Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев

Главная » Рефераттар » Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев

kenesbaevҚазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР Ғылым академиясының ірге тасын қаласқан, халқымызға аты әйгілі түрколог-ғалым Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев қазіргі Шымкент облысының Созақ ауданындағы «Сызған» совхозында 1907 жылдын 15 февралында туған. Алдымен ауылда мұсылманша хат танып, 1921—1922 жылдары Түркістан қаласындағы В. И. Ленин атындағы мектепте, 1922—1926 жылдары Ташкент қаласындағы Қазақ ағарту институтында оқиды. 1926 ж, осы институт Қазақ педагогикалық институты болып кайта құрылған кезде, соған түседі де, онын екінші курсын тамамдаған бойы Ленинградтағы шығыстану институтының түркология бөлімшесіне (ол кезде түркология семинары деп аталған) ауысады, Оқымыстының ғылыми сапарындағы болашақ тағдыр-бағытын айқындаған жылдар, асылында, осы институтта тәлім алған жылдары болды. Мұнда ол А. Н. Самойлович, В. В. Бартольд, С. Е. Малов, И. И. Мещаницов, Л. В. Щерба іспетті профессорлардан дәрісін тыңдап, жалпы лингвистикалық, түркологиялық терең білім алады. 1931 ж. оқуын бітіріп, Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев Қазақстанға қайта оралып, Халық ағарту комиссариатында методист әрі Алматыдағы Қазақ педагогика ииститутында қазақ тілінің мұғалімі болып істейді; Кейін Қазақ мемлекеттік медицина ииституты тіл кафедрасының меңгерушісі, СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының аға ғылыми қызметкері болады. 1939 ж. орыс мектебінің 8—10 кластарына арналған орыс тілінің оқулығы диссертация тақырыбы болды да, ол үшін Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевқа филология ғылымының кандидаты деген ғылыми атақ берілді. 1944 ж. «Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестер» деген тақырыпқа докторлық диссертация қорғады. Бұдан кейін Абай атындағы Қазақтың педагогикалық ииституты мен С. М. Киров атындағы Қазақтын, мемлекеттік университетінде ұзақ жылдар бойы ұстаздық етті. 1946 ж. Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев Қазақ ССР Ғылым академиясына толык мүше болып сайланды. 1951 жылға дейін Қазақ ССР ҒА-ның вице-президенті болып істеді. Ширек ғасыр бойы Қазақ ССР ҒА-ның ғылыми-зерттеу мекемелері: Тіл және әдебиет (1947—1951 және 1957—1961 жж.), Тіл білімі (1961—1978 жж.) ииституттарын баскарды. Бірнеше жыл Қазақ ССР ҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-секретары міндетін атқарды. Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев ғылыми ізденісі жан-жақты. Ол, көбінесе, фонетика, лексика, фразеологизм проблемаларымен шұғылданып келді. Түркологияның, әдеби тілдің, колданбалы тіл білімінің мәселелері де (терминология, оқулықтар, емле), сондай-ақ СССР халықтары тілінің ара қатыпасы, аударма проблемалары, алтаистика мәселелері де ол кісінің назарынан тыс қалған емес.
Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев қазақ әдеби тілін кемелдендіру, байыту жөнінде өзінше ой талғамы бар, аса бағалы пікірлер айтқан ғалым. Қазақ жазуын, алфавиті мен емлесін ұстарту үшін Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев еткен еңбек өлшеусіз мол. Қазақ тіл білімінің көкейкесті мәселелері жөнінде ол ұйымдастырған не қилы мәжіліс, пікір айтыстары — өз алдына бір төбе. Ол мұндайда ұйымдастырып қана қоймай, ғылыми диспуттың жуан ортасына белсене түсіп жүрген адам.
Фонетика мен фразеология мәселелерін шешу жөніндегі Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевтың өнімді еңбегі түркологтар қауымына ертеден аян. Ғалым фонетика мен фонологияны зерттеуді сонау 30-жылдардың өзінде-ак қолға ала бастаған-ды. Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевтың фонетика жөніндегі зерттеулерінде қазақ тілі фонемаларының тек құрамы жайындағы мәселелер ғана емес, оның акцентуация, дауыстылар үндестігі, буын жігі, басқа да әр қилы, құбылыстары жайындағы бұрын зерттеуші назарынан қалыс келе жатқан күрделі мәселелері егжей-тегжейлі. әңгіме етіледі. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөніндегі зерттеулерге, Қазақ ССР ҒА Тіл білімі институтында тәжірибе-фонетикасы лабораториясының ұйымдастырылуына Ленинград фонологиялық мектебінің басшысы, көрнекті совет тіл білімпазы Л. В. Щерба идеяларының игі әсері болғанын осы жерде айта кеткен жөн. Фонетика мен жалпы тіл білімі жөнінен осы кісіден дәріс алу (1928—1931 жж.) Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевтың фонетика мен фонология саласына ерекше назармен ден қоюына зор ықпал етті. Дыбыс жүйесінің келелі мәселелері жайындағы ғалымның әр жылдарда жүргізген зерттеулері «Қазіргі қазақ тілі» деген кітаптың «Фонетика» белімінде жаңадан қайта жинақталып, 1962 ж. жарык көрді. Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевтың фразеология мен лексикографияны зерттеу саласындағы кызметі орасан зор. Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев 10000 қазақ фразеологизмдерін жинап қана қоймай оған талдау жасап, зор жауапты да, ауқымды енбекті бастан атқарды. Окымыстының бұл саладағы деректерді жүйеге келтіріп, зерттеуге ынтасының ауа бастағаны 1930 жылдардың аяқ шені болатын. Жергілікті халықтық ауызекі тілін тікелей бақылау әрі жазба нұсқаларға зер салу ғалымнық қазақ фразеологизмдерін сөз- тіркестерінің өзге тобынан ажыратып бөлек қарастыруына себеп болды. Автордың бұл саладағы дамылсыз ізденістерінің нәтижесінде «Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері» деген еңбек жазылды да, ол кейін (1944 ж.) докторлық диссертациясына негіз болды. Бұл — фразеологизм туралы түркологиядағы алғашқы еңбек болатын. Бұл салада ғалымның, әсіресе, көп жылдық еңбегінің жемісі 1977 ж. басылып шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» ерекше атау қажет. Мұнда бай фразеологиялық қор жүйеге келтіріліп, қыруар дерек пайдаланылған. Бұл шынында, бүкіл отандық сондай-ақ, шетелдік түркологияда да көлем жағынан да (88 баспа), сапа жағынан да осы саладағы тұңғыш еңбек болып отыр. Сан жылдар тірнектеп жиған мол тілдік деректерін былай қойғанда, сездік шықпай тұрғанда да I. Кеңесбаев қазақ тілінің мүлдем қозғаусыз тың жатқан проблемасы жайында ғылыми журналдардың бетінде бірнеше дүркін мақала зерттеулер жариялаған-ды. Сөздікте фразеологияның өз объектісінің басы айқын сараланып, оның түр-сипаты, мақал-мәтел, афоризм секілді тіркестердің өзге түрлерінен айырмашылығы тәптіштей көрсетіледі. Сөздікте фразеологизмдердің лексикалық мағынасы ғана көрсетіліп қоймай, олардың кейбір нәзік стильдік жақтарына дейін салиқалы сипаттама беріледі.
Автор фразеологияны қазак тіл білімінің дербес саласы идея танып, оған нанымды дәлел келтіреді. Зерттеушінің зор тәжірибесі, ана тіліне жетіктігі тіл қазынасының аса бір асыл інжу маржанын танып білуіне, оның эмоциялық, бейнелік қасиетін, халықтың рухын және материалдық мәдениеті мен байланысын, этностық ерекшелігін еркін түсінуіне көмектесті. Автор фразеологизмдердің мағынасы мен құрылымдық жағына тән белгілерінің егжей-тегжейіне дейін адейілеп тоқталады. Сөздіктің Ғылым мен техника саласындағы 1978 жылғы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болуы — осының кәміл айғағы.
1560982Қазір Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев Қазақ ССР ҒА Тіл білімі институтының Түркология мен қазақ тілі тарихы бөлімінің басшысы ретінде жазба ескерткіштерді зерттеу жұмысына белсене араласуда. Жеке зерттеушілердің енбектерін былай қойғанда, бұл кісінің редакциялык басшылығымен, тіл тарихына арналған бірнеше жинақ жарық көріп отыр. Кейінгі кездері ғалым қазақ әдеби тілінің жазба, ауызша кайнар көзін ашу мәселесіне жіті назар аударуда. Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев әр түрлі сөздіктерді құрастыруға, редакциялауға көп қатыскан адам. Ол 1946 ж. жарық көрген екі томдык «Орысша-қазақша сөздіктің» құрастырушылары мен редакторларынық бірі. Қазақ тілінің үлкен емле сөздігінің екі басылымы Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевтың тікелей катысуымен, редакциясымен шыққаны мәлім. Сондай-ақ түркология тарихындағы тұңғыш сөздік — екі томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» (1959—1961) шығуына басшылық етті. 1956 ж. ол Т. Жанұзақовпен бірлесіп, лингвистика терминдерінің орысша-қазакша сөздігін құрастырып бастырды. Ол 1966 ж. толық-тарылымға қайта басылып шықты. «Абай тілінің сөздігі» (1968), «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (10 томдық), екі томдык «Орысша-қазақша сөздік» (1978, 1981) сияқты лексикографиялық еңбектердің шығуына редакция алқасының мүшесі ретінде көп еңбек сіңірді. Қос сөздерді лексикологиялық және лексикографиялық тұрғыдан зерттеу де бұл кісінің назар аударып отырған мәселелерінің бірі.
Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев қазақ лексикографиясының теориялық талас мәселелерінің басын ашып, анықтауға да құлшына ат салысып жүрген адам. Теориялық жағынан тереңдік, тіл құбылыстарына деген нәзік сезімталдық, деректерінің молдығы міне I. К. Кеңесбаев еңбектеріне тән асыл қасиеттер осындай.
Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев — республикамыздан, сондай-ақ одан тыс жердегі түрколог ғалымдардың жаңа легінің өркен жайып өсуіне қалтқықсыз көмек етіп келе жатқан тәлімгер ұстаз ғалым. Оның қазақ тіл білімі саласында табысты еңбек етіп жүрген шәкірттерінің арасында 6 ғылым докторы, 20-дан астам ғылым кандидаты бар. Ол кісіге берілген «Қарақалпақ АССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» атағы, сол секілді Қалмақ АССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен наградталуы бұл кісіге деген туысқан республикалардағы ілтипаттың айғағы. Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев — халыкаралық ірі ғылыми конгрестерде, мәслихаттарда совет түркологиясының уәкілі ретінде сан дүркін баяндама жасады. Әсіресе оның шығыстанушылардың Москвада өткеп (1960) халықаралық XXV конгресінде, Түркі тілі қоғамының Түркияда өткен (1966, 1972) конгрестерінде, ГДР-де (1970), Венгрияда (1971) өткен Халықаралық алтаистика коғамының тұрақты конференциясында, сондай-ақ еліміздегі толып жатқан ғылыми форумдарда жасаған баяндамалары ден қоярлық жұмыс. Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев — «Орал —Алтай қоғамының» құрметті мүшесі (ФРГ), «Түрік тілі қоғамының» корреспондент-мүшесі (Түркия). Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевтың редакторлық жұмысы да алуан түрлі: Коллективтік еңбектерге редакция алқасының мүшесі есебінде сіңірген еқбегін былай қойғанда, көптеген жеке монографияларға да қол көмегі тиді. I. К. Қеңесбаев бес томдық «Қазақ ССР тарихының (көне заманнан бүгінге дейін)» кең тарауларын жазысуға қатынасты, әрі ол — осы еңбектің Бас редакция алқасының мүшесі.
I. Қ. Кеңесбаев бастауыш, орта және жоғары мектеп игілігі үшін де дамылсыз қамқорлық етіп келеді. Бір көңіл аударарлық жай — өзінің ұстаздық алғашқы тәжірибесін сонау 30 жылдарда-ақ оқулықтар мен мектеп программаларын құрастырудан бастаған еді. I. Қ. Қеңесбаев — әліппенің, әрі қазақ мектебіне (5—6 кластарға), әрі орыс мектебіне (8—10 кластарға) арналған қазақ тілі оқулығының авторы. Сонымен қатар өзге авторлармен бірлесе отырып жоғары оқу орындарына арнап қазақ тілінің бірнеше оқулығы мен оқу құралын жазды.
Әсіресе Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев қазақ тілін ғылыми тұрғыдан зерттеу ісін ұйымдастырудағы еңбегінің орасан мол екенін баса айтқанымыз абзал. Қазақ мемлекеттік университетінің жалпы тіл білімі кафедрасын құрған да, оған бірнеше жыл басшылық еткен адам да осы кісі болатын. Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл мен әдебиет институтын қолымен ұйымдастырушылардың да бірі — Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев. Кейін М. 0. Әуезов пен I. К. Кеңесбаевтың ұсынысымен бұл институттың Тіл білімі және Әдебиет пен өнер институты болып екіге бөлінгені мәлім. I. К. Кеңесбаев көптеген қоғамдық жұмыспен шұғылданады: Шет-елдердегі отандастармен мәдени байланыс жасайтын қазақ «Отан» қоғамы президиумының председателі, Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы председателінің орынбасары, Түркологтардың совет комитетінің мүшесі, сондай-ақ ол СССР ҒА Әдебиет пән тіл бөлімшесі жанындағы «Социалистік ұлттардың дамуына байланысты ұлт тілдерінің даму заңдылығы» жөніндегі  және Қазақ ССР ҒА Қоғамдық ғылыми бөлімшесінің жанындағы «Қазақ тілінің даму заңдылығы» жөніндегі ғылыми кеңестердің мүшесі. Көп жылдан бері «Советская тюркология», «Қазақ ССР ҒА Хабарлары Филология сериясы» секілді журналдардың редколлегия мүшесі. Ұзақ жыл бойы соңғы аталған журналдың жауапты редакторы болып істеді. Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев екі рет Алматы қалалық Советінің депутаты болып сайланды, Қазақстан ҚП Алматы облыстық комитетінің мүшесі болды. Шетелдердегі отандастармен мәдени байланыс Совет қоғамының («Отан» қоғамы) қазақ бөлімшесі президиумының председателі (1947) I. К. Кеңесбаев болатын. Туған республикамыздағы ғылым ардагерлерінің бірі І. К. Кеңесбаев қазірде Қазақ ССР ҒА-нда жемісті еқбек етуде. I. К. Кеңесбаевтың осындай жан-жақты ғылыми-педагогикалық, қоғамдық қызметін үкіметіміз жоғары бағалап Ленин өрдені, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және бірнеше медальдармен, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен наградтады. Ең алғаш «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» атағын алған ғалымдардың бірі де осы кісі.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.