Интонация дегеніміз не? қазақша

Home » Рефераттар » Интонация дегеніміз не? қазақша
Рефераттар Комментариев нет

Интонация — маңызды тіл құралы. Түрлі интонациямен айтылған әр сөйлем әр түрлі мағына береді. Интонация айтылған пікірлердің мағыналық және эмоциялық айырмашылықтарын береді; сөйлеушілердің көңілкүйін, олардың әңгіменің тақырыбына, бір-біріне деген көзқарастарын білдіреді.
Интонация арқылы негізгі қатынастық мағыналар: байлам, сұрақ, таңдану, ынталану білдіріледі. Интонация ауызша сөзді жазба сөзден ерекшелендіреді, оны байытып, әсерлендіріп, оған қайталанбас дербес сипат береді.

Ауызша тілде интонация:
— фразаның соңын;
— оның аяқталғанын, не аяқталмағанын;
— сөйлемнің қай түрге жататындығын (хабарлы, сұраулы, лепті) білдіреді.
Жазба тілде интонацияны оқушы тыныс белгілері арқылы біледі.
Интонацияның ауызша тілді жазба тілден ерекшелендіретіндігі туралы тіл ғалымы А.Б. Шагіиро былай дейді.
«__ ауызша тілде біз көп кідіріс жасаймыз, тонын
көтеріп, не төмендетеміз, сөз екпінін баяулатып, не жылдамдатамыз, т.б. Олар еш уаңытта жазба тілде белгіленбейді және белгіленуі де мүмкін емес, себебі ол үшін қаншама көп әр түрлі белгілер керек болар еді, шамамен алғанда музыкалың мәтіндерге ңажет белгілерден көп болмаса, аз емес».

Тарихта тағы бір мынандай оңиға саңталған:
Геохимия ғылымының негізін салушылардың бірі академик А.Е.Ферсман Д.И.Менделеев туралы баяндама жасайды. Сол баяндаманы тыңдаған академик Б.М.Кедровтың естелігінен үзінді келтірейік: «Сөз алып, Ферсман орнынан тұрды да, бас изеп сәлемдесті. Содан соң сөйлеп кетті, Менделеевтің ғылыми ерлігін Энгельстің қалай бағалағандығы туралы алғашқы сөздерді айтты. Содан соң кенеттен сөздер ғайып болды. Айтылып жатңан сөздер, бейне бір музыка сарыньша айналып, бір жалпы аккордңа ңосылып, бүкіл залды кернеп кеткендей болды. Үнсіз ңалған адамдар, төбе мен ңабырғалар, президиум столы, тіпті баяндамашының өзі де көзге көрінбей, тек бір көріністен кейін бір көріністі беріп жатқан дауыс қана қалды. Бүл нағыз, барып түрған ақындың шабыт еді. Аса мәнерлі де, мәнді түрде айтылған шешен ойлар тыңдаушылардың көз алдында, табан астынан пайда болған еді. Баяндамашы сөзін аяқтады. Залда құлаққа ұрғандай тыныштық. Барлығы да бейне бір аңын оңыған дастан тыңдағандай таң қалып, аңырып қалыпты».

Ферсманның сөзін баспасөзде жариялауға шешім ңабылданады. Б.М. Кедровңа баяндаманың толың жазылған стенограммасын алып келеді.
«Мен оны оқи бастадым, — деп еске түсіреді. Б.М.Кедров. — Сөздері сол қалыпы, бірақ сүреңсіз, үйреншікті сөздер. Дыбыстық түрін жойған, айтылмаған сөздер қандай ә? Ондайда интонация, екпін дегендердің бәрін шешеді ғой. Небір жалынды сөздер ңағазға түскенде барлың сәні мен әрін жоғалтады деген осы емес пе. Кенеттен көңілім жабырқап сала берді». Көбінесе тыңдаушы естіген сөздердің мәнінен гөрі айтылу интонациясына көбірек сенеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.