JOOMLA контентті басқару жүйесін қолданудың ерекшеліктері

Главная » Рефераттар » JOOMLA контентті басқару жүйесін қолданудың ерекшеліктері

Joomla атауы ежелгі тілдердің бірі «суахили» тілінен аударғанда, бұл сөз «барлығы бірге» деген мағынаны білдіреді. Бұндай мағына Joomla контентті басқару жүйесінің барлық жобалаушыларының девизі болып қалыптасты, өйткені бұл контентті басқару жүйесінің авторларының негізгі мақсаты пайдаланушы өзіне қажетті нəрселерді бірегей жəне аз уақытта қалайтын элементтерін жобалау мүмкіндігін іске асыру болып табылды. Joomla тарихына бет бұрсақ, бұл контентті басқару жүйесінің ата-тегі одан да көне Mambo контентті басқару жүйесі саналады. Сол Mambo жүйесінен бір топ жұмыскерлер фирмадағы қаржылық қатынастар мен ықпал ету қысымдарына төзе алмай, бөлек шығуға мəжбүр болды. Joomla контентті басқару жүйесінің ресми түрде туылған күні ретінде 2005 жылдың 16 қыркүйек күні тіркелді, алайда жаңа туылған жүйе тек қана аты өзгертілген дəл сол көпке мəлім Mambo болып табылады [1]. Ғылыми мақаланың маLсаты ретінде Joomla контентті басқару жүйесінде кез келген ғаламтор пайдаланушысының жұмыс жасап, өздігінен web-сайт жобалаудың жəне құрудың мүмкін екенін айқындау көзделді. Joomla артықшылықтарын атап өтпеу мүмкін емес, өйткені бұл жүйе қазіргі таңда сайт жобалауға жəне құруға арналған жүйелердің əлемдік ғаламтор нарығында жетекші рөльдерде болуы басқа да жүйелермен салыстырғанда айқын артықшылықтарға ие болуының маңыздылығымен танылды. Тегінділік. Бұл – жүйенің ең негізгі артықшылықтарының бірі болып табылады, себебі бастауыш бағдарламалаушылар сайттың мазмұны мен құрылымына қыруар қаржы төлеуге дайын емес болып шығады. Ал тегін сайт жобалау жəне құру жүйесі көптеген тапсырысты орындап, табыс табуды көздейтін бағдарламалаушылардың назарына Joomla жүйеcі бірден ілігетіні анық. Nр тOрлі толыLтамалардыP кQптігі. Жүйеге көптеген шаблондар, модульдер жəне тағы басқа сайтты жобалауға қажетті негізқалаушы элементтер жобаланып, бекітілген, демек сайт жобалау үрдісінде əрбір жобалаушы өзіне қажетті элементті тез жəне еш қиындықсыз табуы мүмкін. Тездетілген жəне толыL орнату. Дəл осы артықшылық контентті басқару жүйесін таңдаудың маңызды факторларының бірі. Бұндай сенімді сөздерді ұсынудың себебі басқа жүйелерге қарағанда Joomla контентті басқару жүйесінің жүгіртпесі бірден орнатылып, пайдаланушы өте жылдам қарқында жүйені орнатып, жобалау үрдісіне кіріседі. Стандартты икемдеулер. Жүйені орнатқаннан кейін сайтпен жұмыс жасау жəне оны икемдеуге қажетті минимум талаптары орнатылады, сол талаптарға сəйкес сайт алғашқы икемдеулерден өтеді. Бұндай артықшылық жобалаушының кейінгі жобалау сатыларында қиындықтарға тап болмауының алдын алады. Жиі жаPартулар. Жобалаушылар əр кезде жүйенің олқылықтарын дер кезінде тауып, жүйені жедел түрде жаңартып, жақсартудан жалықпайды.

.
.

JUжатнама. Joomla контентті басқару жүйесі (CMS) жұмыс жасауына біраз уақыт болып қалғаннан кейін, ғаламтор төңірегінде жүйемен дұрыс жұмыс жасауға үйрететін, толықтамалары мен кеңестері жазылған құжатнамалалық пакеттер толық түрде көрсетілген. Күрделі олқылық болған жағдайда, көптеген ғаламтор сайттарында, форумдарда бұл мəселені шешуге дайын пайдаланушылар тағы бар. Тілдік кеPейтілім. Келесі артықшылық ретінде барлық тегін модульдердің, əкімшілік панельдің толығымен орыс тіліне аударылғаны, жалпы икемдеу панелінде көптеген тілдердің болуы саналады. Жоғарыда көрсетілген артықшылықтарды ескере отыра, оқырман Joomla контентті басқару жүйесін сайт жобалауда өте тиімді жəне кемшіліксіз идеал жүгіртпе деген тұжырымға келуі мүмкін, алайда кез келген жүйе сияқты бұл жүйе де кемшіліксіз жобаланбаған. Кейбір кемшіліктері төменде қарастырылғаны хақ. Бастаушы Oшін кOрделіліктер туындауы. Joomla контентті басқару жүйесінің кемшіліктерін анықтау мақсатымен бағдарламалаушылар мен түрлі форумдарға қатысушылар арасында пікіртерім өткізілген еді. Сол сұраным нəтижесінде ең басты кемшілік ретінде бастауыш бағдарламалаушылардың жүйеде жұмыс жасауға ыңғайласу, үйренудің күрделілігі. Өйткені əкімшілік панель біраз күрделендірілген режимде жобаланған. Бұл дегеніміз сайтқа күрделі модульдер мен элементтер енгізу үшін жүйені сенімді түрде меңгеру қажет. Кейбір таLырыптар мен модульдердіP аLылы болуы. Жоғарыда айтылғандай, жүйеде көптеген тақырыптар, модульдер тегін режимде орналасқан жəне кез келген пайдаланушы тегін модульдерді қолдана алады, алайда егер сайтты жақсарту мақсаты көзделетін болса, сайтты модернизациялау мақсатымен арнайы модульдер қосу ақылы модульдерсіз жəне тақырыптарсыз өте қиын болуы анық. Яғни бағдарламалаушы неғұрлым сайттың күрделі де тартымды болуын қаласа, соғұрлым ақылы элементтерді алу қажеттіліктеріне тап болады.

Сайтта көптеген модульдер мен кей жағдайда қажет емес артық бағдарламалық кодтардың көптігінен сайт парақтары баяу жүктелуі жиі кездеседі. Бұл олқылықтың алдын-алудың кейбір шаралары – Joomla бағдарламалаушыларынан бұл олқылықты түзетуін күту жəне артық кодтардан құтылу шараларын ойластыру, алайда бұл қадамды тек өзіне нық сенімді бағдарламалаушылар ғана жасай алады [2]. Барлық артықшылықтар мен кемшіліктерді ескере отыра, қазіргі таңда бұл жүйе ең танымал жүйелердің бірі екеніне анық көз жеткізуге болады. Мысал ретінде ғаламтор төңірегіндегі www.ratingruneta.ru web-сайтының 2013 жылғы сайт пайдаланушыларының сараптамалары негізінде жүргізілген пікіртерім нəтижелерін алуға болады. Web-сайттың нақты осы пікіртерім нəтижелері бойынша алдыңғы орынды Drupal контентті басқару жүйесі иемденсе, талқыға түскен Joomla СMS 22,56 ұпаймен екінші орында орналасқан. Алайда айта кетер жайт, барлық пікіртерімге қатысушы жүйелердің ішінде жобалар саны бойынша алдыңғы орында дəл осы Joomla жүйесі орналасқан, яғни сайттың статистикасына сүйенсек, 3248 жоба Joomla-да жобаланса, бірінші орынды иемденген Drupal жүйесінде тек қана 2594 жоба жасалғанын көруге болады.

.

Joomla СMS-та жобаланған сайттардың мысалы ретінде аз уақыт ішінде жобаланған Петропавл қаласының «Теннисный клуб «Inter» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС) web-сайтын келтіруге болады. Теннисный клуб «Inter» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің web-сайтының басты беті 2 суретіне сəйкес көрсетілген. Кішігірім тарихқа шолу, артықшылықтар мен кемшіліктердің саралануы, ғаламтордағы пікіртерім көрсетілімдері жəне жеке тəжірибе бойынша сайт жобалау нəтижелерінен кейін шығатын қорытынды: web-сайт жобалаушыларға, бастауыш ретінде жұмыс жасап жатқан бағдарламалаушыларға Joomla контентті басқару жүйесі бірден бір қолайлы, қарапайым, уақытты көп талап етпейтін, қаржы бойынша тиімді, танымалдығы бойынша алдыңғы орындағы жүйе болып табылады жəне де табылған кемшіліктер айтарлықтай өзекті де күрделі болып табылмады, яғни уақыт өте келе олқылықтар мен кемшіліктерді дұрыстауға болады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.