Иммундық жүйе

Главная » Рефераттар » Иммундық жүйе

Иммундық жүйе ағзаны генетикасыз жасушалардан немесе сыртқы өсерден, немесе ағзада пайда болатын зиянды заттардан сақтап тұратын ұлпалар мен мүшелер болып табылады. Иммундық жүйенің мүшелері лимфойдты ұлпадан түзіліп, өмір бойы адам агзасының ішкі ортасын бір қалыпты сақтайды. Ол мүшелер иммундық қасиеті (түрлі ауруға қарсы тұра алады) бар лимфоциттер мен плазмоциттерді жасап, қорғаныш қызметіне қатыстырады. Мұны орындауға Т және В — лимфоциттері қатысады.

Иммунды жүйе мүшелеріне жілік кемігі (майы), айырша без (тимус), түйінбездер, талақ, аскорыту мен тыныс жүйелерінің қуысында болатын түйінбез шоғырлары, сокыр ішек пен мықын ішектегі түйінбездер, бадамшалар жатады. Олар иммуногендік қызметіне карай орталық жөне шеткі иммундық мүшелер деп бөлінеді. Орталық мүшелерге айырша без, жілік майы, соқыр ішек пен мықын ішектердегі мүйінбездер, ал шеткісіне — бадамшалар, асқорыту мен тыныс жүйесінің қуысындағы түйінбездер және талақ жатады.

Айырша без—иммуногендік орталық мүше. Без туралы «Ішкі секреция бездері» деген бөлімде айтқанбыз. Бұл безге жілік майынан шығатын ерекше (бағаналық) жасушалар қан арқылы келеді. Осы жасушаның иммундық (иммунитеттік) қабілеті жетіледі, сөйтіп Т-лимфацитіне айналады. Қорғаныш қызметін атқару үшін лимфоциттер қан мен сарысу қосылады. Айырша без қандағы Т-лимфоциттердің қызметіне әсер ететін «тимиялық (гуморальдық) фактор» деген сұйықтық зат шығарып тұрады. В-лимфоциттерінің беткі қабаттарыңда қабылдағыштары (рецепторлары) болады. Сол сезгіш иппараттары арқылы ағзадағы антигендерді сезеді. Сөйтіп, күрделі иммундық реакцияға кіріседі де антигенге қарсы антитела немесе иммуноциттер түзеді.

.

Иммунды жүйе мүшелері адам денесінде қалай болса солай орналаспай, белгілі төртіппен ретпен орналасады. Ол мүшелер ағзадағы микрофлорасы көп шоғырланатын генетикасыз туындылардың денеге өтеді-ау деген жерлерінде шоғырланады. Адам денесінде иммундық жүйе мүшелерінің жалпы салмағы (жілік майынан басқасы) шамамен 1,5—2 кг болады.

Лимфоидты ұлпадан түзілген тақ санды тіл бадамшасын (тілдің түбінде орналасады); жұп санды тавдай бадамшасын (тіл мен таңдай аралық шұңқырына орналасады), тақсанды жұтқыншақ бадамшасьш (жұтқыншақ тесігімен оң және сол жақ дыбыс түтігінің аралығында орналасады) және жұп санды түтікті бадамшасын, (бұл да жұтқыншақ тесігі мен дыбыс түтігінің аймағында орналасады) ерекше атауға болады.

Жілік майы. Қан жасайтын жөне иммундық мүше — сүйек майы ересек адамның жілігінің кемік затында орналасады. Эмбриондық даму кезеңінде жіліктің түтік бөлігіндегі жілік майынан да қан жасалады. Ересек болғанда жіліктің диафиздегі майы оның сары майына алмасып, нағыз май жасушаға айналатындықтан, қан жасау қызметін тоқтатады. Жіліктің кемік бөлігіндегі майлар қызыл майға айналады. Кеміктің қызыл болып көрінуі майда қылтамырлардың өте көп болуына байланысты.

Кеміктік қуыстардың арасында орналасқан май қан жасайтын ұлпаға айналып, одан үздіксіз қанның қызыл түйіршіктері, гранулоциттер жөне тромбациттер пайда болып отырады.

Сондай-ақ иммундық жүйеге қажетті жасушаларда Т-лимфоцитіне біздері осы жілік майларынан шығатыны да анықталды. Қызыл түйіршік жетілгенше бірнеше кезеңнен өтеді (ол гистология жөне гемотология пөнінде толық қарастырылады). Жетілген эритроциттер жөне гранулациттер ретикулярлы ұлпалардың кеңейген қойнауларындағы қылтамырларға еніп, қанайналым жүйесіне қосылады. Түйінбездер сарысу тамырларының бойыніа орналасқаны туралы жоғарыда баяндадық. Түйін-бездер, бадамшалар, дара фолликульдер, ішектің фолликульды білеуі жөне талақ лимфоидты мүшелері иммундық жүйенің шеткі мүшелеріне жатады.

Талақ немесе көкбауыр — қарын мен көкеттің аралығында, сол жақ қабыртқа етегінің астында орналасқан жалғыз мүше. Ол қызметі жағынан қанайналым жөне сарысу жүйесімен тығыз байланысты болады. Талақтың бір жағы дөңес, екінші беті ойыс болып келеді. Оның ұзындығы — 12 см, ені — 8 см, қалыңдығы — 1 см, салмағы —150—200 г. Бірақ, талақтың көлемі мен салмағы өр ғалымда әр түрлі беріліп, оның физиологиялық жағдайы да жиі өзгеріп тұрады. Талақтың түсі — қызыл-күрең, оны екіге бөлсе ақ жөне қызыл зат — жұмсақ еттен түзілгені жұмсақ зат екені байқалады. Талақтың тұрқы IX—XI қабыртқалардың аралығына тура келіп жатады.

.

Талақтың деңес жағын — көкеттік беті ойыс жағын ішкі беті деп атайды. Осы екі беттер бір-бірінен төменгі доғал жиегі және жоғарғы қырлы жиектер арқылы ажыратылады. Ішкі бетінен қантамыр және жүйкелер енеді. Оны талақ қақпасы дейді. Талақ қақпасының айналасына қарын, бүйрек, ұйқыбез және тоқ ішектері сығылып, шектеліп жатады. Осыған орай, талақта, қарынның, бүйректің жөне ішектің ойыс іздері болады. Талақтың ішкі бетінен баска барлық жерін ішперде каптап жатады. Оның кақпасынан шыккан екі байлам: қарынталак және көкетталақ байламдары арқылы орнығады. Оның қарын-талақ байламының бойында кішкене қосымша талақ бөлшегі болады.

.

Талақтың құрылысы. Ол сілемейлі қабат жөне сір қабатпен оралады. Осы бір қабаттан ішке қарай төмен батыңкырап перделер жатады. Ол перде тереңдеп барып бірі-бірімен косылады немесе жеке қалуы да мүмкін. Осылай көлденең салмалар түзіледі. Көлденең салмалардың аралығы майда қантамырлардың әрімі мен қан жасушасы, нөзік ретикулярлы ұлпадан түзілген қоймалжың затқа толы болады.

Талақтың артерия тамырының бойында сарысулық фолликуласы немесе мальпигий түйіршігі орнадасады. Талақтың ақ жұмсақ еті лимфоидты ұлпадан түзіледі. Онда талақ түйіршігі орналасады. Осы малытигий түйіршелерінен иммундық қасиеті бар лимфациттер пайда болады. Ал қызыл жұмсақ ет ретикулярлы ұлпадан түзіліп, одан қанның қызыл түйіршігі (эритроцит) пайда болады.

Талақтың қызметі қан жасайтын және иммундық қызметінен басқа, тіршілігін жойған қызыл түйіршіктерді ыдырататын жер болып есептеледі, яғни тіршілігін жойған түйіршіктер талақта жойылады. Сондықтан кейде адамдар қандағы зиянды ауруға шалдыққанда (мысалы, безгек ауруы) оның канындағы қызыл түйіршіктердің мың-мыңдап қырылуынан талақ өте үлкейіп кетеді. Талақта ыдыраған қызыл түйіршіктердің құрамындағы гемоглобиндер бөлініп, вена аркылы бауырға келіп, онда өттің бояуын(пигментін) түзуге қатысады. («Қан жөне оның кызметі» деген тақырыптағы «қанның қызыл түйіршігі» дегеннен қараңыз. Бұдан басқа талақ қан сақтайтын қойма қызметін атқарады. Осылай талақ қан қысымын реттеуге де қатысады. Бірақ, адам талақсыз да тіршілік ете алады.