Интернет желісі

Главная » Рефераттар » Интернет желісі

Интернет желісінің тарихы өткен ғасырдың орта тұсынан бастау алады. 1957 жылы Америка Құрама Штаттарында Перспективалық жұмыстарды іске асыратын Агенттік (АRPA) құрылған болатын. АҚШ қорғаныс министрлігіне қарасты бұл агенттік әскери істермен шұғылданатын. Осы мәселемен шұғылданған ғалымдар Американың әр түрлі штаттарында орналасқан ғылыми зерттеу институттарының компьютерлерін бір-бірімен сенімді де тиянақты түрде байланыстыратын компьютерлік желіні құруды алдарына мақсат етіп қойды. Осы желі 1969 жылдың қаңтар айында іске қосылып, Америка Құрама Штаттарының әр түкпірінде орналасқан төрт компьютерді бір-бірімен бірнеше минутқа ғана байланыстырды. Аrpanet деп аталған бұл ақпараттық желі бір жылдан кейін ғана толыққанды жұмыс істей бастады. Аrpanet ғалымдарға бұрын болмаған тамаша мүмкіндіктер бере бастады. 1404241971_webtun.com_7m4ymtuМысалға бұл желінің көмегімен Техас штатыңда жұмыс істеп отырған зерттеуші ғалым өзіне қажетті ақпаратты алу үшін Аляскадағы әріптесінің компьютеріне сұраныс жібере отырып бар-жоғы бірнеше секундтің ішінде керекті жауабын алып отыратын. Аrpanet желісі жыл өткен сайын дамып, ұлғайа бастады. Алғашында эскери мақсатта ғана қолданылған бұл желі уақыт өте келе азаматтық ұйымдарға да жұмыс істей бастады. Аграпеі желісін пайдалану құқығына алғашында тек ірі лабораториялар ие болса, бертін келе шағын лабораториялар да осы желіні қолдана бастады. Кейін бұл желіге АҚШ-тың беделді жоғару оқу орындары да қосыла бастады. 1973 жылы Аграпеі желісі екі мемлекеттің компьютерлерін байланыстырды, осы кезден бастап желі халықаралық желі атауына ие болды. Аrpanet желісінің жедел дами бастағаны соншалық, ондағы мэліметке қатынаудың
механизмін толықгай өзгерту қажеттілігі туындады. «ТСР/ІР протоколы» деп аталған бұл механизм 1983 жылы жұмыс істей бастады. ТСР/ІР протоколының пайда болуы пайдаланушылардың Интернетке қарапайым телефон желісшің көмегімен қосылуына мүмкіндік берді. Бірнеше жылдан кейін бұл желінің тағдырын шешкен маңызды оқиға болды. Аграпеі желісі екіге бөлінді. Бір кездері біртұтас болған желіден олардан байланысын үзбей отырып бірнеше «ғылыми» желілер бөлініп шықты. Әскери желілер де бөлініп шыға бастады: оларды MILNet деп атады. Бөлініп шыққан желілердің біріне NSFNet деген атау берілді Дәл осы желі қазіргі Интернеттің негізін салды. 20-ғасырдың соңында Интернет желісі жылдам үрдіспен дами бастады. Бар-жоғы алты жыл уақыттың ішінде интернетке қосылған компьютерлердің саны 100 есеге дейін артты. 90-жылдардың басында Интернеттегі ақпараттың көпшіліп графикалық түрде ұсыныла бастады. «Web-парақтар» деп аталған бұндай парақтарда ақпаратты тек мәтін түрінде емес, графикалық түрде де ұсыну мүмкіндігі пайда болды. Кейін интернеттегі ақпаратты мультимедиа түрінде (дыбыс және видео) үсыну әдісі кең тарады. Ақпаратты ұсынудың бүндай әдісі интернетті тек арнайы мамандардың ғана емес, қарапайым пайдаланушылардьщ да қолдануына толық мүмкіндік берді Интернет қызметтеріне деген сұраныс жыл өткен сайын арта түсті. Интернетке қосылатын компьютерлердің саны жыл сайын екі есеге дейін артып отырды. 1995 жылы Интернет — жер бетіндегі барлық елдер мен континенттерді байланыстырған орасан зор компьютерлік желіге айналды. Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты таратуға арналғандары: WWW, FTP, Telnet, т.б. электрондық мәлімет алмасу үшін: E-mail, Usenet, ICQ, IRC, IP-телефония және басқалары.

.

201410301414634500489807Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әр түрлі функцияларын атқарады, оның үстіне олардың кейбірі ескіріп жойылса, кейбірі жаңадан туындап келеді. Осылардың қазіргі желілерде жұмыс істейтін негізгілерінің қысқаша сипаттамаларын қарастырып өтейік World Wide Web (қысқаша WWW немесе Web) — Интернеттің ең танымал қызметі, оны Бүкіләлемдік өрмек деп те атайды. WWW-те ақпараттың ұсынылуы гипермәтіңдік сілтемелердің мүмкіндіктеріне негізделген. Гипермәтін деп құрамында басқа құжаттарға сілтемелер болатын мәтін түрін айтады. Гипермәтіндер кейбір құжаттарды қарай отырып, мағынасы осыған сәйкес басқа ақпарат көзіне жылдам әрі оңай ауысуға мүмкіндік береді. Ол ақпарат мәтін, сурет, дыбыстық файл немесе кез келген www-де кездесетін басқа ақпарат түрі болуы мүмкін. Гиперсілтемелер арқылы байланысқан бұл құжаттардың әр қайсысы бір-бірінен ондаған мың шақырым қашықтықта, яғни жер бетінің кез келген бұрышында орналасуы мүмкін. World Wide Web қызметі — электронды күжаттардың ерекше түрі — Web-кұжаттарза немесе қарапайым түрде Web-парақтар деп аталатын құжаттарға қол жеткізу үшін қолданылады. Web-парак дегеніміз құрамында мәтіннен басқа арнайы форматтау командалары мен құрамдас объектілер(суреттер, аудио және видеоклиптер, т.б.) болатын электронды құжат түрі. WWW мен оеың программалық жабдықтары — желінің ең қуатты, әрі болашағы бар құралдары. WWW негізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы — НТТР ( Hyper Text Transfer Protocol) арқылы жұмыс істейді, ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (HyperText Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады. Электронды пошта — интернеттің танымал қызметтерінің бірі Электронды поштаның көмегімен пайдаланушылар көлемі шағын хабарламаларды ғана емес, сонымен қатар мәтіндік кұжаттарды, суреттерді, программаларды жібере алады. Электронды поштаның қарапайым поштадан басты артықшылығы — оның ақпаратты жеткізу жылдамдығында. Мысалға дәстүрлі поштаның көмегімен жіберілген хабарламаның белгіленген мекен-жайға жетуі үшін бірнеше күн, кейде тіпті бірнеше апта қажет болса, электронды пошта — қажетті хабарламаны бірнеше минут (кейде тіпті бірнеше секунд) ішінде жеткізеді. Оның басты себебі — электронды поштаны тасымалдау үшін пошта қызметкерінің (почтальон) немесе қандай да бір жүк машинасының қажеті жоқ. Электронды поштаны жеткізу үшін телефон желілері мен спутниктік байланыстар қолданылады. Электронды пошта байлынысы анағұрлым сенімді байланыс құралы болып есептеледі. Әрине компьютерлерде де техникалық ақаулар болып, мәліметтер жоғалып кетуі мүмкін. Бірақ мұндай жайттар практикада сирек кездеседі. Чат (chat — сөйлесу )- интернет пайдаланушылардың бір-бірімен нақты уақыт режиміңде («online» — ағылшын тілінен аударғанда «желі бойында», «байланыста» деген мағынаны білдіреді) сөйлесуше мүмкіндік береді. Чаттың жұмыс істеу принципі телефонмен сөйлескенге ұқсайды десе де болады. Сөйлесіп отырған адамдар өздеріне қажетті жауапты сол мезетте алып отырады. Алайда бұндай байланыс түрінде сөйлесушілер негізінен дауыстық мәліметтер емес, мәтіндік хабарламалар түрінде ақпарат алмасып отырады. Интернет көрсететін қызмет түрлері электронды поштам бүкіләлемдік өрмек және чатпен ғана шектелмейді. Интернетте сонымен қатар Форум, FTP, Telnet секілді т.б. танымал қызмет түрлері кездеседі. Жыл сайын жаңа технологиялар мен қызмет түрлері пайда болып, интернеттің адам өміріндегі рөлі мен маңызы арта түсуде.

 

.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.