Іс-әрекет және тұлға дамуы

Главная » Рефераттар » Іс-әрекет және тұлға дамуы

Дамуға нәсілдіктің, қоршаған ортаның және тәрбиенің ықпалына қосымша әсер ететін аса маңызды жағдаяттардың бірі — бұл тұлға іс-әрекеті. Іс-әрекет ұғымы қандай да өнімдік жұмысты орындау үшін жасаған адам қимыл-қозғалыстарының бәрін аңдатады.
Тарих тұңғиығынан іс-әрекет бабында небір дана бақылаулар бізге дөйін жөткен: «Баланың немен жәнө қалай шұғылданатынын айтсаң, оның қандай адам болып жөтілетінін айтып беремін»; «Қаңғыбас болғанның ешқайсысы да дегеніне жете алмаған»; «Қанша төр төксең — сонша өмерсің»; «Адам өз бақытының ұстасы»; «Ерте тұрғанның ырысы артық»; «Еңбегіне қарай — сый-сияпаты»; «Өнерілінің қолы гүл» т.б. Даму нәтижелері мен іс-әрекет қарқындылығы арасында тікелей байланыс бо-латыны айдан анық. Бұдан даму үдерісінің жәнө бір жалпы заңдылығы ашылады: оқушы неғұрлым бөлгілі салада көбірек іс-әрөкет жасаса, оның сол саладағы даму деңгейі соншама жоғары келеді. Әлбетте, бұл заңдылықтың шексіз қолданыла беруі мүмкін емес. Ол жағдай әрбір адамның қабілеттеріне, жасына, іс-әрекеттің өзінің қарқындылығы мен ұйымдасуына тәуелді көледі.
Іс-әрекөт барысында адамның жан-жақты және біртұтас тұлғалық дамуы жүріп жатады, оның қоршаған дүниегө көз-қарас, қарым-қатынасы қалыптасады. Таңцалған іс-әрекет көзделген тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал етуі үшін оны қажетті деңгейде ұйымдастыру және келелі бағдарлап отыру қажет. Бұл тәрбие тәжірибесінда өте күрделі іс. Өкінішке орай, көп жағдайларда осы күрделілік даму мүмкіндіктерін шектейді; кейде тәрбиеленушілер ең қажетті болған жағдаяттарға — қоғамдық, еңбек, таным әрекеттеріне белсенді араласа алмай, енжар бақылаушы күйінде қалып, дайын ережелерді жаттаудан ары өте алмайды.
Балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерінің негізгі түрлері — ойын, оқу еңбек. Бағдары бойынша іс-әрекет танымдық, қоғамдық, спорттық, көркем өнерлік, техникалық, кәсіптік, қүмарлық (гедоникалық) болып ажыралады. Барлық жастағы оқушылардың іс-әрекеттерінің ерекше түрі — тілдесу, қатынасу (ортақтасу).
Іс-әрекет сипаты бойынша белсенді (актив) және енжар (пассив) болуы мүмкін. Тіпті, құрттай ғана сәбидің өзі бел-сенді тіршілік иесі болып көрінгенді қалайды. Ол жасына қарамай, үлкендерге, қатарына қандай да талаптар қояды, төңірегіндегі кісілерге, заттарға, болып жатқан оқиғаларға өз қатынасын білдіруге тырысады. Уақыттың озуымен қоршаған орта және тәрбиенің ықпалы арқасында белсенділік көтерілуі де мүмкін, көйде төмендеуі де ықтимал. Мысалы, адам көп жұмыс істеуі мүмкін, бірақ іске құлықсыз, көңілі құламай, орын-дауы қалай болса, солай — енжар. Әлбетте, мұндай іс-әрекет адамды жоғары нәтижелерге жеткізбейді. Дамудың тиімді бо-луы іс-әрекеттің белсенділігіне, көңіл-күй жарасымдылығына тәуелді. Адам таңдаған ісіне жан-тәнімен кірісіп, өзіндегі бар мүмкіншіліктердің бәрін іске жұмылдырып, өзін кемелден-ген тұлға ретінде көрсете білуі қажет. Мұндай қызмет адамға қанағат ләззатын әкеліп, шабыт пен қуаттың көзіне айналады. Сондықтан да, іс-әрекеттің маңыздылығы оның өздігінен ғана емес, сол әрекетте көрінетін тұлға бөлсенділігінің деңгейіне байланысты.
Белсенділік оқу барысында шәкіртке тезірек және табысты әлеуметтіктәжірибе топтауға мүмкіндік бөреді. Оның қарым-қатынас, тілдесу қабілеттерін дамытады, қоршаған болмысқа деген көзқарасын қалыптастырады. Баланың ақыл-парасат дамуын танымдық белсенділік қамтамасыз етеді. Бұл үшін балаға танымдық мәселелерді шешуімен бірге игерілген білім-дерді тәжірибеде қолдану қажеттігі де тән болуы тиіс. Себебі еңбектегі белсенділік тұлғаны өзінің рухани және адамгершілік дүниесін тез арада және тиімді қалыптастыруға ынталындыра-ды, оны көп және нәтижелі еңбектенуге бағыттайды.
Белсенділіктің барша көріністерінің негізінде бір ғана тұрақты дерек көзі — қажеттік орын алған. Адам қажеттіктерінің көп түрлілігі оларды қанағаттандыру үшін қолданылатын іс-әрекеттердің де сан қилылығын туындатады. Өсіп келе жатқан адамға белсенділіктің пайдалы бағыттарын көрсетіп, алдамшы қырларын мейлінше бәсеңсіту — педагогтар үшін тұрақты да өте күрделі міндет. Күрделілігі — адамның жеделдөте кемелде-нуі дәуірінде іс-әрекет қажеттері мөн сеп-түрткілер (мотивтері) өте қозғалмалы және ауыспалы келеді. Сондықтан, әртүрлі жас сатыларында іс-әрекет түрлері ауысып баруы шарт. Жал-пы мектептіктәрбиенің өзгерістер ізімен үлгере орындалуы өте қиын, солай да болса, әрқандай тәрбиелік іс мезетінен бір де кешікпей жүргізіліп, келөңсіз салдардың алдын алып отыруы қажет.
Әрбір адамның өзіндік белсенділігі оның қабілеттері мен дарынының дамуы және табыстарға жетуінің міндетті кепілі. Оқушы тәрбиесімен қандай да бір ғажайып тәрбиеші шұғылданбасын, оқушының өз әрекет ықыласы болмаса, ешқандай нәтиже болуы мүмкін емес. К.Д.Ушинский пікірінше, бала өзі оқуы тиіс, ал педагогтың қызметі оған игерлуі қажет материалды ұсынып бару, оның оқу үдерісін басқару. Осы-дан, дұрыс қойылған тәрбиеде оқушы педагогикалық ықпалдың тек нысаны ғана емес, ол сонымен бірге өз тәрбиесін белсенді өз қолына алған — субъект.
Іс-әрекет сияқты тұлға белсенділігі де таңдамалы сипатқа ие. Тұлғаның дамуы кез келген әсерден болмайды, солардың ішінде адамның өз қажетінө сай келген, оның тұлғасына жарасымды болған, шынайы болмысқа деген оның жеке көзқарастарына сәйкес ықпал болса ғана, бала дамуы қарқынды жүреді.
Тұлғаның белсенділігі дамудың төк алғышарты емес, оның нәтижесі де. Қоғамдық белсенді, ынталы, шығармашыл және өзі мен төңірегіндөгі қатысқан адамдардың бәріне бір-дей жақсылық пен қуаныш беретін тұлға қалыптастырушы тәрбие ғана әрдайым өз мақсатына жетіп отырады. Саналы, педагогикалық сынақтан өтіп, ұйымдастырылған оқушы іс-әрекеті белсенділіктің қай түрін де қамтамасыз өте алады. Өсіп келе жатқан адамға толық іс-әрекет мүмкіндігін ашып беру, өз күш-қуатын белсенді қолдануға қажет әрекет тәсілдерімен қаруландыру, тұлғалық ерекшеліктерді жете зерттеу және әр тұлғаның болмысындағы табиғаттан берілген нышандар мен дарындылықты мейлінше жайып салу — әрбір тұлғаның даму үдерісін ақылгөйлікпен бағыттаушы ұстаз-педагогтың өз ар-намысы мен қоғам алдындағы борышы. Сонымен, оқушы дамуының маңызды жағдаяттарының бірі — оның меншікті өз әрекет — қызметі. Мұғалім қаншама жақсы бола берсін, өз үстінде еңбектенбеген оқушы көздеген мақсатына жете ал-майды. Әрқандай іс-әрекет оқушы ықыласымен орындалып, шартты түрде белсенді болуы қажет. Орындаған ісінен шәкірт ләззат және қанағат табуы лазым. Белсенді іс ешқашан шар-шатпайды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.