Исламдағы адам құқығы

Главная » Рефераттар » Исламдағы адам құқығы

Исламдағы адам құқығыИслам дініндегі адам кұқығын, қандай да тұлғаның дүниеге келгенінен бастап дүниеден озғанға дейінгі отбасындағы және сырттағы болатын тәрбие, жыныстық мәселелер, үйлену, отбасы жауапкершіліктері сияқты әрбір отбасына және әрбір жеке басқа қатысты маңызды мәселелер Ислами тұрғыдан қарастырылады.Негізінен алғанда осы мақалада өте маңызды тақырып қарастырылып өтеді. Яғни, Исламдағы адам құқықтары. Бұл өте кең тақырып, әрине. Сондықтан да, оны осындай кішігірім мақалаға сыйғызу — айтарлықтай еңбекті қажет етті. Дегенмен де, бұл мақала өзінің діттеген мақсатына азды-көпті жетеді деуге болады. Исламдағы адам құқығы — ислам дінінің маңызды компоненті болып табылатын шариғаттың бір бөлігі Мұсылмандық құқықтың тарихи 570-632 жылдары өмір сүрген Мұхаммед пайғамбардан басталады. Мұхаммед Алланың атынан кейбір негізгі мінез-құлық ережелерін мұсылмаңдарға жолдады [1].
Бұл нормалар көпшіліктік діни-уағыздарда қалыптасты. Исламда кұқық мемлекеттен тыс қалыптасқан. Осы жағдай кұқықтану ғылымының негізін алғашқылардың бірі болып исламның қалыптастыруына мүмкіндік жасады. Егер басқа аймақтарда этика мен саясат қана бөлінген болса, кұқық ғылымның жеке саласы түрінде және онда айрықша кұқық тұжырымдамасы қалыптасуы еш жерде болған жоқ еді. Исламдық кұқықтану кейіннен әртүрлі салаларға бөлініп, жеке дара кұқықтық пәндерге бөлінді. Мұсылмандық құқықтың барлық салаларының негізі: шариғат болып табылады. Исламдық құқықтану бойынша, шариғат адам өмірінің бар салаларын қамтитын жан-жақты құқықтық жүйе. Онда діни жэне зайырлылық, күнделікті тіршілік пен руханилықтың арасы біртұтас. Ол адамдар өмірінің барлық салаларында басшылыққа алатын, аумагы кең мінез-құлық кодексі болып табылады. Шариғат — өсиеттер жиынтығы — Құран мен суннада жинақталған.
Жалпы адам құқығы дегеніміз — заңды бипік тарапынан жеке тұлғаларға танылған, басқалардың құқығына зиянын тигізбей қалағанынша қоғамдық қатынастарда өз мүддесін жүзеге асыру, материалдық-рухани қажеттіліктерін қамгамасыз ету құқығы болып табылады.Құқық ұғымы сырттай заманға сай тұрғыдан қарағанда тек жеке жэне заңды тұлғаларға тиесілі болып көрінгенімен шын мәнінде Ислами тұрғыдан алғанда ол Алла тарапынан жаратылысқа берген құқық. Алайда, Алла осы құқықтарға өкілдік етуді адамдарға аманат ретінде берген. Бұл құқықтар кейбіреулерде белгілі бір мүдде, құзыреттіліқ енді бірінде аталған мүдделерден пайдалану немесе құзыретті қолдану құқығы ретінде жүзеге асады. Ислам діні бойынша Алла белгілеген құқықтар адамның Аллаға құлшылық міндеті мен қоғамдық құқықгарды түгел қамтиды. Мүліктік құқықтар, еңбек кұқықгары, ой мен іс-эрекет еркіндіпн қамтитын құқықтар жеке тұлғаның азаматтық құқықгары деп аталса, ал мүдде, пайда, мәміле тұрғысынан жеке адамға да, қоғамға да қатысты құқықтар «ортақ құқықтар» деп аталады. Ислам діні бойынша адамдар жарық дүниеге еркін болып келеді. Барлық адамдар құқықтық тұрғыдан бір-бірімен тең саналады. Ой еркіндігі, сөз бостандығы, ар-ождан еркіндіп адам баласының өзгермейтін табиғи кұқықтарына жатады. Нәсіліне, жынысына, ұлтына, тілі мен діни айырмашылығына қарамастан, барлық адам теңдей құқыққа және мүмкіндікке ие. Мұндай құқықтар адам табиғатына тэн үлкеңді-кішілі құқықтарды, сонымен қатар белгілі кезеңнен кейін пайда болатын түрлі құқықтарды қамтиды. Ислам дініңдегі құқықтарды реттейтін негізп заң ол — Құран. Құранда адам құқықтарына айрықша мэн беріп, бұлардың қорғалуына қатысты ескертулер жасаған. Сонымен қатар, құқықтардың жүзеге асуы мен орындалуының арнайы механизмдерін де бекіткен. Алла озінің адамватқа берге құқықтырын нақтылап, егжей тегжейлеп, анықгау үшін өз елшісі ретінде жерге Мұхаммед пайғамбарды жіберген. Ол сөзімен де, ісімен де Құранда айтылатын құқықтық мәселелерді нақтылай түскен. Бұл мәселені исламда суннет деп атайды. Мұхаммед пайғамбар барлық азаматтық және қоғамдық құқықтар Алладан бастау алатынын ескертіп, құқықтардың қорғалуы мәселесше өз үлесін қосқан. Мұхаммед пайғамбар бүкіл өмірінде үнемі адам құқықтарын барыпша қадірлейтін. Ол құқықты сақтаудың үлкен-кіші істердің баршасын қаперден тыс қалдырмай, құнттап отырған. Пайғамбар Мұхаммед кшппрім мэселелер еленбесе, үлкен мәселеге айналатынын терең пайымдағандықтан, үлкен-кіші деместен, барлық кұқықтың сақталуына жіті мән берді. Үлкен құқықтардың аяққа тапталуын Алладан қорқу сезімінің күшімен алдын алып отыруды насихаттады.
Иә, Ислами түсінік бойынша, бүкіл құқықтар Алланың жаратылысынақ сол жаратылысқа үстемдік етуінен бастау алады және Алла тарапынан адам баласына аманат етшген сый. Осынау Алланың құқықтары адам баласына алғаш жаратылған кезден бастап тарту етілген. Бұл құқықтар адамдар тарапынан күшпен алынбайды, сатылмайды, азайтылмайды, көбейгілмейді, өзгертілмейді, дүние-мүлікке айырбасталмайды. Ешбір билік иесі құқықтарды өздігінше бекіте де? белгілей де алмайды. Құқықты ешбір билік сатылатын тауар сынды бағалай алмайды. Адам құқықтарының сақталуын бақылайтын да адамның өзі жэне тұтас қоғам. Ізгілік үстемдік құрған қоғамдарда құқықгың сақталуына жауапты лауазым иелері эрдайым құқьіқтық жауапкершшікті терең түсініп, құқықты қадірлеп, қастерлеген. Осының өзі ізгілікті қоғамдарда құқықтың сақталуының ең басты кепілі болып саналған.
Пайғамбар Мұхаммед қоғамның тірегі болып саналатын жанұяда бақыт пен үйлесімнің орнауы үшін, отбасы мүшелерінің бойында Алладан қорқу сезімінің орнығуының маңызын айрықша атап өтеді. Ал, исламдағы жеке меншік құқығына тоқталар болсақ, ислам діні бұл мәселеге де айрықша мән бергенін байқау қиын емес. Адамның жеке меншігі, малы, жаны өзгелерге харам делінген. Яғни, өзгенің мүлкіне қол сұғушылық күнә деп танылады. Сондай-ақ, қылмыс болып табылады және оған қатыста ауыр жаза тағайыңдалған. Тіптен, басқа дін өкілдерінінде жеке меншігіне қол сұғылмауын қарастырған. Ислам дініңдегі құқық мәселесінде дінге, ұлтқа, нәсілге бөлінбеген. Барша адамзаттың құқығы дінде бірдей қорғалады. Бұл принцип еңбек құқығын, неке құқығық жер, мүлік т.б. құқықтарын қорғау кезінде де қолданылады. Исламдағы адам құқығы бірлік ұғымына негізделген.
Бұл оны Батыстағы адам құқығынан ерекшелендіреді. Ислам адам құқығын оның адамдық қадір қасиетінің ажырағысыз бөлігі деп біледі. Өйткені діни көзқарас бойынша, адам Алланың Жердегі орынбасары деп таныстырылады. Сондықтан да құрметке лайық. Алла әлемді адамның рухани және материалдық қажеттіліктерін лайықты түрде қамтамасыз ету үшін ең жақсы тәсілмен жаратты. Сондықтан да аспан мен жердегі барлық нәрсені адамның ықтиярына беріп, өзінің нығметтерін лайықты түрде пайдалану үшін адамға ерік берді Бірақ адам өз болмысы мен әлемнің жаратылысының ақиқатын түсінуде қайшылыққа ұшырап, ақ жолдан тайды. Ол жаратылыс жолы мен өмірдің қисынды бағытынан шығып, дүниеқорлық пен мансапқорлыққа бет бұрып, өзінің ырыққа көнбейтін құмарлығына салынып, басқа адамдардың құқығына қол сұқты. Қоқан лоққы, кемсітушілік, тұрақсыздық, кедейлік, ашаршылық пен соғыс адамзат тарихының қара дақтары болып саналады. Бұлардың зиянды салдары әлі күнге дейін әлем халықтары мен қоғамдарының үлкен қайғысы болып отыр. Англияның философы Жан Локк айтқандай, табиғаттың адамға берген сыйы болып табылатын адам кұқығы ежелгі Грекияда қоғамның ерекше артықшылыққа ие табына тиесілі еді. Әлемнің әртүрлі жерлерінде адамдардың құқықтарына көңіл аудармау біртіндеп қалыпты жағдайға
айналды. Бір согыс пен қантөгістен кейін жарғылар, декларациялар мен құжаттар қабылданды. Бұл құжаттарды жасаушылар қоғамның дертіне дауа болуы үшін адам құқығы жайлы сөз қозгады. Олар адамның жеке және қоғамдық құқықтарын қамтамасыз ету үшін қоғамдық өмірді белгілі бір принципке негіздеу қажеттігін түсінді. Адамзат баласының өзінің адами құқықтарын қорғау үшін жасаған қадамдарының бірі 1948 жылы шығарылған адам құқықтары туралы дүниежүзілік декларация болды. Өзінен бұрын шығарылған жарғылар мен декларациялардан толықтау болып көрінетін бұл декларацияда адамның негізгі құқықтары мен жеке және қоғамдық еркіндіктерінің көбі қамтылған. Сөйтіп әлем халқында адам құқықтары туралы дүниежүзілік декларацияның барлық бабтары орыңдалып, оның барлық құқықтары мен бостандықтары кепілденеді деген үміт пайда болды. Адам құқықтары туралы дүниежүзілік декларация әлем елдерінің өз ойларын ортаға салуынан туындады. Осы жағдайда Исламның озық мектебінде адам құқықтары жөніңде жан жақты әрі толық қадиғалар бар.
Адам құқықтары туралы дүниежүзілік декларацияда белгіленген адам құқықтары аясының жалпы алғанда Исламдағы адам құқықтарымен ортақтықтары бар. Мысалы, өмір сүру кұқығы, сөз бостандығы, ой пікір бостандығы, оқу құқығы, тіршілік ету, кемсітушілікке тосқауыл қою құқығы. Адам құқығын сақғауға арналған кұндылықтар тек барлық мәдениеттер мен өркениеттер теория жүзінде де, іс жүзінде де оны сақтауға атсалысатын болса ғана бүкіл әлемге тарала алады. Дін адамның түсі, нәсілі, тілімен қоса кемсітушілік тудыратын фактор болып есептелді. Сондықтан исламдық елдер аталмыш декларациямен салыстырғанда Исламның адам құқығына қатысты көзқарасын мықты деп санайды. Оның көптеген бабтары пішін мен мазмұн жағынан адам құқықтары туралы дүниежүзілік декларациямен бірдей. Бірақ оның адамның болмысына қатысты көзқарасында айырмашылықтар мен артықшылықтар бар. Исламдағы адам кұқығы бірлік ұғымына негізделген. Бұл оны Батыстағы адам құқығынан ерекшелендіреді. Ислам адам құқығын оның адамдық қадір қасиетінің ажырағысыз бөлігі деп біледі. Өйткені діни көзқарас бойынша, адам Алланың Жердегі орынбасары деп таныстырылады. Сондықтан да құрметтелуге лайық Алла «Асра» сүресінде: «Біз адам баласына қасиет беріп, оны өзіміз жаратқан басқа мақұлықтардан жоғары қойдық («Асра», 70)», дейді. Бүгінде Батыстағы адам құқығын құрайтын принцип Исламның негізгі принципінен алынған. Ислам дінінің паңда болуы әлемдегі кемсітушілік, үстемшілдікті жоюмен басталды. Алла пайғамбарларының іс әрекеттері мен талпыныстары адамдардың құқықтарының сақталуын және қоғамда әділет пен қауіпсіздік орнатуды қамтамасыз етіп отырды. Исламның келтіретін дәлелі мынадай: «Барлық адамдар түс, нәсіл мен ұлтына қарамастан, бір денеден бірдей жаратылған» («Ниса», 1) [3].
Ислам адамдарды еркін деп біледі және олардың абыройына құрметсіздік көрсетілуге қарсы Исламның қөзқарасы бойынша адамның рухани өмірі түзетілмейінше, материалдық факторлар оның қоғамдық қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ете алмайды. Тағы бір маңызды мәселе, ол дүниежүзілік декларацияларда адам құқықтары деп келтірілген заңдар тек адам өмірінің материалдық жақтарын ғана назарға алған. Онда адамның ақлақтық және рухани құқығы жайлы сөз айтылмаған.
Бүгінде басқа адамдардың құқығына қол сұғу тиісті ақлақтық тәрбиенің жоқтығы мен қоғамдағы жүгенсіздіктің салдарынан туындап отырғандығы ешкімге жасырын емес. Осы жөнінде Батыс елдерінің қисынсыз әрекеттер жасауы адам құқығы мәселесінде әсерсіз қалмады. Шындығында, адам құқығы Батыс үкіметтері саясаттарының бұлтарыс қалтарысында аяққа тапталып қалды. Адам құқықтары туралы дүниежүзілік деклорацияның 21 бабының 3 тармағында билік пен үкіметтің негізі мен бастау алар жері халықтың еркі деп жазылып, адам барлық нәрсенің басты өзегі деп қарастырылған. Исламда да халықтың дауысы билікке күш беретін маңызды факторлардың бірі деп қарастырылады. Ал адам арнайы ережелерді сақтай отырып, өз рухын асқақтатып, кемелдікке жету үшш жаратылыс әлемше үстемдік ете алады. Бірақ барлық болмыстың басты өзегі — бүкіл мақлұқтарды, соның ішінде адамды жаратқан Алла. Исламдағы адам құқығының Батыстағы адам құқығынан артықшылықтарын назарға ала отырып, 2008 жылы Уганданың астанасы Кампалада өткен Ислам конференциясы ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің саммитында «Исламдағы адам құқығы мен оның адамдық қадір қасиеті» атты күнді бекіту туралы қарарды талқыға ұсынды. Бұл қарар барлық Ислам елдері тарапынан қолдау тауып, қабылданды. Соның негізінде 5-ші тамыз «Исламдағы адам кұқығы мен оның адамдық қадір қасиеті» күні болып белгіленді. Осылайша, Ислам конференциясы ұйымының Исламдағы адам құқығы саласындағы ең маңызды құжаты бекітілді. Осы күнді тіркеу мұсылмаңдар мен Ислам елдерінің Исламдағы адам құқығын әлем халықтарына таныстыруға және қазіргі әлемдегі адам құқығына қатысты түйткілдерді талқылауға атсалысуы үшін жасалған еді. Исламдағы адам құқығы туралы декларация 25 баптан тұрады. Бұл баптарда адамның қадір қасиеті адамның барлық мақлұқтардың көшбасшысы екендігін көрсететін, оның өмірі мен абыройын сақтауға қажетті ерекшелік ретінде сипатталады.
«Адам құқығы мен оның адамдық қадір қасиеті күнін белгілеу» туралы қарарда: «Ислам шариғаты бойынша адам кұқығы оның қадір қасиеті мен ішкі мән мазмұндық құндылықтарынан бастау алады. Ислам үмбетінің әлемге жеткізер жолдауы бар», делінген. Қарарда, сондай ақ: «Адам баласы материалдық ілімдер жөнінде биік шыңдарға қол жеткізе алса да, өзінің кұқықтары мен өркениетін сақтап қалу үшін иман мен руханилықты қажет етеді», делінген. Исламдағы адам құқығы туралы қарардың тағы бір бөлігінде: «Халықаралық сахнада қалыптасқан жағдай мен Ислам конференциясы ұйымына мүше елдер арасында адам құқығына қатысты исламдық құндылықтар мен тағылымдарды сақтап, жоғарылатып, тарататын құралдар мен тәсілдерге қол жеткізу, сондай ақ, Исламның шынайы бейнесін сақтап қорғау, Исламға кұрметсіздік көрсетумен күресу, діндер арасындағы диалогты ілгерілету мақсатында белсенді әріптестік пен үйлесімділіктің қажеттілігі «Исламдағы адам құқығы мен оның адамдық қадір қасиетіне» арналған күннің белгіленуіне себеп болды», делінген [5].
Қорытындылай келгенде, Исламда адам құқына соншалықты мұқият көңіл бөлуді басқа ешбір діннен, тіпті жаңа заманғы құқық жүйелерінен де кездестіре алмаймыз. Бұл мәселені терең байыптаған Ислам діні бір адамның өмірін қиюды бүкіл адамзаттың ғұмырын қиюмен тең қарастырған. Ең алдымен діни құндылықтардың қорғалуы міндеттелген. Одан кейін аталған өзге құндылықтарға да көңіл бөлінеді Бұлардың әрқайсысының маңыздылығында дау жоқ, сондықтан біз оларды қорғауға тиіспіз. Ислам діні адам құқығына келгенде осы негізгі принциптерді басшылыққа ала отырып, әрбір адамға өмірлік құндылықтарды көзінің қарашығындай қорғау жауапкершілігін жүктейді. Сондықтан бұндай таза дінде адам құқығының аяқасты етілуі мүмкін емес. Ислам діні адам баласына жеке басын және ұрпағын қорғау, еңбек ету, кез-келген кәсіппен айналысу еркіндігін берген.
Ендеше, өзге құқық жүйелерінің ұстанымдарын алға тартып, Ислам құқығын жоққа шығару, я болмаса қандай да бір тұсынан олқылық табу мүмкін емес. Иә, расында да Ислам діні адам құқығын кепілдікке ала отырып, адамның абыройын асқақтатқан ең кемел кұқық жүйесі болып табылады.

.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Ислам өркениеті», діни-танымдық газет, №7, 2012 ж. — 10-11 бб.
2. Хайреддш Караман. Ислам құқық тарихы. — Станбул? 2004 ж.
3. Құран Кәрім, Халифа Алтай, «Асра», 70″? «Ниса»? 1
4. «Ислам в Казахстане», мәдени-танымдық журнал, №2/2010. — 6-7

.

В.Қ. Шербекова

.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
магистрант Астана к., Қазакстан

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.