Исатай Тайманұлы өмірбаяны

Home » Рефераттар » Исатай Тайманұлы өмірбаяны
Рефераттар 1 комментарий

12-bet_f2Исатай Тайманұлының өсіп, ержетуі мен саяси көз-қарасының қалыптасуы туралы нақты мәліметтер жоқтың қасы. 1836 жылы 6 ноябрьде Исатай Орынбор губернаторы жіберген әскери тергеушілерге жауабында: Руым Беріш, жасым 45-те деп көрсеткен. Ал келесі 1837 жылы апрельде берген жауабында жасым 46-да деген. Бұл деректерге қарағанда Исатай Тайманұлы 1791 жылы туғандығын аңғарамыз. Ал батырдың туған жері қазіргі Орал, Турьев облыстарының «Қаратөбе, Қызылқоға аудандарының аймағы. Ел аузындағы әңгімеде Исатай Тайсойған құмында қазіргі (Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Жанкелдин совхозы) Тайман жалы деген жерде көшпелі шаруа семьясында дүниеге келген. Белгілі ақын Ығылман Шөрекұлының Исатай-Махамбет поэмасында Исатай әкесінің жайлауы — Өленті, Шідерті, Үш аңқаты, Барбастау, күзеуі — Бұлдырты, Жымпиты, Қалдығайты, Жақсыбай; қыстауы — Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз. Соның ішінде Қаракөл мен Қарабау, Тайсойған мен Бүйрек құмдары. Батырдың жас күнінде ескен ортасын, оған ықпал еткені үлгі болған адамдар туралы да айта кеткен жөн. Өйткені Исатай туыстарының көбі, Беріш руының Жайық бөлімі мен оның Ағатай Тілеукеұлы ұрпақтарының көпшілігі көтеріліске катысқан. Исатайдың жастық шағында оған өте үлкен ықпал жасаған адамның бірі немере ағасы Жабал Бегәліұлы болған. Ол Исатайдың өсіп, жетілуіне қамқорлық жасап, тәрбиелеген. 1786 жылы Орынбор соғыс губернаторы патша үкіметінің нұскауы мен орыс әкімшілік мекемелеріндей Кіші жүзде де жергілікті жазалаушы мекемелер орнатпақ болады. Бірақ Кіші жүздегі көптеген тайпалар бұл мекемені қабылдамады. Тек Еділ мен Жайық жағаларындағы Каспий жағалауындағы кейбір ауылдарда ғана оларды күшпен кұрды. Архив деректері бойынша, Исатайдың немере ағасы Жабал Бегәліұлы XIX ғасырдың басында Нұртай жазалау мекемесінде кеңесші болған. Ал 1808 жылы Жабал бастаған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсынан Жайықтан өтіп, Бөкей ханның қарауына кіреді. Соған қарағанда ел аузындағы Исатай 15—17 жастар шамасында Ішкі тарапқа келді, деген пікір дұрыс сияқты. Жабал Бегәліұлы орысша сауатты адам болыпты. Оның ұрпағы Шамшиден Шарипов қарияның айтуынша Жабал кісі қолынан қаза болған. Жабал өлген соң, оның орнына старшина болып, 1812 жылы Исатай Тайманұлы сайланады. Бөкей хан кезіндегі бір документте Жабал бидің өлуіне байланысты орнына ауылдастары Исатай Таймановты сайлағандығы және оны Орынбор Шекара комиссиясының бекітуі сұралғандығы көрсетілген. Біз Орынбор соғыс губернаторының қағаздары арасынан Исатайды старшиналыққа бекіту туралы Шекара комиссиясының 1813 жылғы сентябрь айында жазылған № 1362 жолдамасын таптық. Губернатор Г.С. Волконский 1814 жылғы 12 ноябрьде бұл документті бекітіп, қол қойған. Бұл кезде Исатай ауылының қонысы Каспий теңізінің солтүстік жағалауында болған. 1824 жылғы 13 январьда Астрахань казак әскерінің жүзбасы берген куәлігінде Исатай Тайманов Кульпин кордоны төңірегінен Каспий жағалауына дейінгі жерді өз ауылымен, міне, 16 жыл жайлап келеді деген.
Бұл жерді мекендеуге Бөкей хан 1812 жылғы 12 мартта Исатайға рұқсат қағаз берген. Онда: «Кокарев пен Кульпин кордондарының арасындағы кордон жолынан былайғы далалықты жайлауды Таймановтың қамқорлығына берем», — деген. Бұл өңірде Еділдің теңізге құятын сулы Қиғаш деген саласы бар. Одан шығыста қанаттаса Қүйген, Өтере, Жайық (Орал тауынаң ағатын Жайықтан басқа. И. К.) т, б. салалары бар. Ел аузындағы әңгімеде осы алқаптағы бес сланды (Аралшық, Күйген, Түйе арал, т. 6.) Исатай ауылы жайлаған. Халықтың айтуынша Исатай бала кезінен алғыр, парасатты, өткір болса керек. Сөзге де шешен болған деседі. Мысалы, Қіші жүз жағынан Астраханьға бара жатқан Бөкей хан бір ауылға қонып отырғанда: менің мына балам хан болады,—деп Жәңгірді көрсетеді. Сонда жас Исатай: «Жәңгір хан болғанда қара қазақтың халі нешік болады»,— десіпті-міс. Бөкей сасып қалып, артынан Исатайға неге олай дейсің, деп сұрайды. Балғын бала жасқанбастан: «Бала алды қан, арты шаң болады» депті. Бұл сөздің растығын дәлелдеу қиын, дегенмен сол кездің өзінде оның оқып, білім алуға талпынғанының өзі оның бала болса да осал бала болмағандығынан хабар береді. Исатай жасынан-ақ әрі батыл, әрі турашыл болған. Ешкімнен қаймыкпаған. Ол 21 жасында Бегәлі ауылына старшина болады. Бірақ кейбіреулер, бұл кезде ол Беріштің Жайық бөліміне би болған деп те жүр, ал біздер ондай тарихи деректі архив материалдарынан кездестірмедік. Біз бұрын Исатайды екі ағайынды, оның екіншісі Нысанбай деп келдік. Бірақ біз ел аралап жүріп, Орал облысының Жәнібек ауданында тұратын Қамиев Лұқпан деген азаматты тауып, оның, Әлібай Таймановтың ұрпағы екенін анықтадық. Архив материалында Әлібай көтеріліске қатысқан, 1837 жылғы октябрьде Жасқұста хан әскерінің қолына түскен. Л. Қамиевтің айтуынша Әлібайдың қайыны Ноғай-қазак руы оған ара түсіп, оны тұтқыннан босатып алып, Сарыөзен маңындағы өздерінің бір ауылына орналастырған. Содан Әлібай сол жерде орын теуіп, қалып қойған. Л. Қамиевтің айтуынша Исатай үш ағайынды болыпты. Архив материалынан біз 1816 жылы Исатаймен бірге Төлебай Тайманұлының жүргенін кездестірдік, бірақ оның одан арғы тағдыры бізге белгісіз. Сонымен Исатай, Төлебай, Нысанбай, Әлібай болып 4 ағайынды екені тарихи деректермен расталғаны бізге мәлім. Жас жігіт Исатай старшина болғасын ел ішіндегі айтыс-тартысқа еріксіз араласады. Сол кездің бірінде Ә. Құлманиязұлының ауылын шабуға Беріш руының басқарушысы Сүйінішқали Жанғалиев сұлтанмен бірге баруға мәжбур болады. Зерттеушілер Өтеміс ауылын осы күнге дейін Қарауыл қожаньщ 1836 жылы бёрген жауабына сүйеніп, 1817 жылы . шабындыға үшыраған деп жүр. Бүл қате болды. Алдымен бүдан бұрын болған және бұрын жария болмаған оқиғаға тоқтап өтейік.
Бөкей хан 1815 жылы өледі де, Жәңгір ержеткенше уақытша билеуші болып інісі Сығай Нұралиев тағайындалады.Бұл кезде саяси жағдай шиеленісіп, С.Нұралиев әркімді біріне-бірін айдап салып, таластырып, ру арасындағы бас араздықты қоздырып жібереді. Жақадан табылған архив материалы бойынша, Исатайдың қарауындағы адамдарды 1815 жылы қыста Хорунжий Бармақ Мұратов, Балқы Құдайбергенов, т. б. келіп шауып, мың қаралы малдарын айдап кетеді. Бұл туралы Исатай Орынбор соғыс губернаторына арыз береді. Ол арызды тексеру Орал казак әскерінің атаманы генерал Д. Бородинге міндеттеледі, ал ол оны Сығай сұлтанға тапсырады. Беріш руының басқарушысы сұлтан Баба-ғали Жаналиев губернаторға бұл арызды тексеруді Сығайға тапсыру дұрыс емес екенін, себебі бұл талауға оның өзінің де қатысы бар екенін, сондықтан тексеруді басқа кісіге тапсыруды өтінеді. Содан істі мұқият тексеру басқа адамға, яғни сұлтан Қаратай Нұралиевке тапсырылады. Бірақ Сығай сұлтан 1818 жылы жауапкер кісілерді Калмыков бекінісіне барып, жауап беруге жібермейді, Бұдан әрі істі тексеру басқа адамдарға тапсырылады. Сығай мен генерал Д. Бородин неше түрлі сылтау тауып, қажетті қісілерін жауап алушыларға жолықтырмайды. Дау бірнеше жылға созылады. 1817 жылы Балқы өз үлесіне осы талаудан тиген 155 қойды, 1 жылқы, 2 сиыр мен шапанды Исатай ауылының адамдарына қайырып береді. Осы жолмен басқа айыптылардан таланған мал мен дүниені алып берілсін деген тапсырманы Сығай орындамайды. Бұл, ақырында, 1829 жылға дейін созылып, арасында басқа окиғалар қабаттасады да іс аяқсыз қалады. Сол оқиғалардың бірі Ә. Құлмәліұлына байланысты. 1815 жылы Исатай қарамағындағы адамның дүние, малдарын талау мәнісін тексеруді талап етуші Беріш руының басқарушысы Сүйінішқали Жаналиев 1816 жылы Исатайға келіп, төңіректен кісі жинатып, кашқын адамды ұстаймыз деген сылтаймен ауылына барады.

Исатай Тайманұлы — Қазақстандағы тап күресін алғашқы ұйымдастырушылардың көрнекті қайраткері. Тап күресі туралы В. И. Ленин: «Бұл — халықтық бір бөлегінің екінші бөлегіне қарсы күресі, правосыз, езілген бұқараның және еңбекшілердің пұрсаттыларға, езушілер мен арамтамақтарға қарсы күресі, — деген. Біз айтқалы отырған кезең Крепостниктік Россияда декабристер қозғалысы аяусыз жанышталып, елде Николай-Палкиннің реакциялық ішкі саясаты орнатылған кез еді. Елде саяси-экономикалық дағдарыстың, таптық, ұлттық, отаршылдық езгінің күшеюіне қарсы толқулар, қарулы көтерілістер әр жерде болып жатқан. XIX ғасырдың отызыншы жылдарында крепостниктік системаға қарсы Россияның көптеген губернияларында, Украинада халық бұқарасының толқулары, Польшада поляк патриоттарының көтерілісі болып жатты. Кіші жүзбен шекаралас Пермь, Орынбор, Вятка губернияларында да шаруалар толқуы басталды. Украинаның Подольск провинциясында езілген шаруалар көтерілісін басқарып, патшаға қарсы шыққан Устим Қармелюк сияқты Қазақстанда шаруалар кетерілісін Исатай Тайманұлы бастап, хан мен патша әскерлеріне қарсы шықты. Ол езілген шаруаларды қанаушыларға қарсы қарулы көтеріліске шақырып, үстем таппен кескілескен ұрысқа шыққан бұқара халықты соңынан ерте білді. Өз басынан өткен көптеген ауыр, әрі қауіпті оқиғаларға мойымастан асқан қайсарлық көрсеткен Йсатай өз жауларымен өмірінің ақырына дейін алысып өтті. Ол қарапайым, қайырымды, ұстамды, қажырлы адам болды. Оның адамгершілік бұл қасиеттері оған зор бедел әперіп, көтеріліске шыққан шаруалардың оған деген сенімін арттыра түсті. Исатайдың үлкен адамгершілігі туралы ел аузында неше бір қызықты, сүйсіне айтылған аңыз, әңгімелер көп. Оның батыр атағына ие болуы, халық арасына тараған зор абыройы — оның езілген тап мүддесі үшін істеген айбынды ісіне байланысты екені мәлім. Бірақ, өкінішті жері осы бір асыл бейненің ғылыми тұрғыдан толық жазылған тыңғылықты өмірбаянының болмауы.

One thought on - Исатай Тайманұлы өмірбаяны

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.