Ислам мен халифаттың негізі қалануы

Home » Рефераттар » Ислам мен халифаттың негізі қалануы
Рефераттар Комментариев нет

Алғашқыда дін күшпен орнап, сол күштің, саясаттың қызметшісі болатын. Ал VII ғасырдағы Араб елінде оқиға мүлдем басқа жолға түсті: жаңа, хақ дінді саясатшы көсем емес, дін уағызшысы, Алланың елшісі насихаттап, Атлантикадан Үнді мұхитына дейін созылып жатқан аса қуатты мемлекет – Араб халифатын орнықтырды.

Адамзат тарихында осындай ересен бетбұрыс жасаған Меккедегі аса беделді құрайыш тайпасының Әшім әулетінен шыққан Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) еді. Ислам «Мұхаммед пайғамбарлардың (ғ.с.) мөрі» – деп те атайды. Өйткені ислам діні адамзат баласына келген және келетін ең соңғы хақ дін, Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) Алланың соңғы елшісі саналады. Осыдан соң пайғамбарлық бітеді, халифтер келеді. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) ислам дінін үш жыл құпия таратты. Кейін Алланың әмірімен халықты тура жолға ашық шақыра бастады. Осылайша Мұхаммед (ғ.с.) Алланың әмірімен он үш жылдан соң ол ізгі жолға түсушілерді бастап, Медина қаласына көшті.

622 — жылы жиырмасыншы қыркүйекте (бір деректерде он алтыншы шілдеде) Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) Йасриб қаласына көшті. Осымен ислам тарихының жаңа беті ашылды. Мұсылмандық жыл санау – хиджра басталды. Йасриб қаласы Мадинат ан — наби – Пайғамбар қаласы деген ат алды. Бертін келе, ол жай Медина, яғни «қала» аталып кетті. Хиджраның екінші жылында тұңғыш мешіт (масджид) – Пайғамбар мешіті тұрғызылды. Мұхаммед пайғамбарға (ғ.с.) Меккеден көшкенде жүз жиырма адам ере келген еді. Бас — аяғы сегіз жылдан соң, ол Меккеге он мың қол бастап аттанды.

Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) жаңа қоныста тайпалық одақтарды жойды, олардың жауласуына, қанды қанмен жуу салтына тыйым салды. Исламды қабылдағандарды дін қарындас етті. Бұл өзге туыстықтан да артық еді. Қауымда темір тәртіп орнады. Ол Алланың жердегі өкілі – имамға ғана бағынатын болды. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) бірінші жұма намазын және тұңғыш хұтпаны (өсиет) осында оқыды, дейді діни жәдігерліктер.

Бірақ, Мекке мен Мединаның арасы жараспады. Меккеліктер жаңа пайғамбарды мойындамады. Әбу — Суфиян бастаған меккеліктер мединалықтарды бағындырмақ болып жорық жасады. 624 жылы он алтыншы наурызда екі қол кездесіп, мединалықтар айтулы жеңіске жетті. Араға бір жыл салып, тағы ірі әскери қақтығыс болды. Соңында екі қаланың арасындағы соғыс созыла берді.

Осы жерде Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) асқан көрегендік жасады. Ол 628 жылы арабтардың дәстүрі бойынша ұрыс қимылдары тоқтатылуы тиіс хажылық айында Меккеге сапар шекті. Оған қалаға енуге рұқсат болмады. Бірақ, осы сапарында ол он алты жылға бітім жасады. Келесі жылында, 629 жылы мұсылмандар келісімді пайдаланып, хажылық сапарын атқаруға мүмкіндік алды. Мединалық мұсылмандарды бұрынғы тайпаластары жылы қарсы алды. Көбі мұсылман болды. 630 жылы Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) Меккенің іргесіне он мың қолмен келгенде Әбу – Суфиянның өзі қаланы соғыссыз берді.

Осылай сегіз жылдан соң Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) Меккеге жеңімпаз ретінде салтанатпен енді. Қала түгел мұсылман болды. Қағба пұттан тазартылды. Исламды бүкіл араб жұрты мойындады. Ислам төрт халифті – Әбу — Бәкірді, Омарды, Османды және Әліні сенімді деп бөліп атайды. Бұл адамдар ислам діні жолында ерекше қызмет қылған қайраткерлер, кәміл мұсылмандар. Осы халифтер тұсында ислам Египетке, Сирияға, Иракқа, Ливияға, Иранға, т.б. елдерге тарады.

Бұл уақыттарда жихад – дін жолындағы күрестер жүрді. Оның бір нысаны – ғазауат, дінсіздерге қарсы соғыс. Әр кәміл мұсылман дін жолында жанын пида қылуды мақсат тұтты. Бірақ, жихадтың мағынасын тек соғыспен шектеуге болмайды. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) айтқан: Муджахит деген сол адам – Алла жолына көндіру үшін өз — өзімен күрессе; ал мұхаджир деген – барлық залымдықтар мен күнәлардан қашқан адам.

Ислам елдерінде жихад жайында негізгі бес қағида орныққан. Оның жоғарғы нысаны – рухани жихад. Мәні – өзін–өзі Алла жолына әзірлеу. Екінші – найза жихады. Ол – дінсіздермен күрес. Осы күресте шейіт болғандар жанаттан орын алады. Үшінші – жүрек жихады. Ол – өзінің ерсі қылықтарымен күрес. Төртіншісі тіл жихады – тілді жақсы істерге қолдануға үйрету үшін күрес. Соңғысы қол жихады – қолды адал істер істеуге үйрету, бейімдеу, осы үшін күрес.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.