Ішкі секреция бездерінің құрылысы

Главная » Рефераттар » Ішкі секреция бездерінің құрылысы

Құрылысы жағынан ішкі секреция бездері паренхиматозды мүшеге жатады. Олардың тек өздеріне тән құрылыс ерекшеліктері болады. Бұл бездердің шығару өзектері болмайды. Сондықтан, олар инкреттерін дененің ішкі сұйық ортасына бөледі. Осыған байланысты қан және лимфа тамырларына бай келеді. Қан қылтамырларының қабырғалары мен без паренхимасы аралықтарында, басқа ағзалардағыдан, дәнекер тін құрылымдар мен негіздік жарғақ болмағандықтан, ондағы эндотелий жасушаларына тығыз жанаса орналасады.
Ішкі секреция бездері биологиялық белсенді заттар — гормондар түзеді, оларды дененің ішкі сұйық ортасына, қанға, лимфаға, тін сұйықтығына бөледі, сөйтіп ағзаның зат алмасу процесіне мүшелердің өсуі мен дамуын реттеуге қатысады. Қызметіне қарай ішкі секреция бездері екі топқа бөлінеді: 1) таза ішкі секреция бездері (қалқанша безі, қалқанша аумағының безі гипофиз, эпифиз, бүйрек үсті безі); 2) қос қызмет атқаратын бездер (тимус, ұйқы безі, ен, жұмыртқалық (аналық жыныс безі), іш төл жолдасы — плацента).
Ішкі секреция бездерінің физиологиясы. Эндокринді, не болмаса ішкі секреция ағзалары (грек тілі endo — ішкі, krinoep — бөліп шығарамын деген мағына береді), бүлардың бөлген заттарын шығаратын өзектері болмайды, ал заттары — гормондар — инкреттері -ңанға, лимфаға бөлінеді. Гормондар (һогтои-ңоз-дырамын) — ағзалардың және мүшелердің биологиялың ңызметін үдететін белсенді зат. Гормондар дегеніміз дене бітімінің қалыптасуына, зат алмасуга, қуат, жылу бөлінуіне, ортаға бейімделу қабілетіне, ішкі гемеостаз теңдігін саңтауга ңатысады да, ағза қызметін гумораль-ды жолмен реттейді. Ішкі секреция бездері ңызметінің бүзылуы, гиперфункция — гормон көп бөлінумен неме-се гипофункциямен — гормон бөлінуі төмендеуімен си-патталады. Гипофиз — бүл без 3 бөліктен түрады: 1. Ал-дыңғы бөлігі — аденогипофиз. 2. Артқы бөлігі — нейро-гипофиз. 3. Ортаңғы бөлігі — хромотофор — рең беруші жасушаларга әсер ететін гормон бөледі.
Аденогипофизденбөлінетінгормондар: І.Соматотроп-тың гормон (СТГ) — ағзаның өсіп-өнуіне, дамуына әсер етеді. 2. Лактотроптьщ гормон (ЛТГ) — сүт безінің өсіп, онда сүттің пайда болуына әсер етеді. 3. Аденокортикот-роптың гормон (АКТГ) — бүйрек безінің ңызметін үдетіп, бүйректе түздардың және судың қайта сіңуіне өсер етеді. 4. Тиреотроптық гормон (ТТГ) — қалңанша безінің ңызметін реттейді. 5. Панкреотроптық гормон (ПТР) -үйңы безінің қызметін реттейді. 6. Гонодотроптық гор-мондарға (ГТГ) — фолликула үдейткіш (ФСГ) пен лютеи-нотроптың (ЛГ) гормондар жатады. Фолликула үдеткіш гормон фолликулалардың өсуіне, эстрогендік гормон-дардың бөлінуіне, сперматогенезге әсерін тигізсе, лютеинотроптың гормон сүт безінің дамуына, сүттің пайда болуына әсер етеді.
Нейрогипофизде бөлінетін гормондар: Вазопрессин гормоны. Бүйректе судың ңайтадан сіңуіне, зәрдің аз түзілуіне әсер етеді. Артериолдар мен ңылтамырлар қабырғаларындағы тегіс бүлшың еттерді жиырып, та-рылтып, осы тамырлардағы қан ңысымын жоғарылата-ды, ішектің жиырылуын үдетеді.
Окситоцин — жатырдың тегіс бүлшың еттерін жиы-рып, төлдің тууына, сүт бөлу жолдарының жиырылуын күшейтіп, сүттің бөлінуіне әсер етеді.
Жыныс бездері. Еркек малдың жыныс безі ен деп ата-лады. Оларда жалпылама андроген дейтін гормондар бөлінеді, бүларға: тестостерон, андростерон, изоандрос-терон мен дигидроизоандростерон жатады. Бүл гормон-дар ақуыздың, минерал түздарының алмасуына, дене салмағының, екінші жыныстың белгілердің дамуына әсер етеді. Аналың безі ңыртыс және жүмсақ заттардан түрады. Қыртыс затында жыныстық жасушалар жетіліп, гор-мондар түзіледі. Аналың жыныс гормондары эстрогендер деп аталады. Бүларға эстрон, эстрадиол мен эстриол жатады. Бүл гормондар аналық безінің фолликул жасу-шаларында түзіледі. Эстрогендер жыныс айналымын, екінші жыныстың белгілердің дамуын, қынап пен жа-тырдың кілегей қабатының, сүт безінің өсіп жетілуін реттейді.
Қалңанша безі — бүл без мойынның көмекей шеміршек-терінде орналасқан, төрт гормон бөліп шығарады: 1. Ти-роксин, тетрайодтеронин. 2. Трийодтиронин. 3. Дийод-тиронин. 4. Тиреокальцитонин. Бүл гормондар зат алма-суына әсер етіп, ақуыздар алмасуын жоғарылатып, мал-дың жүні мен қүстың қауырсыны өсуін жылдамдатып, ағзаның өсуі мен дамуына әсерін тигізеді.
Қалқанша маңындағы серік безі — қалқан безінде орналасңан екі жүпты без. Бөлетін гормоны паратирео-идин немесе парат-гармон деп атайды. Қалыпта бұл гормон кальций мөлшерін көбейтіп, реттеп түрады.
Бүйрек безі. Жануарларда екі қабатты, жүпты, боб пішінді, қоңыр түсті без. Бүйрек безі ңабыңты ңабаты-ның гормондары:
1. Шумаңты бөліктен дезоксикортикостерон мен альдостерон бөлінеді. Бүл гормондар бүйректің өзекті жолдарында натрий мен хлордың қайтадан сіңуін үдетіп, калий, магний, сутегі мен аммонийдің сіңуін тежейді.
2. Шоғырлы бөліктен кортизон, дегидрокортизон мен кортикостерон сияқты глюкокортикоидтар бөлінеді де аңуыздың ыдырауын жоғарылатып, бауырда амин ңыш-ңылдарын көмірсутекке айналдырады, глюкозаның кейін ңарай сіңуін төмендетіп, аллергиялың реакция-ларды тежейді.
3. Торлы бөліктен андрокортикоидтар немесе стеро-идты гормондар бөлінеді.
Бүйрек безінің түйін затынан адреналин мен норад-реналин гормондары бөлінеді. Адреналин жүрек жүмы-сын жылдамдатып, буаз малдың жатырының бұлшық еттерін босаңсытады. Қан тамырларын тарылтып, ңысым мөлшерін жоғарылатады. Норадреналин жүрек ңызметін баяулатып, буаз мал жатырының бүлшың еттерінің жиы-рылуына әсер етеді.
Үйқы безі ңүрсақ қуысында орналасңан аралас без. Үйңы безінің бетта жасушалары инсулин гормонын бөледі. Инсулин глюкозаны гликогенге айналдырады, ңандағы глюкоза мөлшерін азайтады, гликогенез қызметін атңарады. Альфа жасушаларынан — глюкогон бөлінеді. Глюкогон — гликогенді, глюкозаны ыдыратып бауырдағы гликоген мөлшерін реттеп түрады.
Үйқы безінің ңызметі бүзылған жағдайда зәр арңы-лы ңант бөлініп, бүлшық еттерде гликоген қоры азайып, соңында ағзадан су көп бөлініп, жануарлар жиі шөлдейді, арықтап азып кетеді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.