Ішкі туризм

Главная » Рефераттар » Ішкі туризм

Ішкі туризмнің дамуына кейбір факторлар кері әсер етеді. Адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас қарама қарсы. Бір жағынан адам мен қоршаған орта арасындағы қиын комплексті қарым-қатынас, екінші жағынан ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен адам қызметінің табиғатты түрлендіруінен болатын қоршаған ортаның интенсивті өзгеруі. Туризм адам мен қоршаған орта арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған. Алайда мемлекеттегі жаңа нарықтық жағдай ішкі туризмді дамытудың проблемаларын, әсіресе әлемдік туристік нарықтағы бәсекелестік жағдайын үлкейтті. Мемлекеттегі қиын экономикалық және қаржылық жағдай туризмнің  әлеуметтік мәселелер аспектілерін қиындатты:

  1. өмір сүру деңгейінің төмендеу;
  2. тура табыстың қысқаруы;
  3. қазақстан халқының табысының шуғұл дифференциясы;
  4. тұрғындардың сатып алушылық қабілетінің төмендеуі;
  5. өмір сүру минимумынан табысы төмен тұрғындардың үлкен бөлігі.

Табыстың негізгі диференциясы айлық көлемінің әр түрлілігін құрайды. Экономика инстититутының МОН РК мәліметтері бойынша мемлекет 1998 жылы әлеуметтік минимуммен қамтамасыздандырылған еңбекке жарамды әр адамның орташа айлық көлемі 80,7 пайыз құрды. Алайда экономика салалары бойынша  берілген индикатор анализі тек қана өндірісте, құрылыста транспорт және байланыста қаржылық қызметте жұмыс істейтіндер өзін әлеуметтік минимумымен қамтамасыз етеді, ал ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім, мәдениет салаларында жұмыс істейтіндер өздерін тіпті өмір сүру минимумымен  қамтамасыз ете алмайды. Тұрғындардың туристік мүмкіндіктері айлықтың көлемімен және жалпы ағымдағы кіріспен тікелей байланысты. Қазақстанда тұрғындардың ақшалай кірісі соңғы жылдарда өсті,  бірақ сонымен қатар ақшалай шығындар да өсті. Тұрғындардың шығыны ақшалай кірісінің ара қатынасы 1997-2000 жылдары айтарлықтай өзгерген жоқ. 1997 жылы тұрғындардың шығыны ақшалай кірісінің 97,2 % ал 1998 жылы 99,1% , 1999 жылы 97,6% және 2000 жылы 99,3% құрды. Мұндай арақатынаста тұрғындардың еңбек демалысы кезінде туристік саяхатқа немесе ұйымдасқан демалысқа мүмкіндіктері туралы айту қиын. «Жұмысшылар демалысын демалу орны бойынша бөлу» статистикалық есептеулері бойынша 1997-2000 жж. периодында демалыс үйлерінде және пансионаттарда демалушылар санының өсуіне қарай демалысты үйде өткізетіндер санының азайғанын көрсетті. 2000 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда жұмысшылардың 91,8 пайызы өзінің еңбек демалысын үйде өткізді. Сонымен қатар мемлекет  өзінің тұрғындарына аз көңіл аударды, демалысты ұйымдастыруға және мәдениет саласының қызметіне ЖІӨ-нің 0,7 пайызы ғана бөлінді (14-кесте). Халықтың демалысын ұйымдастыруға өте аз сумманы бөле отырып мемлекет жұмысшының денсаулығын жақсартып еңбек көлемін өсіру, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын көбейту мүмкіндіктері сияқты маңызды экономикалық жағдайларды ескермейді.

Сауықтыру элементі мәдениет жағынан туризмді қамтиды (ең алдымен адамның психологиялық жағдайын сауықтыру). Мәдениет және туризм бір-бірімен қоғамдық өмірдің әр түрлі дәрежесінде жақындайды. Мәдениет — адам қызметі табысының бірлігі ретінде туризмнің түрлерін дамыту және мәдениеттендіруде маңызды орын алады. Мәдениетке архитектура, өнер, тұрмыс және т.б. жатады. Ал туризм адаммен жасалған мәдениет орындарына сүйенеді. Яғни тек табиғи ресурстарды ғана емес, мәдени және мәдени мұра ресурстарын пайдаланады. Мәдениет және туризм қарым-қатынасын екі аспектіде қарастыруға болады:

.
  1. Мәдениеттің туризмге әсер етуі.
  2. Туризмнің мәдениетке әсері.

Мәдениеттің туризмге әсері бірқатар жағдайларға байланысты, олар:

.
  1. белгілі территорияда материалдық жағдайының болуы;
  2. әлеуметтік инфрақұрылымының дамуы, сонымен қатар мәдениет саласы;
  3. тарихи-мәдени, архитектуралық-этнологиялық, археологиялық және т.б. ескерткіштердің орналасу орны;
  4. ғылым-білім потенциалының болуы.

 

Белгілі территорияның материалдық жағдайының болғандығын мәдениеттің туризмге әсер етуінен материалды инфрақұрылымның дамығандығын айқындайды (инженерлік, агротехникалық, сызықтық құралдар). Бұл объектілерде мәдени қызметтің негізі қаланады. Әлеуметтік инфрақұрылымның тұрғысынан бұл әсер ерекше айқындалады. Н.Ф. Голиковтың анықтамасы бойынша оған мәдени-тұрмыстық бағыттағы, денсаулық сақтау, білім беру, демалу объектілері және т.б. жатады. Аталған объектілерден демалыс — әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі бөлігі болып табылады. Адамдар демалысты күнделікті ауыр жұмыстан өзін босату деп түсінеді. Демалыс орны рекреациямен бірдей ұғым, өйткені соңғы сөзіміз «демалу», «тынығу» дегенді білдіреді. Сондықтан демалыс әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі функциясы ретінде көптеген мәдени аспектілерді қамтиды. Тарихи-мәдени архитектуралық-этнологиялық, археологиялық және басқа ескерткіштер орналасу жағынан туризмге әсері әр түрлі бола алады. Бұл Қазақстанның барлық территориясы көне ескерткіштердің көптігімен сипатталады. Мысал ретінде, Қазақстанның «Ұлы Жібек жолы» бойында орналасқан туристік орталықтарын айтсақ болады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризмнің инфрақұрылымын жасау» атты мемлекеттік бағдарламаға жарғы қабылдауы туризм индустриясын және қонақжайлылықты дамытуға және қалыптастыруға себеп болып отыр.

.

Ғылым-білім потенциалының болуы мәдениеттің туримзге әсерінің бастапқы нүктесі болып табылады. Туризм өзінің танымдық функцияларын қоса туристерді қабылдаушы мемлекет тұрғындары ғылым және білім негізіне сүйену керек. Сондықтан Қазақстанда жоғары квалификациялы кадрлар көп болса, резидент емес туристерді мемлекетке тарту мүмкіндігі де көп болады. Тұрғындардың ғылым-білім потенциалы дегеніміз тек кәсіптік білім категориясы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің тарихын және салт-дәстүрін, әр түрлі өнердің және қолөнердің түрлерін меңгеру, бірнеше шет тілін білуі керек. Бұл резиденттердің және резидент еместердің жақын қарым-қатынасын айқындайды. Туризмнің мәдениетке әсері келушілер мен қабылдаушы арасындағы қарым-қатынаста және тұрғындардың жағдыйының жақсаруына әсер етуінен көрінеді. Бірінші деңгейінде келушілер мен қабылдаушы арасындағы қарым-қатынаста бір-бірімен рухани мәдениетпен алмасуын көруге болады. Ол әр түрлі этникалық топтарда мәдениеттің өсуімен, сонымен қатар адамның ішкі мәдениетінің көтерілуімен айқындалады. Ғылым мен техника салаларында біліммен алмасу мүмкіндігі туады. Екінші деңгейінде тұрғындардың жағдайының жақсаруына әсерін тигізеді. Ол мемлекеттке келетін туристердің контингентінің «бай» жоғары индустриалды мемлекеттерден келуін айқындайды. Бұл резидент еместердің төлеу қабілетін түсіндіреді. Тұрғындардың жағдайының жақсаруы адамның білімге, ғылымға және оқуға талпынысына мүмкіндік туғызады. Яғни барлық мәдениеттің өсуіне абсолютті алғы шарттар жасайды. Туризм бұл жағдайда бірінші және ерекше орын алу керек. Туризм және тұрғындардың жұмыс бастылығы екі позицияда қарастырылады: Туризмнің жұмыссыздықты қысқартуға және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға әсері. Туризм табиғи, мәдени объектілердің болуын ғана емес, сондай-ақ басты фактор жұмыс күшін анықтайды. Қазіргі кезде әлемде туризм индустриясында 212 миллион жұмыс орны бар, ал кешелектегі он жылда оның саны 338 миллионға дейін өсуі ықтимал. Жұмысшыларды туристік салаға нәтижелі тарту үшін еңбек биржасында есепте тұрған жұмыссыздарды тарту керек. Қазіргі кезде Қазақстанда еңбек нарығында қиын жағдай қалыптасты. Экономиканы қайта қалыптастырудың нәтижесінде көптеген жұмыс орындары қысқарды, яғни жұмыссыздардың саны көбейді. 1995-1996 жылдары жұмыссыздар саны төмендеді және 1997-1999 жылдары жұмыссыздық қисығы жоғары өрбіді (15-кесте).1997-1999 жылдар кезеңінде еркектер арасында жұмыссыздар саны өсті (21,6%) және керісінше әйелдер және жастар арасында жұмыссыздық қысқарды. 1997-1999 жылдар арасында әйелдер арасындағы жұмыссыздық 10,7 пайыз, ал жастар арасында 18,7 пайыз қысқарды. Әйелдер және жастар арасындағы жұмыссыздықтың төмендеуі еңбек биржасы және жұмыс бастылық орталықтарына сенімсіздікпен қарауынан болуы мүмкін. Аймақтық бөлімінде жұмыссыздықтың сандық көрсеткіші және өсу жылдамдығы әр түрлі. Қазақстандағы бес экономикалық аудандарды топтағанда 1994-1995 жылдар әр бес ауданда анықталған өзгерістер болды. Шығыс Қазақстан үлесі жалпы жұмыссыздар құрылымында 20 пайыздан 5,2 пайызға дейін қысқарды. Батыс Қазақстанда елеусіз 20 пайыздан 20,6 пайызға дейін өсті. Оңтүстік Қазақстанда керісінше елеулі өзгерді. 32 пайыздан 18,6 пайызға дейін қысқарды. Солтүстік және Орталық Қазақстанда жұмысшылар саны өсуде. Сонымен бірге  25 пайыздан 33 пайызға дейін бірінші аймақта,  2,5 пайыздан 7,7 пайызға дейін екінші аймақта.

Республика бойынша жұмыссыздықтың өсу қарқыны қысқарды (199,1%-дан 97,6%-ға дейін). Алайда өсім сақталуда аймақтар бойынша алдағы орында Орталық Қазақстан 154,0%, 1999 жылдан 1997 жылға, содан соң Батыс Қазақстан 114,4% , үшінші орында Солтүстік Қазақстан 100,0%. Осы кезеңде Шығыс және Оңтүстік Қазақстан аймақтың «бестігін» жабады (32,5% және 66,4%). Қазақстан Республикасының туризм индустриясын дамытудың осы кезеңінде адамдардың осы салада жұмыс бастылығын есептеу өте қиын. Мұны туризм индустриясы категориясының анықталмағандығы деп түсіндіруге болады. Зерттеу барысында туристік секторда жұмыс істейтіндерді екі бағытта анықтауға тырыстық:

  1. Туристік фирмалардың жұмысшылары (ұйымдар)
  2. Қонақ үйлер, ресторан жұмысшылар

Бірінші бағытта  жалпы жұмысшылардың саны 5 адамнан аз кіші туристік мекемелерде 2000 жылы 1715 адам құрды (490 фирма х 3,5), ал 6-дан 50-ге дейін адам істейтін мекемелерде 3427 адам құрды (149 фирма х 23 адам). Орташа мекемелерде (43 турмекеме х 108,7) 51-ден 25-ке дейін 4675 адам анықталды. 2000 жылы Қазақстанда туристік бизнесте 8 үлкен мекемелер болды. Бұл компанияларда жұмысшылар саны 251-ден 1000 адамға дейін. Егер орташа есептегенде әр туристік компанияда 4555 адам жұмыс істесе, туристік фирмалар санына (8) көбейткенде 3640 адам жұмыс істейді. Сонымен барлық мекемелердің жұмысшылар саны – 13457 адам болды. Бұл болжам көрсеткіш болып табылмайды, бірақ туристік бизнесте жұмыс істейтіндерді енсептегенде негіз бола алады. Екінші бағытта мемлекеттегі қонақ үй персоналының саны 6469 адам құрды. Ресторанда және басқа тамақтану орындарының жұмысшылары шамамен есептелінген, ресторандар саны 1290, кафе-барлар 2238, асханалар 3288. Егер орташа саны 10 адам әр көпшілік тамақтану мекемелерінде істесе бұл санды мекеме санына көбейтсек 68160 адам болады. Яғни бірінші және екінші бағыттағы сандарды қосқанда Қазақстандағы қалыптасып келе жатқан туризм индустриясында тікелей және жанама түрде жұмыс істейтіндердің саны шығады. Осылай жоғары аталған сандарды қосқанда 88086 адам болды. Бұны экономиканың секторында жұмыс істейтіндердің нақты статистикалық мәліметтерінде келтіру өте қиын. Ал көрсетілген көрсеткіштер туризм индустриясы қалыптасу кезеңінде екенін дәлелдейді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.