бебітшілік  пен  ынтымақтастыққа  аз  да  болса  өз

әсерін тигізгені рас.

1963        жылы күзде Л. И. Брежнев Иранда, 1965 жылы шілдеде Иран   шахы   Мохаммед   Рез   Пехлеви   КСРО-да  ресми   сапарда болды.  Сауда қатынастарын жақсарту мәселесі қаралды.   1963 жылы   Тегеранда   сауда   сауда   шарты   жасалып,    1967   жылы   екі   ел арасындағы  тауар  айналымы 4,5  млрд.  риалға жетті.   1966  жылы өндіріс орындарын салуға байланысты кеңес-иран келісіміне қол қойылды. 1960-жылдың ортасында Иран Еуропаның социалистік мемлекеттерімен саяси, экономикалық, техникалық қарым-қатынасын кеңейтті.

1966 жылы Иран мен Чехословакия арасында Тебризде ірі машина жасау зауытын салуға байланысты келіссөздер болды. 1969 жылы келіссөздер бойынша Чехословакия құрал-жабдықтар, материалдар сатып алу үшін 200 млн. доллар қаржы беріп, ал Иран ауылшаруашылық өнімдерін экспорттайтын болды.

1965 жылы Румыния социалистік мемлекетімен 10 жылдық экономикалық, техникалық келісім жасалды. Румыния геобарлау аппараттарын, кемелерді берсе, Иран 100 млн. доллар көлемінде мұнай беруге тиіс болды. Румынияның Иранға 100миллион доллар сомасында несие беруге байланысты. 1969 жылы 4-қыркүйекте келісім болды.

1972     жылы     Болгарияның     Ирандық     мұнайды     сатып алуына байланысты  шарт жасалды.   1970-жылдардың басында Иран ГДР, ВДР, КХДР, МХР және ҚХР-мен қатынас орнатты.

Батыс елдерімен халықаралық қатынасын сипаттасақ: 60-70  жылдары   иран-американ  экономикалық  қатынастарында өзгерістер   болды.   Егер   60-жылдардың   ортасына   дейін   АҚШ Иранға   берген   несиесі   басқа   елдермен   салыстырғанда   артық болса,     60-жылдардың     екінші     жартысында     берілген     несие мөлшерінің         азайғандығы         байқалады.         Иранда         АҚШ инвестициясын ұлғайту мақсатында 1970 жылы Тегеранда,  1972 жылы Нью-Йоркте   арнайы   конференциялар   болды.   Әскери   базаны, флотты дамыту үшін АҚШ пен Англия, ГФР байланысы тығыз болды.   Англия   фирмалары   Иранның   автомобиль   өндірісімен қатынаста    болып,    60-жылдардың    екінші    жартысында    ГФР монополиясы енді. 1967 жылы Тегеранда екі ел бизнесмендері иран-батыс-герман ассоциациясын құрды. ГФР фирмаларының қатысуымен Тебризде дизельді моторлар зауыты салынды.

Иранның 60-жылдардың  ортасындағы сыртқы экономикалық саясатына тән негізгі сипат, елде өндіріс орындарын салып, инфрақұрылымды жақсарту үшін шетел капиталын тарту. Иранның 60-70 жылдары капиталистік елдермен орнатқан саяси, экономикалық қарым-қатынастарында мұнай мәселесі бірінші орында тұрды. 1966 жылы Иранның Батыстық мұнай монополияларымен қатынасындағы мәнді кезең. 1966 жылы Иран мұнай компаниясы Францияның ЭРАП компанияларымен мұнай кендерін зерттеу және өндіруге байланысты келісімге тұрды. Шарт бойынша алынған мұнай және құрылыстар Иранға тиесілі болады. Алайда 25 жыл бойы Франция мұнайды арзан бағаға алатын болады. Келісім бойынша Иран өз мұнайының толық қожайыны болды. АҚШ пен Англияның мұнай монополиялары келісімді шынайы емес деп санады. ЭРАП үшін шарт арзан мұнай алумен ғана емес, ағылшын-американ монополиясына деген тәуелділіктен айырылу үшін де тиімді болды.

1966 жылы американдык «Континентал ойл» фирмасымен келісім жасалды.

1968 жылы көктемде Францияның үсынысымен Париждн Батыс Еуропалық мұнай фирмаларының отырысы болды.

60-70 жылдары Таяу Шығыс дипломатиясы, әр түрлі ойындарға, көзбояушыдықтарға тән. Өзара қырқысқан бауырлардың бітпес дауы, екінші дүние жүзіліксоғыстанкейін тәуелсіздік алып, мемлекет болып жарияланған территориясы ұлғайту. Бұл көбінесе, экономикасының стратегиялық аумақ парсы шығанағының маңындағы жерлер үшін болы.

Екіншіден қираған, әлсіз экономикасын дамыту мақсатында одақтасу шарт жасау болды. Улы газдай үлкен ауқымда таралған сол уақыттағы «қырғи қабақ» соғыс иісі Таяу Шығыс елдерінен де тысқары кетпеді. Көптеген адамдардың ойы екі жаққа айырылып, капитализм мен социализмнің шиеленісі сыртқы саясатқа ғана емес, елдің ішкі өміріне де үлкен іріткі туғызды. Таяу Шығыс елдері Батыс және тағы басқа экономикалық дамыған елдер үшін басты байлық мұнайдың үлкен ошағы болды, екіншіден капиталистік мемлекеттер өзіне Азиядан одақтастар жинап, Кеңес Одағына қарсы әскери базаларының санын арттырғысы келсе, үшіншіден, Таяу Шығыс елдеріне деген үстемдігін қайтадан орнатқылары келгенін айқын көруге болады.

Ұлт бойынша жіктелу, ұлы державалардың (КСРО, АҚШ, Англия, Франция) әр елдің ісіне араласып, өздері де пайда табу мақсатында қаржылай көмек беруі, БҰҰ-да шиеленісті тоқтатуын талап етуі, саясаттың екі жақтылығын көрсетеді. Ошақ отын өзі тұтандырып, өзі өшіру дегенге сай келеді.

Израиль мен Палестина арасындағы шиеленіс, еврей және араб деп жіктелу, территориялық мәселелерден туындаған жайттар болып табылады. Өзіндік бағыт-бағдар таңдай алмай, қан-төгіске даяр тұрған мұсылман мемлекеттерінің күштілердің арасында бесіктей тербелуін мемлекеттік құрылым монархиядан да көруге болады. Қайткенменде, бір адамның сөзінің өзгелердің қолын тұсап отырады, халықтардың ел саясатына араласпады. Ішкі және сыртқы бағыттарының дұрыс таңдалмай жүргізілгенге әкелді.

Таяу Шығыстағы соғыс синдромы XXI ғасырда басылған жоқ. Израиль мен Палестинадағы қарулы қақтығыстар бәсеңдемеген. Ирак мәселесі соңғы жылдардың басты өзекті шулы мәселесі болып тұр. Мұнда да басты орталық орында АҚШ тұр. Ал бейбітшіліктің ұясы БҰҰ бұл мәселелерді шешуге дәрменсіз бе, әлде Еуропа мен әсіресе АҚШ-тың ұстанған саясатының астарын жасырады ма? Бұл да бір өзекті өртерлік, әлі де болса тебірентерлік сұрақ.

Дамушы мемлекеттердің санатына енетін Таяу Шығыс елдері 60-70 жылдардан бері дипломатия саласында үлкен жетістіктерге жеткен жоқ. Нарықтық қатынастар толық орнамаған, ескі салт-дәстүр, дін үстемдігі, кекшілдік, терроризм бұл елдерді кері тартпаса, алға сүйремесі уақытпен дәлелденген тұжырымдар.

 

 

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.