Ислам діні мазмұны

Главная » Рефераттар » Ислам діні мазмұны

Ислам діні мазмұны

Дін дегеніміз –  Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану десек болады. Ол – әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси – әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол байырғы замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Әлемде үш дін адамзаттың мәдени қазынасы деп танылады. Олар: будда діні, христиандық және ислам діні.

Ислам бұлардың қатарындағы жаңа әрі жас дін. Бүгінде жер жүзінде шамамен бір миллиард жүз жетпіс мыңдай адам осы дінді ұстанады. XX ғасырда ислам дінін тұтушылар саны екі есеге жуық өсті. Бұл біріншіден, исламдіні тараған региондардағы демографиялық жағдайларға байланысты болса, екіншіден басқа діндер тараған дәстүрлі аймақтарда адамдардың ислам жолына бет бұруынан болып отыр. Қазақ халқының ежелден ұстанатын діні – ислам. тарихи деректерге сүйенсек, атабабаларымыздың ислам дінін қабылдағанына шамамен 1200 жылдан аса уақыт өтті. содан бері ислам діні қазақ жерінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып, бүгінгі күнге дейін қазақтың бөлінбес еншісіндей болып келді. «Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы» деген қазақ халқы небір қиыншылық, зобалаң замандарда да ислам дінін тастап, басқа дінге кеткен жоқ. тіпті, кешегі қылышынан қан тамған кеңес дәуірінде де қазақ халқы толықтай діннен хабардар болмаса да, әйтеуір мұсылманбыз деп жүрген.

Ислам араб тілінен аударғанда «бой ұсыну» деген мағынаны береді. Ислам және мұсылман (муслимун – бой ұсынушы ерлер, муслиматун – бой ұсынушы әйелдер) сөздерінің түбірі бір. Ислам Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Бүкіл әлемді — көк пен жерді жаратушы – Алла. Барша әлем тек соның құзырында. Алла болмаса әлем сол сәтінде жоқ етілер еді. Адам баласының фани дүниеде жасаған жақсылық – жамандығын таразылаушы, заманның ақырында оларға осы қылықтарына қарай рахым жасаушы не жазалаушы бір Алла. Барлық өлгендер заманақырда қайта тіріліп, соның алдына жауапқа келеді.

Ислам – адам баласына аян жолымен келген дін. Қасиетті Құран аяттары жиырма үш жыл бойында Жебірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға жеткізіліп тұрған. Ислам діни ғұрыптарды және дүниелік мәселелерді шариғат жолымен реттеп отырады. Ол сөзсіз орындалуы тиіс мұсылмандық парыздарды және орындағаны қосымша сауап болатын сунна жолдарын айқындайды, жоғары адамшылыққа, еңбекке әрі білімге уағыздайды және Құран Каримдегі (Қасиетті Құран) аяттар мен пайғамбардың хадистері арқылы соның ережелерін белгілейді.

Исламның өзге әлемдік діндерден айырмасы ­­– оның айқын рәміздерінің болуы. Мұсылманшылық екі сенім негізі бойынша құрылған: біріншісі – Алладан басқа құлшылық етілетін тәңірдің жоқтығына; екінші –Мұхаммедтің (ғ.с.) Алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар екендігіне сену./іі/

Ислам термині, яки үшінші дүниежүзілік діннің атауындағы осы бір сөз, өз мағынасы жағынан мұсылмандардың қасиетті кітабының мәтінінде кездесетін басқа екі терминге жақын. Олар – дін (ислам қауымының өмірінің негізі болып табылатын рәсімділік тәжірибесі ретіндегі дін) және иман (сенім). Сунниттер арасында қалыптасқан көзқарас бойынша дін ұғымының мазмұны үш құрамдас бөліктен тұрады: ислам (бес ақиқат парызы жиынтығы-арқан немесе негізгі діни парыздар), иман – Алланың ақиқаттығына деген сенім және де ихсан (адамгершілік ізгілігі, сенімнің шынайылығын жетілдіру жолы).

Исламның негізгі қағидаттары немесе «сенім негізі, түбірі» деп аталатынның (усул ад-дин) саны – бесеу. Біріншісі – бірқұдайлық (таухид). Исламда таухид дегеніміз, ең алдымен, Алланың жалғыздығын мойындау болып табылады. Сөйтіп, көпқұдайлық кесімді түрде жоққа шығарылады. Оның формуласы «Алладан басқа құдай жоқ» деген сөздер арқылы бекітіледі. Алла тіршіліктегі бар дүниенің барлығының жаратушысы, ең құдіретті күш және бәрін көріп – білуші болып қабылданады. Таухид туралы ілім мұсылман теологтарының жүздеген жылдар бойы терең зерттеу пәні болып табылады. Ұзақ уақыт зерттелу барысында ол ілім көп түрлі талдау, сан-саққа жоруды басынан өткерді. Қағидатты аса қатал түсінушілер бірқұдайлықты шекті күйге жеткізген де еді. Мысалы, таухидтен исламдағы тірі жаны барларды бейнелеуге тыйым салу шыққан. Бірақ, дегенмен, бұл тыйым кейбір ислам өлкелерінде, мысалы, Иранда аса еленбеген болатын. Екінші қағидат – құдайи әділеттілікке деген сенім, Алланың оң сотына (адл) деген сенім, оның адамның жасаған мейірім – қайырымына да, сол сияқты, ұятты істеріне де сол мөлшерде қайтарым болатындығы туралы түсінік. Алланың әділеттілігі – оның адамның түсінуінен тысқары жатқан ең жоғары білімі деп қарастырылды. Үшінші догмат – Мұхаммедтің пайғамбарлық жолын және де оған дейін өмір сүрген пайғамбарларды құдайдың елшілері деп мойындау (нубувва). Құранның ізі бойынша, Мұхаммедтің алдында көптеген көне пайғамбарлар болған, олардың ең біріншісі Адам-ата деп есептелінеді, Құранда 28 пайғамбардың аты аталған, ал пайғамбарлардың жалпы саны жүзден астам деп біледі.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.