Іскерліктің әлеуметтік анықтамасы

Главная » Рефераттар » Іскерліктің әлеуметтік анықтамасы

Іскерлік (кәсіпкерлік) өзінің алғашқы пайда болып дамуы кезеңінен-ақ ғалымдардың, саясаткерлердің, қоғамдық ортаның назарын өзіне аударып келеді. Өйткені іскерлік қай елде болмасын қоғам үшін тиімді еңбек процесімен, шығармашылық ізденістермен, еңбек салаларындағы прогреспен тікелей байланысты. Іскерлік көпсалалы болғанымен, оның негізінен, өндірістік еңбек пен қызмет көрсету саласы еңбегінен көру дәстүрге айналған. Жалпы алғанда, еңбек саласы — адамдардың әлеуметтік ара-байланыстарының, адамдық қасиеттердің ашылып көрінуі айнасы, мүдделер ұқсастығы мен алшактығының, үйлесімділікпен қарама-қайшылыктардың, біліктілік лен білімділіктің байқалатын кеңістік алаңы. Осы алаңда тек ізгілікті іскерлік қана емес, топтық немесе жекебастық эгоистік ниеттер мен әрекеттер байқалады. Қоғамдар, негізінен, әлеуметтік көп қабатты, әркелкі таптар мен әлеуметтік топтардан құралатындықтан» бизнестік құрылымдар, оның неғұрлым Іскер алдыңғы қатары өзінің қоғамдағы өлеуметтік-экономика-лық және саяси, мәдени мүддесі мен материалдық жағдайына байланысты ерекшеленіп тұратын өзіндік әлеуметтік қабат. Инновациялық идеяға негізделген жобалар қоғамдық ортада, сол қоғамдық ортаның қатынасуымен іске асатындықтан, кәсіпкерлер қоршаған әлеуметтік ортаның сұранысы мен бақылауынан тыс қала алмайды. Бұл тек бір елдің емес, әлем елдерінің капиталды қолында ұстаған әлеумөттік қабатына қатынасты. Қазіргі заман әлеуметтанушысы И. Валлерстайнның «капитализм шегі жоқ капиталды өсіруге тырысушылық және нарықтық индивидуализм нарықтан тыс жатқан нормалармен үйпеспесе, ұйымдастырушы негіз бола апмайды» деген тұжырымы да тек батыстық іскерлікке қатысты емес.
Іскерліктің қоғамда алатын орны, әлеуметтік мәні және іскер адамдардың жекебастық, тұлғалық ерекшеліктері туралы ойды ортаға салу барысында танымал философтар, экономистермен әлеуметтанушылардың ой-пікірлері мен өлеуметтік, саяси бағалаулары, тұжырымдары ескерілді. Өйткені олар мәселеге нақты тарихи кезеңнің, нақты қоғамдық және өлеуметтік қатынастардың шындығы тұрғысынан қарап бағалалап, талдау жасаған. Соның біразына назар аударалық.
«Іскерлік» ұғымы 18-ші мыңжылдықта Еуропа елдерінде нарықтық қатынастың пайда болуымен байланысты қолданысқа енген. Сол тарихи уақытта кәсіпкерлік сауда және саудагерлік қызметте өз көрінісін тапқан. Олар қоғамдық ортада, негізінен, басқа адамдар есебінен пайда табуға ұмтылып, рахат өмірге құлшынғандар ретінде танылған. Сол себепті заман ойшылдары мұндай адамдар билікке жіберілмеуі керек деген пікірлерін білдірген.
Экономиканың ғылым мен техника жаңалықтары негізінде дами бастауы «іскерлік» туралы қоғамдық пікірді өзгерткен. «Іскер адам» деп жаңа идея әкелуші, жаңа өнім өндіруші, жаңа қызмет көрсетуші және қатерлі жауаптылыққа бас тіге алатын білікті және білгір адамдар танылған (Катальон). Бірқатар қоғамтанушылар іскерлікті қаржынының іске салынуы және үнемшілдікпен байланыстырса. Австрия ғалымы В. Зомбарт іскер тұлғаның іс-әрекетін инновациялық, жаңартушылық қызмет ретінде қарастырып, іскерлік қызметті біртұтас әлеуметтік процесс деп бағалаған. Кәапкерлік — пайда табу емес, негізгі іс-шаруашылығы аясында ұдайы өндірісті ұйымдастыру басқару (Ж.Б. Сэй). Іскерлік — жаңартпашылдық кәсіпкерлік; өндіріске жаңа технология-ның енгізілуі, жаңа шикізат өнімдері, жаңа байланыс көздері және өндірілген өнімнің жеткізілуі, жаңа нысандарды игеру және жасау, кәсіпкерлікті жаңартпашылықпен тексеру (И. Шумпетер), іскерлік үшін керегі — өндіріс құралдарына, соңғы өнімге меншік, меншікті беру немесе алу құқығы, келісімшарттар және жаңа даму кездері, шаруашылықсубъектісініңжеке автономиясы, айырбас, тауар-ақша қатынастары, еңбекті еркін сатып алу (А. Тюнен). Жұмыс бере алатын тек ірі кәсіпорындар ғана емес, әрі шағын және орта іскерлік, олардың өз арасында ынтымақ, ауызбірлік, әлеуметтік ынтымақ керек (А. Тюрго).
Өткен мыңжылдықтың ірі ғылыми тулғалары Ф. Хайек және Дж. Гэлбрейттің тұжырымдауынша, іскерлікті бейнелейтін басты адамдық қасиеттер -жаңалықты сезінгіштік пен бастамашылдық, еркін іс-әрекет пен толеранттылық (басқаның табысына кез алартпау, төзімділік), жауаптылық пен әлеуметгік протекция, өндіріс тұрактылығын қамтамасыз ету,
Еңбек бөлінісі кәсіптік жіктелуге, әріптестік пен бәсекелестікке мүмкіндік тудырады және ол іскерлікке негізделген әлеуметтік ынтымақтастықты, бірлескен үйлесімді еңбектг жоққа шығармайды. Сонымен қатар еңбек бөлініс ғылымның жетістігін өндіруші күшке айналдыруды тездетеді және бәсеке әлеуметтік қатынастарды «теріс» аударып, қоғамдық ынтымақты бүлдіреді. Сол себепті ендігі жерде қоғамның біртүтастығының кепілі — мемлекет болмақ. Еңбек бөлінісі жағдайындағы басты құндылық — тұлғалардың дамуы мен олардың бірлесе еңбек ету тіршілігі. Ендігі жерде капитализм өз «ауруларынан» (бәсеке, тартып алу, жанжал, қанаушы еңбектүрлері, жұмысшылардың деградәциялық тежелістері, т.б.) өзі арылуға тиіс. Оның ақылға сиымды жолы ~ қоғамның әлеуметтік проблемаларын талдау және оны шешудің реформалық жолы (Э. Дюркгейм).
Үш ғасырға жақын тарихы бар, капиталистік өндіріс және қатынастармен бірге өсіп қалыптасқан, «капитал» ұғымымен етене үйлескен іскерлік (кәсіпкерлік) — әлі де сыры толық ашылып, әлеуметтік-тарихи ерекшеліктері зерттеліп болмаған әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени құбылыс. Дегенмен, экономикасы мен ғылыми-технологиясы жоғары дамыған, соған лайыкты қоғамдықкатынастары қалыптасқан батыс елдерінің ғалымдарының ой-пікірлері онымен қазіргі уақытта да санасуды талап етеді. Батыстық әріптестеріміздің тұжырымдарына сүйенсек, қазіргі хБизнес» деп аталған әлеуметтік-экономикалық құбылыстың ішкі мазмұны мен құрылымына тереңірек үңілу қажет Біз шынайы іскер кәсіпкерді де, коммерсант пен ұсақ саудагерді де «бизнес» астына біріктіруді әдетке айналдырып алғанбыз. Шын мәнінде, іскер кәсіпкер мен басқа бизнес субъекллерінің мақсат-мүддесі мен қызметінің, оның шаруашылығының әлеуметтік және экономикалық функционалдық қызметінің сипатында үлкён айырмашылық бар. «іскер» деп жаңашыл, озық идеяның субъеюгісін, озық идеяны іске асыру арқылы өзіне де, еліне де еселеп пайда өкелетін, капиталын отаныныңжәне әлемдік қауымдастықтыңөркениетті дамуына бағыттаған ірі, орта және шағын кәсіпкерлікті айтса болар. Біреудің өндіріп қойған даяр тауарын әкеліп сатушы ғана бопмағандықтан, капиталын жаңашыл идеяға, технологияға, ұйымдастыруға салатындықтан, оның өзініңжәне қоғамның күткен нәтижесі мен сенімі алдындағы жауапкершілігі өтежоғары. Сондықтан «жеті ретөлшеп, бір рет кес» деп халық даналығы айтқандай, мақсат еткен іс барынша мұқияттылықты, жинақылыкты, біліктілікті, қатаңесеп пен өлшемді, аса жоғары білікті және сенімді мамандардың қатынасын талап етеді.
Өзі өндіріспен, озық технологиялармен, кадр даярлау мәселесімен шұғылданбайтын, тек басақалар өндіргенді тұтынушыға жеткізушілер, жеткізіп сатушылар іс-әрекетінде ешқандай ізденгіш кәсіпкерліктің эле-менті кездеспейді десек қателесерміз. Алайда бұлар капиталын сауда ісіне, сатып алған тауарды екінші рет саудалауға салды. Іскерлік пен сауда коммерциясы арасында қайшылық та кездесіп тұрады. Жарнамалық күшімен отандық емес өнімдердің өтімділігі арттырылады, сөйте отырып, ел өндірісіне қолдау жасау, ол үшін сұраныс тудырудың орнына, оның өнімін нарықтан ығыстыру психологиясының ырқында кетеді.
Нарық, ол — бәсеке. Оның идеясына сай сапалы өнім оны жасаушылардың кімдер екеніне қарамастан алда жүруге тіліс. Коммерцияныңбасты қағидасы осы болар. Ал сапалы өнім өндірушілер және өндіруге тиістілер кім? Іскер кәсіпкерлер. Олай болғанда, өмірдің өзі, өркениетті нарықтық қатынастың өзі іскер кәсіпкерлерді алға шығарып, оларды ел тағдыры үшін жауапты әлеуметтік қабат, ерекше әлеуметтік топ етіп тұр.
Іскерліктің ерекше маңыздылығы оны мемлекет тарапынан қолдауды да өэіндік ерекше құбылыс етіп тұр. Дегенмен, бүгінгі «Бизнесті мем-лекеттік қолдау» дегеніміз не? Ол іскерлікті қолдау ма, болмаса ком-мерцияны не сауданы қолдау ма? Бұлардың аражігін айыру тетіктері қаншалықты жетілген немесе мемлекеттің қолдау саясатының бұларға қатынасы бірдей ме? Ал өндіруші де, жеткізуші де, сатушы да іскерліктің ішкі өзара үйлесіп жатқан біртұтас жүйесі болған жағдайында мемле-кеттік қолдаудың өзіндік ерекшелігі бар ма?
Тәуелсіз жас қазақстандық қоғамның 90-жылдары нарықтық қатынасқа, калиталистік өндіріс тәжірибесіне беталған кезеңі көпқырлы дағдарысжылдарымен қатарлас келді. Сол себепті іскерліктің дамуының да бұрылысты тұстары аз болған жоқ. Жаһанданушы әлем мен мемлекеттердің жаңа жағдайға трансформациялық бейімделу процесінің, трансұлттық экономикалық, ғылыми және мәдени-білімдік ағымдық қоэғалыстардың іскерліктіңбағыт-бағдарына, ұстанымындағы құндылықтарына өзінің ықпалын тигізіп отырғаны сөзсіз.
Қазіргі өркениетті және әлеуметтік бағдарланған экономикалық қатынастарға ену жағдайында, бизнес, іскерлік, мемлекеттік бақылау мен қолдау саласында әлі де жауабын тауып болмаған сұрақтар баршылық. Тацырыпқа сай танымдық және сараптамалық аерттеулер аясына неғұрлым терендеп енген сайын жауабын іздеген сұрақтар да көбейе түсуде.
Сонымен, іскерлік — әлеуметтік процесс. Ол қоғамнән тыс жүріп жатқан жоқ, соңдықтан одан тәуелсіз бола алмайды және Іскерлік идея мен іс-әрекет қоғамдық ортаның қатынасуымен іске асады. Ал іскерлік дегеніміз — озық ақыл-ой, инновациялық шығармашылық ізденіс, қаржыны әлеумет, ел үшін игілікті іске салатын, болжамдау, бағдарлау, жобалау, басқару, бақылау менеджменті барынша жетілген, істің нәтижелілігіне жауапкершілікті, пайданы оның адамдықорта игілігі үшін маңыздылығымен елшемдей алатын бизнестің жоғары түрі. Іскер тұлғаның әлеуметтік жауапкершілігі мен мәдениеті бизнестің мақсат-мүддесі мен нәтижесін әлеумет, мемлекет мүддесімен адамгершілікті үйлестіре алатынынан керініс табады. Белгілі бір қоғамдық ортада, оның игілгкті қырларын пайдалана отырып, тек жеке бастық немесе шағын эгоистік топ мүддесін кездеу — шынайы іскерлік емес, бизнестік қабілеггің қылмыстық, әлеуметтік ортаның мүддесіне қайшы келетін іс-әрекетке бағындырылуы. Мұндай мінез-құлық құбылыстары іскерлікті өзінің әлеуметтік, прогрестік мәнінен айырады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.