Ірі қара мал тұқымдары

Главная » Рефераттар » Ірі қара мал тұқымдары

Голландия тұқымы. Бұл тұқым жергілікті жерде іріктеу, жұптау тәсілдерін қолданып, жақсы бағып-күтуге байланысты шыққан. Әзіргі Голландия ірі қара малының тұқымы XX ғасырдың басында қалыптасқан. Голландияның қара-ала сиырының тұқымы өте ірі, дене бітімі мен сүйегі мықты, еті жақсы жетілген, дене бітімі әдемі сиырларының тірілей орташа салмағы 550-600 кг, бұқаларынікі 800-1000 кг, орташа сүті 5200 кг, майлылығы 4,1%, ақуызы 3,32-3,55%, бұзауларының туғандағы тірілей салмағы 36-42 кг. Бұл тұқым тез өсіп дамиды және еттілік қасиеті жақсы. Бордаңыланғаннан кейінгі ұша шығымы 55-60%ға жетеді. Осындай тұқымының асылдығына байланысты Голландия ірі қара малының тұқымын көптеген мемлекеттерге жерсіндіруге әкеле бастаған. Мысалы, Голландия ірі қара малын Англияға, Францияға, АҚШ-қа, Канадаға, Жаңа Зеландияға, Жапонияға әкелген. Қазіргі уақытта бұл ірі қараның тұқымын 50 мемлекетке әкелуде. Бірінші рет Россия жеріне XVII ғасырдың аяғында XVIII ғасырдың басында әкелген. Бұл тұқым Россияда жергілікті холмогор, тагил, украинның ақбас және бестужев ірі қара малының тұқымдарын шығаруға көп әсерін тигізді. Голландия ірі қара тұқымы одағымыздағы әулие-ата және бушуев ірі қара тұқымдарын шығаруда көп рөл атқарады.
Кейінгі уақыттарда Голландия АҚШ-тың Голштин ірі қара малдарының түқымдары одағымыздың шаруашылықтарына әлі де әкелінуде. Бүл түқымның төлдері РСФСР, Украин, Белоруссия, Литва республика-ларының шаруашылыңтарында шоғырланған. Бүл шаруаіпылықтардағы сиырларының сүт өнімі өте жоға-ры, орташа сүті 4000 кг-нан 5500 кг-ға дейін, ал майлы-лыгы 4,0-4,2%.
Қара-ала тұқымы. ТМД-да аса сүтті түқымға жата-ды, әр аймаңта жергілікті сиырларды Голландияның қара-ала түқымымен шағылыстыру арқылы шьщңан. Жеке ірі ңарамал түңымы болып 1959 ж. бекітілген. Осы түңымның малы Орталық Россияда, Жайықта және Сібір аймақтарында шоғырланған. Украинаның Львов және Хмельницкий облыстарында тараған. Қазіргі уаңытта Киев, Харьков, т.б. Украина облыстарының шаруашы-лыңтарында шоғырлануда. Кейінгі уақытта Белоруссия жерінде де тарауда.
Қара-ала ірі ңарасы сүтті түңымға жатңандыңтан, сүттілігі өте жоғары, дене бітімі мықты, сырттан ңара-ғанда әдемі, түсі ңара-ала. Сиырларының тірілей салмағы 550-650 кг, бүңаларының 850-950 кг, кейбір бүңалары 1100 кг-ға жетеді, үша шығымы 50-55% . Бүзауларының туғандағы тірілей салмағы үлкен (32-40 кг). Төлдерінің -өсіп-дамуы жақсы, орташа тәулік салмағы 800-1000 кг-ра дейін өседі. 15-16 айлық тайыншалары 420-480 кг-ға жетеді. Асыл түқымды мал зауыттарында сиырларының орташа сүттілігі 5500-6700 кг болса, майлылығы 3,8-4,0%. Аса сүтті сиырлары Ленинград облысы «Петров» асыл түңымды мал зауытында шоғырланған. Бүл шаруа-шылықта 1986 жылы орташа әрбір 1100 сиырдан 6861 кг-нан сүт сауса, оның майлылығы 3,92% — ға жеткен.
Бүл түқымның Волга ЕГП-339 атты сиырынан 305 күн ішінде 17517 кг сүт сауып, оның майлылығы 4,2% жет-кен, ал осы шаруашылықтың Россиянка атты сиыры-нан 1987 жылы 19162 кг сүт сауылған. Қара-ала ірі ңара малы Одағымыздың қандай айма-ғында болмасын жақсы жерсінеді, ңазіргі уақытта Ук-раина, Белоруссия, Өзбекстан, Қазаңстан, т.б. респуб-ликаларда да шоғырланған.
Голштин тұқымы. Бұл тұқым АҚШ пен Канадада голландияның ңара-ала түңымы арқылы шыңңан. Ал-ғашқы уақытта шығарушы фермерлер жаңа түқымның сүттілігіне және өсіп-жетілуіне көп көңіл бөлген. 1871 жылы АҚШ-та голштин ірі ңарамалын өсіру ңоғамы ңүрылған.
Голштин сиырларының орташа тірілей салмағы 670 кг-нан 700 кг-ға дейін, бүқаларынікі — 960 кг-нан 1250 кг дейін. Еркек бүзауларының туғандағы тірілей салмағы 44-47 кг, үрғашыларынікі 38-42 кг. Голштин малының сыртңы бітімі сүтті түңымға үқсайды. Биіктік шоғы ор-таша — 144 см, бүқаларынікі — 158-160 см. Ғалымдардың дерегі бойынша голштин сиырларының желіні тостаған немесе ңазан тәрізді, әрі желіні өте аумаңты, соған байла-нысты тәулігіне 2 рет ңана саууға болады, сауу жылдам-дығы 2,37 кг/мин.
Бұл тұқымның дене бітімі мықты, түсі ңара-ала, түсі ңызыл ала сиырлар да кездеседі. Қазіргі уақытта голш-тин малының ңызыл-ала түңымы да шыңңан.
Сүттілігі жағынан голштин түқымы дүние жүзінде бірінші орында. АҚШ ғалымдарының дерегі бойынша 1981 жылы Голштин түңымының сақа сиырларынан орташа — 7418 кг сүт сауса, ал сүтінің майлылығы -3,61% болған, айршир сиырларынан — 5519 кг және 3,89% , гернзей сиырларынан 4991 кг жөне 4,59%, джер-си — 4784 кг және 4,83% , шортгорн сиырларынан 5193 кг және 3,61% . АҚШ-тың көптеген асыл түқымды шаруа-шылықтарында өр сиырдан 9000 кг-нан астам сүт сауу-да. Сондықтан голштин ірі ңара малы әлемге кеңінен тарауда. ТМД елдеріне, әсіресе 70-жылдары көбірек әкеле басталады. 1988 жылы КСРО-да 137 іпаруашылық голштин ірі қара мал түқымын өсірумен айналысуда. 1987 жылғы санақ бойынша голштин ірі қара малының қара-алатүсті сиырларының саны 1 млн-нан асты, олардың сүт өнімі басңа сиырлар түқымына ңарағанда 230 кг-ға дейін артық. Бүл түңым жаңа сиыр түқымдарын шығару үшін ңолданылуда.
Әулие-ата тццымы. Қазаңстанның оңтүстігінде және Қырғызстанның Талас өлкесінде өсіріліп шығарылған. Оны өсіріп шығарура голландия мен ңазаң (қырғыз) ірі ңаралары ңатынасты. Дене түлғасы жағынан голландия ірі қарасына үңсайды.
Түсі қара-ала, қара. Кейінгі 25-30 жылдың ішінде, асылдандыру жүмысының нәтижелі болуының арңасын-да іріленді, дене түлғасы кеңейді. Қазіргі дене өлшем-дері қара-ала түқымды қаралардан онша кем емес. Түрқы созыңқы, бөксесі жақсы дамыған. Желінінің үлкендігі орташа, пішіні жағынан әр түрлі.
Асыл тұқымды шаруашылыңтардағы орташа сүт өнімділігі сауу маусымы үш және одан да көп ірі ңарала-рынікі 2500-3500 кг-ға дейін, ал сүттерінің майлылығы 3,8-4,0%. Үлкен ірі ңараларының орташа тірілей сал-мағы 550 кг-ға дейін жетеді.
Бүңаларының тірілей орташа салмағы 780-850 кг. Бордаңыланган пішпелерінің, өгізшелерінің және ірі қараларының еттілігі жаңсы, ет шығымы 49-55%-га дейін.
Бүл ірі қараның түңымы жергілікті жағдайда (Қазақ-станның оңтүстік облыстарына) жаңсы бейімделген. Қан тамырларының зиянды ауруларына өте төзімді және ол ауруларға көп шалдықпайды. Сондыңтан бүл түңым Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы ең негізгі ірі ңара мал болып табылады. Әулиета ірі қара-сының асыл түңымдарын өсіру жүмысымен оңтүстік облысының «Победа», «Октябрь», «Пахта-Арал», «16 Турксіб», ал Тараз облысының «Жамбыл» қант-қызылша інаруашылығы айналысады.
Бұл тұқымның ең жақсысы Атлас 490, Веселый 1047, Борьки 9041 және Абрикос бүқаларының ізінен тараған. Ірі қара сүтінің майлылығын арттыру жағынан Атлас 490 ізінің бүңалары үлкен әсер еткен. Олардың үрпақ-тары да өте жаңсы өсті.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.