Ислам дініндегі негізгі бағыттар

Home » Рефераттар » Ислам дініндегі негізгі бағыттар
Рефераттар Комментариев нет

Исламда басқа діндерде тәрізді бірнеше бағыттар бар. Ол туралы Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) айтқан екен: «Ислам мен дүниеден өткеннен соң үмметім 73-ке бөлінеді, соның біреуі ғана жаннаттық»,- деп.Пайғамбар Алланың рахымына бөленген соң исламда негізгі екі тарап айқындалады. Олар – сунниттер және шииттер (шиа – қосылу, бірігу). Бұл бөліну негізгі дінді таратудан емес, тақ таласынан туды.

Мұхаммед өзінің соңғы күндерінде қатты науқастанып, бұрынғыдай намазда ілгері тұра алмады. Ол Әбу Бәкірді нұсқады. Пайғамбар  Алланың шапағатына бөленген соң оның бұл мезгеуін мұсылмандар Әбу Бәкірді (632-634) өз орнына қалдыруы есепті қабылдады. Одан соң пайғамбардың сахабалары Омар (634-644), Осман (644-656) халиф болды. Төртінші халиф турасында талас туды. Әлінің халиф болуына Осман туыстары қарсы болдыИслам тарихшылары Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) «ислам арысланы қаһарына мінсе, қарсы болмаңдар,» – деген өсиет қалдырған дейді. Осы уақытта исламда тұңғыш оқшаулану көрініс берді.

Суниттер

Исламдағы ең ірі бағыт  – сунниттер. Әлемдегі мұсылмандардың 90 пайызы сунниттік исламды ұстанады. «Сунна» араб тілінде «жол» деген мағына береді. Сунниттер хадистерді нағыз мұсылмандар жүретін жол деп таниды. Осыдан олар өздерін «аһли ас-сунна», немесе «аһли әхли-сунна уа жамағат»- «сунна адамдары»,-деп атайды. Яғни олардың киелі мұрада бекітілген ислам құндылықтарына беріктігін, жамағаттың өмірлік маңызы бар мәселелерді шешудегі жетекші рөлін мойынайды. Сунниттерге тән белгілердің негізгілеріне: төрт «тақуа халифтердің» заңды билігін мойындау; алты «қағидалы» хадис жинақтарының дәйектілігіне күмән келтірмеу; сунниттік төрт құқықтық мектептердің біріне тиесілі болу (маликтік, шафииттік, ханифиттік және ханбалиттік) жатады. Шииттерден суниттердің айырмашылығы  – олардың Алла мен адам арасында Мұхаммед пайғамбардан соң елшілік етуші жан жоқ деген идеяны жоққа шығаратындығы. Олар Алидің «құдайи» табиғатын да қабыл алмайды әрі оның ұрпақтарының мұсылман қауымында рухани билік жүргізуі тиіс дегенді де мақұлдамайды.

Хронологиялық тұрғыдан алғанда сунниттер шииттерден кейін, соларға реакция, жауап ретінде пайда болды. X-XI ғғ. Суннизм дербес ағым болып шықты. Бастапқыда ол шииттік исламға қарсылық ретінде қабылданатын. Суннизмнің аясында ерекше секталар пайда бола қойған жоқ. Бұл жағы оны шиизмнен бөлектеп тұрады.

Исламның діни ілімінің Құраннан кейінгі екінші орында тұрған маңызды дереккөзі – Сунна (ар. тілінен әдет-ғұрып, үлгі-өнеге) – Алланың елшісінің өмір жолының үлгісі. Ол– жалпы мұсылман қауымы болсын, жеке мұсылманның әрқайсысының өзінің болсын өмір жолының жетекшілікке алар әрі үлгі етіп ұстанар қағидасы.Мұхаммедтің жасаған іс-әрекеттерін, оның айтқандарының басын біріктіртін Сунна қоғам мен жеке адамның барлық мәселелерінің шешімін табуға көмектесетін материал болып табылады. Ислам пайғамбардың Алламен тікелей тілдескендігін қабыл алатындықтан, сенушілер Мұхаммедтің өзінің айтқандарын да тегін емес деп, оны да Құранмен қатар Құдай өзі жіберген исламның негізі деп қабылдайды. Суннаға мұсылмандар Құдайға ненің ұнайтындығын, қандай әрекеттер мен көзқарастар оған жағымды екендігін білдіретін нұсқау деп қарайды. Халифат құрылғаннан кейінгі және исламның табысты өткен экспансияларынан кейінгі жаңа жағдайаға, тез арада өзгеріп отырған тарихи шындықтарға исламның көндігуінің ең бір пәрменді құралы болған осы Сунна еді.

Суннаның негізгі құрамдас бөлігі – хадис (ар.жаңалық, әңгіме, хабар).Ол Мұхаммед пайғамбардың өмірінен хабар беретін, оның іс-әрекеттері мен уағыздары жайында айтатын кітап. Онда мұсылман құаымының өмірінің түрлі-түрлі діни-құқықтық қырлары да қарастырылған. Хадис екі бөліктен тұрады: иснад (ар. «сүйемел», «тірек») – Пайғамбар туралы хабарды ол қағазға түскенге дейін бір-біріне ауыздан-ауызға жеткізгендерді тізбектете келтіру және матн (ар. «мәтін») – нақты ақпарат ала жүретін бөлік. Мұсылмандық дәстүр бойынша, иснад – Мұхаммед Пайғамбармен не болып, не қойғандығының шындығын дәлелдеуші дүние, себебі дәстүрге, аузы дуалы абырой иелерінің сөзіне сүйену исламда қашанда жетекші орында тұрған.

Бүгінгі таңда көпшілік ғұламалар шынайы деп тапқан сан алуан хадистер жинағы бар. Ол авторлар Ат-Термизи, имам Бухари т.с.с. Қазақ тілінде Халифа Алтайдың аударуымен қысқаша хадистер жинағы жарық көрді. Ал кең көлемді Халықаралық Ислам Университетінің қолдауымен орыс тілінде «Мұхаммед өсиеттері» (Изречения Мухаммеда) – деп аталатын жинақ жарық көрді.

Мұсылманның қырық парызы осы шариғаттың бірі болып табылады. Ал қырық парыздың ең негізгілері мыналар: 1) иман келтіру, яғни Алланың бір, пайғамбардың хақ екендігін тілмен айтып, жүрекпен сену; 2) бес уақыт намаз; 3)зекет беру; 4) рамазан айында ораза тұту; 5) мүмкіндігі жетсе, қажыға бару. Қажылық – мұсылман дүниесінде қасиетті болып саналатын Мекке мен Мединаны зират ету. Намаз болса, күннің шығып батуына байланысты белгіленген уақыт бойынша қатал тәртіппен өтеледі.

Шииттер

Кең тараған исламдық жіктемелердің біреуіне сай, шииттік бес үлкен секталар бар. Олар өз алдына одан да кішірек құрылымдарға бөлінген екен. Оларға: қайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, «шеткі» шииттер және исмаилиттер жатады. Шииттер арасында Алидің ұлдары Хасан мен Хусейннің ажалынан кейін кайсаниттер бірінші болып бөлек шықты. Олар Мұхаммед ибн аль-Ханафияны (700 ж. шамасында өлген) имам деп жариялады. Ол – Алидің ханиф тайпасынан шыққан күңнен туған баласы болатын. Шииттердің көп бөлігі бұл сайлаудан бас тартты. Өйткені Мұхаммед ибн аль-Ханафия Пайғамбардың қызының баласы емес еді. Кайсаниттер шеткі шииттерге жатады. Олар өздерінің мойнына «жазықсыз өлтірілген» Хусейн үшін кек қайтаруды жүктеген. Кайсаниттер Мұхаммед ибн аль-Ханафияны Мұхаммедтің Пайғамбарлығының отын Али арқылы қабылдаушы және киелі білімге иегер деп жариялады. Мұхаммед ибн аль-Ханафияның өлімінен соң оның ізбасарлары бірнеше секталарға және бағыттарға бөлініп кетті. Біреулері оның өлімін жоққа шығарып, оның қайта келуін күтті. Басқалары – имам деп Абу Хашимді, Мұхаммед ибн аль-Ханафияның ұлын жариялады. Үшіншілері – Абу Хашимнен имамат Аббаситтер тегіне өтті деп насихаттады.Кайсаниттердің ортасында жаңа жағдайлардың пайда болуынан туындаған құдайи пікірдің өзгеруі туралы ілім даярланды. Бұл доктариналық даярлық болатын оқиғаларды білуге шииттік имамдарға өздерінің жорамалдарынан, олар орындалмаған жағдайда, құдайи пікірдің өзгеруіне сілтеп, бас тартуға мүмкіндік берді. Кайсаниттер қауымдары  IX ғ.ортасына дейін тіршілік етті.

Шииттердің саны жағынан ең көп әрі байыпты қатарын имамиттер қалыптастырады. Олар Али әулиетінен шыққан 12 имамды мойындайды. XI ғ. Аты әлемге танымал ислам теологы және құқықтанушы аш-Шахристанидің анықтамасы бойынша, «Имамиттер – Алидің имаматын нақты тағайындау, оның бойындағы бар қандай да бір қасиетке ишара жасау арқылы емес, оның өзін жеке көрсету арқылы анық нұсқау деп мойындайды». Яғни имамат Пайғамбардың өз аузынан айтылу арқылы немесе алдыңғы имамның аузынан шығу арқылы қолдан-қолға беріледі. Имамиттердің басқа атауы – иснаашариттер деген атауы шыққан. Иснаашариттер –12 имам жолын жақтаушылар.

Зейдиттердің жоғары билік туралы іліміне сай, имаматқа келуге тек қана «Пайғамбар әулетінің» ғана құқы бар, яғни имамат тек Фатимадан және оның ұрпақтарынан бастау алуы тиіс делінеді. Зейдтің өлімінен соң имамат, зейдиттер ілімі бойынша, өзінің мирасқорлық қасиетін жоғалтып, сайланбалы болып шықты. Зейдиттер ислам мемлекетінің имамсыз уақытша тіршілік етуіне болатындығын мойындайды және түрлі қауым мен елдерде – егер олардың арасындағы қарым–қатынас қиындаған болса – бір мезгілде бірнеше имамдар шығуына болатындығын қабыл алады. Имамат туралы зейдиттік концепция сунниттік концепциямен етене тығыз байланысқан.

Хариджиттер

Хариджиттер алғашқы араб жаугершілерінде және халифаттағы саяси-әлеуметтік қайшылықтарының күшею кезеңінде пайда болды. 656 жылы Осман ең ірі әрі ең ауқатты Омейядтар әулетінен шыққан үшінші «тақуа халиф» өлтрілгеннен кейін халиф болып Али тағайындалды. Хариджиттер ислам тарихындағы ең ежелгі діни-саяси топ болған. Исламдағы тұңғыш бөлініс пен хариджизмнің шығуы мұсылман қауымында одан ертеде-ақ даярланып қойған болатын, бірақ бұған дейін ашықтан-ашық көрінбеген еді. Ал Сиффиндегі шайқас оған тек түрткі болған. Соны пайдаланып оппозиционерлер ашықтан-ашық өздерін көрсетті. Хариджиттер өздерінің халифтерін сайлап алды, сөйтіп Али мен Муавейді мойындамайтындығыг жариялап, олармен қолға қару алып күресті. Хариджиттердің арасынан шыққан біреу Алиді өлтіріп тынды. VIII ғ. Екінші жартысының басында хариджиттер арасвнда бір-бірімен бәсекелес топтар шыға бастады – азракиттер, ибадиттер, суфриттер. Хариджиттердің өз ішіндегі бытыраңқылық олардың күшін әлсіретті, әйтсе де, орталық билік үшін хариджиттердің жүргізіп отырған зор көтерілістері халифаттағы жағадайды орнықсыз етті. Хариджиттер, әсіресе, Иран мен Иракта, Аравия мен Солтүстік Африкада мығым орнығып алған. X ғ. Бастап хариджиттердің ықпалы бірден төмендепкетті. Қазірде хариджиттердің аз-маз ғана ғауымы Оманда, Алжирде және Ливияда сақталған.

Хариджиттер заңды халифтар деп Абу Бакр мен Омарды есептеген.Саяси тұрғыдан алғанда хариджиттер радикалды көңіл күйлер тудырушылар болды, ал діни тұрғыдан алғанда олар исламның «тазалығын» сақтауда және әдет-ғұрыптарын қатаң қадақалауда ештеңеден тайынбайтын топ еді. Хариджиттер Исламдағы билік теориясына байланысты догматикалық сұрақтарды даярлауға көп үлес қосты. «Тайпалық демократия» тұғырнамасын ұстана отырып, олар халиф жоғары билікті тек қана сайлау жолымен алуы тиіс деп есептеді.

Сопылық бағыт

Сопылық бағыт – исламдағы мистикалық бағыт. VIII ғасырдан бастап тарих сахнасына шыға бастаған сопылық әрекеттері Исламның басқа өлкелерге тез арада таралуына әсер еткен маңызды факторлардың біріне айналды. Ислам және оның қасиетті кітабы Құранды мистикалық тұрғыдан түсіндірілуін және адамның сол бойынша қоғамда өмір сүруін қадағалап, тәртіпке келтірген сопылар, тәблиғ әрекетіне үлкен мән берген. Сопылар әлі Ислам дінінің тарала қоймаған қоғамдар арасына кіріп, өздеріне лайықты сүйдіруші, сендіруші әдістерімен Исламды тарата білген. Сопылар, адамның негізгі отаны – рух әлемі, адам дүниеге уақытша қонақ ретінде келіп, өте жоғары дәрежедегі, рухани хәлдегі арифтер болып саналған. Сопылық жолы алғаш Арап түбегінде пайда болғаны мен көп ұзамай Иран, Хорасан, Үнді түбегі, Орта Азия т.с.с. бірнеше өлкелерге кең қанат жайды. Сопылық жолының өркендеуіне зор үлес қосқан Қ.А. Иассауиден Иассауилік, Бахауаддин Нақшбандиден Нақшбандилік т.с.с. сопылық жолдары бізге мұра, үлгі, өнеге болып қалды. Суфизм “жүн” деген мағынаға келетін “суф” сөзінен шыққан дейтіндерге қарағанда, әдетте сопылар жүннен тоқылған шапан киіп, көз тартар әсем киімдерді киюден тартынған және тек денелерін жауып тұратын жүннен тоқылған киімдер киген. Өздерінің мистикалық жолдарында әрбір сопы мынадай деңгейлерден өтулері қажет:

  1. шариғат – ислам заңдарын бұлжытпай орындау;
  2. тариқат – ерекше тақуалықпен ғибадаттар, нәпсіні тыю;
  3. Марифат – Алла тағала тұрғысынан әлемнің бәрі бір екендігін жүрекпен тану;
  4. Хақиқат (шындық) танушының құдіретпен үндесуі.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.