Ілияс Есенберлин шығармалары

Home » Рефераттар » Ілияс Есенберлин шығармалары
Рефераттар 2 комментария

Ілияс Есенберлин шығармалары

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………. 3
I. Есенберлин шығармалары және оның тарихпен байланысы ………………….6
1.1. І.Есеберлиннің прозалық шығармаларының жалпы сипаты. ……………… 6
1.2. І. Есенберлин шығармаларынның тарихпен байланысы. ……………………. 8
1.3. I. Есенберлиннің шығармаларына тән жаңашылдық. ………………………19
1.4. І.Есенберлиннің тарихи шығармаларының жанрлық ерекшелігі. ……….. 23
1.5. I. Есенберлин тарихи романдарындағы ұлттық рухани құбылыс ……….
II. Есенберлиннің шығармаларының тарихилығы жене деректілігі ……………35
2.1. І. Есенберлиннің шығармаларының тарихилығы ………………………………. 35
2.2. І. Есенберлин тарихи шығармаларындағы дерекетілік ……………………….
Қорытынды………………………………………………………………………………………..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………..

КІРІСПЕ
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жастар тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенмен, оқу-тәрбие үрдісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Оқу-тәрбие үрдісінде, жалпы жеке тұлғаның дамуында тарихи прозалық жанрлармен дұрыс жұмыс істей білудің маңызы зор.
Балалық шақ – бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан еліміздің болашағы жастардың жан-жақты дамуы үшін тарихи шығармаларды, романдарды оқыта отырып, оларды талдап, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастырудың рөлі ерекше. Сондықтан тарихи романдар арқылы жеке тұлғаны Отанын, туған жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеуіміз бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан Ілияс Есенберлин шығармаларының тарихилығы және деректілігі өзектілігі де осында.
Зерттеу жұмысымның мақсаты. Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар жайында жазылған, ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар туралы І. Есенберлиннің тарихи шығармалары арқылы Отанын, өз халқын, туған жерін сүйетін жеке тұлға тәрбиелеу.
Оның қаламынан шыққан тарихи туындылар — партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма бола тұра жарыққа шығуының өзі дарынды жазушының саяси жеңісі екенін дәлелдеу. «Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі — коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп бергендігін ұғындыру.
Ғылыми болжам. Ілияс Есенберлиннің қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсыну жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі екенін ұғындыру.
Зерттеу жұмысымның міндеттері. Таңдаған тақырыбымның өзекті екенін дәлелдеу. Оқу-тәрбие жүйесінде І. Есенберлиннің тарихи шығармаларын оқытудың, жеке тұлғаны Отанының патриоты етіп тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздестіру. Тарихи шығармалардың тәрбиелік сипатын аша отырып, жеке тұлғаның бойында салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыпты қадірлеу, адамгершілік, патриоттық сезімін ояту.
Зерттеу нысаны. І. Есенберлиннің тарихи шығармаларын талдау және фольклор туындыларында қалыптасқан эпикалық бейнелерді төмендетіп алмай, оларға реалистік нақтылық, даралық келбет дарыта білу.
Зерттеу жұмысымның практикалық маңыздылығы. Қазіргі таңда оқу-тәрбие жүйесі заман талабына сай өсіп, дамып, бой алуда. Демек, біздің іс-әрекетімізді еліміздің болашақ азаматтары барлық жақсы қасиеттерді бойларына сіңдіріп, ғылыми зерттеу жұмысымның әдісін пайдалансақ, үлкен жетістіктерге қол созамыз.

Esenberlin_IlyasI. Есенберлин шығармалары және оның тарихпен байланысы
1.1. І.Есеберлиннің прозалық шығармаларының жалпы сипаты.
Жеке тұлғаны туған халқының ауыз әдебиеті үлгілері, тарихи шығармалар арқылы патриоттық рухта тәрбиелесек, олардың жан дүниесін жадыратып, келешекте елін жерін қорғайтын, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар азамат тәрбиелеп шығарамыз. Халқымыздың тарихы, ауыз әдебиеті мен тарихи шығармалардың тәрбиелік маңызы зор. «Жастай берген тәрбие – жас шыбықты игендей» деп біз балаларды өз халқының алтын қорынан нәр алып, сусындауға дағдыландыруымыз керек.
Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман соның ішінде тарихи романдар (17) жазған жазушы І. Есенберлиннің қаламынан туған “Айқас”, “Ғашықтар”, “Қатерлі өткел”, “Алтын құс”, “Маңғыстау майданы”, “Алтын аттар оянады”, “Көлеңкеңмен қорғай жүр”, “Алыстағы арпалыс”, “Аққу құстар қуанышы”, “Махаббат мейрамы”, т.б. романдары тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, соны серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар еді.
Ол — қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар тұлға. Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек. Тарихи тақырып арқылы бүгінгі күнге, қазіргі дәуірге қатысты идеялар айтылатынын естен шығаруға болмайды.
Тарихи шығарма сол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық концепциясы жатады. Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек. І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу – көркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады.
1.2. І. Есенберлин шығармаларынның тарихпен байланысы.
Қазақ әдебиетінің қазіргі кезеңшде байқалатын ұнамды үрдістерінің бірі — көне дәуір оқиғалары мен тарихи адамдар өмірінің көркемдік ақиқатын айтуға ұмтылу. Сан жағынан алғанда тарихи тақырыпты туындылар жүздің бірі дерліктей санаулы ғана. Бірақ біз бұл арада санды емес, көркемдік тәжірибедегі белгілі бір бетбұрысты айтып отырмыз, Мұның өзі кездейсоқ қүбылыс емес, қоғамдық өмірдің даму қажеттерімен, өскелең мәдени, рухани талаптармен тығыз байланысты нәрсе.
Халықтың парасат, кәмелеті артқан сайын қазіргі халін де, өткендегі тарихын да, тереңірек, толығырақ білуге ден қоятыны мәлім. Соңғы жылдарда қоғамдық ғылым саласында қол жеткен жаңалықтар осы заңдылықтың айғағы секілді. Солардың кейбіреуін тізіп, санап өтсек те, бүл салада көрнекті табыстар бар екенін түсінеміз. Қазақстан археологтары бүдан жүздеген жыл’ бүрын түрлі себептен қираған, үйіндіге айналған шаһарлар орнын тауып, ежелгі мәдениеттің қымбат жәдігерлерін жарыққа шығарды. Орта Азияның көне өркениет ошақтарының бірі — Отырардың қазылуы, зерттеле бастауы ғылымда көп соны тұжырым жасауға мүмкіндік бергелі отыр. Тіл мамандары кемінде бір жарым мың жылдық тарихы бар түрік (Орхон — Енисей) жазуының құпиясын тауып келеді. Кезінде дүние жүзінің «екінші үстазы» атанған Әбунасыр Фарабидің еңбектері араға мың жыл салып барып өз отаны — Қазақстанда кітап болып шыға бастауы да халқымыздың мәдени өрлеуі белгілі белеңғе көтерілгенін әйгілейтін нышанның бірі. Мұндай мысалдар көп. Мүның бәрі, сөз жоқ, тарихтың бұралаң жолын, көп қалтарысын білуге деген ықыласты оятатын факторлар.
Тарихи тақырыпты жанжақты меңгеруге реализм әдісі кең мүмкіншілік береді. Озық дүниетаныммен қаруланған қаламгерлер өткендегінің қандай шытырман құбылыстарына да дұрыс талдау жасай алады, бүгінгі қауымның рухани қажетіне сәйкес идеяларды екшейді.
Ол бабалар түлғасын пайымдап, ұмытылмас бейнесін, лайықты ерлік істерін салыстыруға мүмкіндік береді, қазіргі және болашақ ұрпақтарды тәрбиелеу үшін қызмет етіп, өмір сүреді. Тарихи тақырыпты игерудегі көркемдік сипаттың бірі де осы. Қазіргі заман мен өткен тарих арасындағы терең тамырлы байланысты көркем әдебиет арқылы бейнелегенде суреткердің эстетикалық мұрат-мақсаты қалай көрінуге тиіс, тарихты танудағы әдебиеттің әлеуметтік миссиясы не, тарихи тақырыптың ерекше кұлшыныс құштарлықпен жазылуы сол ел әдебиетінің кәмелеттік өсу дәрежесінің айғағы бола ала ма, дәстүр мен жаңашылдықтың белгілі бір кезеңдегі бір-біріне өзара ықпалы болуы мүмкін бе, үлттық сана-сезімнің ояну эволюциясы қалыптасу процесінің әдебиет дамуына тигізетін игі әсерлері қандай көркемдік факторлардан көрінеді деген сауалдарға жауап іздегенде ғылым мен әдебиеттің тоғысу сипатын пайымдауға тура келеді.
Ғалым – тарихшыға тән басты сипат – өткенді зерттей отырып, тарихи кезең сорабын қүжаттық куәліктер негізінде калпына келтіру, шын болған оқиғаны, адамдар әрекетін қаз-қалпында баяндау. Тарихшы жорамал мен қиял аймағына кіре алмайды. Тек типтік көрініс жиі кездесіп түрса және оны айкын көрсеткен жағдайда ғана оның әңгімесі эстетикалық құндылыққа ие болады. Бұл орайда тарихи зерттеу объектісінің өзі эстетикалық құрылым болып табылады. Яғни тарихи жинақтау әлемді танудың эстетикалық және теориялық өзіндік синтезін қамтиды.
Тарих пен көркем шығарманың арақатынасын ашу – ежелден назар аударылып келе жатқан ғылыми мәселе. Ол жөнінде алғаш тереңірек сөз қозғаған Аристотель болатын. Ол өзінің поэтикасында былай деп жазады: “Ақынның мақсаты – шынымен болғанды емес, не болуы мүмкін, мүмкіндіктен әлде кездейсоқтан ба, міне, осыны жеткізу. Тарихшы мен ақынды бір-бірінен өлең өлшемін колданады, ал екіншісі қолданбайды деп ажыратпаймыз: осыған Геродоттың шығармаларын жатқызуға болар еді, сонда ғана олар өлшеулі, болмаса өлшеусіз тарих болған еді; бірак олардың айырмашылығы мынада: біріншісі өмірде болған оқиғаны айтса, екіншісі болуы мүмкін болған оқиғаны айтады. Сондықтан да поәзияның ерекшелігі – ол тарихқа қарағанда маңызды әрі философиялық мәні бар нәрселер жайлы, ал тарих жалпы халық жайлы айтады” [2, 67-68-66.].
Бұл мәселе Гегельдің эстетикасында терең талдауға ие болды. Оның пайымдауынша, тарих ғылымы еш нәрсені алып тастауға, өзгертуге құқы жоқ, ғалым барды, болғанды айту керек [3, 372-6.]. Алайда тарихшының шығармашылығында қиял көмекші рөл ойнайтынын ұмытпау керек. Яғни мәліметтерді табуда және оны түсінуде тарихшының интуициялық пікірі айқын көрінеді.
Әдебиет әлеміңде тарихи дәуірлер мен оқиғаларды көркем бейнелеп елестеткен шығармалар шоғыры аз емес. Бұл ретте А. Толстойдың, М. Әуезовтің, М. Айбектің, В. Шишковтың, В. Янның, С. рюродинның, Д. Демирчянның, Қ. Гамсахурдианың, Щ Рыбактың т. б. шығармаларын еске түсірсек те жеткілікті. Осы топтағы туындылардың молдығы және бірбірінен өзгешелігі соншалық — олардың өзі тарихи жанрдың түрлі тарамдарын құрайды. Мәселен, тарихи проза жанрының ішінен тарихи роман, тарихибиографиялық роман, тарихи революциялық роман, романхроника, тарихиүлттық роман деген сияқты салалар жіктеледі. Бүлардың бәріне ортақ ұқсас сипаттар да, материал мен авторлық идеяның аңғарына байланысты елеулі ерекшеліктері де болады. Шығарма талдағанда тарихи жанрдың өз ішіндегі айырмашылықтарды елемей, бір ғана өлшеммен жалпылама қарау шындықты ашуға көмектеспейді. Ол былай түрсын, жанрдың жігін есептемей сөйлеу, үкім айту жаңсақтыққа соқтырады.
Соңғы кезде әдеби, оқырман жұртшылықтың назарын аударған жазушы Ілияс Есенберлиннің тарихи шығармалары. «Алмас қылыш» (1971) романы I. Есенберлин қаламынан кейінгі жылдары туған «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Қаһар», «Алтын құс» тәрізді романдар көтерген тың мәселелерімен де, көрсеткен адам тұлғаларымен де қызғылықты, елеулі шығармалар екені әркімге аян. «Айқас» романы үшін кітап авторына Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілуі, «Алтын құс» романы бұл айтқанымызды сипаттайды. «Қатерлі өткелдің» кезінде КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылып, бүкіл одақтық оқырман ілтипатына ілінуі кездейсоқ болмаса керек. Ал «Қаһар» романының идеялық көркемдік ірі деңгейін жұртшылық жақсы түсініп қабыл алды. Бұл шығармасы арқылы жазушы тарихи тақырыпты игеру жөнінде батыл жаңашылдық көрсетті. Аз жылда тақырыбы, проблемасы түрлі-түрлі оншақты роман жариялау фактісінің өзі I. Есенберлиннің шығармашылық қуаты мен қүлашын айқын аңғарта алады.
I. Есенберлиннің «Алмас қылыш» романы көне тарихтың көмескі тұстарын қайта жаңғырта көрсетуге арналған. Романның оқиғалық негізіне сонау XV ғасырдағы біртүтас қазақ хандығын қүру жолындағы әрекет, күрестер, кейіпкерлер ретінде аты тарихқа белгіл хандар, ақын, жыраулар, қарапайым халық өкілдері алынуы бұл шығармаға деген заңды қызығу тудырады. Өйткені әдебиетіміз қанша өстіөркендеді дегенмен, бізде соңғы кезге дейің XIX ғасырдан ілгерідегі оқиғалар мүлде дерлік суреттелген емес. Мұндай жағдайда халық тарихындағы аса жауапты, ұрымтал тұстарды түңғыш рет таныстырған шығармаларға әділдік пен ықыласымыз да айрықша болуға тиіс.
Өзіміз әрдайым үлгі тұта сөйлейтін орыс әдебиетіндегі тарихи жанр шығармаларының мол байлығымен салыстырып қарағанда, біздің олқы жерлеріміз доқ деп те айтуға болады. Өйткені азды-көпті сауаты, пайым-парасаты бар адамның, қай-қайсы да тарихтың ұзын жолын, негізгі үрдістерінг туған халқының адамзаттың рухани қазынасына қосқан үлесін танып білуді өзіне парыз санауы қажет, себебі тарихын білмеген ел мәдениетті ел болып саналмайтыньш жақсы түсінуіміз қажет. Тарихқа деген көзқарастан адамның білімділігі мен надандық парқы ажыратылады деп ертедегі даналар бекер ескертпеген болса керек.
«Алмас қылыш» романы — тарихтың аса қызық та ғибратты бір дәуірін көркемдікпен танытуға көмектесе алатын пайдалы шығарма. Шығарманы дәл осылай бағалаған филология ғылымының докторы Мырзабек Дүйсеновтің «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған мақаласын және басқа көптеген авторлардың жылы лебізін қүптай, біз өзіміздің талғамымызды І. Есенберлиннің шығармаларын зерттей отырып айтуды жөн көреміз.
Біздіңше, I. Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының жұртшылық үшін ең маңызды жері — Өзге мамандар түгіл тарихшылардың өзі де әлі күнге дейін жете зерттеп болмаған кезең — XV ғасыр оқиғаларын роман-хроника түрінде тұңғыш рет жүйелі өріп, аса көп керекті мағлұмат бере алатындығында. Қалың оқырман бұл кезге дейін XV ғасырда Жәнібек пен Керей бастаған қазақ рулары Сарысу, Шу, Талас өзендерінің алқабында, Мойынқүм бойында алғаш рет қазақ хандығын құрды деген қысқа деректен өзгені біле бермейт. «Алмас қылыш» тарих кітаптарында жазылған сарадң тұжырымңың тасасында қаншама. хикмет жатқанын даңқтылы оқиғалардың хронологиялық ізіне түсе отырып, кеңінен баян етеді. Бұл шығарманың «сүйегі» түрлі кітаптар, қолжазбалар, шежірелер арасында шашырап жатқан анық фактілерден құралғандықтан және оқиғалардың жылнамасы сақталғандықтан, мұны роман-хроника деп атаған абзал деп ойлаймыз..
Дәл осындай жанр, форма әдебиетте өмір сүруге, орнығуға әбден хақылы. Жанрдың келбетін тек автордың субъективтік ниеті белгілей бермейтін, кейде объективтік материал өзіне сай форма іздететінін көреміз. Егер «Алмас қылыштың» осындай жанрлық анықтамасымен келіссек, шығармаға да сол жанрдың талабымен қарау керек болады.
Тарихи шығармаларды талдау кезінде «Алмас қылыш» туралы жазылған кейбір мақалаларда романның бітімі ескерілмей жүргені байқалады. Үлкен әлеуметтік-психологиялыіқ романдарға қойылатын шартпен қарап, «Алмас қылыштан» өзіне тән емес қасиеттер іздеу ақиқатқа жеткізбейді. Шығарманың жетістігін де, кемшілігін де жанрдың ішкі заңдылықтары тұрғысынан зерттеген жөн. Роман-хроникада тарихи оқиғалардың тізбегі күрделі орын алуы табиғи. Мұнда жеке қаһарманның жай-күйін бастан-аяқ түгелдеп айтып шығу бірден-бір шарт бола бермейді. Тарихи оқиғалардың ағынын белгілі адамдар, топтар өмірімен табиғи бірлікте әңгімелей білу, сол арқылы әрі тарих, әрі шығарма міндетін «қатар» алып бару бұл жанрдың ерекшелігі болып саналуы керек. I. Есенберлин, біздің түсінігімізше, осы талап деңгейінеін табыла білген. Автор бұл шығармасында тарихшылық пен беллетристікті әдемі ұштастыра алған. Жанр жағынан алып қарағанда да «Алмас қылыш» әдебиетімізге өз нақышымен қосылған жаңалық деп қараймыз.
Романда Дешті Қыпшақтың қаһарлы ханы Әбілхайырдың қарауында келген қазақ руларының жеке қазақ хандығы қол астьна топталу процесі, бұл құбылыстың себебі, мен салдары, бір жағы Әбілхайыр, екінші жағы Жәнібек, Қерейлердің тақ пен тәж үшін таласы, өздерінің мансаптары үшін халық бұқарасын пайдалану тәсілдері, хан ордасындағы шытырман қайшылықтар, алдау мен зорлықтар тізбегі романның екі бөлімінде т-лық баяндалған. Осы тарихи шығарманың бірінші бөлімінде Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімінде жаңа қонысты мекен еткен қазақ хандғының ішкі-сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып, ширау процесі, бүл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.Міне мұның өзі І. Есенберлин шығармаларының шындық пен деректіліктілігінің дәлелелі сияқты.
Бұл романда желі тартып жатқан басты идея — қазақ руларының бірлесу, бір хандық шеңберінде ынтымақ құу идеясы. Жазушы тарихи фактілерге берік сүйене отырып, мұндай бірліктің аса қатал өмір сынында, өлім мен өмір кезек алмасқан алмағайып, аласапыран ауыр жағдайда жүзеге асқанын, қазақтың жеке хандығын орнатқан күштер кім, сатылғыш, дүниеқоңыз дүшпандар кім екенін тайға таңба басқандай тізіп береді. Өз халқы тарихының көп мәселелерінен бейхабар оқырман үшін мұндай мағлұмат өте қажет. Бұл айтылғаидар тарихи шығарманың танытқыштық мәні зор екенін дәлелдей түссе керек.
Сонау XV ғасыр оқиғаларын, оның алдындағы бірнеше жүз жылдық Шыңғыс хан әулетіне қатысты дерегін бір шығарма көлеміне сыйғызып айту оңай шаруа емес. Автор, әлбетте, сол замаң шьндығын түрлі дәрежеде жазып кеткен бұрынғы-соңғы шежірешілердің мағлұматына сүйенген. Шығыстың, батыстың бұл тақырыпқа қатысты көп кітаптарын қарап шығу, орыстың, қазақтың шежірелерін ақтару, қазіргі тарихшылардың ізденістерін есепке алу көп уақыт пен қажырды керек ететін жұмыстар. Мүндай шығарма жазған авторға тек ризашылық сезіммен қараған жөн.
Романда ортақ қаһармандар ретінде хан, сұлтандар жүретіні рас. Бірақ бұған қарап ел билеушілері бірыңғай дәріптелген деуге әсте болмайды. Қаһарманның бойындағы қасиетін ірілеп көрсету — оны мадақтау болып саналмайтынын әрбір сауатты оқырман білсе керек. Шығармада неғұрлым айқындалып шыққан тұлға — Әбілхайырды алсақ, автор оның ерлігін де, қулығын да, қаталдығын да қалдырмай айтып, күллі қайшылығын ашады. Сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрындық мінездері де диалектикалық ақиқатымен берілген. Автор белгілі бір қаһарманды не әдейі жақсы көрсету, не нақақ қаралау мақсатын көздемей, оқиға мен мшездің объективтік ағысын қаз қалпында көрсетеді. Бүкіл Дешті Қыпшақты билеген Әбілхайыр бір жағынан айлакер, ақылды, арынды ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын қанды қол, мейірімсіз екенін нанымды етіп көрсете білген. Өзге қаһармандары бойынан да бейненің жан-жақтылығын көреміз. Демек, «хандарды дәріптеді» делінетін кейбір қаңқу сөздер мен пікірлер көркем шығарманың табиғатың елемеуден туған көрініс деп ойлаймыз. Патша, хан атаулыны тек жамандап көрсету керек дейтін бір жақты, тұрпайы ұғымның ғылыммен, көркемдік шындықпен қатысы жоқ.
І. Есенберлиннің «Алмас қылыш» романында халықтың тарихтағы ше-шуші рөлі көрінген деп санаймыз. Шығармада тап тартысы емес, хандар, билеушілер арасындағы тартыс шындыққа орай алғы кезекке шыққан. Соның өзінде автор оқиғалар мен тұлғаларды талдауға, бағалауға әлеуметтік тұрғыдан келген. Бүл — мәселенің бір жағы екенін көруге болады. Онан соң романда еңбекші адамдардың ісі де, күші де бірсыпыра шындыққа сәйкес екендігін көрмеуге болмайды. Әбілхайыр хан нақақтан жазалаған кедей жылқышы Орақ ше? Бұл өте үлкен идеялық жүк көтеріп тұрған тұлға. Орақ тұлғасы романның көп жерлерінде қайталап елес беріп отырады. Орақты қолдайтын кедей Қаптағай батыр ше? Асанқайғының Бердібек пен Әбілхайырға арнап айтылған әрі нақыл, әрі қатал сын сөздерінде нағыз халық өкілдерінің талабы жатыр. Дана жырау Асанның Қазтуған мен Қотан айтысына төрелігі де таза халықтық сана нышаны.
Шығарманың екінші бөлімінде бұл әйгілі жыраулар тағы да үлкен елдік әңгіме үстінде көрінеді. Жазушының халық рөлін төтелеп ескертіп отыратың орайы шығарманың өн бойында кездеседі. Бірінші бөлімнің эпилогында бұл мәселе аса елеулі сездірілген. Әбілхайырдың Монғолстанға көшкен Керей мен Жәнібек елін шабамын деген екпінін қарауындағы халықтың наразылығы су сепкендей басады.
Осы тұста, Орысбай, Қоқыш, Тәкежан, Күйгенбай секілді қарапайым адамдардың қайсарлығы жалт етіп ашылады. Немесе Саян бастаған кекті жігіттердің «бекзадалардың малын талау» әрекеттері де ханға қарсы халық айбарының көрінісі деп санаймыз. Тіпті, Әбілхайырға адал қызмет етіп жүрген Оспан қожаның сөздерінен де халықтың қасиеті елес береді. «Жоқ, алтын періштеге де, құлға да керек емес, алтын хандарға керек» — дейді ол. Жазушының оқиғаны суреттеуі кейде диалог, кейде монолог, кейде тікелей түсіндірме түрінде өрілген. Бұл тарихи шығарманың халықтық айқындамадан жазылғанын көрмеу, сыпайылап айтқанда, білместік. «Мемле-кет шаңырағын халық көтерген» (191-бет).— автордың дүниетаным дұрыстығын бұдан артғырақ етіп айту қиын.
Романның кейбір көрнекті кейіпкерлерін ілгеріде атадық. Мұңда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Қотан, Саян, Орақ секілді ұнамды бейнелер қатары тарихи шындықтың дәлелі екенін көруге болады. Бұлардың әрқайсысы өз орнында мәнді, қызғылықты. «Алмас қылыш» тек мазмұнымен ғана емес, нысандық ізденістерімен де маңызды шығарма. Автор, мәселен, Әбілхайыр әулетінің әріден келе жатқан үстемдігін, содырлы-сойқан істерін өткенді шолу ретімен мәлімдейді. Жүздеген жылдарға созылған Шыңғыс хан үрім-бұтағының озбырлық саясатын, тынымсыз талас-тартысын қайта елестету үшін дәл осындай тәсіл оңтайлы келген.
Ал қазақ даласының тарихи болмысын Қазтуған мен Қотанның айтысы арқылы көрсетуі жаңаша көркемдік әдіс деуге болады. Екі ақын бетпе-бет келіп айтысқанда шындықтың түп-тереңіне дейін ашылатыны белгілі. Сон-дай-ақ Қотан мен Қазтуған айтысы қазақ елінің сан ғасырлық өмір, күрестерінің сыры мен сипатын екшеп көрсетуге жараған. Оқиғаларды баяндай отырып, кейініректе болатын жайлардан хабар айту тәсілін жазушы қазақ әдебиетінде алғашқы қолданушылардың бірі. Мәселен, Мұхаммед Шайбанидің бала кезін көрсеткен тұста оның келешектегі мансабы імен атағын да қоса ескертіп қою шығармаға оқушы ықыласын өсіре түседі. Мұның өзі «Алмас қылыш» өз жанрында елеулі туынды, мазмұны мен нысаны қабысқан шығарма екенін дәлелдейді.
Әдеби теориялық және эстетикалық бағаның даму барысында қалыптасқан теориялық категориялар «көркем қиял» мен «көркемдік болжам» өнердің әр дәуірдегі даму процесінде күшті өзгерістерге түсетін кұбылыс екені белгілі. Өнертанушы мамандардың айтуынша, қиял – суреткердің реалды шындықты дәл өмірдегідей, өмірді қаз-қалпында суреттеуден ауытқу құралы. Ал болжал – тарихи шындықты көп әсірелемей, негізін сақтай отырып суреттеу тэсілі [4].
Әдебиет жайлы айтылған пікірлердің тарихына көз салсақ, сонау қайта өрлеу кезеңінен бастап, өнертанушылардың әлемдік өкілдерінің пайымдауынша, көркем образ жасаудың бірден-бір тәсілі – сол қиял. Бұл орайда тарихи романдардың дүниеге келуіне байланысты көркем қиял мен болжал жөнінде арнайы әңгіме ету – уақыт талабы. Ол жөнінде пікірталастар әлі күнге толастаған жоқ, бұдан былай да жалғаса берері сөзсіз. Өйткені дүниеге келген әрбір нағыз көркем шығарма өзінше әлем, әр үлкен суреткер көркем қиял мен болжалды пайдаланудың өзінше үлгісін жасамақ. Осыған байланысты әр шығарма жөнінде сөз еткен кезде зерттеушілер өзінше жаңа бір әлемге кез болып, жаңа ойлар айтады, тың тұжырымдар қорытады. «Бұл құбылыс халық өмірінің, ел тарихының құнарлы кенін қопарған тегеурінді дарын» [5, 302-6.] -І.Есенберлиннің тарихи эпопеясына да тән.
Тарихи роман жөніндегі зерттеулердің байыптауларына көз сал-ғанда оларда шығармадағы көркем қиял мен тарихи шындықтың арақатынасы мәселесіне ылғи да назар аударылып отырады. Бұл жұмыстарда “қиял мен болжалдың” жалпы теориясы, оның әдебиеттегі рөлі, жанрдың типологиялық белгілерін анықтаудағы қызметін пайым-дауға талпыныс жасалады.
Көркем қиял – дүниені өнерде, өнер әлемінде бейнелі түрде танудың өзіндік құралы. Өмірлік негіз бен көркемдік қиялдың тоғысынан тұратын көркем образ өнер құбылысы болып табылады.
Бұл тұрғыда көркем қиял – өнердің табиғатын анықтайтын басты сипат. Сондықтан да шығарма жазуда жазушы өзінің творчестволық қиялында жүйелі образ туғызуды, содан соң барып оны көркем бейнелеуге қажетті тэсілді таңдайды. Айталық жазушы өзінің шығар-масына өмірде нақты болған тарихи тұлғаны кейіпкер етіп алып, жазып отырған күннің өзінде, сол тарихи адамның сипатын шығармаға өмірде болған күйде көшірмейді, оның басты қасиеттерін, өміріндегі үлкен әрекеттерін негіз ете отырып, өз прототипін көркемдік құралдың құзырына бағындырып, жаңа әдеби тұлға жасайды. Көркемдік болжал тарихи шығарма табиғатына етене жақын, алайда көбіне құжаттық шығармаларға тән болып келеді. Бұл категориялар жайында белгілі әдебиетші А.П.Александрова өз ойын былайша білдіреді: «Көркем қиял – шығармаға тарихта болмаған жеке эпизодтар мен кейіпкерлердің іс-қимылы арқылы енеді, сонымен қатар романның құрылымы, оның образдарының жүйесі типтендірудің мәні – объективті шындықтың субъективті бейнесін жасауға бағынады. Көркем қиял жазушының шығармашылық қиялының негізінде жатыр, мұнда көркем болжал бар және сонымен қоса жасалған әлемнің мәнін айқындауға бағынады.
Шығарманың тілі жөнінде бірер сөз. Жалпы алғанда, роман тілі тартымды, табиғи, жатық. Әңгіме тек жекелеген қонымсыз сөздер мен тіркестер («Мадақтау о да бір паш өнеге», «сыймай бастаған соң», «жан аямас қастын», «ғажайып қан төгіспен» т. б.) жөнінде болса бір сәрі… Әр жазушының тіл кестесі, жазу мәнері, сөз талғамы басқа-басқа. Оның үстіне тілдің ағыны мен ажары әрдайым нақтылы оқиғаға, идеяға байланысты өзгеріп отырмақ. Оңды тіл — айтылмақ ойды неғұрлым дәл, табиғи, үйлесімді бере білген тіл.

1.3. I. Есенберлиннің шығармаларына тән жаңашылдық

I. Есенберлиннің «Алмас қылыш» романы — оның қазақ халқының ХУ-ХІІІ ғасырлардағы тарихынан жазған трилогиясының бір бөлігі. Архив тереңінде қозғаусыз жатқан неше алуан қымбат деректі ыждағатпен жинап, тарихи адамдар тұлғасының диалектикалық шындығын ашатын көркем шежіре, тартымды роман ұсынған автордың азаматтық еңбегі қалың оқырманын — шын сыншысын тауып отыр. Жазушы үшін бұдан артық мәр-тебе жоқ
Ал Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» (1969) атты романы қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпты игеру тереңдеп келе жатқанын әйгілейтін шығарманың бірі. Мұнда өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған қозғалыстың, сол оқиғаға қатысты түрлі топтардың, адамдардың жай-күйі әңгімеленеді. Автор сөз болып отырған заманның әлеуметтік, экономикалық, саяси ахуалын, қозғалыстың себебі мен салдарын зерт-тей келіп, солардың диалектикалық көркем шындығын көрсетуді мақсат еткен. Сонымен қатар романнан көркем шығармаға ғана хас көп әсерлі ақиқаттарды — адамдардың күйініш-сүйінішін, арманы мен өкінішін, ықыласы мен мұратын, кейіпкерлер тарихы мен тағдырын табамыз.
Суреткер өзінің көзқарасын төтелей айтып салмай оқиғалар меи характерлерді ауанына жіберіп, еркін сөйлеткен. Сондықтан да оқырман автор ұсынған шындықтың күнгей, теріскейін түгел шолып, бағдарлап, бағалауға мүмкіндік алған. Роман тарихи адамдарды көрсетуде жаңа қадам болып табыладьт Тарихи кітаптарда жазылған қысқаша тұжырымдар мен үкімдердің тасасында талай өмір, қайшылық арпалыстары жатқанын
танимыз.
Ілияс Есенберлиннің тарихи шығармасы «Қаһарда» патша отаршылдарының қысымына наразы елдің қозғалысы, халықтың осындай серпінін пайдаланып, қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының кектескен сұлтандар мен патшалық бекіністеріне шабуылы, ата-бабасынан мирас боп келе жатқан елі мен жерінің бостандығы үшін жанталасып күресуі, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеті, сан алуан адам мінездері көрсетілген. Автор тарихи адамдардың талай тайталас күрестерін нақтылы көрсете білген.
Кенесары Қасымов көтерген ту астына халық неге ерді деген сұрақтың жауабы романның алғашқы екі тарауында нанымды берілген. Шұрайлы жерден айырылып, патшаның әкімдерінен қысым көрген ел бастаушы болса, соңынан еріп кетерлік жағдай туғанын тарих мысалдары да дәлелдейді.
Жазушы қай құбылыстың да ішіндегі қайшылықты, қарама-қарсы күштердің қақтығысын қатар алып, шындықты толық ашуға ұмтылған. Арқадан Оңтүстікке беттеген күшті суреттейтін алғашқы тараудан да осыны көреміз. Патшалық тепкісінен қаша көшкен елдің бастаушысы Сейтен батырдың қасында келе жатқан серігі Ожар тыңшы, екі жүзді адам екендігі бірден сездіріледі. Бұдан қазақ еліне деген тұзақтың әр жерден құрылғанын да көруге болады. Елдің намысын жыртатын аңғал батырлар жанында көлеңкедей қалмай сансыз сатқындар да жүру отарлаушылықтың көнеден келе жатқан әдісінің бірі екені мәлім. Қапыда қолға түсіп мерт болған Сейтен батыр тағдыры бұл күрестің қиындығынан да хабар береді.
Ілияс Есенберлиннің тарихи роман қазақ халқының қиын ахуалының сан түрлі қырларын кең қамтып елестетеді. Соның бірі — Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының жай-күйі. Түбінде Ресей патшасынан қауіп келе жатқанын сезгенімен, Орта Азия хандары қазақ халқымен одақтасуды ойлау былай тұрсын, қайта оны талан-таражға салатын сәтті күтіп отырған. Бегдербектің жәрдем, кеңес сұрап барған Есенкелді, Саржанды қасындағы нөкерлерімен опасыздықпен өлтіріп жібергенін суреттейтін тарау осы ақиқатты түп-тереңімен ашады. Әрі қорқақ, әрі қу, тырнағына дейін сатқын, дүниеқор Қоқан әкімінің шыншыл бейнесі жасалған деуге болады.
«Қаһар» романында Кенесарының және оның сенімді серіктері — ру басыларының, батырлардың өмірі мен іс-әрекеті мол шындығымен көрінген. Әсіресе Кенесары тұлғасы анықтыққа жеткенін атап айту керек. Суреткер кейіпкер басындағы шытырманды тарихи шындыққа сәйкес ашып көрсете алған. Халықтың патшалыққа қарсы наразылығын пайдалана білген, намыс үшін қандай құрбандықтан да тайынбай-тын Кенесарының қайшылықты келбетін деректі дәлелдей білген.
Автор Кенесарының жеке басындағы ерлік пен парасатты бірнеше жерде көрнектендіріп ерекше аңғартады. Мәселен, ол Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, «Ташкентті шабу керек» деген Қасым төренің тілегін іштей қабылдай тұрса да, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады. Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі, баласы Садықтың батылдығын сынаған тұсы, өзіне ерген баһадүр ерлердің бірі — Байтабынның көңілін риза ету үшін Наурызбайдың қолындағы құсты аттырып билік айтуы сияқты түстар бұған дәлел. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары: Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың ерлік эпизодтары да айтылып отырған.
Романда Ресей патшалығының әр дәрежелі өкілдерінің де бейнелері бар. Солардың ішінде әсіресе Қараөткелдің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын арамзалығы анық таңбаланған. Жеке өмірінде азғындықтың шегіне жеткен бұл адам Омбы генерал-губернаторының сеніміне ие болып, көп елді күшпен, айламен ұстап тұрған. Қоңырқұлжа елдің бас көтерер адамын қаралап үстап береді, лауазым үшін халық мүддесін сатып, кез келген опасыздыққа барады. Жазушы патша өкіметі өзіне тірек еткен жергілікті әкімнің жексұрын жиынтық типін жасай алған. Қоңырқүлжаның әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да үстем тап өкілдерінің сиқын аша түседі. Аңыз бен шежірені, тарих тізбегін үлкен тарихтық идеялар мен ірі қаһармандар мінезін мүсіндеу талабына жұмсай білуі, тарих пен көркемдікті айырғысыз тұтастыққа жеткізуі, өткен кездер хикаясынан бүгінгі қауымға керектіні екшей алуы, тарих тәжірибесінен үлгілі сабақ, өнегені алға тартуы жағынан I. Есенберлин романы қазақ әдебиетінде ерекше орын алады. Тарихтың тереңінде жатқан, тіпті тарихи зерттеулердің өзінде жүйелі баяндалып, толық танылып болмаған заман, адам шежіресін екшеп, жаңа сапаға келтіріп айта білуі жазушының жаңалығы, қазақ әдебиетін байытатын, танығыштық, тәрбиелік мәні зор туынды.

1.4. І.Есенберлиннің тарихи шығармаларының жанрлық ерекшелігі

Сөз болып отырған романның жанрлық ерекше бітімі бар дедік. Мол оқиға мен көп кейіпкерді шетінен толық суреттеу бір шығарма көлемінде мүмкін еместігін ескерген автор негізгі күшті баяндау мен айтуға салады. Бірақ бұл құрғақ баяндау емес, бояулы, нақышты, адам мінезі мен әрекетінің түпкі сырын паш ете алатын күрделі, қызықты, ғибратты әңгіме. Қаһармандардың түр келбетіде, сөйлеген сөзі де, ойы да тартыс, қайшылық күресі де осынау «баяндаудың» ауқымына .сыйып кеткен. «Жанталас» романының бүкіл оқиғалық, сипаттамалық, талдау, көркемдеу жүгін екі ғана айтушы — автор мен шежіреші қарт Бұхар жырау әңгімесі арқалаған. Осыдан барып шығарма айтушы қызметі маңызды орынға шығады. Қандай көркем туындыда да айтушы, баяндаушының дәнекерлігі елеулі орынға ие. Дегенмен, «Жанталаста» айтушы уәзипасы мүлде өзгеше. Бұл ретте жазушының ауыз әдебиетінің өміршең дәстүрлерінен үйрене білгендігін атап айтар едік.
Түрік-монғол халықтарында ертеде эпосты, жырды бір емес, екі жыршы қатар айтатын, бірін-бірі толықтырып, кезектесіп сөйлейтін әдет болған. «Жанталаста» тарихи оқиғаларды кейде Бұхар жырау, кейде автор жалғап, өрбітіп отыратындығы сол фольклор тәсілін еске салады. Бұдан, әрине, роман мен жырдың арасына тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. «Жанталастың» құрылысы мен қалануында фольклордан дарыған әдістер кездескенімен, талдау, мінездеу, даралау тәсілі жаңаша, реалистік әдебиет үлгісінде. Эпосты туғызған дәуірдің қайталанбайтыны секілді, оның көркемдеу тәсілдері де жалаң көшірілмейді. Әрбір қаламгер өзінің алға қойған мақсатына, өмір. материалының көлемі мен сипатына орай ауыз әдебиетінің бай қазынасынан нәр де, түр де іздеуге ерікті. Сондай сәтті ізденіс «Жанта-лас» романының тартымды, қызықты болуына, талай заманның шындығын шолып көрсетуге көмектескен. І. Есенберлиннің тарихи шығармаларында тарихи аңыздардың орын алуы. «Алтын Орданың» жанрлық ерекшелігі өз алдына жеке бір мәселе. Трилогияның көп жерлері тарихи аңыздардан құралғанын көреміз. Ел арасында айтылып қелген аңыз, әңгіме, тәсілді суреткер еркін пайдаланған. Ал орыс, қазақ, иран, монғол шежірелерінің материалы шығарманың негізгі сүйегін қалаған. Сонымен, «Алтын Орданың» оқиғалық кестесі тарихи хроникадан, шежіреден және аңыз әңгімелерден тұрғанын алдымен айтқан болар едік. Бірақ қанша қызғылықты, шыншыл, маңызды болғанымен, шежіре мен тарихи аңыз роман міндетін атқара алмайтыны белгілі. Міне осы тұста шежіреші, әңгімешіге жазушы өнері қосылған. Егер тарихи аңыз әңгімелерде құбылыстардың тізбеғі, кезегі, нәтижесі ғана айтылып келген болса, әлеуметтік, психологиялық талдау олардың ішкі себептерін аша түскен. Сөйтіп «Алтын Ордада» фольклор мен жазба әдебиет дәстүрі бірлестік тауып, бірін-бірі толықтырған, бірі екіншісіне сәулесін түсіріп, жаңа сапаға жеткен, ауызекі және жаз-баша әдебиеттің жақсы мүмкіндіктері қайталанбас син-тез қүраған. Ғасырлар бойында халық санасында ек-шелген тарихи аңыздың өзі бағалы, тартымды шығарма ғой. Өткен тарихты майын тамызып ауызша айтып бере-тін адам болса, қазірде де тыңдаймыз. Ал оның үст.іне жазба әдебиеттің талдағыштық, аналитикалық сыпаты қосылғанда қүбылыстардың нағыз диалектикасы көріне-ді. Трилогияда тарихи аңыз қаһармандарының портре-тінен бастап ішкі монологтарына дейін кездестіреміз. Роман—тарихи аңыздың жаңа түрі, аңыз роман, шежіре роман болып шыққан.
Бүл көрсетілгендерден тағы да бір маңызды заңдылықты танығандай боламыз, Аса күшті, тамырын тереңге тартқан дәстүрі бар қазақ ауыз әдебиеті жазба әдебиетімізді көп жағынан байытып, көркейте алатындығы аңғарылады. «Қалауын тапса қар жанады» дегендей, тарихи аңыздың тарихи романға ұласып, жазба әдебиеттің шарттарына сәйкестеніп отыратынын көреміз. Міне мұндай шығармаларға «таза» еуропалық қазіргі романның қалыбымен келсек, көп мәселеге түсінбей қалуымыз мүмкін. Халық аузында айтылып келген тарихи аңыздың көркемдеу тәсілі жазба әдебиеттен өзгешелеу екенін мойындасақ, сол аңыздар роман құрамына қосылғанда да өзінің әуел бастағы қызғылықты, кейде әсіреленген тұлғасын сақтайтыны заңды. «Алтын Ордада», бүдан бұрынғы «Көшпенділерде» де кейбір нанымсыздау көрінетін суреттердің табиғатын да сол материалдың фольклорлық табиғаты мен кәркемдік тәсілінен іздеуіміз керек. Мұның өзі роман жанрының ауқымы өте кең, ол қажет жағдайда, ауыз әдебиетінің кез келген саласының қуаты мен ажарын бойына сіңіре алады деген сөз. Егер «Алтын Орданы» алдын ала межеленген схема бойынша емес, нақтылы бітіміне қарай сөз еткіміз келсе, оның осындай ерекшелігін тануға тиіс боламыз. Ауыз әдебиетінің көп шығармалары осы күнге дейін өзінің тартымдылық қасиетін жоймай келе жатқаны да олардағы ірі тұлғаланған, сом сурет бейнелерге, халық санасы мен бағасының берілуіне байланысты еді. Сол қасиеттер жазба әдебиет стихиясына араласқанда мәнін жоймай, қайта жаңа қырынан жарқырап шығатынын байқаймыз. Тарихи аңыз бен шежіреге қиял мен әлеу-меттік талдағыштық неғұрлым батыл араласқан сайын шығарманың көркемдік шындығы арта түседі.
«Алтын Ордада» халық аңызында, эпоста аты аталатын кейбір адамдардың бейнесін жаңаша танығандай боламыз. Мәселен, аңыздағыдан романдағы Әмір Темір анағүрлым күрделі болып көрінеді. Эпостың қаһарма-нына айналған Едіге тұлғасының талдауы романда неғұрлым толық та, нанымды да. I. Есенберлин Алтын Орданың ең соңғы билеушілерінің бірі Едігенің алғашқы кезде Тоқтамыс ханға қарсы күресте халық алдында беделге ие болғандығын, «ел қамын жеген Едіге» деген дақпырттың сол кездерде шыққанын, кейіннен қолына билік тиген кезде ол зорлықшы жанға айналғанын баяндайды. «Көп жүрген жылан аяғын көрсетеді, көп жорға-лаған жорға шабысынан танады. Ал билік деген бір асау тұлпар, ауыздықтап дұрыс міне алмасаң, бой бермей, алып-қашып сені тасқа ұрып кетуі де оп-оңай. Ал Едіге осы тұлпардың үстіне мінген күннен-ақ оны ауыздықтап үстап, бабына қарай жөндеп жүргізудің орнына шапқан үстіне шапқысы келе берді. Неғүрлым дәреже, даңқы өскен сайын соғұрлым өсе түссін деді. Тен-текті тентек десең бөркі қазандай болады. Айлакер, ер-жүрек, кешегі әділетті саналған Едіге енді осы тентекке ұқсай бастады» («Алтын Орда», 1983, 465-бет).
Аты аңызға айналған Асан Қайғы, Сыпыра жыраудың іс-әрекеттері де халық санасында орныққан деңгейде алынған, олардың артына қалдырған аталы сөздері қандай жағдайда туғанына, түпкі мәніне және себебіне роман нақтылық енгізген.
Сонымен, «Алтын Орда» трилогиясы халқымыздың тарихына, тағдырына тікелей қатысты болған бір кездегі Алтын Орда мемлекетінің, оны басқарған айбарлы хандар мен атақты билердің, тарихтың қозғаушы күші бұқара халықтың басып өткен жолынан мол мағлұмат беретін тағлымды, тартымды шығарма.
«Жанталас» романында халқымыздың бірнеше ғасыр бойы бастан кешкен сұрапыл қиындықтары, тыныштық пен тәуелсіздік үшін күрестері кейде шежіре, бірде аңыз ретінде баяндалады. Екінші сөзбен айтқанда, мұнда. көркемделген тарих немесе тарихи-публицистикалық очерк сипаты басым. Соның бәрі негізгі идеяға — қазақ халқының қаһармандық, отаншылдық арпалысын, көпшілік бұқараның мұндай жанталаста шешуші рөл атқарғанын көрсетуге жұмсалған. Аңыздар мен шежірелер шығармада жеке өзіндік қызмет атқармайды. І. Есенберлин сол тарихи аңыздардың дәнін, негізгі ұйтқысын және бағытын ашуға ұмтылады. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресінің елеулі фактілерін, азаттық үшін соғысты ұйымдастырушылар еңбегін саралай отырып, автор тарихтың ғибратын, тәжірибесін оқырман алдына деректілікпен жайып салады. Демек, тарихи оқиғалар мен адамдар әрекетінің сипаты қазіргі дәуірдің талғам, таразысы тұрғысынан қаралады.
Бұхар жырау әңгімесінде де тарихи құбылыстардың бағасы бүгінгі түсінігімізге орайлас беріледі. Сонымен, «Жанталас» романында тек XVII—XVIII ғасырлардың тарихнамасы беріліп қоймай, олардың сыры мен шындығына да талдау жасалады, тарихтың көркем шындыққа түскен желісі беріледі. Атап көрсетерлік бір мәселе сол — шығармада деректер мен қиялдап айтулар бірлестікке, көркемдік шындық деңгейіне көтерілген. Кейіпкерлердің іс-әрекетінің нақтылы жүйесін емес, сол құбылыстардың мәнін ашуға көңіл бөлінген, психологиялық талдаулардан гөрі тұжырымдап, шолып, шежірелеп айту басым шыққан. «Жанталастың» жанрлық ерекше-ліктерін талдағанда осы жайлар тарихи шындықты дәлелдейді. Шы-ғарманың ұтымды жерінде, кейбір жетіспеушілігін де оның жанрлық бітіміне қарап көрсетуге тырысқан.
Қазақ әдебиетінде аңыз-роман, роман-хроника немесе көркемделген тарих деп атарлық жанрдың пайда болуын кездейсоқ, таң қаларлық құбылыс деп қарауға болмайды. Ауыз әдебиеті дәстүрі бүгінге дейін қатарласа өмір сүріп келе жатқан қазақ әдебиетінде мұндай «аралас» жанрлардың орын алуының өзі заңдылық. Қазақ ауыз әдебиеті өзінің бойына қаншама көркемдік құдірет дарытқан өзгеше құбылыс екені белгілі. Мұнда көркемдеу мен типтендірудің неше алуан кесек үлгілері, кейде бедерлі биіктері кездеседі. Қазақ жырлары мен аңыздарының бірқатары халықтық романдар тәрізді. Оларда әлеуметтік, таптық сипат, адамдар ісіне дәл, нақты мінездеме жиі ұшырайды. Бұларды ретіне қарай жазба кәсіби әдебиеттің қажетіне жарату І. Есенберлин сияқты қаламгердің шеберлігіне байланысты деп ойлаймыз.
Соның жарқын мысалы —сөз болып отырған роман. Оқиғаны тартымды, тығыз, әсерлі етіп ‘баяндауда халық аңыздары мен ертегілері дәстүрінен үйренетін тұстар бар екенін ұлы суреткеріміз М. Әуезов ерекше нұсқап көрсеткен еді. Ол: «көркем поэзияға ауызша поэзия қаншалық бөгетсіз, сатысыз көп қор құйған болса, бүгінгі көркем прозаға да халықтың ауызша әңгімесі сондайлық жатық жолмен көп араласып, қабысып жатыр» («Әр жылдар ойлары», 1959, 237-бет) деген еді. Бұл сөздерде терең мағына, ұлы ой бар. Бүгінгі қазақ прозасында ауыз әдебиетінен «ауысқан» белгілерді тек кемшілік белгісі деп қарамай, солардың қандай идеяға қалай қызімет етіп тұрғанына, көркемдік кестелерге қаншалық жарастық тауып, кірігіп кеткендігіне қарай сөз еткен жөн деп ойлаймыз..
«Жанталас» романында тарихи оқиғаларды бағалау, саралау, түсіндіру жөнінде авторлық тұрғы берік сезіледі. Халықтың тарихтағы шешуші орнын көрсетуге, ел билеушілердің мүддесі бұқара мүддесінен алшақ жататынын аңғартуға жазушы ерекше көңіл бөлген. Романда хандардың жорықтары халық қолдаған кезде ғана жеңіске жеткізгеніне көптеген мысал келтірілген. Белгілі тарихи қайраткерлерге шежіренің, аңыздың берген бағасымен қалмай, сол бағаның дұрыс не бұрыстығын ғылыми болжамдар тұрғысынан тексеріп шығуға автор ыждағат жасаған. «Жанталас» өзіне тақырыптас «Алмас қылыш», «Қаһарман» қосылып келгенде үлкен эпопея деңгейіне көтеріледі.

1.5. I. Есенберлин тарихи романдарындағы ұлттық рухани құбылыс

I. Есенберлин романдары ұлттық рухани өміріміздің де құбылысы болды дей аламыз. Өткеніміз туралы бүл кезге дейін там-тұмдап қана дерек біліп келген болсақ, «Көшпенділер» елдік дәстүріміз, ғасырларға созылған, шытырманға толы тарихымыз бар екенін көркем әдебиет көлемінде тұңғыш таныстыра алды. Ол ол ма? Бұл шығармалардан тіпті тарихи еңбектерде шешімін тауып болмаған немесе басы бірікпей, шашыранды түрде жатқан мағлұматтардың жүйеге түскен желісін көрдік. Соншама мол деректерді жазушы жалаң тізбей, роман шарттарына лайықтап қорытып, көркемдік қиялға бөлеп бере алуы шығарманың тартымдылық қасиетін арттыра түсті. Міне осындай тарих пен аңыздың, қиялдың бірлестік табуы трилогияның өзгеше бітімін белгілеген еді. «Көшпенділерді» әдебиеттегі белгілі жанрлардың бірде-бірінің шартына салып бағалау қиындығы да трилогияның материалы, жанры, көркемдік әдісі мейлінше тың болуынан еді.
«Алтын Орда» трилогиясында да жазушы тарихымыздың беті ашылмай жатқан үлкен кезеңін шежірелеп берген. Атап айтқанда, мүнда XIII—XIV—XV ғасырлар-да әйгілі мемлекет болған Алтын Орданың саяси әлеуметтік, халықаралық, мәдени халі кеңінен баяндалған. Алтын Орданың тарихын, саяси жағдайын сөз еткен еңбектің мүлде аздығын, ал көркем шығарманың жоққа тән екендігін есте тұтсақ, сөз болып отырған трилогия олқының орнын толтырарлық құбылыс деп түсінеміз. Рас, Алтын Ордаға қатысты оқиғалар жайында орыс жазушыларының ертелі-кешті жазып қалдырған еңбектері бар. Бірақ тұтас бір мемлекеттің қалыптасу, шырқау шегіне жету, құлдырауға бет алу жолын мол қамтыған бірегей туынды осы десек, артық айтылғандық болмас. Бұл романдарда тек Алтын Орда ғана емес, сол кездегі Ресейдің, Қырымның, Кавказдың, Мауереннахр мен Иранның оқиғалары да белгілі дәрежеде қамтылып отырады. Аты-жөні **шежірелерде, аңыздарда ғана сақталган қаншама адамдардың нақтылы іс-әрекетін, үміт-арманын танимыз. Алтын Орда хандығын орнатқан Бату, Беркелерден бастап жүз жылға жуық уақыттың оқиғалары бірінші кітап көлемінде айтылса, Өзбек ханнан Орысхан, Әмір Темірлерге дейінгі істер екінші кітапта әңгімеленеді, Алтын Орданың ең соңғы қуатты дәуірі, тарихи аренаға Тоқтамыс, Едігелер шыққан, олардың өзара қырқыстары бұрынғы айбарлы мемлекетті әлсірете бастаған кезеңнің шындығы үшінші кітап бойында баяндалады.
Атап өтерлік бір нәрсе сол — трилогияда тек хандардың қаталдығы, үздіксіз соғыстары, бейбіт елдің берекесін алып, шаруашылығын күйзелткені ғана емес, қарапайым халықтың күштілерге қарсы ауық-ауық жүр-гізген күрестері де, қалың елдің зорлыққа деген іште тұнған наразылығы да көрініс берген.
Жазушы трилогияның өн бойында өзінің талғам, дүниетаным таразысынан ауытқымайды. Ол атақты хандардың, айбынды әмірлердің даңқы мен. байлығы еңбекші халықтың қанымен, көз жасымен суарылғанын дәл көрсетіп отырады. Зорлыққа, қарудың күшіне ғана негізделген Алтын Орданың екі жүз жылдай салтанат құрып, ақырында Хандардың өзара алауыздығы, бақталастығы, азғындаушылығы, езілген елдердің қайсар күреске шығулары, үздіксіз соғыстар нәтижесінде қирауға бет алуын көрсету танытқыштық та, тәрбиелік те мәні күшті мәселе болып шыққан. «Алтын Орда» деген тек географиялық атау, өткеннің бұлдыр бір елесі емес, нақтылы этникалық қүрамы, билеу жүйесі бар ел екендігін, ол мемлекеттің басында дарын, қайрат, қабілеті күшті қайраткерлер де, ата даңқына малданған, ұсақ мінезді, қара басының мүддесі үшін бәрін сатып жіберетін күйкі жандар да отырғанын, ақырында зорлықпен жиған байлықтың баянсыз болғанын, тақ үшін таласулардың салдарынан тұтас империяның іріп-тозып, бөлшектеніп, әлсіреп кеткенін көрсету өткеннің өкінішті сабақтарын таныстырады: халық қолдамаған, бейбітшілікке, еңбекке, әділетке негізделмеген әкімшіліктің өмірі ұзақ болмайтынын ұқтырады. Трилогияның аңғартпақ болған түпкі ойы осындай тұжырымға сайса керек.
Шығарма тек өткеннің қасіреттерін көрсетіп қана қоимай, қандай қиындық, аумалы-төкпелі жағдайға да төзіп, ақырында жақсы заманға жеткен халықтың ұлылығын мадақ ету мақсатын көздейтінін автор трилогиясында былайша түйіндеген: «Бұл жұрт сонау көне заманғы Кир, Дарий патша жасақтарының, біздің заманымыздағы Аттила бастаған қаһарлы хунулардың, Шыңғысхан татар-монголдарының, Алтын Орда хандарының шабуылдарын, талауларын, алып даласын олардың. қан жоса еткенін, Қытай, Жоңғар, богдыхан қонтайшыларының жорық-қиянаттарын, Россия ақ патшаларының канауларын — бәрін-бәрін бастан өткізді. Бәріне де шыдады, жалғыз жаңқасы қалғанша күресті, ақыры жерін де, суын да ешкімге бермеді. Сол көне қонысында қалды… Кешегі Алтын Орда тұрған негізгі далада жаңа қазақ Республикасы орнады» («Алтын Орда», 1983, 479-бет).
Трилогияда Алтын Орданы билеушілердің тізбегі хронологиялық дәл қалпында берілген. Олардың іс-әрекеті, көздеген нысанасы түрліше болып келеді. Мәселен, Бату, Берке секілді хандар мемлекет іргесін бекітіп, қалыптастыруға қатты көңіл бөлгені, Еділ (Волга) бойынан хандықтың астанасын орнатқандықтары, елді билеу жүйесін жасағаны сан алуан оқиғалар тұсында көрсетілген. Бату ханның кіші баласы Ұлақшыға айтқандарынан Шыңғысхан әулетінің өзге елдерді жаулап алу, бағындыру, билеп-төстеу саясаты мейлінше анық аңғарылады. Алтын Орда ханы өзінің бабасы Шыңғысханның «жолбарыс бастаған ит жолбарысқа айналады, ит бастаған жолбарыс ит болады халық қорыққанын ғана сыйлайды, сондықтан әрдайым күшті бол дұшпанға қанша қатал болсаң, досқа сонша мейірімді бол» деген сөздеріне имандай табынады, үрім-бұтағы да осы ақылды берік ұстаса деп тілейді. Өз тарапынан Бату да үш түрлі өсиет қалдырыпты. Мұның біріншісін ол мысал түрінде әңгімелеген: «Баяғыда екі жылан дүниеге келіпті. Біреуінің мың басы, бір құйрығы, екіншісінің мың құйрығы, бір басы болыпты. Бір күні ғаламат боран соғыпты, үскірік аязға айналыпты, мың басты жыланның бір басы інге кірейін десе, екінші басы оған қарсы шығыпты, ал үшінші басы бөтен жаққа тартыпты. Ақырында мың бас бір-біріне көнбей, суыққа ұрынып, жылан үсіп өліпті. Ал мың қүйрығы, бір басы бар жыланның мың құйрығы бірдей бір басының дегеніне көніп, терең інге кіріп, жылан суықтан үсімей, аман қалыпты. Қара халық деген әлгі мың құйрық тәрізді бір басқа— ханға бағынса, дегеніне жүрсе, ел болады. Ал монғолдың толып жатқан рулары, Шыңғыс ұрпағы, әлгі мың басты жыландай ішінен ақылды бір бас тауып, соған бағынбаса, соның дегенімен жүрмесе, әрқайсысы қанша мықты болса да, бірлік таба алмай, әлгі бір-біріне көнбеген мың басты жыландай дұшпандарының қолынан бостан босқа өледі» (Алтын Орда», бірінші кітап, 23-бет). Батудың екінші өсиеті «Жауды шапқан, жеңген ақылды емес, сол жауды бағындырып ұстай білген ақылды» деген сөздерінен көрінеді. «Үшінші өсиетім,— дейді хан,— екі көзі бірін-бірі шұқымасын деп жаратқан ием ортасына мұрын қойған. Ал сен екі көзді бір-біріне шоқытып қой. Орыс ұлты секілді үлкен халықты, оның қол қусыратын адамдарын бірін-біріне қарсы қоя біл, бірін Ордаңа жақындат, екіншісін алыстат» (Аталмыш кітап, 36-бет). Бұл тұжырымдарда замана әкімдерінің ақыл-айласы, «философиясы» ашық білдірілгең.
I. Есенберлин айбынды Алтын Орданың күшею себептерін қалай талдап көрсетсе, хандықтың ішіндегі қайшылықтарды да білгір баяндайды. Егер Бату, Берке, Өзбек, Жәнібек түстарында мемлекеттің беделі, қуаты өсіп, толысып, халықаралық көлемге көтерілсе, осыған сәйкес түрлі құрылыстар, сауда, мәдениет, отырықшылық қанат жая бастаса, сондай-ақ мемлекет тілі болса — қыпшақ тілінің өрісі кеңейсе, Алтын Орданы дарынсыз, азғындаған хандар басқарған кезде елдің ауыр қасіретке жиі кездесіп отырғандығы шыншыл айтылған. Әсіресе, тақ пен тәж десе туған әкесін аямайтын ман-сапқор, қызғаншақ, өркөкірек Шыңғысхан ұрпақтарының өзара бақкүндестіктері елді таусылмас пәлеге ұрындырған. Шығармада мұндай сорақы бүзақылықтың, шектен асқан нысапсьіздықтың, жыртқыш мінезділіктің неше түрлі мысалдары келтірілген. Тақ үшін өз әкесі Жәнібекті өлтірген Бердібектің ұсқыны қандай жиренішті! «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген нақыл өмірден алынған.— көп ұзамай Бердібектің өзі де ең жақын туысының қолынан қаза табады. Бұның орнына отырған Келдібек те әлгіндей кесірге ұшырап опат болады. Бұл мәселені автор былайша қорытындылайды.«Осылайша Келдібек хан өлді. Оның өлімімен бірге жүз жиырма жылдай Алтын Орданы билеп келген Бату әулетінің ең соңғы жылы бітті… Міне осылай Жәнібек қаза болған Тауық, яғни 1357 жылдан кейінгі алты жылдың ішінде Алтын Орданың сегіз ханы бірдей бірін-бірі өлтірген, хандар ғана емес, осы хандарды жақтаған әмір, би, бекзадалары да, солармен тілектес әскер басшылары, жауынгерлері де қаза тапқан. Бұл Алтын Орданың шын күйреуінің басталған шағы еді… Осы кезде Алтын Орданың күйреуінің де, қайтадан көтерілуінің де елесі боп әлем жүзіне Ақсақ Темір, Орысхан, Дмитрий Донской, Мамай, Едіге, Тоқтамыстардың есімі бұрынғыдан да. қатты естіле бастаған. Ал дүние күн күркіреп, найзағай жарқылдап, бүкіл әлем сұрапыл айқастар келер алдындағыдай, демін ішіне тартып, үрпие, ты-на қалған» («Алтьш Орда», 1993, 168-бет).
Ел тағдырын шешуге хандармен қатар рубасы билердің, әмірлердің де ықпалы күшті болғаны, олар да халықтың көз жасын төктірген қаныпезер жандар екені нанымды көрсетілген. Соның бірі Алтын Орда хандарының бірін-бірі құртуына дем берген, үйымдастырған, өз руынан басқаның мүддесін ойлап көрмеген, өзінің қулығы, арамдығы арқасьшда хандардың сеніміне ие бола алған Төре би, мұның тажалдай тойымсыз мансапқорлығы, елдің қамын зәредей ойламайтындығы, соған қарамастан билік лауазымды ұстап отыруға айласының жеткендігі — шебер, шыншыл талданған. Төре би кескіні жан шошырлық дүниеқоңыздықтың жиынтық бейнесіндей. Халық бейшараның сорына бұрынғы заманда осы секілді бітімсіз, бірақ қулығына найза бойламайтын сұғанақ жандар тым жиі кездескен және олардың көбіне-се «жолы болып» отырған.
Өткеннің ғибраты кейінгіге сабақ, «Алтын Ордада» жеке басының ғана мансабы үшін бүкіл елді дүрбелеңге, қан төгіске салуға ойланбай баратын, айласы мен қайратын қиянат жолына жұмсап дағдыланған, хандарды ойыншық құрлы көріп, қалауынша, алмастырып отырған «азуы алты қарыс» Ноғай, Мамай секілді тарихта аты белгілі адамдардың көп қүпиясы, сан сырлары әшкере етілгеи. Кезінде зор беделге ие болған, бірақ тойымсыз, тыйымсыз кеткен, халықты есепсіз сорға ұрындырған бүл секілді зүлымдық иесі жандардың іс-әрекетін көрсету де тарихи оқиғалардың терең астарла-рын, түрткілерін тануға көмектеседі. Трилогияның үшінші кітабында көбінеСе Әмір ТеміоТоқтамыс, Едіге сынды тарихи адамдарға қатысты істео
екшеп алынған. Түранның әмірі, «дуние жүзі екі патшалыққа аздық етер еді» деген сөзді айтқан, мейірімсіздігі Шыңғыс ханнан асып түскен, жеңілген елдерлін тұтқын адамдарының бас сүйегінен төбе үйдірген ашқашік
күншіл, іштарлығы арқаеында өзінен мыңдаған шакырым жерлердегі елдерді жаулап, халқын қырып өзінін жер бетіндегі бірден-бір билеуші екенін «Дәлелдеп» қайтатын Асқақ Темірдің туғанынан өлгеніне дейінгі жорықтары мен зорлықтары, оның ел билеу, баскару тәртібі кең баяндалған. Бұл – аты шулы Әмір Темірдің өз атымен аталып, әдебиетімізде көркем бейне ретінде бірінші рет кеңінен сыпатталуы болар. Ақсақ Темірдің өз мансабын мал ұрлау, ел тонаудан, өзіне жақсылык жасаған көп адамдардың көзін жоюдан бастап әрдайым күш, қаталдық, айланы қатар ұстай отырып қолға түскен жауының бәрін жеңген әмірлік, қолбасылық дәрежеге жетуіне дейінгі істері шығармада жеткілікті сөз болған. Бір жағынан, ақылды, айлакер,ұлы әскербасы мемлекет қайраткері бола білген Темірді танысақ, екінші жағынан, қаталдығы кісәпірлікке, кекшілдігі мағынасыз даңқ құмарлыққа жеткен жендет мінез жанды көреміз. Әмір Темірдің өзге елдерге сансыз қиянатының ең асқынған түрін жазушы былай баяндайды «Ақсақ Темір, қыстың суығына қарамай, қала түрғыңдарын үйлерінен қуып шығып… тегіс өлтіріп, шаһардың күл талқанын шығарды, өртеді, қиратты. Түрғын жұрттың мал-мүлкін тегіс тартып алды.

II. Есенберлиннің шығармаларының тарихилығы жене деректілігі
2.1. І. Есенберлиннің шығармаларының тарихилығы
І. Есенберлиннің «Қаһар» романында тарихи шындық, қаһармандар келбеті нанымды мүсінделген. Мұнда халықтың азаттық жолындағы күресін, ересен ерлігін бейнелейтін жарқын беттер мол. Автор, бір жағынан, бостандықты аңсаған, бірақ оған жетуге жағдайы жоқ халықтың басындағы трагедияны таныстыра алған. Шындығында бұл — жерден, еркіндіктен айырылған қазақ елінің стихиялық бұлқынысы, аласұрып айбат шегуі, тұяқ серпуі туралы хикая. Шығарманың бас қаһарманы — халық. Қозғалысқа күш берген, оны ондаған жыл бойында қазақ жерінде қаһарлы күшке, азаттық алаңына айналдырған құдірет те сол — халық. Бұл трилогия осы күнге дейін көп ретте көмескі жатқан тарихымыздың бұралаң, шырғалаң жолдарын айқынырақ түсінуге көмектеседі, өткен өмірдің даңқты да, қасіретті де белестерімен танысты-рады, оқырІманның өз елінің тарихы, оның белгілі қаһармандары туралы ұғымын ұлғайтады, тарихтың опық жегізген екінішті құбылыстары мен ілгерішіл, нұрлы дәстүрлері туралы аса пайдалы сабақтар береді. Бұл со-нымен қатар ауыз әдебиетінде, шежіреде қаламгер қаламын шақырып тұрған тақырыптар мен көркемдік мүмкіндіктер мол екенін де аңғартады.
Ресейдің ықпалын айту қазақтың байырғы мәдениеті мен кәсібін жоқ етің көрсетуге апармауы керек. Романның 187-бетінде қазақтың «ең алғашқы егінші жұрты» Ресеймен қосылғаннан кейін пайда болды деген ұғым бар. Бүл түсінік онша дәл емес.
Жалпы алғанда, «Жанталас» романы жазушы I. Есен-берлиннің тарихи роман жанрында өзіндік тың жолға түскенін, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің сәтті көркемдік қосындысы дерлік, оқырманды отаншылдық рух-та баулитын, дерегі мен керегі көп шығарма тудырғаньш әдебиетіміздің ұнамды ізденістері қатарында қарап бағалау парыз деп ойлаймыз.
Қазақ әдебиетінің бір көрнекті туындысы — жазушы I. Есенберлиннің «Алтын Орда» тарихи трилогиясы. Ро-манның бірінші кітабы 1982, екінші, үшінші кітаптары бірігіп 1983 жылы жарық көрді. Бұл шығарма жеке кітап ретінде басылардан бұрын «Жұлдыз» журналында, орысша аудармасы «Просторда» жарияланғаны белгілі. 1983 жылдың әдеби қорытындысына арналған жиналыста «Алтын Орданың» ұнамды сыпаттары ерекше аталып өтілгендігі мәлім.
Осы заман тақырыбын да, өткен дәуір шындығын да еркін меңгеріп, аса өнімді еңбек еткен жазушымыздың артында қалған бай мұрасы жайында зерттеулер, мақалалар жазыла беретіні кәміл. Біз «Алтын Орда» туралы айтардан бұрын I. Есенберлиннің қазақ тарихы прозасын байытуға сіңірген ұшан-теңіз еңбегінің жалпы мәніне тоқтала кеткіміз келеді. Оның «Кешпенділер» трилогиясы халқымыздың бірнеше ғасырлық өткен өмірінің елеулі кезеңдерін, күрделі оқиғаларын көркем шежірелеген. «Көшпенділердің» үш кітабы бірігіп те, «Ал-мас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» атты бөлектері жекелеп те қазақ, орыс тілдеріне талай рет басылғаны белгілі. «Көшпенділер» шет тілдерде аударылып келеді. Трилогияның қазақ тарихи романшылығына қосылған үлкен үлес болғанын әдеби жамағатшылық тани білді. I. Есенберлиннің тарихи романы бұл күнде не қазақ, не орыс тілінде оңай таптырмайды, қанша таралыммен шықса да, оқырманға толық жетпей қала береді.Ал оқырманға бұл шығарма ауадай қажет десек артық айтпаған болар еді.
«Көшпенділердің» мұншама табысты болуының себебі тек шығармалардың көркемдік қасиетіне байланысты деп қарау жеткіліксіз болар еді. Біздің ойымызша бұл тарихи романдардың жылдар бойында әсері кемімей келе жатқан сыры тереңіректе жатыр.
Қазақ тарихындағы ірі қозғалыстың ішікі тетіктерін саралап көрсетіп, сарқып айта білуі, көптеген кейіпкер-лердің жанды тұлғасын жасауы—”жазушының шығар-машылық батылдығын, ізденгіштігін сипаттайды. Бүл роман қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпты меңгеру жолындағы ұнамды құбылыс. Атап көрсетерлік бір нәрсе — автор қазақ даласында орыс мәдениетінің дәмін татып, Ресейшіл бағытта өсіп келе жатқан күштердің бар екенін де жүйелі әңгіме ете білген. Жас жігіт Есіркеген ойлары жас буын қауымының аңсарын аңғартады.
Суреткер схема кейіпкер жасаудан бойын тартып, қаһарман басындағы жақсылық пен жамандықты айыра көрсеткен. Кенесарыны көп жерде көтере, кейде оны қызықтап та кететін автор сол кейіпкерінің басындағы мінін де жасырмай, жеріне жеткізе әшкерелеп отырады. Кейде дұшпандарының, кейде достарының аузымен Кенесары істеріне қатал үкім айтыльп жатады. Бейненің диалектикасын беруі — суреткердің ұсталығының куәсі.
Жалпы алғанда, I. Есенберлиннің «Қаһар» романы бұл кезге дейін әдебиетте жеткілікті айтылмаған тарихи оқиғаның ішкі сырына тереңдеп бару ниетінен туған, халықтың азаттық үшін басталған қозғалысының аяғы трагедиямен тынуы, қазақ жерін ондаған жылдар бойында дүрліктірген оқиға жайында хикая. Мұның өзі тарихи тақырыпты игеру әдебиетіміздің тартымды да тұрақты үрдісіне айналып келе жатқандығын білдіреді. Шығарманың жанр ерекшелігін материалдың сипаты, авторлық аңсар, эстетикалық мұрат секілді шарттар белгілейтіні аян. Сондықтан да біз тарихи көркем туындыдан өзінен бұрынғы шығармаларға ұқсастығын емес, қайталанбас ерекшелігін алдымен іздеген абзал деп түйіндедік. Мұнсыз ондай туындының әдебиеттегі орны мен салмағын ажыратып тану қиын.
Жазушы Ілияс Есенберлиннің «Жанталас» романы құрылыстық, оқиғалық кезегі жағынан алғанда «Алмас қылыш» пен «Қаһардың» аралығынан орын алады. Кейбір қаһармандары да алғашқы романмен жалғастық байқатады. Сюжеттік, композициялық бітіміне қарағанда «Жанталас», «Қаһардан» гөрі «Алмас қылышқа» жақын. Мұнда да аңыз, шежіре, жазба тарих әңгімесі әлеуметтік, психологиялық талдаумен ұштасып жатады. Аталған екі кітапта да ауыз адебиетінің, эпостың бейнелеу тәсілдері күрделі орын алады, айтушының, баяндаушының қызметі ерекше күшті. Бірақ бұндай сырт ұқсастықтармен қатар бұларда әдебиетке жақындығы жоқ оқырмандар айыра білмейтін айырмашылықтар да кездеседі. Романның өзіндік идеялық, кәркемдік ажарын анықтауға кіріспестен бұрын мұндағы оқиғалық жүйелер құрамын қысқаша мазмұндап өтудің қажеттігі туындап отыр.
Романның бірінші бөлімінде Жоңғар елінің жаулаушылық тарихынан, қазақ жеріне шабуылды қалай әзірлегенінен, ұрымтал тұсты пайдаланып, жойқын соғыс бастағандығынан шежіре шертіліп, қазақ халқының ауыр қасіретке душар болғаны, содан кейін бірте-бірте ес жиып, күш қосып, Бұланты өзені мен Алакөл бойында алғашқы екі жеңіске жеткені тартымды суреттелген. Сонымен қатар Бұхар жыраудың әңгімесі арқылы өткен тарих-тың — Хақназар хан тұсындағы ахуал мен қазақ жұртының Бұхар ханы Абдолла әскерінен Сауран қаласын қалай сақтап қалған хикаясы қозғалады.
Ал шығарманың екінші бөлімі Әбілхайыр, Бөгенбай бастаған қазақ қолының Ордабасы деген жерде жоңғарларға күйрете соққы бергеніне, Бүхардың Тәуекел хан заманынан айтқан әңгімесіне, Әбілхайырдың орыс патшалығының қол астына кіріп, әрі елдің тыныштығын сақтау, әрі өзі бүкіл қазаққа хан болмақ әрекетіне, ақырында ол арманына толық жете алмай, патша әкімдерінің ойыншығына айналғанына, саяси аренаға оның ұлы Нұралының шыққанына, Барақ сынды бақталас сұлтанның Әбілхайырды өлтіргеніне, қысқасы, жоңғар шабуылының салдары қазақ қауымын қандай тың бетбұрысқа итермелегенін көрсетуге арналған. Романның соңғьг^ үшінші бөлімінде Абылайдың және оның батырларының жоңғар мен Қоқан билеушілерінен қазақ жерін азат ету жолындағы ауыр, даңқты күрестері, Абылайдың дербес қазақ хандығын бүтін, тәуелсіз етіп ұстап тұруға бағытталған істері нақты көрсетілген. Шығарма ақыры Абылайдың дүниеден қайтар алдындағы Бұхар жыраумен диалогы берілумен бітеді.
Сонымен «Жанталас» романында қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы XVIII ғасырдағы азаттық күресінің шешуші кезеңдері, сол күрестің негізгі күштері, қазақ елінің саяси-әлеуметтік ахуалы, ішкі қайшылықтар, сыртқы жаулар, әсіресе, қытай богдыхан-дарының жыртқыштық, арандатушылық саясаты, ар, намыс, өмір үшін кескілескен ұрыстарда қазақ халқының өз тәуелсіздігін қорғауға қажыр, қайрат таба білгендігі, осы оқиғалар тсында қол бастайтын қаһармандар өсіп, жетіліп шыққандығы туралы тарихи көп мағлұмат келтірілген. Оның үстіне Бұхар жыраудың төрт дүркін әңгімесі арқылы Хақназар, Тәуекел, Есім хандар кезіндегі қазақ елінің ахуалы, үздіксіз, жанталас соғыстар, сыртқы жаулардың толассыз шабуылы, халықтың дүшпаңдарын жеңіп отырғандығы туралы тарихи шындыққа сәйкес деректер берілген. Сонда «Жанталас» романы тек XVIII ғасыр оқиғаларымен шегерілмей, одан арғы екі ғасырдың да басты оқиғаларын қамтыған болып шығады. Міне, осындай үш ғасырға жуық қезеңнің күрделі істерін бір кітап көлемінде көрсету дегеннің қаншалық күрделі екенін аңғару қиын емес. Романның өзіндік жанры мен композициясын сөз еткенде, есте болар жайдың бірі осы. «Жанталас» романында көп кейіпкердің аты аталады. Солардың негізгі сюжеттік желі үстінде көрінетіні санаулы ғана. Ал басқалары түрлі оқиғалық баяндаулар тұсында қатарға қосылып, одан кейін қара үзіп қальп қойып отырады. Әдеттегі әлеуметтік-психологиялық роман шартымен өлшесек, мұнда көркем тұлғаның тарихы, қалыптасу жолы дейтіндей жүйелі суреттеулер, мінезді бірте-бірте ашып отыратын сюжеттік жүрістер жиі кездеседі. Бүхар жырау аузымен айтылған әңгімелерде ғана Хақназар, Тәуекел, Есім хандар тарихы біршама толық көрінеді. Ал өзге қаһармандардан молырақ, нақтырақ көрінетіндері жоңғардың алғашқы соққысынан Түркістанды қорғауды басқарған Елшібек, жаудың арам ойын іске асыртпау үшін өз басын қауіп-қатерге байлап, асқан ерлік көрсеткен қыз Гауһар, белгілі баһадүрлер: Қияқ, Бөгенбай, Баян, хан, сұлтандар: Әбілхайыр, Абылай, Барақ, т. б. Бұл түлғалардың іе-әрекеті, мінез-құлқы кейде автор, кейде жырау атынан айтылып, едәуір қомақты болып көрінеді. Аталған қаһармандардың мінезіндегі қат-қабат қайшылықтар да сенімді суреттелген. Бұған бірнеше мысал келтірейік. Қазақ қосындарының қолбасшысы боп сайланып, жоңғарларға қарсы алғашқы екі-үш жеңісті шайқаста басшылық еткен Әбілхайыр ханды алып көрейік. Оның басындағы бірталай ұнамды қасиет — ақылдылық, әскери дарындылық, табандылық, айлакерлік жан-жақты елес береді. Әбілхайыр қарсы келгендермен күресе білетін, ерлікті де, ездікті де танитын алғыр адам сипатында сурттеледі. Ол Ресейге Қазақстанды ерікті түрде қосып, өзі бүкіл қазақтың ханы болуды армандайды. Оның ел басқаруға арыны да, шалымы да жететіні талай жерде байқалады да. Бірақ кезінде ептілік танытып, қазақ елінің тағдырын қуатты Ресей мемлекетіне тәуелді етуге көп еңбек сіңірген адам, түбінде өзінің ішкі жеке мақсатына жете алмайды. Патшалық оны барлық қазақтың емес, Кіші жүздің. ханы деп таниды. Сонымен Әбілхайырдың үлкен үміті іске аспай, патшалық шешіміне көңілі толмай, бұлқынуға дәрмені болмай, трагедиялық халге түседі.
Патшалық тарапынан өзіне көрсетілген сый мен құр-метке риза болмаған, бірақ айбат көрсетерлік кезден өтіп, «Ресей панасына кіреміз» деп өз аузынан ант беріп қойған Әбілхайырдың мүшкіл халы романда шебер бейнеленген. Әсіресе Орынбор губернаторы, айлалы саясатшы Неплюевпен өзара қарым-қатынасы ашылатын тұста Әбілхайырдың бейнесі ерекше танылғандай. Әдепкіде дардай көрінген хан патша губернаторы алдында өзінің ұсақтығын еріксіз байқатып алады. Шығарманың бас жағында қазақ қолын бастап, өз билігінде шоқтығы көтеріліп тұрған айбарлы Әбілхайыр енді патшалықтан сәл нәрсенің өзін жалынып, кішірейіп сұрайтын күйге түскен. Неплюевпен кездескенде оның шырқап айтар тілегі үшеу ғана. «Бірінші өтінішім — маған қарулы үш мың солдат беріңіз… Екінші тілегім: ортаншы ұлым Қожахмет сіздердің қолыңызда аманат болып тұрғалы жеті жылдан асып барады. Шешесі сағындым деп әбден мазамды алып жүр. Енді Қожахметті босатып, оның орнына кіші ұлым Шыңғысты аманатқа алсаңыздар… Үшінші тілегім: көптен бері Қалдан Церен менің қарындасым Қарашашты сұрап жүр еді… Артымда бәлендей сүйенер тірегім болмағандықтан, жоңғар қоңтайшысымен үнемі жауласа беруден пайда шықпас деймін. Мәртебелі Елизавета Петровна бұған қарсы болмас» («Жанталас» 1973, 178— 180-беттер).
Әбілхайырдың дәл осындай түрде көрінуі объективтік шындыққа да, оның мінез ерекшелігіне де сәйкес. Талай ұсақ халықты билеп-төстеп, әбден әккіленген патшалық ұлығына Әбілхайырдың тордағы құстай кіріптарлығы айдан анық еді. Губернатор Неплюев Әбілхайырдың әлгі үш тілегінің үшеуін де орындамайтын сыңай білдіреді. Сонымен қатар ол ендігі жерде Әбілхайырға қарсы қояр күшті қазақ арасынан іздей бастайды. Неплюев қазақ ішіндегі жағдайды Құдабай секілді тыңшы арқылы алақандағыдай біліп алған. Оған, басқалар былай тұрсын, әкесінің жасырын істерін жария етіп айтып, Әбілхайырдың өз үлы Нұралы да тыңшылық қызмет атқарады. Әлбетте, патшалық Әбілхайырдың қазақ халқы атынан Ресейге бағынамыз деп берген антын, еткен еңбегін мүлде ұмытпайды. Тек оның ендігі жерде керексіз, қызықсыз болып қалғанын ғана ұқтырады. Әбілхайыр мінезінің логикасы шығармада өте нәзік нанымды ашылған дейміз. Шығармада кейіпкердің характер ашылар орайын, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» табу деп осындайды айтсақ керек. Әбілхайырдың сырт көзден жасырулы түпкі сыры мен ақиқат пенделік келбеті оның Ресейге қарағаннан кейінгі кезеңдегі істерінен табиғи елес берген.
Романда неғұрлым айқын, толық көрінген түлғаның. бірі — Абылай. Жазушы оның мінез қырларын аша алатын ұрымтал мезеттерді, байланыстарды талғап ала білген. Біз Абылайды алғаш рет өзінің шын аты мен тегін жасырып, Төле бидің түйесін бағып жүрген кезінде көреміз. Оның өзін ажалдан сақтап, Хиуадан алып шыққан адамы — Оразқұлды «сырымды жария еттің» деп өлтіріп жібергені мінезінің аса қатал қырына қанықтырады. Бұдан кейін Абылайдың ақылы мен алғырлығын сипаттайтын бірталай асу, тосулардың куәсі боламыз. Оның кектеніп келе жатқан арғын қолына қарсьг келмей, бой тасалап, жылысып кетуі, Ертіс. тұсынан қазақты шаппақ болған жоңғарды жеңудің жолын іздестіруі, Сыр бойындағы қалаларды Қоқан үстемдігінен азат етуі, қалың қытай әскерін ілгері жібермеу жолындағы тапқырлықтары тарихи маңызы бар үлкен істер. Осы оқиғалар кезінде оның бейнесінің жан-жақты мүсінделгенін көреміз. “Алмас қылышта” сонау Шыңғысханның Орта Азияға жасаған шапқыншылығынан бастап, он бесінші ғасырдың екінші жартысына дейінгі дәуірдегі оқиғалар да бірде Әбілқайырдың ойы, бірде жыраулардың, билердің, кейіпкерлердің еске алуы арқылы қажетті тұстарда сыздықтатып беріліп отырады.
Жазушы қалыптасқан тарихи шындыққа ханның қара басының тұрғысынан қарай отырып ой жібереді. Әбілқайыр Шыңғыс ұрпағынан шыққан бұрынғы билік жүргізу әлістерінің күні өтіп бара жатқанын айқын сезді. Оны ойға шомылдырып, жан толкынысына түсіріп отырған халық бұрынғы замандардағы қамшының табымен-ақ үйіріп алып, айдап басқара беретін тобыр емес. Ханды қапаға түсіріп, тұңғиық ойға батыруының өзінен халық бейнесінің батырлық сипаты тұлғаланып көрінеді. Ханның қасіреті де, ордадағы ойранның қозғаушы күші де, міне, осында, халыққа сүйенбей хан билігінің караң екендігінде жатыр. Дешті Қыпшақ хандығын күшейтудегі алғашқы күрестердің өзіне сенімді құрал еткен көшпелі рулардың қазір теріс қарай бастағанын Әбілқайыр тек сұлтандардың қастығынан көреді. Ал Жэнібек болса, осы ру таластарына өзгеше қарайды. Тарихи шындықтан негізін ала отырып, жазушы Жэнібек тұлғасын ел басқарудағы өнегелік бағытқа меңзейді. Ол өнегелік үлгі ханның өз мақсатын халықтың арман-мүддесімен орайластыра біліп, халық тілегінің жолында бел шешіп кірісу екенін меңзейді.
“- Шырағым Жэнібек, – дейді оған халык адамы, халық өкілі ақсақал, – Көк Ордадан руларыңды бөліп ал. Өзгенің жер-суына қызықпайтын, өз еліне жат жұрттай ауыр алым-салық салмайтын жеке шаңырақ көтер”.
Міне, бұл халықтың арманы, халық пен хан, жеке сұлтандардың арасындағы тартыс, қақтығыс, шиеленіс осы арнада өріс алады. Халықтың халықтығы, ханның хандығы, сұлтанның сұлтандығы заманына сэйкес тарихи шындық шеңберінде аян етіледі. Ал осы орайда Саян батырға хан үкімінің бірден шықпай қалуы да халыктың ызғары, ханның халықпен санаспауға қалмағандығы куәландырады. Хан ұрпақтарына керек қызмет атқаратын, ежелден қалыптасқан, шапқыншылық заманда әскер арасы бұзылмауын қамтамасыз ететін, олжаға таласқанға өлім жазасын беретін мықты ереже бар еді. Ол Шыңғыс ханның жасысында айқын жазылған шарт болатын. Осы шарттың орындалмауы, халықпен санасып, оның дүмпуінен бой тарту ханның қаһарлы күшін қаймықтыра бастаған халық бейнесін айқындаса керек. Тарихтың қозғаушы күші боп есептелетін халықтың бірінші планға, алдыңғы орынға шыға бастауының белгісі. Романдағы ірілі-уақты оқиғалардың қай-қайсысы да халықпен байланысты, қазақ халқының төңірегінде өрбіп отырады.Билік мұратының, өзге жұртты билеп-төстеудің, империялық саясаттың қай заманда да ұқсас сипаттарын ойыңа салады. Әбілқайыр ойлау деңгейі жағынан таяз емес. Ел билеуде оның үстанған өз саясаты бар. Қол астындағы ел – алмас қылыш. Оларды қайрап қойып, әр руды бір-біріне айдап салып отырмаса, бірігіп кетсе, бой бермесін ол жақсы түсінеді. Өз мақсатына жету үшін ол нендей сүмдықтан да, зүлымдықтан да тартынбайды. Бірақ ол біреудің қолымен от көсеп, сол зүлымдығы мен сүмдығын біреу арқылы жүзеге асырады. Жәнібекті, Саянды, Рабиу-Сүлтанбегімді, Гүлбаһрамды, Орақты, Ақжолды өлтіруге жасаған әрекеттерінен соны айқын көреміз. Хан түқымына, ел билеушіге кісі тағдыры ойыншық сияқты. Әбілқайыр заманындағы бүл қүбылыс шығарма жазылған дәуірде де солай болды, бүгін де сол сипатта. Жазушы бұл жайды нақтылап та көрсетеді, Әбілқайыр ойы арқылы да сездіреді. Бақтықожа уәзір Сүйіншікке:
“- Хан тағына жетем деген адамда туыс та, туған да болмайды Әке-шеше, іні-ағадан оған алтын тақ жақын. Хан болам деген адам өзінің туыстарына осылай қарай алса ғана мүратына жетеді. Кейде ата-ананың, бір туған бауырлардың өлігінің үстінен аттап хан тағына жетуге тура келеді. Өйтпесең, сенің өлігіңнің үстінен өз бауырларыңның біреуі аттап өтеді. Хан тағы тек тастай берік жан аямас мықтының орны…” [11, 102-6.] – дейді. Көпті көрген, көпті білетін уәзірдің аузымен айтылатын осы жолдарда хан түқымдарына тән шындық жатқаны рас. Алайда оны бір қырынан, дәл осы мағынада ғана қабылдауға болмайды. Хан түқымдарының таққа жету әліс-тәсілдерінің бір қырын, “қара бояулы” бөлігін жарқырата көрсеткен сэттердің өзінде басқарудағы өнегелі сипатын қатар көрсете алған. Хан түкымына алтын тақ жақын екендігіне, туыстық сезімінен билік қүру мақсат-мүратының биік түратын түстарын келтіргенде жазушы ойының бағдары басқада жатыр. “Тура биде туған жоқ, туғансыз биде иман жок” деп келетін халық даналығындағы қағиданың ой-тармақтарын қатар ала отырып, ел басқарудың күрделі түстарын меңзейді. Хан түкымдарының бойына жинактап суреттеген қатыгездік үлгілерінен туысқа мейірімсіз қара жүрек қалыптан туыстықтың ғана түрғысын үстау да ел басының түрлаулы іс атқаруына жан бітіре, көгерте алмайтын, кедергі келтіріп, аяқтан шалатын келеңсіз қүбылыс екенін астармен аңғартады. Өйткені ел билігін үстап отырған адамның мықтылығы, билік басындағы түлғаның өзгеден оқшау қабілет-дарыны – мемлекеттің мықтылығы.
Өз алдына хандық қүрып, таққа отырғысы келген Жәнібек сүлтан да -терең ақыл, парасат иесі. Ол сол кездегі әлеуметтік шаруашылық жайды жақсы түсінген. Сондықтан да Әбілқайырдың қатесін өз мақсатына айдалана отырып, ол үлкен іскерлікпен, ақылмен біраз рулардың басын біріктіріп, ақыры қазақ халқының негізін қүрады. Әбілқайырдың өлімі мен сол кездегі Орта Азия қалаларындағы жағдайлар Қазақ хандығы-ның біраз күшеюіне мүмкіндік берді. Ал Жәнібектің баласы Қасымның тұсында Қазақ хандығы тіпті күшейе түсті.
Халық аузында “Қасым салған қасқа жол” деген мәтел бар. Сыншы халық бүл сөзді басқа хандарға айтпай, Қасымға айтуы тегін болмаса керек. Қазақ халқының басын құрап, хандықты күшейтуге Қасым аса зор еңбек сіңіріп, үлес қосты. Бүл туралы М.Мағауин өзінің “Қазақ тарихының әліппесі” атты кітабында жаңа көзқарас түрғысынан байыпты пікір айтады [17].
Жазушы Қасымның түбі ел бастар мінезін жастайынан-ақ таныта береді. Жәнібек көбіне өз баласымен ақылдасатын. Қасым әр кез әр істің, алды-артын жақсы байқап, дүрыс байлам айтады. Оның ақылдылығы, үстамдылығы романда орынды берілген. Оның уәдеге берік, мәнді мінезі де сәтті суреттеледі.
Абылайдың есімі қазақ халқын жоңғар басқыншылығынан азат етушілер қатарында эпикалық биікке көтерілгені тарихтан белгілі. Халықтың ұғымында оның ел қорғау жөніндегі ересең істері сақталған. Абылай бас-таған жорықтар жайында бірталай тарихи жыр бар. Ауызша тараған аңыз әңгімелер де мол. Мұның бәрі халықтың сыртқы жауларға қарсы күресті ұйымдастырған ерлерге деген көркемдік естелігі болатын. «Жанталас» романында Абылай жайындағы шежіре, аңыз, тарихи материалдары кең келтірілген. Бірақ ауыз әдебиетіндегі Абылай тұлғасы романда анағұрлым шыншыл, нақты берілген. Жазушытарихи шығармаларын жазу кезінде реалистік әдебиетке тән тәсілдерді пайдалана білген. Абылайдың монологтары мен оның Бүхар жыраумен әңгімелері заманның да, адамның да нағыз шындығын әйгілейді. Мұның өзі І. Есенберлин романдарының суреттегіштік, талдағыштық қасиеті көп екенінен хабар бергендей.
Жазушы Абылай бейнесін тарихи шындыққа сәйкес жасауға ыждағат, ілтипатын төккені байқалады. Қаһарманның портреті де тұжырымды: «Абылай қазір қырықтан жаңа асып бара жатыр. Ол сұңғақ бойлы, ат жақты, қарасұр, түсі суық адам. Үлкен ойлы көздері кісіге қарағанда өңменнен өткендей ызғарлы» («Жанталас», 214-бет). Қейіпкердің ішкі сырын, ой түкпірін айқындауға диалогтың қаншалық қажет қызмет атқаратыны белгілі. Бірақ мінез қырларын бүкпесіз таныту үшін диалогтың өте мәнді мәселеге арналуы лазым. Бұхар мен Абылайдың диалогы, біздіңше, дәл осындай, «ағынан жарылып» сөйлейтін сирек сөздің бірі.
Бүкіл қазақ еліне әділдігі, даналығы, ақындығы мәлім Бұхар жыраудың Абылай алдында да беделі мол еді. Сондықтан да исі қазақ атаулыдан тек Бұхар ғана ханмен еркін, ашық сөйлесетін болған. Сондай сөздердің бірінде Бұхар ханның кейбір қатал істерін есіне салып, бетіне басады. Сонда Абылай былайша жауап қайтарады. «Баяғыдан бері менің сойылымды соғып, қартайғанда өз ісіңнен өзің қорқып қалдың ба, жырауым… Өткен іске өзіңді өзің қинамайақ қой. Одан да менің мына сұрауыма жауап берші… Бастары қосылмай кеп, «ақтабан шұбырындыда» кеуегінен қашқан қояндай сасып, жартысына жуығын жоғалтқан бұл елге қандай адамның хан болуы керек еді. Былбырап аққан ыстық қан исінен жүрегі айнымайтын қатал басшысы болмаса, сұрқия заманда жанжағынан қаптаған жауы даласын аткөпір етіп, өздерін әр жотаның етегіне төбе-төбе қып үйіп кетпесіне кім кепіл еді? Сонда қазақтан не қалар еді» («Жанталас», 304-бет). Бұл сөздер ар жағында өмірдің бұлтартпас фактісі жатқаны анық. Абылайдың ерлер алдындағы лебіздерінен оның пір тұтқан қағидасы, ұстанған ұғымы бүкпесіз білінеді. «Өкінішім — үш жүздің басын қоса алмадым, аз елге хан болдым. Қазаққа мал емшегін емізгенмен, жер емшегін емізе алмадым… Өзге жаудан қазақтың жерін қорғаймын деп жүргенімде дүние құрғыр өтіп кетіпті ғой» (318-бет).
Абылайдың қазақ жерін жаудан босату, жан-жақтан анталаған көп дұшпанға төтеп беру жолындағы басшылығы алмағайып, аламан-тасыр заманда өткен. Осыған орай шығармада көркем тұлғаның түрлі қыры тиісті мінездемесін алғандығын байқаймыз.
Шығармада бейнеленген кесек тұлғалар қатарында батыр Баянды атаймыз. Батыр Баян романның үшінші бөлімінде, екі-үш эпизод үстінде көрінсе де, жарқын бейнесі есте қаларлық. Жазушы алдында тұрған уәзи-паның қиындығын түсінуге болады. «Жанталаста» суреттелетін қаһармандардың бәрі дерлік аңыз, жыр арқылы халық санасынан орын алған жандар болатын. І. Есенберлин сол фольклор туындыларында қалыптасқан эпикалық бейнелерді төмендетіп алмай, оларға реалистік нақтылық, даралық келбет дарыта білген, ол оңай емес. Сөз болып отырған шығармада Баянның жауға қарсы екі-үш жорығы, оның көзсіз ерлігі, үлкен отаншылдығы, намысшылдығы баяндалған. Жауға деген қалтқысыз өшпенділік, таза халықтық ұғым, айнымаған намыс, ар Баян басынан табылады. Ол қалмақ қызының азғыруына ерген сүйікті інісі Ноянды атып өлтіргенде дәл осындай биік елдік дәстүр тұрғысынан көрінеді
«Жанталас» романында тыңнан табылған типтің бірі — Әбілхайыр ханның хатшысы Құдабай. Ол туралы шығармада мынандай мінездеме келтірілген: «Құдабайдың Орынбор губернаторының тыңшысы екенін хан бі-летін. Бірақ ол Әбілхайырға Неплюев не сұраса да айтып беремін деп уәдесін берген. Оған қанша сенгенмен де, кейбір құпия сырын жасырып қалуға тырысатын. Одан тіпті қорқатын да. Хатшысын біржолата қуып жіберуге Неплюевтің өзіне қандай қақпан құрып жүргенін Құдабайсыз тағы біле алмайды» (171-бет). Жазушы романда өз қызмет бабымен тыңшылықты қатар жүргізіп, қара басына пайда таба білетін айлалы, екі жүзді адамның на-нымды бейнесі тарихи шындыққа сәйкес, нанымды берілген.
Құдабай типінің тасасында көп шындық жатыр. Патшалыққа бағынған елдің кейбір сауат ашқан, тілмаштық немесе хатшылыққа көтерілген адамдары қабілеті мен білімін халықты көркейтуге емес, есебін тауып сау-далауға бейімдейтін. Оларда ұлттық ұғым, бүкіл халықтық мүдде деген түсінік болмайды, «аз білгенін көпсініп, көп қазаққа епсініп», ел мінезін түзеуге емес, бұзуға дағдыланады. Ауылдағы қарапайым адамдар көзіне Қү-дабайлар дардай болып көрінеді, бірақ олардың рухани қауһар, саналы жігер, отаншылдық деген түсініктен жұрдай екенін көреміз. Міне, сондай жанның жинақталған бейнесі Құдабай деп білеміз. Әбілхайырдан да, губернатор Неп-люевтен де, Орта жүз сұлтандарынан да пайда, олжа тауып, олардың әрқайсысының өз кісісі болып көрініп құпияларын жау жағына жеткізіп, олардан да сый алып жүретін Қүдабай қазақ әдебиетінде бұрын ұшырамаған тип десек артық емес. Өмір материалын зерттеу, мінездер диалектикасына бойлау жазушыны жаңа оқиғалар, байланыстар, қаһармандар табуға апармай қоймайтынына бір мысал осы. Құдабай сынды «көмекшісі», «серігі» бар басшы елге жақсылық істеп көгерте алмайтыны анық. Құдабайшылдық халық денесіне жабысқан кесел тәрізді. Одан оңай құтылуға болмайды. Халық санасы өсіп, өзінің тарихтағы орнын, келешегін ойларлық жерге жеткенде ғана мұндай дүниеқоңыздар кемімек.Ал Сарай-Беркеге келгенде ол нағыз тасжүрек жауыз екенін тағы көрсетті.Кешегі тасты, алтын күмбезді шаһардың бір аясын қалдырмай, тас-талқан етті. Ол аз болғандай, дүниеде Сарай-Берке деген қаланың болғанын адамзаттың есінен мәңп шығарамын деп, бір жеті бойы ертеді. Кешегі сән – салтанатты шаһардан тек күйген қыштар мен қарақұрым болған орнын ғана қалдырды. Ақсақ Темір бұл жолы жалғыз Сарай — Берке мен Хаджы Тарханды ғана қиратып қойған жоқ, ол сегіз күннің ішінде Кафбаны алды, бұның да үйлерін өртеді. Ал Сарай-Берке мен Хаджы-Тарханның маңындағы қыстақ, шағың калаладың көбін жермен жексен етті. Дешті Қыпшақтын колөнері бар әжептәуір сәнді қалалары Үбек, Сарайлықтарға дейін дымын қалдырмады, қиратты, бұзды.
Ақсақ Темір осылай, Сарай — Беркеден бастап, бүкіл Қырым Сақстан шаһарларын жоқ етті. Кешегі жайнап тұрған өлкені құлазыған қу далаға айналдырды. Халықтары шұбырып, Батыс пен Шығысқа босты. Осылай ол Ұлы Жібек жолын жойды. Ақсақ Темірдің адамзатқа еткен бұл ең үлкен қиянаты еді» («Алтын Орда», 1983, 401-бет).
Романда Ақсақ Темір, Тоқтамыс, Едігелер қатар өмір кешкен дәуірдегі Алтын Орда мен Мауереннахр арасындағы қарым-қатынастардың қат-қабат ақиқаты көрініс береді. Егер Ақсақ Темір өзіне бір кезде паналап барған Тоқтамысты қолдап, Алтын Орданы тәуелді ету үшін әрекет етсе, Тоқтамыс айбарлы Әмірдің көмегімен таққа отырып, Алтын Орданың ыдыраған, әлсіреген бірлігін қалпына келтіруді, мықты хандық орнатуды армандайды, аз уақыт болса да, дала мемлекетінің мерейін үстем етуге күш салады. Едіге бидің көздегені Алтын Орданың тағын Тоқтамыстан тартып алу болады, осы мақсатты көзден, ол да Әмір Темірдің жер қайысқан қолын өз жеріне ертіп келіп, жойқын қырғынды ұйымдастырады. Ақырында Едіге Тоқтамысты жеңіп, Алтын Орда тағдырын қолына алғанымен, Литвамен соғыста табысқа жеткенімен, ісі баянды болмайды, оның өзі де кектескен Тоқтамыс балаларының қолынан өледі. Міне осындай «қошқарлардың» басы бір қазанға сыймауы атағы әлемді тітіренткен Алтын Орданың бөлшектеніп, шаруашылығы күйзеліп, әлсіреуіне әкеліп соғады. Мансапқорлық, елдің келешегін ойламай, көз алдындағыға ғана қызығу заманның ең әйгілі қайраткерлерінің өзін тұңғиыққа түсірген, кешіргісіз ауыр қылмысқа батыр-ған. Романда міне оеындай жандардың мінезіндегі қай-шылықтар өте жарқын, сенімді ашылған.
«Алтын Ордада» орыс елінің тарихи рөлі, оның басқыншыларға қарсы төзімді тегеурінді күрес жүргізіп, бірте-бірте күш жинап, кек аларлық, есе қайтарарлық жағдайға жету әрекеті шыншыл көрсетілген. Әсіресе Дмитрий Донской басқарған орыс қосындарының Кудиков даласында менменсінген Мамай әскерімен соғысып, жеңіске жетуі үлкен бір тарауда егжей-тегжейлі әңгімеленген. Жазушы монғол жаулаушыларының ісі зорлық, орыс халқының күресі әділ екенін әрдайым анық етіп ұқтырып отырады.
Сонымен қатар жазушы шығармасында көршілес халықтардың арасында сауда, мәдени байланыс, кейде құдандалық болып тұрғанын да шындыққа сай баян етеді, қазақ, орыс халықтары тарихи байланысының кейбір деректерін келтіреді. Бұл халықтар бір билеушінің қарауында отырғандықтан бір-бірінің тілін, мәдениетін меңгеру жөнінде көп игіліктерге ие болғанын аңғартады. Бұған бір ғана үзінді келтірейік. «Русь елінің билігі ол кезде Алтын Орданың қолында тұрғандықтан, Алтын Орда арқылы өскісі келген көп княздары, қарамағындағы адамдары, тіпті кейде үй-іштерімен, қыпшақ тілін білетін, сол тілде сөйлесе алатын. Алтын Орда бекзада-ларының үлгісімен құндыз бөрік, торқа ішік тәрізді киімдер де киетін, мықтыға еліктейтін әдет ежелден сақталған» («Алтын Орда», 1983, 122 бет).
Жазушының тарихи оқиғаларды биік дүниетаным тұрғысынан талдағандығы трилогияның өн бойынан танылады. Романда Алтын Орда тарихы бірыңғай хандар мен билердің шежіресі болып кетпеген.
I. Есенберлин дәуірдің жалпы жағдайларын кең баяндап, құбылыс-тардың себебі мен салдарына әлеуметтік талдау беріп отырады. Дәл осы арада оның оқиғалар мен адамдарға деген бағасы айқын көрінеді, соларды кейде тарихшының, енді бірде суреткердің көзімен сыпаттайды. Бұл арада реализм әдебиетінің қалыптасқан, екшелген өміршең тәсілдері көмекке келгені сезіледі. «Алтын Ордада» хандар озбырлығына наразылық білдіріп, ауық-ауық бас көтеріп, қарулы күреске шығып отыратын бұқара өкілдері де кездеседі. Сәлімгерей, Ақберен секілді қарапайым халық өкілдері бастаған көтерілістер шығарма көлемінде салдарлы идеялық жүк арқалап тұр. Ақтай-лақ бидің дем беруімен Алтын Орда әскеріне қарсы ашынып соғысқа шыққан кенегес руы жігіттерінің әрекеті де нағыз халықтық сипат алған. Әрине ол заманда бұқара көпшіліктің ұйымдасып, өз мүддесі үшін күреске шығып, жеңіске жете алмайтыны белгілі еді. Сонда да халықтың көңіл түкпіріндегі әділетке деген өшпес сенімді елестете алуы шығармаға идеялық бағыттылық дарытады.

2.2. І. Есенберлин тарихи шығармаларындағы дерекетілік

Тарихи романдардың жанрлық ерекшеліктерінің ең басты көрсеткіші дэуір шындығын тарихи деректерге, фактілерге, қүжаттарға сүйене отырып ашуында жатқан болса, онда роман табиғатындағы сол тарихи деректерге негізделген көркемдік болжалдың табиғатын ашудың мәні зор.
Бұл орайда, ең алдымен, сол кезеңдер жайлы дер кезінде жазылып, сақталып қалған деректерді роман табиғатымен салыстыру кажеттілігі туады.
Тарихи факт – өзіне ғана тән белгілі мазмүны бар объективті шындык.
Тарихи роман жазатын қаламгер белгілі бір кезеңге назар аудара отырып, оның бүкіл болмысын хатқа түскен шындық, қүжаттар мен фактілер арқылы ашады. Сондыктан тарихи шығармада тарихи факт көркем бейнелеудің негізгі өзегі болып табылады. Рас, ең алдымен құжаттың фактімен қаншалықты сай келетініне назар салу ләзім. Қолға түскен, мұрағаттан табылған мемлекеттік іс-қағаздар, жарлықтар, келісім-шарттар т.т. болса, олар, әрине, өмірлік фактілермен сәйкес келеді. Әдебиет дамуының қиян-соқпақ ұзақ жолына көз салған жайда, тарихи шығармаларда кұжаттарды пайдаланудың түрлі тэсілдерін байқауға болады. Оның даму эволюциясында фактографиялық материалды шығармаларға көшіре жалаң баяндаудан тарихи фактіні көркем типтендірудің негізіне айналдыруға дейінгі ұзақ процесс жатыр.
Тарихи романдар тэжірибесінде құжаттарды пайдаланудың екі тэсілін айрықша айтуға болады. Бірінші тэсілде құжаттық факт композициясы әлементіне айналып, суреттеліп отырған дэуірдің кең картинасын бедерлеуге қызмет етеді. Тарихи романды басқа құжатқа негізделген басқа өнер шығармаларынан, сондай-ақ ғылыми еңбектерден ерекшелейтін тэсіл де осы болып табылады. Екінші тэсілде де құжат таза күйінде немесе сәл көркем қорытылып шығармаға енгізіледі де, композиция әлементі ретінде қызмет атқарады.
Тарихи құжат қаламгер үшін сол кезеңнің кейбір белгілерін танытуға ғана керек болғандықтан, бұл тұста құжат фактілері суреткер қиялында қорытылып, шығарманың идеялық мұратына бағындырылады. Бұл тәсіл аса сақтыкты, шеберлікті керек етеді. Өйткені құжаттан өзгер-тілмей алынған жалаң үзінділер, қүрғақ фактілер шығарманың көркем табиғатына нүқсан келтірмеуі ләзім.
Алайда бұл екі тэсіл әр шығармада өзінше сипатқа ие болып, іштей түрленеді, өзіндік бір көркем күйге енеді. Осы тұрғыдан келгенде көркем шығармаларға пайдаланған тарихи деректер мен қаламгердің қиял арқылы өзгеріске түсіріп немесе жетілдірген көркемдік шебер-ліктің жігін ажырату әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бұл мәселе ежелден келе жатқан, болашақта да жалғаса беретін шексіз, қызық та күрделі, мәңгілік проблема.
Көркем шығарма – тарихтың көшірмесі немесе баяндау емес, ол жазушы санасында қорытылып, екшеліп, өзінше басқа түрге енген творчество жемісі. Яғни ол кейде тарихпен сэйкес келе бермейтін, тарихты сол қалпында қайталамайтын, алайда сол өткен тарихты оқушы көз алдына елестетіп, қайта тірілтетін, өзінше сөйлететін өзгеше жеке бір құдіретті әлем. Бұл орайда Алексей Толстой айтқан жолдарда үлкен мән жатыр. «Әрбір жазушы уақыттың конденсаторы» [7, 109-6.], – дейді ол. Алексей Толстойдың бұл ойы тарихи романдарға тікелей қатысты айтылған. Өйткені тарихи романдарда фак-тілер қорытылып қана қоймайды, өткен кезең оқиғалары мен кұбылыстар бір шығарма кезеңіне тоғыстырылып, тарих шындығымен сэйкестендіріледі
Сондай-ақ ол бүгінгі кезең талғамынан шығып, болашаққа қызмет етуге бағытталады. Тарихи романдарда уақыт белгілі эстетикалық мәнге ие болады. Ал уақыт – тарихи романдар композициясының адам мен уақыт қарым-қатынасының өмірлік оқиғалар түріндегі маңызды әлементі.

Бұл орайда әңгіме тарихи шындықтың көркемдік шындыққа айналудың авторға тән ерекшелігін саралауда болып отыр. Ал субъективті негіз көзге ұрып байқалып тұрмайды, ол шығарманың бүкіл құрылымын анықтайтын мазмұнға кірігіп кетеді. Шығарманың субъективтік негізін түсінбей тұрып, әр кезең өкілдерінің өзінің творчестволық әдіс-тэсілдеріне лайық тарихи қаһармандар мен оқиғаларды түсіндіру сипатын ашу оңай шаруа емес. Нақты бір оқиғаға, яки тарихи тұлға жөнінде жазылған шығармаларға әркелкі бағалардың да негізі осында жатыр.
«Көшпенділер» трилогиясы – хронологиялық жүйеге құрылған, қазақы шежірелік сипатты бойына жинақтаған тарихи шығарма. Трилогияның жанры жөнінде кезінде қазақ ғалымдары, роман жанры бойынша терең зерттеулер жүргізген Р.Бердібаев [9,142-6.] пен Ш.Елеукенов [10, 108-6.] еңбектерінде «роман хроника» деп анықтама берілген. Ондағы баяндалатын оқиғалар негізінен тарихи жүйемен дамып, өрбіп отырады. Рас, трилогияда жазушының лирикалық шегіністерге, арғы-бергі дэуірлерге ауысып отыратын тұстар да жеткілікті. Ондағы суреттелетін негізгі оқиғалар, басты қаһармандар тарихта болған, белгілі деректерде сақталған. Шығарма табиғатынан бір айқын аңғарылатын нәрсе – жазушы әр кезеңдегі тарихи деректер мен мағлұматтарды мол жинаған, ғалымдар еңбектерін барынша оқып танысқан, тереңдей зерттеген. Рас, кезінде шығармадағы тарихи деректердің молдығы, автордың сол тарихи мағлұматтарды кейде сол қалпы өзгертпей қолдануы, дерек жетегінен ұзап шыға алмай қалатындығы трилогия табиғатындағы басты кемшілік ретінде танылып, сын айтылған. Шығармада Батудың Венгер короліне жазған хаты, Лаврентьев шежіресіндегі деректер жөнінде, араб жазушысы Абу-әл Фи жөнінде айтылып, мағлұмат беріледі, ал кейде Рашид-ад-Дин сияқты тарихшылар еңбектерінен үзінділер келтіріледі.
Яғни автор өзі дерек алған шығармалар жөнінде мағлұмат беріп, керегінше роман сюжетіне пайдаланған материалдардың негізіне бағыт сілтеп отырады. І.Есенберлин ақтарған тарихи деректердің оқырманға бірден белгілі болып айқындалып тұрған бөлігі осы болса, ал оның көркем шығарма өзегіне сіңіп кеткен мол бөлігінің дерегін табу қиынның қиыны. Бұл тұста жазушының тарихқа ұстанатын субъективтік санасының бір саласы – білім негізі тұрғысынан келсек, тарихи тақырыпқа барушы І.Есенберлиннің іздену, зерттеу барысында жинақтаған білім деңгейін пайымдауға болады
Сондыктан жоғарыда сөз болған философиялық көзқарас пен саяси тұрғы субъектінің танымдык қимылына бағыт-бағдар беріп отыратын болса, білім негізі субъектінің танымдық табысының ғылымилығына негіз қалап береді. Ілияс Есенберлиннің тарихи шығармаларын талдау барысында бұған айқын көз жеткізуге болады. Қайсар мінез, қажырлы еңбек, тұңғиық білім негізімен ұштасқан жазушы болмысын танимыз. Жазушының баяндау тэсілі, кейіпкер толғанысы, психологиясы арқылы берілетін ой корытулар, философиялық түйіндер осыны көрсетеді.
“Ажал – үстемдігіңді жүргізудің ең берік құралы емес пе?
Бабасы Шыңғысхан бүкіл әлемді осы ажал арқылы бағындырмақ болған жоқ па еді?
Калың бұкараны өліммен әлдилеуден Шыңғыс ұрпағынан шыққан кай хан тартынған?” [11, 6-6.]. Бұл сол әлемді тітіркенткен, кара жерді қайыскан колмен солқылдатып, қанмен суарған Шыңғысханның ұрпағы Әбілқайырдың монологы.
“Әбілқайыр ірбіз терісінің үстінде аунап түсіп” [11, 6-6.], толғанып жатыр. “Көшпенділер” трилогиясының бірінші кітабы “Алмас қылыш” Дешті-Қыпшактың бағы тая бастаған жеке билеушінің осы ішкі толғанысымен басталады. Ел басқарудың тауқыметі жанын жегідей жеп, ауыр ойға батып отырған Әбілқайырды көреміз. Романның сюжеттік желісіндегі өне бойы тамыр тартып таралып кететін болашақ ұлы оқиғалардың негізгі көзі – осы Әбілқайырды ішқұстаға салған толғаныс, шиеленіскен түйіннің шешімін таба алмай, шерменде болған Әбілқайырдың арғы-бергі ата-баба дәстүрін ойға түсіріп, толғанысқа берілу сыры романда былайша суреттеледі: “Көк Орда ел-жұртын жеке билеп келген Әбілқайыр мен қазақ ордасын бөліп алам деген Жэнібек сұлтанның таласы әлдеқашан-ақ басталған. Бұлар бір-бірінің жан алқымынан ала түсер көкжал қасқыр мен арлан тазы теңдес. Араларында бітім болуға тиіс емес. Бірақ әлі қарсы шабар күн туған жоқ, тек қазір сол күнді күтіп жүрген жағдайлары бар” [11, 15-6.], – деп, сыр сабақтайды автор Әбілқайыр хан мен Жэнібек сұлтан арасындағы тартыс жайында.
Жазушының жоғарыдағы мағлұматтарды пайдаланғанына шүбә келтіруге болмайды, өйткені тарихи дерек, жазба құжаттар өзегіне көп бұрмаланбай, нақты көшкен. Қаламгер сол дерек, мағлұматтарды көркем шығарманың кұрылымына ендіре, қиялда қорыта отырып өзін-ше дамыта пайдаланған. Қобыландының Дайырқожаны абайсызда өлтіруіне негізгі себеп ретінде жазушы Қобыландының Әбілқайыр-дың қызы Гүлбаһрам-Патшайым сұлуға дэмеленуін келтіреді. Ал Ақжол би сұлудың сүйгені Саян батырды қашырып, көмек көрсетеді. Әрине, бұл әрлендіру мақсатындағы жазушы қиялының тарихи деректі дамытуынан туған қисын. Алайда осы бағыттағы жазушы ойына еріп, екі алыптың соқтығысының басты себебіне тереңдей үңіліп зерделе-сек, оның тізгіні хандар қолында жатыр екен. “Әбілқайыр Ақжол мен Қобыландының арасына астыртын шаң тастап шиеленістіре түскен” [11,95-6.].
Жәнібек, Керей сұлтандар бас болып Көк Ордадан бөлініп шығуының өзінде жеке сұлтандардың мүддесінен гөрі, халық мақсаты, халықтың мүддесі басым. Сондықтан да олардың соңынан қалың жұрт ілеседі.
“Қазақтың көшпелі рулары алмас қылыш, – деп ойлаған сұлтан Жәнібек, – егер жұмсай білсең – ол жауыңа айбар, жер-суыңа корған. Қара халық өз бетімен бірімен-бірі соғыспайды, тыныштықты, достықты тілейді. Бар пәле бізде – хан, сұлтандарда. Қолыңдағы осындай күшті пайдалана білсең, ойыңдағыдай ұлы хандықты құруға болады. Ноғай, Қазан, Қырым, Астрахан хандары мен сұлтандары таламасын десең, арғы жағындағы ұлы жұрт – орыс елімен тіл тауып, одақтасқан жөн. Бірақ осындай күнге жету үшін ең алдымен Әбілқайыр ордасынан бөліну керек”.
Міне, бұл халықтың көкейіндегі мақсат – қазақтың елдігін, жер-суын сақтап қалудың жолы. Халықтың күшіне, оның халықтығына Әбілқайыр ханның көзі жетпеді. Шындығына келгенде, ел тағдырын хан мен сұлтандар емес, халықтың өзі шешетінін ұқпады. Халық-Батыр өз дегенін істеді, бой көрсетті, күш көрсетті, елдік-ерлігін білдірді. Ал хан болса, жаралы арыстандай айбаттанғанымен, өзінің дәрменсіздігін көрді, қайратының жоктығын аңғарды.
Халықтың келбетін, күшін көрсету, қимылын, іс-әрекетін паш ету сипаты “Алмас қылыш” романында Бұрындық ханның әрекеттерін суреттейтін тұстарында айқын көрінеді. Бұл жайды жазушы оған деген халықтың қарым-қатынасын суреттеу арқылы айғақтай түседі.
Мұхаммед Шайбани мен Бұрындықтың кұда болуына халық сырт айнала қарайды.
“Ел, жұртымызды шауып, мал-мүлкімізді талап, бүкіл Дешті Қыпшақ елін қорлаған Мұхаммед Шайбанимен Бұрындық неге құда болады?! Бұл бізді қорлағаны…” – деді, халықтың сөзін сөйлеп қарт Қаптағай батыр”. Ақыры Бұрындық хан халық қаһарына шыдай алмай, өз тағынан өзі безіп, хандығынан тайып кетеді. Айтқанын орындай алмайды.
Жеке оқиғалардың желісі, түп қазығы халықпен, қазақ халкының тағдырыменбайланысыпжатады.Мұныңбарлығытарихиоқиғалардың, болған шындықтың, болмыстың негізінде айтылады.
“Алмас қылыш” романында жеке адамдардың, кейіпкерлердің өміріндегі тартысы, өсіп жетілуі, оның халықпен сан-салалы бай-ланысында көрсетіліп, эпикалық сипатта баяндалады. Мұндағы оқи-ғалардың өріс алуы, дамуы тек халық атынан, ел тұрғысынан алып козғалады. Керек жерінде халық өзінің күшін, қаһарын, қимылын көрсетеді. Керек болса үкімін де шығарады.
Тарихи деректерде кейде мақталып, кейде датталып айтылатын Әбілкайыр ханның іс-әрекеттерінің психологиялық жайларын логикалық тұрғыдан сыйымды етіп беруінде шығарма дүниеге келген дәуірдің сабақтастығы жатыр.
“Көшпенділердегі” суреттелетін оқиғалардың басым көпшілігі тарихи деректерге құрылғандығына мысалды кез келген тұстан алып келтіруге болатынын жоғарыдағы талдаулар сипаты дәйектейді.
Жазушының тарихи деректерге негізделген көркемдік болжамдары жөнінде сөз қозғағанда осы жайларды байқауға болар еді. Ал шығар-мада көркемдік қиялға да бой үру – І.Есенберлинге тән қүбылыстың бірі. Көркемдік болжалдың көп жағдайда көркемдік қиялға ауысып отыратындығы да байқалады. Жоғарыда айтылған Қотан мен Қазтуған айтысы осыған дәлел. Алайда көркем шығарма тек тарихи фактілер мен көркемдік болжалдан түрмайды. Көркем шығармалардағы ең басты ерекшеліктің бірі – жазушының субъективті дүниетанымына негізделген көркем қиялдың басым болып келетіндігі. «Алмас қылышта» да мүндай творчестволық қиялдың үлесі мол. Романды оған негіз болатын тарихи еңбектерден ерекшелейтін де осы сипат
Жазушы тарихи деректерді терең меңгере, қорыта, сүрыптай оты-рып, сол кезеңнің жанды суретін жасайды. Қандай да бір нақты деген тарихи деректің, тарихи тұлғаның романдағы көрінісінен көркемдік қиялдың жемісі көрініп түрады. Жазушы өзі жасаған өнер әлемін көріктендіру мақсатында ойынан қосалқы кейіпкерлер, тың эпизодтар, жаңа оқиғалар косады. І.Есенберлиннің қос трилогиясындағы Алау батырдан бастап, Саян, Орақ, Қияқ, Түяқ, Қүндыз т.б. толып жатқан кейіпкерлер – осындай жазушы қиялы арқылы қосылған түлғалар. Көркем шығарма өмірдегіден өзгеше әлем.
Жазушы қиялымен өрілген қарапайым салыстырулардың өзі-ақ шындық өмірдің талай құпияларын аңғартқандай. Романдағы Саян, Гүлбаһрам екеуі аң аулап жүрген Әбілқайырмен айдалада кездесетін эпизодты қараңыз. Дәл осы жерде Саян тағдыры Әбілқайырдың қолында болса, қайтер еді?! Әрине, онда Әбілқайырдың аямасына оқырман шүбэ келтірмейтіні шындық. Автор Саян мен Гүлбаһрам патшайымның ішкі жан дүниесін де аша түседі. Бүл эпизодта автордың идеялық нысанасының, ой бағдарының бір қыры да көрініс тауып жатқаны айқын. Өйткені романда Саян тағдырлас өзге де кейіпкерлерді кездестіреміз. Сондай трагедиялы тағдырдың бірі – Орақ батыр. Ол “Жалғыз көз” атанып, талай оқиғаны бастан кешіреді. Ханға қарсы жасаған еш қиянаты жоқ Орақтың бар кінәсі – ханның жесір келіні Аққозыны жан-тәнімен жақсы көруі және Ақбақыт деген жүйрік атын бэйгеге қосамын деген ниеті. Әйтеуір тағдыр жазып аман қалған Орақ Аққозы алдындағы арын таза ұстай отырып, қалған бар өмірін хан мен билігі бардың зорлық ісіне қарсы күреске арнайды. Орақ қорлықты, Әбілқайыр сияқты, Бұрындықтан да көрген еді. Сондықтан ол кек алу мақсатында Бұрындык ханның да малын шауып маза бермейді. Ал Бүрындық Орақты қолға түсіріп, итімен бірге қосақтап қойып қорлап үстайды. Роман сюжеті бір қарағанда хандар шежіресінің негізіне қүрылған тәрізді көрінгенімен, халық тағдыры да қоюлана, жан-жақты көрініс табады. Саян, Орақ, Қияқ т.б. сияқты халық өкілдерінің бейнесі, олардың айналасындағы түрлі кейіпкерлер соның дәлелі. Өз өкілі Орақты да қорлықтан қүтқарған сол халық. Сондықтан ол халық болашағы үшін бағыт үстанған Қасым қолына барып қосылып, тілегін үштастырады: “Кенет Қасымның көзі әскерінің алдыңғы қатарында кетіп бара жатқан, бетін қара далбағаймен жапқан көк сауытты батырды шолып қалды. Бүл Орақ еді… Хан ақырын езу тартып күлімсіреді. “Халық қамын ойлаған батыр хан қолына кеп қосылса, бүл жақсы ырым. Хан саясатының онда халық көкейіне қонғаны”. Соңғы сөйлемде Қасым хан болмысын жан-жақты ашатын сипатпен бірге, автор идеясының астарын да көруге болады.
Көркемдік әрлеу мен көркемдік қиял – екеуі де көркемдік шындықты сомдауға қызмет етеді. Көркемдік шындық дегеніміз суреттеліп отырған кезең оқиғаларының қисынды бейнеленуі, ауыт-қып кетпеуі, коғамдық дамудың заңдылықтарының бүзылмауы. Осы түрғыдан келгенде, “Алмас қылыштағы” көркемдік шындық тарихи шындықпен қабысып жатады. Суреттелетін оқиға барысы XV ғасырдың екінші жартысынан XVI ғасырдың бас кезіне дейінгі кезеңді қамтитын “Алмас кылыш” романының басты мақсатының бірі – қазақ хандығының қүрылу, қалыптасу кезін көрсету Бүл мәселе жайында күні бүгінге дейін ғалымдар бір түйінді пікірге келген жоқ. Керей мен Жэнібектің Шуға көшіп келуін Мүхаммед Хайдар Дулати /870 хижра/ 1465 жыл деп жазса [19, 195-6.], Т.И. Сүлтанов қазақ хандығының қүрылуын XV ғасырдың 70-жылдары деп есептейді [20, 54-55-66.]. А.Р. Чулогников XV ғасыр шегінде деп көрсетсе [21, 200-203-66.], С.К. Ибрагимов А.А. Семеновпен косыла отырып, қазақ халқының толық қалыптасуын XVI ғасырдың 30-40-жылдарына тірейді [22, 122-180-66.]. К.Пищулина XV ғасырдың 60-жылдары деп біледі [23, 263-6.].
“Көшпенділердің” ең алғашқы жазылған бөлімі – трилогияның үшінші кітабы – “Қаһар” екені, одан кейін “Алмас қылыш” дүниеге келгені белгілі. Ең соңында жазылып, қиындықпен басылып шыққан “Жанталас” – “Алмас қылыш” пен “Қаһардың” арасын жалғастыратын трилогияның екінші кітабы. “Жанталас” романының кітап болып шығу тағдырын көрсететін деректер “Жұлдыз” журналының 1990 жылғы бірінші санында қаз-қалпында жарияланды [24, 153-177-66.]. Журнал материалын оқып отырып, шығарма дүниеге келген заманның, коммунистік идеологияның “қырағы көз” қаһарлы ызғарын роман қолжазбасының қаншама “сүзгіден” өтіп, кесіліп-қырқылғанын айқын елестетуге болады.
Аталған шығармада қазақ халқының ХУІІ-ХҮШ ғасырларда бас-тарынан кешкен қатерлі алмағайып тағдыры суреттеледі. Жеке хандық қүрған қазақ елінің енді етек-жеңін кеңейтіп, келе-келе іргелі орыс елімен одақтасуы қара қүрттай қаптап, кең даладағы бүкіл жан иесін жүтып, жоймақ болып қүжынаған жоңғар, қытай басқыншыларына қарсы кескілескен күресі бейнеледі.
Жоғарыда айтып жеткізгеніміздей, қанша “қырағы көздің” қиы-ғынан, қысаң ойдың “қағидасынан” сүзіліп өтіп, кесіліп, “түзетіліп” шыққанның өзінде роман болмысынан терең сырлы философиялық түйінді аңғарамыз. Кер заманның кереғар болмысын, тылсым сыры мен шежіре-тарихын өз дэуірінің талап, биігінен саралап, сана жанарынан өткізген жазушы “ғасырлар бойы талан-таражға түсіп, үл-қыздарының қанына бөккен қазақ үлты, егер ел-жүрт болып қалам десе, өзімен рухани жақын көршілерімен бірге… Ресеймен бірігіп, тұлғалы түтас мемлекет қүрмайынша болашақтан үмітіңді үзе бер деген тұжырымға әкеп тірейді – бұл ақ тілек, оң сапарда жүздеген жылдар бойы көл болып төгілген туған елдің көз жасы мен қаны” [25, 218-221-66.] жатқаны жайлы ойлар қорытады.
Сұрыпталып, тарихи табиғилығынан өсу-даму қисынын тапқан бабалардың бұлтарыс-бұралаң сүрлеу-соқпағының, ой-сезімінің әлеуметтік негізі ашылады.
Қазақ хандары – Тәуке, Қайып хан, Болат хан, Әбілқайыр хан, Сэмеке, Абылай хан т.б. жан-жақты сипатталған. Қытай, Жоңғар мемлекеттерінің Қанси, Сыбан Раптан, Қалден Церен, Церен Доржи т.б. соғысқүмар билеушілерінің іс-әрекеттері, жүргізген саясаттары тарихи шындық пен көркемдік болжал үштаса отырып суреттелген. Олардың қатыгез, қаражүрек істері көркемдікпен қисынды баяндалған.
Рас, “Жанталас” – көркем шығарма болғандықтан, оған тарихи түлғалардың әр басқан ізін тәптіштеп неге түгел көрсетпеген деп талап қоя алмаймыз. Өйткені тарихи факт өнер туындысына арқау болған кезде, ол тарихи деректердің, алуан түрлі оқиғалардың өзгеріске
Әбілқайыр мен Абылай психологиялық жақтан үштасып барып, екі тармаққа бұрылады. Жазушы Әбілқайыр түлғасы жайлы талас пікірдің ұшығын тарихи себептермен орайластыра дұрыс шешім шығарады. Әбілқайыр да, Абылай да хандық билікті қолдан шығарғысы келмейді. Алайда жоңғар мен Қытай шапқыншыларының бұғауынан құтылудың бір-ақ шешімі бар. Әбілқайырдың аузына: “Түбі еліміздің де, келешек ұрпақтардың да көзі жетер, әрекетімізді ақтар, бізге қалған жалғыз жол – ол Россияның қол астына ену” деп сөз салуында сол объективті щындықтың бір жағы жатыр. Ал хандық билікті қолдан шығарғысы келмейтінін де автор оның жеке адамдық қасиетіне, психологиялық болмысына байланыстыра бейнелейді.
Әбілқайыр ханның көркем образына көз сала отырып, жазушының оған қатысты тарихи деректерді шығармаға лайықтап, өзінің көзқарасы тұрғысынан іріктеп, сараптап таңдап-талғап пайдаланғандығы байқалады. Жоңғар шапқыншылығы кезінде бүкіл қазақ эскеріне бас колбасшылық рөл атқарған Әбілқайыр ханның алдағы күнді болжамауы мүмкін емес еді. Осы бір қысылтаяң шақтағы Әбілқайырдың ойын, әрекетін жазушы былай сипаттаған: “Сөйтсе де, ел басына туған күннің тым қатерлі, қазақ жеріне қызыққан көршілерінің қауіпті еке-нін ойлағандар да табылды. Соның бірі кіші жүздің ханы Әбілкайыр болды. Ол енді батыс жақка үміттене қарады. Қарамасқа амалы да қалмаған. Сондықтан да Әбілқайыр ханның Ырғызға көшіп келісімен қазақ пен қарақалпақ елінің атынан “қарамағыңызға алыңыз” деп жазған хаты Петербургке жеткенде, орыс экімдері таң қалмады. Жоңғармен күресіп жатқан казақ елінің түбі өзіне осылай келіп пана сұрайтынын олар бұрыннан да білетін. Сол себептен әлі де аптықпай, қазақ елінің шын жағдайын түсіну үшін Россия патшалығы арнаулы елші жіберуді ұйғарды” [11, 412-6.]. Роман тарихи өткен замандағы қазақ- қал мақ соғысының жылнамасы емес. Сондықтан сол дэуірде болған оқиғалардың бәрі бірдей көрініс таппаған. Автор тарихи фактілерді өз талғамынан өткізіп, шығарманың көркемдік идеясына орай іріктеген. Рас, тарихи трилогияда тұтастай халық тарихын көрсету көзделгенмен, халық тарихын билеушілер әрекетінен бөліп қарамайтын тұстар да баршылық. Алайда бұл құбылыс тарихи шындықтан аулақ кете алмайды. Өйткені бұл дәуірдегі хандар тарихына қатысты фактілердің айналып өтуге болмайтын тұстары аз емес. Соның ең негізгісінің бірі – Кіші жүз ханы Әбілқайыр, оның Қазақстанның Россияның қол астына қарауын көздеген іс-әрекетінің құжатпен бекітілген көрінісі.
Бұл тарихи оқиғаның романдағы көрінісі жазба деректегі мазмұнға өте сәйкес, дәл суреттелген. Бұл орайда жазушы нақты айқын деректердің бірі ретінде А. Левшиннің 1832 жылы Петербургте шыққан “Описание киргиз-кайсацких орд и степей” [32] атты еңбегінде берілген мәліметтерді пайдалануы заңды. Алайда автор ол деректерді қаз-қалпында көшіре, баяндап берген деуге келмейді.
Тарихи жазба еңбектегі деректік мәліметтерді автор ой елегінен өткізіп, саралаған, сұрыптап екшеген, ел аузында айтылған деректермен салыстыра отырып, өз ойында қорытып, көркем әлемге айналдырған. Фактілерді қорытуда көп жағдайда өзінше топшылау, кейде тым еркін пайымдар жасап отыратын тұстар бар.
Әбілқайыр ханның орыс патшасының боданы болуға тілек білдіріп, ант беруі жөнінде ел ішінде бір ауызды пікір болмаған және болуы да мүмкін емес еді. Ол жөнінде А.Левшин де ашык айтады: “…өз тәжірибесін үтқыр пайдаланып табысқа жеткен Тевкелев өз елшілігі-нің қуанышын үкімет басшыларына жеткізіп үлгермей жатып-ақ, басқа жақтан уайым-қайғы бүлты төнді. Қазақ Ордаларында әсіресе Орта Орда ханы, оның негізгі күшін қүрайтындар Әбілқайырдың Петербор сарайымен достасып, жақын болатынын көре алмай көз алартса, бір жағы одан қорықты. Бүған қарсы қарапайым халық өз дербестігінен айырылғысы келмей, бәрін теріс үғынып, сондықтан да олар Ресейге табынушы өз аталастарына (руластарына) қарсы шықты” [32, 183-6.] – деп жазады.
Бүл ой-пікірдің романдағы көрінісін Барақ сұлтанмен әңгімесінде Әбілқайыр аузынан шыққан мына сөзден байқауға болады: “Россия қарамағына кіреміз дегеннен бері менің қасым көбеюде, – деді ол. -Қай халықка болса да, басқа жұртқа бағынышты болу өте қиын. Бірақ біздің жағдайымызда басқа жол жоқ. Жоңғарды жеңсең, ар жағында Қытай бар. Қытай боғдыханына бағыну – тіліңнен де, дініңнен де айрылу дейді. Тарихи деректі өз мақсатына карай көркемдік сұрыптау автордың еркіндегі іс, кейбір фактілерді айналып өту әдебиетте бола беретін заңды құбылыс. І.Есенберлин өз романында Әбілқайырдың Россияға қосылу жөніндегі талпыныстарын ғана кең суреттеуге тырысқан.
Рас, автордың суреттеуі бойынша Әбілқайыр маңайынан сол кезеңде Қанжығалы Бөгенбай, Шекті руының батыры Таймас сиякты тұлғаларды көреміз.
Тарихи дерекке, нақты мәлімет беретін әдеби материал тұрғысынан жазушы бұл жерде Қазақ ССР тарихындағы мағлұматтарға сүйенген тәрізді [33, 22-6.]. Алайда әлі де болса мұның анықтығына жете түсу ләзім. Солай бола тұра, жазушының негізінен А.Левшин еңбегін көбірек пайдаланып, оның жазба дерегіне сүйенгендігі байқалып тұр. Әбілқайыр әрекетін суреттеуде де жазушы осы арнадан шығады.
“…Бұл оқиғаға Әбілқайыр ең алдымен екі себеппен көмектесті, -деп жазады А.Левщин, – біріншіден, өзінің күшін және Ресей алдын-дағы міндетін күшейту үшін; екіншіден, қырғыз-казақтарды күшпен басқарып, оларды тезірек көндіріп, бас идіру үшін” [32, 183-6.]. Тарихи тақырыпқа жазылған шығармаларда тарихқа, тарихи дэуірге деген субъективті көзқарасы тұрғысынан келгенде, І.Есенберлин кейде көркем шығармаға кіріге бермейтін төте жолмен де өз ойын авторлық баян арқылы ашық білдіріп отырады. Мезгіл мінезі, уақыт иіні айқын көрінетін мына жолдарға назар салып өтейік: “Әбілқайыр ханды бағалай білмеген кейбір орыс пен қазақтарихшылары оның қара басының қамы үшін жұртын сатқан, бақ күндес жауларын табанының астына саламын деп, казақ елін Россия патшалығына бағындыру саясатын қолдаған дейді. Сол бір қилы кезеңде Әбілқайырдың түпкі ойы солай-ақ делік… Бірак болашақ тарих ұстаған жолының дұрыс екендігін айқындады” [11, 34-6.]. Автор ойынан өз заманының таным-тағлымы айқын байқалатынын көреміз. Тарихи деректі өз мақсатына карай көркемдік сұрыптау автордың еркіндегі іс, кейбір фактілерді айналып өту әдебиетте бола беретін заңды құбылыс. І.Есенберлин өз романында Әбілқайырдың Россияға қосылу жөніндегі талпыныстарын ғана кең суреттеуге тырысқан.
Рас, автордың суреттеуі бойынша Әбілқайыр маңайынан сол кезеңде Қанжығалы Бөгенбай, Шекті руының батыры Таймас сиякты тұлғаларды көреміз. Тарихи дерекке, нақты мәлімет беретін әдеби материал тұрғысынан жазушы бұл жерде Қазақ ССР тарихындағы мағлұматтарға сүйенген тәрізді [33, 22-6.]. Алайда әлі де болса мұның анықтығына жете түсу ләзім. Солай бола тұра, жазушының негізінен А.Левшин еңбегін көбірек пайдаланып, оның жазба дерегіне сүйенгендігі байқалып тұр. Әбілқайыр әрекетін суреттеуде де жазушы осы арнадан шығады.
“…Бұл оқиғаға Әбілқайыр ең алдымен екі себеппен көмектесті, -деп жазады А.Левщин, – біріншіден, өзінің күшін және Ресей алдын-дағы міндетін күшейту үшін; екіншіден, қырғыз-казақтарды күшпен басқарып, оларды тезірек көндіріп, бас идіру үшін” [32, 183-6.]. Тарихи тақырыпқа жазылған шығармаларда тарихқа, тарихи дэуірге деген субъективті көзқарасы тұрғысынан келгенде, І.Есенберлин кейде көркем шығармаға кіріге бермейтін төте жолмен де өз ойын авторлық баян арқылы ашық білдіріп отырады. Мезгіл мінезі, уақыт иіні айқын көрінетін мына жолдарға назар салып өтейік: “Әбілқайыр ханды бағалай білмеген кейбір орыс пен қазақтарихшылары оның қара басының қамы үшін жұртын сатқан, бақ күндес жауларын табанының астына саламын деп, казақ елін Россия патшалығына бағындыру саясатын қолдаған дейді. Сол бір қилы кезеңде Әбілқайырдың түпкі ойы солай-ақ делік… Бірак болашақ тарих ұстаған жолының дұрыс екендігін айқындады” [11, 34-6.]. Автор ойынан өз заманының таным-тағлымы айқын байқалатынын көреміз. Трилогияда тарихи деректерді пайдалану түрлі тәсілде беріледі. Кейде автор дерекпен таласа өз ойын жарыстырып отырса, кейде тарихи дерек автор ойымен араласып, тігісі жатқызыла көрініс тауып жатады. Енді бірде төмендегідей үзінді ретінде өзгеріссіз келтіріледі. “Тарихи деректерге қарағанда, Россия патшасы Анна Ивановна Әбілқайыр ханға берген грамотасында: “…өздеріңнің өтініштерің бойынша, жоғарғы көрсетілген тараулардың негізінде, қырғыз-қайсақ ханы Әбілқайыр, сені және бар қырғыз-қайсақ эскерін қол астымызға алдық… сондықтан хан мен оның бар эскері біздің императорлық мәртебеміз бен оның мүрагерлеріне мәңгі-бақи адалдығын сақтау керек” делінген” [11, 439-6.].
Тарихи эпопеяның коркемдік әлеміндегі көрнекті түстарының бірі -Қазақстанның Ресейге қосылу сипатын бейнелейтін түсы. Коммунистік саясат, идеологияның қүрсау ықпалымен жазылған қазақ тарихының бүркемелі бейнесін тарихи зерде, көркемдік таным түрғысынан және реалистік сипатта ашып беретін Ілияс Есенберлин шеберлігін көреміз. “Қазақ даласының Россия қол астына кіруін куәлік қағазбен, не бір указ күшімен атау мүмкін емес. Бүл ондаған жылға созылған үзақ, қайшылығы мен қиыншылығы мол ауыр қалыптасу кезі еді. Және қазақ елінің Россияға қосылуын бір ханның, қала берді, бірнеше қайраткердің есімдерімен байланыстыру – о да дүрыстыққа жатпайды. Бұл – заңды шешімі бар, саяси, экономикалық, эскери фактілер секілді көптеген себептермен шиеленіскен, дәуірдің тілегіне қарай тарихтың өзі жаратқан перзенті.
…Бірақ келешекке керексіз, болашағы жоқтың бәрін өзінен әрі итеріп, тарих доңғалағы алға карай айнала берді. Осылай, қазақ даласына аяуды білмес, орасан қатты жаңа тарихтың дауылды көктемі келді” [11, 438-439-66.]. Тарих ғылымының “бүрмаланған” беттеріне түзету енгізілетін осы жолдардың астарында қаншама тарихи шындық сырлары жатқаны кім-кімге де түсінікті болар. Заман сырын, уақыт түйінін дөп басып айтқан жазушының тарихи танымын көрсететін сөз астарында түңғиыққа тартар ой жылымы жатыр. Тарихи шындық айқын елестейтін суреттеуде тарих арқылы көрініс табатын жазушы өмір сүрген дэуір елесі де, бүгінгі заман тынысы да көз алдымызға келеді. Тарих пен қазіргі заман сабактастыгының көркем шығармадағы көрінісі дегеніміз осы болса керек. Ал тарих оқулығында тек прогрестік түрғыдан бағаланып келген Қазақстанның Ресейге қосылуының шын болмысы І.Есенберлиннің “Осылай, қазақ даласына орасан қатты жаңа тарихтың дауылды көктемі келді” деп бейнелеуінде жатыр. Жанталастың” сюжеттік желісінде автор тарихи деректерді молынан пайдаланғаны байқалады. Сыбан-Рабтан мен Әбілқайыр жасағының кездесуін суреттейтін түсты еске түсірейік. Бүл жердегі суреттелетін Баян батырга байланысты эпизодта Шоқан жазбасын-дағы деректің шеті көрінеді. Сол сияқты “Арғынның бір тармағы Қанжығалы руынан шыққан Бөгенбай, Бэсентин руынан шаққан Сырымбет, Малайсары, Тарақты руынан шыққан Байғазы, Шақшақ руынан шыққан Жэнібек, ¥лытау бойындағы Найманның бір тар-мағы – Бағаналы руынан Оразымбет, Имантай келді” [11, 354-6.] деген батырлар тізбегі де Шоқан мақаласындағы батырлар атымен дәлме-дәл келеді [35, 216-222-66.]. Түркістанды қорғауға белсеніп шығып, асқан ерлік көрсеткен Елшібек батырдың да аты осында аталады.
Абылайға қатысты оқиғалардың басым көпшілігі негізінен тарихи деректер негізінде баяндалған. Абылайдың Қалдан-Церен қолына түтқынға түсіп, Орынбор губернаторы Неплюевтің араласуымен бо-санып шығуы, сөз арасында болса да, тарихи деректер негізінде бері-леді [49]. Ал ел аузында Абылайдың түтқыннан қалай босанғаны жөнінде түрлі аңыздар бар, жазушы оларға назар салмайды.
Романда Абылай бейнесін аша түсуге катысты колданылатын тағы бір деталь – оның Ботақанды өлтіруіне байланысты эпизод. Ел арасында әйгілі Көтеш ақын:Абылай, Ботаканды сен өлтірдің, Есіл ер жазығы жоқ, неге өлтірдің? Сұлтаным, қарашыңмен даулы болып, Үстіне ақ Орданың кір келтірдің. Абылай, күйіп кетті салған жараң, Мейрамға не ед сенің жапқан жалаң? Жанайды бүгінгі күн босатпасаң, Болады ертең жесір қатын-балаң [50, 143-6.],
“Жанталаста” тарихи дерек пен аңыздық мағлұматтарға негізделген көркемдік топшылаумен бірге, автор қиялынан туған көркемдік қиял жемістері де мол, оның бір дәлелі ретінде “Сұрша қыз” (Құндыз) оқиғасына байланысты эпизод. Өзін Абылай ханның “олжасына” айналдырып, тәуекел еткен Құндыздың мінезімен, намыс пен ерлікті желеу етіп, қарындасын да, Абылайды да мерт етпек болған қыздың ағасы Қаныбектің әрекеті арқылы автор көшпелілерге тән тағы бір мәрт мінездің сырын ашқан. Ол роман оқиғасына эжептеуір көрік беріп тұр. Тарихи трилогияда хандардың ұрпағымен бірге ілесе жалғасып отыратын қарапайым, халық өкілінен шыкқан желілі кейіпкерлер тізбесі тағы бар. Олар – жазушы қиялынан туған қосалқы кейіпкерлер. “Жанталастағы” Керей – сол желідегі кейіпкердің бірі. “Бұл баяғы жалғыз көз Орактан тараған Қияқ пен Тұяқ құлдардың ұрпағы – Науан ұстаның жалғыз баласы Керей еді,” – деп сипаттайды жазушы.
Ол Бөгенбайдан кейін де талай ұрыстарға қатынасқан. Еңіреген ер бола тұрса да, ақырында хандарға еріп, адам баласы бірін-бірі аямай қырған жорықтардан жүрегі шайлыққан. Сөйтіп, ол жылқы баққан ауылдың бостан жігіті болып отырып қалған. Бірақ өмірдің қиянаты оны қайтадан қанды тартысқа алып келген. Бірақ бұл жолғы тартыс өзгешелеу еді. Күндердің күнінде уақытында ханға деген қарыз-қаражатын өтей алмай, ол бір күні сұлтанға бес байталға төлеңгіттікке сатылған-ды. Бір күні мұның жасөспірім қызын зорлап жатқан сұлтанның үстінен шығып, оны қанжармен жарып өлтірген. Абылай ісін қарап, кісі өлтіргені үшін патша үкіметінің қолына берген. Ол патша соты күміс шығаратын жерге каторгаға айдаған…
— “Иә, қайдан жүрсің, жылқышы Керей! – деді Абылай, – өзің
секілді кісі өлтіргіштер барып қосылып жатқан жаңа “орыс патшасы”
кім? – Керей тісін ақсита күлді.
— Жай кісі өлтіру – обал. Ал сұлтанды өлтіру – сауап. Алла тағала-ның өзі ондай күнэнің тең жартысын кешеді.
— Бүкіл күнәңді кешу үшін не істеу керек?
Ханды өлтіру керек, – деді Керей сабырлы үнмен. Тақымына қыл бұрау сап қинағанмен, Керей Пугачев батырларының хатын кімге беретінін айтпады. Келесі күні оны асау айғырдың құйрығына байлац, азаптап өлтірді” [11, 495-496-66.]. Керей романдағы шағын эпизод арқылы осылай көрінеді. Бұл қосалқы кейіпкер арқылы әр романда Орақ – Қияқ, Тұяк – Науан – Керей болып жалғасып келе жатқан қара халык өкілдерінің жүйесін сақтау, олардың әр кезеңдегі хал-ахуалдарын көрсету мен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан тағдырлардың өсу деңгейлерін танытуды көздеген. Керейдің Пугачев көтерілісін жақтаушының бірі болуы соның айғағы. Екіншіден, шығарма болған кездің көзқарасымен есептегенде таптық мүддені, күн сайын ашылып келе жатқан таптық жікті таныту. Абылай пугачевшыларға қашқан қазақ жігіттерін аямай жазалайды. Бұл – уақыт шындығы, мемлекеттік жүйе талабы. Автор Керей бастаған қарсылық келешек үлкен күшке айналатындығын, ол күш халықта екенін осы образдар арқылы байқатып отырады. Осылайша халық тегеурінінің күштілігін алдыңғы лекте ұстайтын жазушы тарихи шындықты көлегейлемей отырып, оқырманды ойға шақырады. Азаттыққа үндейді, жекенің емес, көптің бірлігін дәріптейді. Кешеден бүгінге жету жолындағы жан толқытар көріністерді еске салады. Автордың реалды шындықтың кейбір фактілерден ауытқуы (олар жайлы сөз қозғамау, жанама фактілерді суреттеуде хронологиялық тізбекті өзгерту т.б.) – бұл тарихи кейіпкердің мінезіндегі кейбір қырларын күшейту не бәсеңсіту, тарихи құжатқа шығармашылық жағынан жақындау – мүның бәрін көркем болжал деуімізге болады» [6, 136-6.].
Тарихи шығармаларда көркемдік қиял мен көркемдік болжал бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, екеуінің арасындағы елеулі айырмашылық бар екенін есте түтқан жөн. Бүл орайда көркем қиял әдеби образ тудырудың негізгі тэсілі болып, көркемдік түрғыдан ойлаудың ерекшелігін айқындайтын сипатретінде көрінеді. Көркемдік болжалдың тарихи шығармалардың жанрлық ерекшелігін көрсетуі құжаттарға, тарихи деректерге қүралғандығына негізделеді. Демек, көркемдік болжал белгілі бір фактілер төңірегінде туындайды, сондықтан ол таза автор қиялынан туындаған шығармаларға тән емес. Яғни тарихи фактілер мен қүжаттар негізінде жүмыс істеген суреткерлердің шығармаларына тән құбылыс – ол көркемдік болжал. Осы түрғыдан келгенде көркемдік болжалдың ерекше кең тараған көрінісі – қүжаттарды көркемдік талдаудан өткізу. Алайда оның көркем шығармадағы көрінісі сан алуан болып келеді.

Романның әр бетіне бағдар сілтеп, ойға жетелеп отыратын таным қуаты мен тағлым мұратының сырына қанығу міндетін артынасыз. Батыр да атанған, ақыры хан тағына да отырған, алайда жарық дүниеден өкінішпен аттанып, өкініште қоштасып бара жатқан Абылай толғанысы ойға батырады. Расында сонау даңққа бөленген батырлықтан да, абырой-атаққа оранған басындағы бақ, астындағы хандық тақтан не қалды бүгін? Хан тағына жету үшін ұзақ та бұралаң жол басқан Абылайдың жан толқыны нені меңзейді. Осы бір сұраққа көңіл-күйі қасірет шеккен күннің бірі – бүгін жауап бергісі келген Абылай жайын аңғарасың. Ең эуелі сол хан тағы не үшін керек болды. Өлімнен артық касірет жоғын сезінген болмысын көреміз. Иә, хандық құру мен тек мансапқорлықтан туды ма сол арман? “Жоқ, Бұқар аға, онда сен мені білмегенсің. Қолыңда күшің болмаса, кімге айтқаныңды істете аласың? ¥лы хан тағына отырсам, қазақ елін өзімнің дегеніме жеткізем деп ойлағам… Ал соңынан… Әділетті ұлы хан болсам, халық менің бұрынғы киянаттарымды ұмытады ғой деп сенгенмін…
… Хан бар жерде қиянат болмауы мүмкін емес екен. Бірақ мен сол қиянатымды да, озбырлығымды да халқымды уысымда ұстау үшін жұмсадым, ел бірлігін күшпен сақтамақ болдым”, – деген Абылай толғанысы өмір сабағынан алған танымдық зердеге ұласады.
Абылай табанды күрескерлігінің, айтқанынан қайтпайтын батыр-лығының және халық талайы таразыға түскенде сын сағатта ешкіммен де ымыраға келмейтін қатал, қатыгездігінің арқасында қазақ елінің, жерінің бостандығын қорғап қалды. Әл үстінде ауырып жатқан Абылай Бұқар жырауға айтқан: “Менің кеңесіммен жүрер ұл-қыз болар ма екен? Сөйтсе де екі кеңесім бар. Бірі – қазак аз ел ғой, азып-тозып кетпес үшін, қолдарынан келсе, солардың бірлігін сақтасын. Бірлігі бар елді басқару жеңіл. Екінші айтарым, мен елу жылдан астам соғыс жүргіздім. Жетпіске келген жасымда, мейлі, айла құрайын, әйтеуір шығыс жағымнан келген жауға, әсіресе Қытайға қазақтың бір бөлшек жерін бергем жоқ” [11, 592-6.], – деген жолдардан, Левшин

Қорытынды
Бұл ретте көркемдік құралдардың барлығы да адамдар санасында белгілі объективті бағасын алған, құжаттар мен халық жадында сақталған нақты тарихи кезең табиғатын ашуға бағындырылады. Оған құбылысты көркем бейнелеудегі авторлық көзқарасты қосыңыз. Объективті және субъективті ұстанымдардың өзінше тоғысы тарихи романдардың өзіндік ерекшелігін белгілейді. Әрине, мұндай тоғыс әдеби шығармалардың баршасына тән. Ал тарихи шығарманың ерек-шелігі сонда, оның объективті тұғыры практикада белгілі болғаннан кейін алған деректерге негізделеді. Бұл орайда нақты фактілерді басшылыққа ала отырып, ұқсас бір тарихи мәселеге ұқсамаған қорытынды шығарып, бөгде көзқарас білдіреді. Мұндай пікір-танымдардың болуы оның түп тамыры қаламгердің өзіне ғана тән субъективті санасында жатыр. Бұл кұбылыс әрбір жекенің тарихқа деген көзқарасын қалыптастыратын ұйтқыға айналуы мүмкін. Тарихи тақырыпқа қалам тартқан жазушының тарихқа деген субъективті көзқарасы таным түрінде айқын аңғарылуы ықтимал. Философиялық таным – субъектінің дүниеге көзқарасын, тіршілік жөніндегі танымын, этикасын қамти отырып, субъектінің дүниеге, қоғамға, кісілік өмірге ұстайтын позициясының жиынтығын меңзейді. Демек, бұл таным -объективтік танымның өзегі деуге тұратын таным. Тарихи тақырыпқа барған жазушының субъективтік сана кұрылымындағы барлық та-нымдық факторлардың ішінде негізгі жетекші орында тұрады. Ол субъектінің өзге де танымдық факторларымен әлеттегі салалас қатыста ғана емес, түптеп келгенде, олардың бәрін меңгеріп тұрады. “Субъекті-нің күллі танымдық құрылымының бәрі түгелімен осы философиялық танымның меңгеруінде, жетегінде” [8, 55-6.] болады. Әсіресе кейбір ірі тарихи мәселелерді қозғағанда және жалпы тұлғалық, макролық танымдық әрекеттер барысында қандай философиялық көзқарастың болуы субъектінің танымдык қорытындысында аса шешуші мәнге ие болады. Яғни философияда тарихтың болмауы мүмкін еместігін көрсетсе, ол тарихи зерттеу мен тарихи туындыда философияның болмауы қисынсыз екенін дәлелдейді.
Шығармада баяндалған фактіл ерді соған сәйкес кұжаттармен, тарихи деректермен салыстыру – белгілі дәрежеде тарихи шығармалардың объективті негізін ашуға мүмкіндік беретін сипат. Алайда ол қыруар еңбекті қажет ететін, тарихи деректі образ әлеміне айналдырудағы жазушының қиял қарымын байыптау, оны өзінің айтайын деген түпкі ойына бағындыру шеберлігін айқындай білуді керек ететін нәрсе. өрісінде қол жеткізген ойлау формасы, таным-тағлым қуаты. Бұл түйінді одан әрі таратар болсақ, білім қабілеті дегеніміз субъектідегі бар білімнің өз саласын зерттеуге сэйкестендірілген, қажетті қалып; ойлау формасы дегеніміз субъектінің білімді иелеу, білім құрылымын қалыптастыру барысында тауып алған ойлау әлісі, яғни ол белгілі бір білім қабілеті, білім құрылымымен байланыста болады, әрі оны өзіне негіз етеді; ал таным-тағлым қуаты дегеніміз – субъектінің қабылдау, түсіну, қолдану және жаңа ұғымдар тарату қарымы деген сөз. Міне, осы факторлар өзара кіріге келіп, өзара ықпалдасып, қосылып келіп, танымдық субъектінің өзіне ғана тән білім негізін айқындайды.
Ал осы тартыстың түп тамыры қайда жатыр? Жэнібек пен Керей әрекеті, Әбілқайыр Шыңғыстан бастап ата-баба тарихын еске түсіре отырып ой түйіндегеніндей, билік үшін күрес, таққа талас қана ма? Кейін бүкіл бір мемлекеттің құрылуының, халық болып қалыптасуының басында тұрған азаматтар туралы Әбілқайыр ханның ой қисыны өзінің жеке билеушілік пиғылының көрінісі екені оқиға желісінде байқалып отырады. Жанжал сыры неден басталатыны романда былай көрсетіледі: “Бұл мезгіл сонау Соғды жері мен Еділ өзенінің жағасына дейін ¥лы Дешті Қыпшақ даласын жайлаған түркі тұқымдас елдердің екіге бөліне бастаған шығы еді. Шаруашылығына қарай Мауреннахр деп аталатын Жейхун мен Сейхун дарияларының ортасында тұрған түркі руларының көбі Күншығыс – Оңтүстігіндегі түбі көшпелі ирандықтар өзі тәрізді егіншілікпен шұғылданатын отырықшы Соғды елімен қауымдасып, өзбек халқының іргесін қалай бастаған. Ал Сейхун дарияның орта шенінен төмен қарай – сонау Еділ, Жайықтың арғы бетіне дейін көшіп жүрген түркі тұкымдас рулар өзі тәрізді мал бағатын, Жетісу бойындағы көне заманнан келе жатқан Үйсін, Дулат, Жалайыр, Қаңлы тәрізді салты мен дәстүрі бір рулармен бірігіп, қазақ деген ел болсақ деп талпынған-ды. Осы кездегі бүкіл Дешті Қыпшақтың ханы Әбілқайыр өз ордасын қазақ даласына тіксе де, жаулап алған жерлері сол Мауреннахр, Соғды, Қорасан жағы болғандықтан, көңілін көбінесе осы тұсқа аударған.
Бүл ретте жазушының міндеті тарихи фактіні анықтау емес. Сурет-кердің міндеті ғалымның міндетінен гөрі кеңірек. Жаңа материал, информация – оның жұмысының тек бастамасы ғана.XV ғасыр қазақ халқы үшін қиын да күрделі кезең болды. Бірақ тап осы ғасырда өзара қырқысқан қатал күресте бір-біріне қарсы түрған бытыраңқы қазақ ру-тайпалары өмір сүру үшін түптеп келгенде бірігу керек екенін мықтап түсінді. Трилогияның бірінші бөлімі – “Алмас қылыш” қазақтардың бірігуінің қиын процесін – жеке үлт, халық ретінде дербестікке үмтылу, азаттық жолындағы қасіретті күресін бейнелейді. Керей, Жәнібек сүлтандардың өз соңына ерген рулармен Әбілқайырдан бөліне көшуі тек факті ғана. Қазақ деген халықты біріктірген хандықтың пайда болуы, қалыптасуы толассыз күрестің, үзақ жылдардың жемісі. Жазушы романда Керей – Жэнібек, Бұрындық – Қасым болып ауысып отырған бірнеше хандар тізбегінің билеуінен өткен халық өмірінің қысталаң шақтарын көршілес елдермен бірде тату қарым-қатынаста болған, бірде қырғи-қабақ болып шабысқан түстарын көрсететін оқиғаларды хронологиялық жолмен бейнелеп, ұзақ жылдарды қамти-тын күрес жолының жанды картинасын жасайды. “Алмас қылыш” қазақ хандарының ішіндегі ең көрнектісі – “Қасым салған қасқа жол” аталып, мәтелге айналған даналық сөзге негіз болған, ел билеудегі өзінің даралық атын қағидасымен халық жүрегінде мәңгіге жатталып қалған Қасым хан дэуірін айтумен аяқталады.
Қасымнан кейін қазақ жүртын билеген ханның бірі – Хақназар. Алайда Хақназар дэуірі романда өте қысқа қайырылып қалады. Ол былайша: “Қазақ хандары Түркістан үшін сексен жылдай соғысты. Ақырында осы Хақназар хан болған кезінде ғана тегіс өз жерін өзіне кайтарып алды. Хан астанасын Яссыға көшірді. Содан кейін барып оны Түркістан атап кеткен. Және осы Хақназар кезінде 300 жылдан көп әңгіме болып келген жай – бүкіл қазақтың үш жүзге бөлінуі аяқталды” – деген жолдармен ғана бітеді. Шығармада бұдан да кысқа фрагменттерге негізделген кезеңдер жиі кездеседі. Хақназар дэуірі секілді Тэуекел, Есім, Тэуке тәрізді тарихи түлғалары окшау тұрған хандар билеген кезеңдер де шолақ қайтарылған. Бұл орайда жазушының өзіндік ұстанған принципі, көкейкесті мақсаты -қазақ жұртының ел болып, халық болып қалыптасу барысындағы ең қайшылықты, аумалы-төкпелі кезеңдерді көрсету болса керек. Сондықтан ол XVI ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғасырға бір-ақ аттайды. Мұның еш өрескелдігі жоқ деуге болады. Көркем шығарма сюжетіне керек оқиғаны қалай іріктеу автордың өз кұқығында. Әрі бұл қазақтың көне тарихы жөнінде жазылған алғашқы қомақты туынды, сондықтан онда ел тарихының бар қырын камту мүмкін емес. Оның үстіне көркем шығарманың бойына жылнамаға тән сипатын талап ету міндет етілмейді. Ал өткен дәуірді қамту керегіне орай жазушы түрлі тэсілдерге барады. Бұл орайда жазушының кейінгі кезеңді суреттей отырып, өткенге оралып отыруы соның бір дәлелі деуге болады.үсуі заңды қүбылыс. Ең бастысы жазушы өзі білген, жинаған тарихи материалдарды өзінің көркем ой елегінен өткізеді де, өзінің қалауынша пайдаланады. Мүның өзі көркем шығармадан арнаулы әдебиеттерде көрсетілген нақты ай, жыл дәлдігін күтуге болмайтындығын аңдатады. Бірақ бір басы ашық жай – көркем шығарма жазып отырғанына қарамастан, суреткер де белгілі бір тарихи оқиғаның ұзын-ырғасын, даму ретін сақтап отырған.
Міне осыдан І. Есенберлин шығармаларының тарихилығы мен деректілігі ғылыми жұмысымыздың өн бойында дәлелденіп, тақырыбыздың толық ашылуына мүмкіндік болды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы.-Алматы: Ғылым,1979
2. Алпысбаев Қ.Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: танымдық және көркемдік.-Алматы,2008
3. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 1994. – 312 б.

4. Қыраубаева А. Қазақ әдебиетінің шығыстық қисса-дастандардың түп-төркіні мен қалыптасуы. – Алматы, 1997. –271 б.
5. Ибатов А. Құтбтың «Хұсрау уа Шырын» поэмасының сөздігі. – Алматы, 1974. –37 б.
6. Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы. – Алматы, Мектеп, 1989. – 136 б.
7. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 128 б.
8.Смирнова Н. Фольклор және әдебиет. // Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Жазушы, 1968. – 560 б.
9. Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы: Жазушы, 1974. – 270 б.
10. Қаратаев М. Көргенім мен көңілдегім. – Алматы: Жазушы, 1982 . – 360б.
11. Ергөбек Қ. Сәбит Мұқанов. – Алматы: Мектеп, 1989. – 144б.
12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. – Алматы: Санат, 1997. – 336 б.
13. Нұрғалиев Р. Арқау. – Алматы: Жазушы, 1991. – 576 б.
14. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы (Жанрлық спецификасы. Типология. Стиль. Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика). Филология ғылымдарының докторы . . . диссертация. – Алматы, 1997. – 290 б.
15. Қаратаев М. Революция рухымен. – Алматы: Жазушы, 1978. – 416 б.
16. Қирабаев С. «Үркер» романы. //Уақыт және қаламгер. 12-кітап. –Алматы: Жазушы, 1986. – 264 б.
17. Нұрғалиев Р. Телағыс: Әдеби дәстүр мен әдеби даму. – Алматы: Жазушы, 1986. – 440 б.
18. Елеукенов Ш. Тарих және көркем шындық. //Жұлдыз. – Алматы, 1973. №11. 44-49 б.
19. Серікқалиев З. Ақ жол. – Алматы: Жазушы, 1990. – 464 б.
20. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романының көркемдік тілі. – Алматы: Ер-Дәулет, 1988. – 164 б.
21. Алпысбаев Қ. Тарихи шығарма: Таным және көркемдік. – Алматы: Ғылым, 1999. – 281 б.
22. Жұртбай Т. Талқы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 368 б.
23 Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы: Ғылым, 1991. – 207 б.
24. Хамзин М. Қазіргі қазақ романы. – Қарағанды: ҚарМУ, 2001. – 205 б.
25.Рахымжанов Т. Романның көркемдік әлемі. – Алматы: Рауан, 1997. –223 б.
26. Тарақов Ә. Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы. (Абылай хан бейнесінің көркемдік тағылымы). Алматы: Қазақ университеті, 2004, – 341 б.
27. Кекілбаев Ә. 2 томдық таңдамалы шығармалары.– Алматы: Жазушы, 1989. Т.1. – 400 б.
28. Сүйіншәлиев Х. Ізденіс іздері. – Алматы: Жазушы, 1975. – 220 б.
29. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. – Алматы: Санат, 1996. – 336 б.
30. Мұқанов С. Алтын аймақ. – Алматы: Жазушы, 1988. –270 б.
31.Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. –560 б.
32.Саттар Ерубаев. Мәңгілік өмір.– Алматы: Жазушы, 1993.544 б.
33.Есенберлин І. Соңғы жылдар жазбаларынан // Қазақ әдебиеті. 1980. 10.09.
34.Есенберлин І. Он томдық шығармалар жинағы. І том. – Алматы: Жазушы, 1984.- 400 б.
35. Есенберлин І.Қаһар.-Алматы.-Алматы
36. Есенберлин І.Алмас қылыш -Алматы
37. Есенберлин І. Көшпенділер-Алматы

2 thoughts on - Ілияс Есенберлин шығармалары

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.