Иіс сезу талдағышы

Главная » Рефераттар » Иіс сезу талдағышы

Иіс сезу талдағыштары адам мен жануарларда дистанттық рецепторлармен байланысты. Ол қоршаған ортадағы биологиялық маңызды химиялық сигналдарды қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл ең ерте дамып жетілген анализаторлардың бірі. Иіс сезу анализаторларының даму деңгейіне қарай жануарлар екі топқа бөлінеді: макросматиктер және микросматиктер. Макросматиктерге иіс анализаторы жақсы дамыған сүтқоректілер жатады, Иіс сезу анализаторы китте, маймылда, адамда нашар дамыған олар микросматиктер. Иіс сезу анализаторының шеткі бөлімі мұрын қуысында кеңсіріктің жоғарғы жолында иіс сезу аумағы болып табылады. Омыртқалы жануарларда иіс сезу эпителийдің қалыңдығы 30-дан 200 мкм-ге дейін жетеді.
Ол рецепторлық, сүйеніш және негіздік болып бөлінетін үш түрлі торшалардан құралады. Сүйеніш торшаларының апикальдық ұшы тармақтанып, айырланып жатады. Ал, негіздік торшалар еш уақытта эпителий қабатының бетіне шықпайды. Иіоік торшалар тікелей сезгіш торшалар қатарына жатады. Сүйеніш торшалары иіс сезу рецепторындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Негіздік торшадан рецепторлық немесе сүйеніш торшалар өсіп отырады. Жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарлардың иіс аймағында түкшелі рецепторлық торшалар иісті қабылдауды қамтамасыз етеді. Бастапқы хеморецепсия (химиялық заттар әсерін қабылдау) осы түкшелер мембранасында жүретін болу керек, себебі түкшелерді зақымдап бүлдіргенде хеморецепторлық қызмет бұзылған. Сонымен қатар иіске сезімтал торшалардың микротарамды түрі де болады. Олардың ұшында түкшелер болмайды, бірақ торшаның беткейлік өсіндісі қолдың саусақтары сияқты цитоплазмалық тарамдар түзеді. Осы құрылымды микротарамдар деп атайды. Микротарамдар қысқа болып келеді (3-5мкн) және оларда фибрилярлық аппарат (талшық) болмайды. Аталған иіс рецепторлары, немесе иіс торшалары, қос өрісті торша болып табылады. Құрылықтағы омыртқалылар мен су омыртқалаларының иіс торшаларының ультра құрылымының бір-бірінен онша айырмашылығы жоқ. Құрлықтағы омыртқалыларда қосмекенділерден бастап сүтқоректілерге дейін, жоғарыда аталған рецепторлардың екі түрі де сақталған. Иіс сезу рецепторлары көптеген тгтіркендіргіштерді қабылдай алады, бірақ олардың бір затқа- орташа болады. Олардың әрекетін тежеп те тастайтын заттар кездеседі. Қазіргі кезге дейін иістің түрлері толық анықталмаған, жіктелмеген, сол себепті иісті көбінесе иіс шығаратын заттардың атымен атайды. Мысалы, жуа, раушан, сірке иістері. Х.Хеннинг иісті . иіс шығаратын заттардың химиялық құрылымына қарай жіктеген, Бірақ кейінірек әртүрлі құрылымды заттардың бірдей иіс шығаратыны аныкталған. ДЭймур иісгі жеті түрге бөлген. Олар камфора, жұпар, гүл, жалбыз, эфир, өткір және шірік иістер. Оның пікірінше камфора иісті затгардың молекуласы шар пішінді, жұпар иісті заттар молекуласы-диск пішіндес, эфир иісті заттар молекуласы-таяқша тәрізді келеді. Бірақ барлық иіс зат молекуласының пішініне сәйкес келе бермейді, молекулалардың электр зарядтарына да байланысты болса, заттың иіа өткір, ал теріс болса-шірік болады. Иіс жуашығының пішіні домалақ немесе сопақша болып келеді. Әр жуашықтың іші қуыс каналша болады. Иіс жуашығында топтасқан торшалар алты қабат болып орналасқан. Бірінші- фиброзды қабат иіс нейрондарынан құралады. Оның нерв талшықтар ұштары түрлі торшалар өсінділерімен синапс түзеді. Екінші қабат — иіс жуашығы торшаларының дендриттері шумақ немесе гломеруладан тұрады. Митральды торшалар төртінші қабатты түзеді де, оның бір жагында сыртқы- үшінші, ал екінші жағында сыртқы-бесінші торлы қабаттар орналасады. Бесінші қабат та нерв торшалары өсінділерінің ұйысқан жері болып табылады. Алтыншы қабат дәнді торшалардың шоғырлануынан түзіледі. Сүтқоректі жануарларда иіс жуашығынан басталған торшалар алдынғы мидың құрылымдарына барады (иіс сезу томпешігіне, алдынғы иіс ядроларына, қыртыстық ядроға). Иісті қабылдау механизмін негіздеу мақсатында екі түрлі теория ұсынылған, Олар химиялық және физикалық теориялар. Химиялық теорияға сәйкес иісті қабылдау механизмнің негізінде иісті заттардың молекулаларының құрылысымен сипатталады. Физикалық теория иісті заттар молекуласының төменгі жиілікті тербелесінен туындайтын электромагниттік тербеліспен түсіндіріледі. Қазіргі кездегі иіс сезу механизмін тұсіндіретін теорияға сәйкес адекватты тітркендіргіштер молекуласы иіс торшаларының хеморецепторлық мембранасымен әрекеттеседі, Иіс торшаларында арнаулы белоктардан құралып, тітркендіргіш, молекуласымен, атомымен немесе иондармен жылдам әрекеттесетін белсенді рецептивтік орталық немесе бөлім болады. Хеморецепторлар беткейі кілегей қабатымен қапталған. Осы кілегей қабаты торшаның рецептивтік беткейінің тітркендіргіш молекуласының әсерін қабылдау мүмкіндігін реттеп отырады. Иісті қабылдау теориясына сәйкес процесі екі түрлі әрекеттесудің нәтижесінде жүреді. Иісті заттар молекуласының қабылдаушы учаскемен түйісуінің салдарынан пайда болған зарядты контакты түрде өткізу және зарядтарды беретін молекулалық кешендер түзу арқылы. Бұл кешендердің құрамына әруақьпта рецепторлар белоктарының молекулаларьі енеді. Олардың белсенді бөліктері электрондар доноры мен акцептор қызметін атқарады. Бұл теорияға сәйкес рецептивтік бөлікте иісті заттар молекулаларымен бірнеше жерден әрекеттеседі.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.