Ұйқы және оның табиғаты

Главная » Рефераттар » Ұйқы және оның табиғаты

Табиғи процестерге тән айналымды сипаттар (циклдер) жердің күн шеңберіндегі қозғалысына және оның өз осінде айналуына байланысты. Алғашқы құбылыс жыл мерзімінің алмасуы мен мінез-қылықтың маусымдық ырғағының, ал соңғы процесс күн мен түннің алмасуының, мінез-қылықтың тәуліктік (циркадалық) ырғағының негізінде жатады. Сүт қоректі жануарлардың көп-шілігінде тәуліктік ырғақ туа байқалмайды, ол тіршілік барысында организмнің өзіне ғана тэн ішкі ырғақ түрінде біртіндеп пайда болады. Тәуліктік ырғақ неғүрлым шапшаң қалыптасса, соғұрлым организм қоршаған орта жағдайына тезірек бейімделеді. Ішкі ырғақтың қалыптасуында күн мен түннің алмасуы, осымен байланысты әртүрлі тітіркендіргіштер сипатындағы өз-герістер маңызды рөл атқарады. Организмнің ішкі тәуліктік ырғағының бейнесі ретінде ұйқы мен ояу күйді (сергектікті) келтіруге болады.
Ұйқы — жалпы организмнің, оның миы мен жүйке жүйесі әрекетінің бәсеңдеп, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап реакциялардың төмендеуімен, ми нейрондарының ерекше белсенділігінің қалыптасуымен сипатталады. Ұйқы — азық қабылдау мүмкіндігі шектелген, сыртқы орта жағдайларының күрт ауытқулары мен жыртқыштар қатері кеміген кезде организмнің белсенділігін төмендететін физиологиялық күй. Аталған факторлармен ұйқының ұзақтығы және ерекшеліктері тығыз байланысты. Ұйқы зат алмасу қарқынын, организмнің белсенділігін өзгертеді, ол ішкі табиғи мүқтаждық болып табылады.

.

Ұйқының екі: жалғыз фазалы жэне көп фазалы түрі болады. Жалғыз фазалы ұйқыға күндізгі немесе түнгі ұйқы мен ояу күйдің тәулік бойына бір ғана рет алмасуы тән. Көп фазалы ұйқыда ояу күй мен ұйқы тәулік ішінде бірнеше рет қайталанып, алмасып отырады. Қазіргі кезде қалыптасқан көзқарастарға сәйкес ұйқының әрбір кезеңінде бірін-бірі алмастырып отыратын екі саты: баяу толқынды (сергек, ортодоксальды) ұйқы және терең (шапшаң, пародоксальды) ұйқы байқалады. Сергек, ортодоксалъды ұйқы кезінде ЭЭГ-да жоғары амплитудалы баяу, дельта-толқындар, ал терең, парадоксалъды ұйқы сатысында жиі ырғақты, кіші амплитудалы толқындар жазылады. Соңғы сипаттағы белсенділік негізінен ояу күйге тән. Демек, ұйқының екінші сатысында ЭЭГ сипатына қарағанда, ми белсенді қызмет жағдайында, ал организмнің өзі ұйқыда болады. Сондықтан ұйқының бұл сатысын пародорсалъды ұйқы деп атайды. Жоғарыда баяндалған ұйқы сатылары бір-бірінен вегетативтік қызметтерде туындайтын өзгерістердің сипатымен де ерекшеленеді. Мысалы, сергек ұйқы сатысында тамырдың соғуы сиреп, артериялық қысым төмендесе, терең ұйқы кезінде «вегетативтік дауыл» соғып, тыныс жиілейді, оның реттілігі өзгереді, тамырдың соғуы жиілеп, оның ырғақтылығы бұзылады, артериялық қысым жоғарылайды, гормондардың белсенділігі артады, малдың мұрты жыбырлап, құлақтары қимылдайды, аяғы қозғалып, жұтыну, қас қағу сияқты әрекеттер байқалады. Жоғарыдағы өзгерістерге қарамай жүлын мотонейрондарының әрекеті күшті тежелу жағдайында болады. Пародоксалъды (терең, шапшаң) ұйқы эволюциялық даму кезінде кейінірек пайда болған. Бауырымен жорғалаушыларда ұйқының бұл түрі байқалмайды, құстарда нашар дамыған, сүт қоректілер қатарында оның үлесі көбейе бастайды.

Ұйқы — күрделі нейрогуморальдық қүбылыс болып табылады. Оның табиғатын зерттеу барысында екі түрлі теория -гуморалъдъщ және жүйкелік қалыптасқан. XX ғасырдың басында Француз ғалымдары үйқы тәуліктік әрекет барысында зат алмасу өнімдерінің — гипнотоксиндердің жинақталуы салдарынан туын-дайтын қүбылыс деген болжам айтқан. Қатты шаршаған, немесе қысқы үйқы жағдайындағы жануар миының сығындысын еккен-нен соң мысық пен ит үйқыға кеткен. Француз ғалымы М. Монье (1965) ж) айқас қан айналым жа-сау арқылы қоянға жүргізген тәжірбиесінде қызық нәтиже алған. Бірінші қоян миының үйқы туғызатын аймағын тітіркендіргенде, екінші қоян да үйықтап қалған. Бүл қүбылысты бірінші қоян организмінде жиналған гипнотоксиндердің (ацетилхолин, гамма-аминді май қышқылы, серотонин) екінші организмге таралуымен түсіндіруге болады. Бірақ П. К. Анохин зертханасында қан айналымы ортақ болып жабыса туған егіздердің бірі ұйқыға кеткенде екіншісінің сергек жағдайда болуы жайлы жинақталған фактілер бүл теорияның дүрыстығына күмән тудырады.

.

XIX ғасырдың ортасынан бастап ұйқының жүйкелік теориясы қалыптаса бастады. 1933 жылы Швейцария физиологы В. Гесс аралық мидың гипоталамустық аймағында үйқы орталығы болатыны жайлы болжам айтты. Ол иттің аралық миының артқы бөлімін жіңішке электрод арқылы тітіркендіріп, 10-40 минутқа созылатын ұйқы тудырған. И. П. Павлов В. Гесс ұсынған ұйқының қыртыс асты құрылымдарға тән құбылыс екенімен келіспей, қыртыстық механизмдерге бой үсынған. Шартты рефлекстерді зерттеу үстінде ол ішкі тежелудің нәтижесінде иттерде ұйқышылдық байқалатынына көңіл аударған. Кейбір жағдайларда тежеуші тітіркендіргіштер әсерімен ит тіпті, үйықтап та қалған. Өз тәжірибелеріне сүйене отырып, И. П. Павлов ұйқыны үлкен ми жарты шарлары кыртысында жайыла таралып, біраз цыртыс асты күрылымдарды цамтитын тежелу деп түсіндірді.
И. П. Павлов пікірінше, ұйқы мен тежелу — бір текті процесс. Әрекет үстіндегі ми қыртысының торшаларында қатты қажудың нәтижесінде тежелу процесі туындап, олардың қызметі тоқтайды. Осы тежелу жайылып, бүкіл ми қыртысын қамтиды да, қыртыс асты орталықтарға тарап, жүйке торшаларының жаңа сапалық күйі — үйқы туындайды. Сырт қарағанда, ұйқы кезінде шынында да, организм функцияларында тежелу процесінің көріністері байқалады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.