Ілияс Омаров

Главная » Рефераттар » Ілияс Омаров

Ілияс Омаров 1912 жылы қазіргі Қостанай облысының Сарыкөл ауданында Қараоба деген жерде дүниеге келді. Кезінде ол елді мекен орнында атақты Жазы бидің ауылы болған. Ал Жазының өзі — елге өте әйгілі болған тарихи тұлға. Он тоғызыншы ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. Ресми мәліметтер бойынша, 1801-1811 жылдары, ел ақсақалдарының бір ауыздан айтуына қарағанда, он сегіз жасында би болып сайланған да, өмірінің ақырына дейін өз өңіріндегі ел өміріне белсене араласып отырған жэне әрдайым әділдігімен халық арасында өте қадірлі болған. 1834 жылы Шоқанның әкесі Шыңғыс Аманқарағай округына аға сұлтан болғанда, Жазы мен Есеней Естемесұлы дуанның алғашқы билері болып сайланған. Жазы би Ілияс Омаровтың төртінші атасы болып келеді. Арғын ішіндегі Жеті момын аталатын тарауының Сарыжетім, Шақшақ аталатын екі кенжесінің бірі — Сарыжетім мен Ілиястың арасында, Ілекеңнің балаларына өз қолымен сызып берген схема тізімі бойынша, тоғыз буын өткен екен. Солардың тоғызыншы буынында Жауғашты батырдың екі баласы Алдияр, Мадияр дүниеге келеді. Үлкені Алдиярдан тараған сегізінші ұрпақ Ілияс болған да, оның інісі Мадиярдан Міржақып Дулатұлының ата-бабалары тарайды. «Мадияр» деген әдеби бүркеншік атты Жақаң сол атасынан алса керек.
Бұл орайда ерекше атап өтерлік бір жайт- жаңағы Алдияр ақсақалдан Ілиястың атасы Бегенге дейінгі бес буынның өкілдері Ақмалай, Жан, Жазы би, Бегенді қоса, — шетінен би болған. Сонда олар билікке асқан бақ-дәулеттерімен емес, бойларына біткен әділдіктерімен, таза адамгершілік қасиеттерімен, ақыл-парасаттарымен заңды түрде жетіп отырған. Сөйтіп әр би өз заманындағы елдің, ру-ата көлеміндегі шаруа халықтың әрбір жыл маусымында айналып келіп отыратын өріс-қонысынан бастап, барлық тіршілігіне бас-көз болып отыратын болған. Сол билердің түп атасы Алдияр өмірден ертерек өтіп кеткен-де, оның жауынгерлік, азаматтық қызметін ілгері қарай інісі Мадияр жалғастырып әкетті. Ол XVIII ғасырдың алғашқы жартысында өзінің аталасы атақты қолбасшы Қошқарұлы Жәнібекпен бірге үзеңгі қосып, ұзақ уақыт бойы жоңғарларға қарсы соғысады. Сонда Алдияр ағасының баласы Жанұзақты үнемі қасына ертіп жүріп, ірі-ірі ел істеріне араластыра баулиды. Оның ержете келе Жанұзақ деп азан шақырып қойған аты ұмыт болып, Қарабалуан аталып кетуіне де сол ауызы уәлі Тархан Жәнібек батыр себеп болса керек. Ел арасында аңыз болып кеткен ол оқиға былай болады: Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін бір жыл өткенде қалың қазақтың игі жақсылары соның асына жиналады. Қасына он сегіз жасар Жанұзақты ертіп, асқа Тархан Жәнібек те келеді. Көп жыл бойы жаугершілікте болып, дәстүрлі жиын-мерекеден, той-томалақтан қол үзіп кеткен көңілі жарым ел сол жолы ескі жоралғыны еске алып, үлен жиын өткізеді. Арасында балуандар күресін ұйымдастырады. Оған кіші жүздің атақты Түйе балуаны да қатынаспақ болады. Бірақ бой-бітімі батырға біткен алып денелі қара күш иесіне қарсы ешкім шыға да алмайды, шыдай да алмайды. «Апыр-ай, орта жүзден бір әйел ұл таппағаны ма?» — деп Тархан қатты қынжылады. Сол кезде, «Би аға, дат; мен шығамын күреске!» деп белін буып жас жігіт Жанұзақ ілгері ұмтылады. Соған таң болған Тархан: «ал, сенің қандай өнерің бар, кәне айтшы», — дейді Жәнібек. Жанұзақ айтады:
«Бұдан да жасырақ кезімде үш жылғы тобылғының қурап қалған бір уыс бұтасын алақанға салып бұрап қалғанда, сорғалатып майын ағызатын едім», — дейді.
— Жә, олай болса, бердім батамды, жолың оңғарылсын! -дейді би атасы. Сөйтіп, атағы талай атырапқа тараған әйгілі балуан мен жас жігіт белдесіп ұзақ айқасады, бірін-бірі ала алмай көп аңдысады. Ақыры, жастық күш-қайраты басым түседі де, бір орайы келгенде Түйе балуанды жерге алып ұрады. Содан былай, жоғарыда айтқанымыздай, Жанұзақтың тол аты үмыт болып, ол Қарабалуан атанып кетеді. Өзі өмір бойы Шақшақ Жәнібекпен ажырамастай дос болып өтеді. Және бір қызығы, Мадияр көптен бері алыстан сыйласып, құрметтесіп жүрген Төле бимен жақын сырласып танысады да, екеуі құда болады. Үлкен бидің бой жетіп келе жатқан Ақжарқын атты жиен қызын Жанұзаққа айттырып, екі рулы елдің билері арқылы алыстағы ағайын арасында жақын жекжаттық карым-қатынас орнайды. Айтқандарындай-ақ, бөтен елге келін болып келген Ақжарқын жас басынан ағайынға сыйлы, алыс-жақын жақыбайларға қайырымды болып, ол да «Жақсы ана» деген қосымша атаққа ие болады. Халық арасындағы абырой-беделі Қарабалуанның өзінен кем болмайды, екеуінің жақсы атағы бүкіл өңірге мәлім болады. Енді жасынан Қарабалуан атанып кеткен Жанұзақ пен оның сүйікті жары Жақсы анадан тараған ұрпақтарға қайта оралайық. Бірін-бірі ұнатып, жастай жан жарастығымен қосылған жұбайлардан бірінен соң бірі жеделдете ақ сазандай төрт ұл келді дүниеге. Үлкені туғанда Қарабалуанның үйінде алыстағы ұлы жүздің белгілі биі, үй иесінің балдызы Жұмағүл деген кісі қонақтап жатыр еді, соның құрметіне жас нәрестенің есімін Жұмағүл қойды. Екінші ұлына ат қою рәсімі тіпті одан да гөрі орайлырақ болып еді. Сол кезде Орынбор шаһарында медресе бітіріп, Аркадағы қазақ арасына әдейі келген Ақмолла атты татар жігіті осы ауылға тұрақтаған екен, соның бір ұрпағы қазақ, татар, башқүрт халықтарына ортақ қадірменді саналған әйгілі Мифтахеддин Ақмолла ақын болып шығады. Сол өзі түскен үйдің жас босанған келінінің жоргектегі аппақ ұлын көргенде таңданған пішінде «ақ малай!» деп өз тілінде айқайлап жіберіпті. Оның түпкі мағынасы қазақтар ойлағандай «құл», «жалшы» емес, «ақ бопе» деген мағынаны білдіретінін түсінген үй адамдары нәрестенің тол атын «Ақмалай» атап кетсе керек. Бірақ ол түптің түбінде малай емес, ақылман ел ағасы, көреген саясаткер би болып шыққан. Бұл тұста айта кететін Ақмалайдың бір өзгешелігі, жасы 13-ке толғанда оны әкесі Қарабалуан әдейі нағашы жұртына жібереді де, ол әбден есейгенше Төле бидің тәрбиесінде болады. Талай ретоның үлкен істерге төрелік еткен мәжілістеріне қатынасып, бұл көп тағылым алады. Содан келген бетінде жас жігіт ағайын арасындағы бір мұрагерлік мүлік дауына қатынасып, шиеленіскен қалың таластың дұрыс шешімін тауып кетеді де, бірден әділдік атағы елге жайылады. 1933 жылдың тамыз айы. Ілияс Ташкенттегі окуын үздік бітіріп, жоспарлау-экономика мамандығы бойынша жоғары бі-лім алып шықты. Қалыптасып келе жатқан тәртіп бойынша Қа-зақстаннан жолдама алып келген жастарды еліне қайтару керек. Бүл автономнялы республика үкіметінің қарауына жіберілді. Астананың Қызылордадан Алматыға ауысқанын Ілияс сырттай білді. Бірақ барып көрген қаласы емес. Сондықтан онда тамыр-таныс дегеннен ешкім жоқ сияқты. Жалғыз-ақ білетіні — сонда Қыдыр Қонақов деген бір жамаағайын болса керек. Содан кейін бір есіне түскені — Ташкентте оқып жүрген кезде Алматыда тұратын Бөлебай Исабеков деген бейтаныс кісіден хат алған. — Шырағым, сені елдегі Ғалиев Садық деген ағайың іздеп таба алмай жүр екен. Сол кісі маған іздестіріп тауып бер деп хат жазыпты. Хабарласып, қайда, қандай күйде екеніңді біл-діріп түрсаңшы, — деп жазыпты. Өзінің адресін беріпті. Сырт-тай білетіні тек сол кісі ғана. Бірақ ендігі өріс-мекені сол жақта болған соң, бүл көп ойланып жатқан жоқ, тура жаңа астанаға қарай тартқан.
Жоғары білмді жас маманның Алматыға келуі, әрине, әжептеуір оқиға еді. Өзінде жоғары оқу орындары да, ондай дайын мамандары жоқ жас республиканың естияр қызметкерлері оны жылы шыраймен қарсы алып, қолайлы қызмет орнын қарастыра бастаған. Біреулер үлкен сауда мекемесінен сауатты жү-мыс беру керек деді. Енді біреулер: — Қой, кеңсе қызметіне жай адам да табылады, мұны өзіндей кадрлар даярлайтын оқу орнына пайдаланған дүрыс, — деген пікірлер айтты. Сонымен, әрі-бері ойластырып келгенде, Қызылордадағы сауда техникумына басшы қызметке жіберу керек деген ұйғарымға тоқтасты да, ондағы жергілікіі орындармен сойлескенде, ондай дайын кадрды куана қарсы алатындарын білдірді. Бірақ бүл мәселе де тез күнде шешіле қойған жоқ. Себебі, ондағы ко-оператив техникумы мен шикізат техникумы біріктіріліп, жаңадан кеңестік сауда техникумы кұрылғалы жатыр екен. Соның басқа да ұйымдастыру жұмыстары бірыңғайланғанша Ілияс біраз уақыт Алматыда жүріп қалды.
Ол босқа қарап жатқан жоқ. Жаңадан ашылып жатқан мә-дениет ошақтарын аралап корді. Жас театрлардың ойындарын қызықтады. Өзіне ана жолы хат жазған Бөлебай деген кісімен хабарласып еді, ол да бір сейілдеген ақ коңіл кісі екен, дереу үйіне шақырып алып танысты. Мұның ата-бабаларын, казіргі туған-туыстарын біледі екен, солардың бәрін әңгімеге ілік қы-лып, біраз жайларды еске алды. Арасында телефон соғып, Ға-бит Мүсіреповпен хабарласты.
— Ғабеке, менің ана жолы Сізге айтқаным бар еді ғой, өзіңіз білетін Ғалиев Салықтьщ бір інісі Ташкентте оқиды екен деп. Сол Ілияс окуын бітіріп, Алматыға келіпті. Қазір менің үйімде отыр, — деді. Ол кісінің не айтқанын жігіт анық естімесе де, сөзінен байқады. Үйге алып кел дегендей ишарат білдірген сияқты.
Айтқандай-ақ, Бөлебайға еріп бұл Мүсіреповтің үйіне де барды. Жазушы деп естігенмен, өзін анық білмейді. Бірақ жазғандарын оқыған. Әсіресе, «Тулаған толқында» деген үлкен шығармасы мен жеке әңгімелері есінде. Бірақ өзін көргендегі әсер мүлде басқаша болып шықты. Жас шамасы бұдан он шақты жас үлкен сияқты. Бірақ бой-басы, кескін-келбеті, сөйлеу мэ-нері мүлде өзгеше, бұл көрмеген бір керемет, өте салмақты, жай сөйлесе де шегелеп нық сөйлейді, кимыл-қозғалысының бәрі орнықты. Бұған байланысты көп айтқан жоқ, бірақ бүл үшін өте қымбат, жүрегіне жақын сөздер еді.

.

Ақындар айтысы Ілиястың Алматыға келіп, үлкен жұмыста істей бастағалы өзі белсене қатынасқан алғашқы шаруалардың бірі еді. Соның әсерімен мына араласқан қоғамдық-мәдени қызметін әрі қарай жалғастыра берді. Талай жауапты науқандарды бастан өткеріп, талай адамдармен істес бола жүріп ысылды, бірқатар тәжірибе жинақтады. Әр күннің, эр маусымның өзіндік ерекшелігі, қандай күрделі міндеті кездессе де қиналмай, жүйесін тауып атқара алатын дәрежеге жетті. Әр кезеңнің өз науқаны бар. Мәселен, 39-40-шы жылдарда талай соны міндеттер алға қойылды. Жалпы саяси ахуал жақсы болғанмен, соңғы кездері ел ішінде тәртіп, әсіресе ең-бек тәртібі қатая бастаған. Жұмыстағы енжарлық, дәлелсіз келмей қалушылық, ертеңгілік қызметке кешігіп келушілік сияқты жолсыздықтар қатты жазаланатын болған. Халықаралық жағдайдың шиеленісуіне байланысты азаматтық мекемелердің өзінде отан қорғау шаралары жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу жұмыстарына ерекше мән берілетін болды. Көптеген көпшілік қолды бұйымдар сауда жүйесінде күннен күнге азая берді. Сауда халық комиссарының орынбасарлыгына тағайындалып, алғаш рет Мәскеуге барған сапарында сондағы басшы қызметкерлердің, мамандардың ақыл-кеңестерін тыңдап, содан кейін ұлы астананың сауда орындарын аралап көргендегі ерекше шабыт берген көріністер де дәл қазіргідей көз алдында. Әсіресе Мәскеудің дәл жүрегінде, Қызыл алаңға жапсарлас көшенің тұтас бір бөлшегін алып жатқан «Мосторг» атты үлкен әмбебап дүкенді көргенде іштей қатты қызыққан.

.

Ілияс Омаровтың ¥лы Отан соғысы жылдарындағы сауда жұйесінде жауапты да жемісті жүмыс атқарғаны жоғарғы партия органдарының тарапынан ескерусіз қалған жоқ. Оның бұдан гөрі күрделі жұмыстарды да атқаруға мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізген басшылық мұны ҚазақКСР Халық комиссарлары Кеңесі Төрағасы орынбасарлығына жоғарылатты. Бұл едәуір мәртебелі, кең ауқымды, күрделі лауазым болатын. Кешегі кеңестік тәртіп кезінде мемлекет пен қоғам өмірінің барлық буындарында материалдық жағынан да, ұйымдық жағынан да кеңес органдарына соқпай кетпейтін, солардың тікелей араласуынсыз жұмыс түйіні шешілмейтін бірде-бір сала болмайтын. Демек, солардың барлығы келіп бір ғана өзінің құзырына тіреліп тұратын Үкімет басшысының орынбасары міндетін мінсіз атқару үшін сол сала, сатылардың барлығын өз басынан өткерген мол тәжірибелі адам болуы керек. Ілияс тәуекелден тайынған жоқ, белсене іске кірісіп кеткен. Және, әділін айту керек, бұрыннан өзіне таныс сауда саласы мен енді тікелей жүктеліп отырған мәдениет саласы ғана емес, күнделікті жұмыс үстінде орайы келіп қалған басқа жайттарда де ол әрдайым істің қыры мен қисынына қарай жөнін тауып, күрмеуін шешіп, тез арада көзге түсе бастады. Шынтуайтқа келгенде, бұл күрделі жұмыста қисыны келмей, күрмеуі теріс кетіп жатқан жайттер де аз емес еді. Тіпті күнделікті жұмыста тікелей қолбайлау болатын кедергілер де аз емес сияқты. Аз күннің ішінде, сыншыл, тың көзге мен мұндалап солақай көрініп тұрған бірсыпыра мәселелерді жинақтай келіп, қағазға түсірді де, Ілияс Үкімет кеңсесіндегі өзінен жоғары тұрған екі басшыға, Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы Н. Оңдасынов пен оның бірінші орынбасары А.П. Заговельевтің атына жазбаша хат түрінде табыс етті. Тақырыбы мынадай еді: «Халық Комиссарлары Кеңесі орынбасарларының жэне жалпы аппаратының жұмысын ұйымдастыру туралы ұсыныстар». Бұл «¥сыныстарда» мынадай бес түрлі мәселе қойылды: 1. Халық Комиссарлары Кеңесінің штаты туралы. 2. Бақылау ісінің ұйымдастырылуы. 3. Халық Комиссариаттарының өз-ара байланысы. 4. Жергілікті қызметкерлердің халкоматтармен байланысы. 5. Халкоматтар Кеңесі аппаратындағы бөлімдердің жұмысы.

.

Үлкен ойшыл Омаровтың пікірінше адамдар өмірінің рухани жағы жалпы қоғамның жарасымды дамуы барысында маңызды орын алуға тиіс. Ол өзінің саяси бағдарында «ұлттық» деген ұғымды елжандылық, отансүйгіштік деп білді. Оның ұғымында патриот деген өз елі мен халқы үшін қара басын құрбандыққа шалуға сақадай сай адам деген сөз. Осы талаптарға сай келу үшін өзі де ақыл-ой, іс-әрекетін бастан аяқ өскен ортасына, туған халқына, сүйікті еліне қалтқысыз қызмет етуге арнады, шынайы патриотизм үлгісін паш етті. Қазіргі Қазақстан қоғамы үшін патриотизм сезімін тәрбиелеу ең маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Шынайы елжанды, отансүйгіш жандардың қауымы ғана Елбасымыздың Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдерінің қатарына қосу ойын жүзеге асыра алады. Осы орайда Ілияс Омаровтың күллі саналы өмірі, сындарлы қызметі, шығармашылық мұрасы нағыз елжандылықтың ең тамаша үлгісі деп ойлаймыз. Қазақстанның бұрын-соңды мемлекет қайраткерлерінің арасында баспасөзбен дәл Ілияс Омаровтай тығыз байланыста болғаны кемде-кем шығар. Ол өзінің ой-толғамдарын, бастамашылық идеяларын алдымен газет-журналдарда жариялап, жұртшылықпен пікір алмасып отырган. Кейде сол тұстағы саясаттың шеңберінен шығып кетіп, соны пікірлерін ортаға салған. Жұмыстағы жаттандылықты, таптаурын тәсілді, жоғары жақтың айтқанын ғана орындап, өз бетімен ізденбеушілікті, биліктің құлақкесті құлына айналған жаппай атқарушылықты сынап, жаңаша ойлап, жаңа белестерге ұмтылуға үндеді. Бұл тұрғыда ол өзінің дарынды да шалымды, пайымды публицист екенін кәміл танытты.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.