Іскерлік қатынастың регламенттелуі

Главная » Рефераттар » Іскерлік қатынастың регламенттелуі

Іскерлік қатынастардың ерекшеліктері — олардың регламенттілігі, яғни белгіленген ережелер мен шектеулерге бағынуында. Бұл ережелер іскерлік қатынастың түріне, оның ресмилігінің дәрежесіне, нақтылы кездесудің маңсаты мен міндеттеріне, ұлттық және мәдени әдет-ғұрыптарына байланысты.
Адамдардың әр түрлі жағдаяттарда өздерін қалай ұстау керектігінің «жазылған» және «жазылмаған» ережелері бар. Мысалы, «хаттамаға сәйкес», «хаттама бойынша» деген сөздерді жиі естиміз. «Хаттама» деген сөз халықаралық қатынастарға байланысты қолданылады. Хаттамалар қатынастардың басқа да салаларында ңолданылады. Мысалы, клиентпен фирманың жүмыстары бойынша қатынас жасаған кезде саясат, дін, әйелдер туралы әңгімелер ңозғауға және де клиенттің табысы, жеке өмірі, тұратын үйінің құны, т.б. туралы сұрақтар беруге болмайды.

Әдеп нормаларын сақтау бұрыннан-ақ қоғамда жоғары бағаланған әдеп нормаларын білу, оларды күнделікті қатынастар барысында ңолдана білу тәрбиеліліктің белгісі саналады. Сөздік байланыстардағы әдеп қалыптары дегеніміз ол — әдеп мәдениеттілігін меңгеру, өз сезімдерін баңылап, өз еркін ңолда үстай алу дағдысы. Сыпайылық, елгезектік, әдептілік, үстамдылың, инабаттылық — міне, мұның бәрі әдептілік белгілері. Бүл ңасиеттер наңтылы сездік іс-әрекеттер арңылы көрініс табады. Мысалы, адамның ңазіргі сағатта ешкіммен сөйлескісі келмесе, серіктесіңді ренжітпейтіндей сылтау тауып, бас тартуға болады. Іскерлік ңатынастарда барлық уаңыттарда шындыңты айту орынсыз болды. Іскерлік байланыстардың регламенттілігі оның қатынасушыларына сөздік құралдарды пайдалануда қатаң талаптар ңояды. Іскерлік қатынастарда былапыт, қарапайым сөздер қолданылмайды. Терминдер мен шетел сөздерін қолдануға шамадан тыс әуестенбеу керек. Әдеби тілдің нормаларын бұзып сөйлеу, сөз қолданудағы дәлсіздіктер, көп сойлеу, т.б. тыңдаушыларға жаңсы әсер етпейді. Міне, мүның барлығы сөйлеушінің жалпы мәдениетінің төмен екендігін білдіреді, оған деген сенімді жоғалтуға себеп болады. Іскерлік ңатынастар уақыт шеңберімен де шектелген. «Уақыт-ақша» деген қанатты сөздер барлық елдердің бизнесмендерінің ұранына айналса керек. Іскер адамдар уақытты бағалай біледі, оны тиімді пайдалану үшін өз жүмыс күнін сағатына, минутына дейін тізіп жазып «ңояды. Ал бөлінген уақытты тиімді пайдалану үшін талқыланатын мәселелердің аумағын күні бұрын анықтап, оған ұқыптылықпен дайындалу керек.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.