Үйсіндер. Үйсін мемлекеті

Главная » Рефераттар » Үйсіндер. Үйсін мемлекеті

Үйсіндер Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттік бірлестіктер. Қазақ мемлекеттігінің түп-тамырын оқып үйренуді сақ тайпалары, үйсіндер мен ғұндардар дәуірінен бастаған жөн. Бұл тайпалардың көшпелі қоғамында (б.з.д. VIII ғ. — б.з. V ғ.) малға жекеменшіктің пайдаболуы нәтижесінде әлеуметтік жіктеліс қатар жүрді. Мұндай өзгерістер мемлекеттік құрылымдардың алғашқы белгілерінің пайда болғанын көрсетеді.

Үйсіндердің этникалық тарихы. Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың арасында ерекше аталатыны — үйсіндер. Үйсін тайпасының о баста қалыптасқан аймағы — Солтүстік-Батыс Қытай жері, осы күнгі Баркөл көлінің маңайы деп есептеледі. Осы аймақтан үйсіндер Жоңғар Алатауы, Тарбағатай баурайына б.з.д. II ғасырларда ауып келген. Олар бұл жерге бұдан аз бұрын қоныс аударып келген юэчжилерді оңтүстікке қарай ығыстырып қоныстанған. Үйсіндердің батыс шекарасы Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан.

110038321Үйсіндердің атауы, оның мәні, бұл көне атаудың кейінгі қазақ ұлысындағы үйсіндер атауымен байланысы әлі толық шешілмеген. Бірқатар тарихшылар қытай транскрипциясы бойынша «усун» аталатын тайпаны «аспан» этнонимі деп білуге бейім. Үйсін атауы кейінірек (орта ғасырлар) жазба ескерткіштерінде «ушин», «уйшйн», «хуши» түрінде кездеседі. Мысалы, ушиндер туралы дерек «Моңғолдың құпия шежіресінде» (XIII ғ.), Рашид ад-Диннің еңбегінде (XIV ғ.) айтылады.

.

Бұдан қандай түйін жасауға болады? Біздіңше, көне қытай жазбаларындағы усун тайпасы мен кейінгі қазақтық Ұлы жүзіне ортақ атау болған үйсін тайпалық одағының арасында байланыс бар. Бұл атаудың орта ғасырлар заманында да үзілмей аталуы көне үйсіндер мен кейінгі үйсіндер арасында этногенетикалық та байланыс бар екендігін көрсетеді. Бұл пікірді көне үйсіндердің де Жетісу мен оған көрші аймақтарда жасауы, көне үйсіндердің де қазақтар сияқты киіз үйде тұрып, негізгі асы ет пен сүт, қымыз болуы бекіте түседі.

Көне усундар сонымен қатар кейінгі қырғыз халқының да құрамына кірген болуы керек. Бұған қырғыз халқының ішіндегі үйшун тайпасы дәлел бола алады.

Үйсіндер ғұндармен, юэчжилермен бірде жер, мал үшін соғысып, көбінесе бейбіт шаруашылық-мәдени қарым-қатынаста болды. Олардың шаруашылығында, ел басқару жүйесінде көп ұқсастықтар кездеседі. Мысалы, үйсіндер де ғұндар сияқты үш бөлікке: сол қанат, орталық және оң қанатқа бөлінді. Бұл дәстүр кейінгі қазақтардағы үшжүздік жүйеде жалғасын тапты. Ғұн, үйсіндер өзара мәдени-этникалық жағынан да жақын болған сияқты. Сол себептен болар кейбір грек-рим авторлары оларды қосарлап, «ғұн-үйсін» деп те атаған.

Қазіргі кезеңде қытай ғалымдары арасында үйсін этногенезі, этнонимі туралы 2-3 түрлі пікір бар: 1) ежелгі үйсіндер үндіеуропатілдес; 2) түркітілдес; 3) тохартілдес этнос. Дегенмен де үйсіндердің түркітек-тестігі туралы пікірді жақтаушылар басым деуге болады.

Ежелгі үйсіндер — Қазіргі Қазақстан мен оған көршілес аймақтарда (Қырғызстан мен ҚХР-дың Шыңжаң өңірі) іргелі мемлекет құрған байырғы этнос. Олар қазақтың этникалық түп-тегінің ең тереңде жатқан ежелгі қайнар көзі болып есептеледі.

Үйсіндердің қоныстануы. Қытай деректерінде үйсіндердің Орталық Азиядан шыққандығы атап көрсетіледі. Сондай-ақ олар үйсіндерді аса ірі ежелгі халықтардың қатарына жатқызған. Үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түкпірінен қоныс аударып келді.

Үйсіндер және оның мемлекеті жазба деректерде б.з.д. IV—III ғасырларда аталады. Жер аумағы Тянь-Шаньнан Алтай тауларына дейін созылып жатыр. Үйсіндердің шекарасы басында Шу, Талас өзендері бойымен Қаратаудың шығыс бөктеріне дейін, шығыс шекарасы Бесбалық ауданымен шектесті. Орталығы — Іле аңғары. Жоңғар ойпаты мен Жетісудағы үйсіндер жартылай көшпелі ел болса, өзен аңғарларында егіншілікпен де айналысқан. Қытай деректері: «Шығысында — ғұндармен, батыс жағында кангюй елімен шектеседі. Жері ұлан-байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. Ауа райы суық. Тауларында қалың қарағай өседі», — деп суреттейді. Үйсіндер жері б.з.д. II ғасырда Қытай мен Батыс Еуропа елдерінің арасында сауда, мәдени қарым-қатынастардың күретамыры іспеттес еді.

Үйсін мемлекеттілігі. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады.

.

Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жекеменшік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілерге, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді.

Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды.

Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық құрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін қоғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жекеменшіктің болуы тауар алмасудың дамуына әкелді.

Әйтсе де, көшпелі қоғам ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жекеменшік қатынастары түрінде дамыды. Рулық қүрылыстың ыдырауы нәтижесінде туындаған таптың қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: «Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады», — деп көрсетілген. Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жекеменшіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған.

Зерттеушілер Үйсін мемлекетінің елбасын күнби деп атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гунъмо деп атаған. Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым кіші кцнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейінгі лауазым — тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі колбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін оңқа билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, оларды даруга (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым — бүкіл ұлыстың ұлы бегі (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын орындатып отыратын аткосшы мансаптары болды. Мысалы, қытай деректемелерінде Үйсін елі мен Хань патшалығын жақындастырып, Ғұндарға қарсы тұру саясатын ұстанған, сөйтіп Үйсін елін жаугершіліктен құтқарған әйгілі билеуші Елжау Күнби туралы айтылады. Ол билік басында отырған кезде елін толық бірлікке келтіріп, елдің дәулеті мен әскери күші кемеліне жеткен. Бұған қоса Хань әулетімен бірігіп, Батыс өңірде ғұн билеушілеріне қарсы күрескен Оңғай би туралы да көп айтуға болады. Ғалымдар арасында орны әлі күнге дейін анықтала қоймаған, соған байланысты XIX ғасырдан бастап-ақ орасан зор пікірталастар тудырып келе жатқан мәселе ең ежелгі қалалардың бірі Усун мемлекетінің астанасы Чигу. Ғылыми әдебиеттерде, оқулықтарда Чигу, Чигучен, сондай-ақ аударма түрінде Қызыл аңғар қаласы деп аталады. Былайша айтқанда, отандық тарихнамада бұл қаланың орнын анықтау, атауын көрсетуде біржақты пікір жоқ. Қытайдың ерте кездегі тарихи жазба деректерінде Үйсін елі ордасы Черкук қаласы деп көрсетіліп, Ұлы күнби осы қалада тұрады делінеді. Қытай тарихнамасында да Үйсін елінің астанасының орнын анықтау аса маңызды мәселе саналады. Қытайда жарық көрген «Ежелгі Үйсін елі» (Құрастырған Ш. Ахметұлы) деген көлемді жинақта Үйсін елінің астанасы Черкук қаласы деп бірнеше автор шегелеп көрсеткен. Олар Черкук қаласының орнын Ілеге құятын Текес деп аталатын өзеннің оңтүстігінде (Онсу, Үштұрпан ауданы) тұрақтандыруға болады дейді. ҚХР жеріндегі үйсін ескерткіштері Қазақстанның Жетісу өлкесінен табылған ежелгі үйсіндердің археологиялың мәдениетімен біртұтас, біртектес екендігін көрсетті. Мысалы, осындағы Шаты өңірінде 200-ге тарта топырақтан үйілген күмбез пішінді обалар (үлкендерінің орамы 260 м шамасында) жөніндегі материалдар үйсіндердің кезінде тұрақты елді мекені болғандығын бейнелейді.

Іле өзенінің бір сағасы Текес ауданынан табылған қола бұйымдар «көшпелілер тарихи мәдениет жәдігерлерінен жұрдай» дейтін көзқарастың теріс түсінік екендігін растайды.

Тарихи жазба деректемелер бойынша Іле өзенінің жоғарғы аңғарын (ҚХР Іле қазақ автономиялы облысының аумағы) ежелгі Үйсін мемлекетінің орталық аймағы болған деп топшылауға болады. Іле аңғарында қытайлық ғалымдар 1988 жылы жүргізген археологиялық жаппай барлау кезінде есепке алынған байырғы үйсін обаларының ұзын саны 10 мыңнан асады. Олардың арасынан диаметрі 100—150 м-ге жететін үлкен обалар да жиі кездеседі. Кейінгі жылдары ҚХР-дың Іле өңіріндегі үйсін қорымдарынан тағы да мыңға тарта оба ашылды.

Қытайдағы іргелі археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде үйсіндердің аса құнды жәдігерлері жи нақталған. Үйсін ескерткіштерінің топографиялың ерекшеліктері, хронологиялық аясы, жерлеу ғұрпы, антропологиялық кескін-келбеті, т.б. анықталды. Ғалымдар ежелгі үйсін қоғамының мемлекеттік құрылымы, билік жүйесі, әлеуметтік қатынастары, қолөнері, діни намым-сенімі және т.б. мәселер туралы дәйекті ғылыми тұжырымдар жасаған. Обаға бірге көмілген жібек мата мен сырлы ыдыстар Қытаймен байланысының тығыз болғандығын көрсетеді.

Ғалымдар ежелгі Қытай жазба деректері мен археологиялық материалдарға сүйене отырып, ежелгі үйсіндерде мемлекеттік биліктің көшпелі халықтарға тән дамыған жүйесі қалыптасқанын, мемлекеттіліктің барлық белгілері болғандығын дәлелдеді. Үйсіндер Қытайдағы Хань әулеті заманында Батыс өңірдегі ең ірі мемлекет болған. Ежелгі үйсіндер туралы бізге келіп жеткен бірден-бір дереккөзі көне Қытайдың тарихи жазба деректемелерінде ғана сақталған. Ол мәліметтер, аз да болса, айқын дәлдігімен, жан-жақтылығымен аса құнды.

Үйсін — қытай қарым-қатынастары. Б.з.д. 138 жылы ғұндарға қарсы одақ жасау жөнінде «Батыс өңірге» келген Қытай елшісі әрі саясатшы Чжан Цянь: «Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты. Мол сыйлық-тартулар ұсыну арқылы үйсіндерді шығыстағы атамекеніне көшіріп әкелуге, оларға ханшамызды ұзатып, күнбимен құдандалық байланыс орнатып, ғұндарға қарсы қолдануға болады», — деп жазды. Қытай императоры бұл ұсынысты назарда ұстай отырып, б.з.д. ІІЭжылыЧжанЦяньдытағы үйсіндерге аттандырды. Үйсін күнбиі елшілерді жылы қарсы алады. Алтын ақшадан тұратын тарту жоралғылар жасалады. Нәтижесінде күнби Қытай империясымен жақындасады. Елшіліктер алмасып, туысқандық некелік қарым-қатынас орнатылады.

Б. з. д. 106—105 жылдары Қытай ханшасы асқан салтанатпен үйсін күнбиіне ұзатылды. Өз тарапынан үйсіндер қалыңмал ретінде 1 мың жылқы берген.

Үйсіндер ғұндармен етене қарым-қатынас орнатқан. Тіпті қытайлық деректерде «үйсіндерді ұзақ уақыт бойы ғұндар биледі және құл етті. Оларды ғұндар билігіндегі құлдар тайпасы деуге болады» делінеді. Бұл дегеніміз — іс жүзінде үйсіндер белгілі бір кезеңде ғұндарға тәуелді болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Бодандықтың белгісі ретінде ғұндарға әскери жасақтар беріп отырған. Кейін күш-қуаты кемеліне келген кезде тәуелсіздігін жеңіп алған.

Б.з.д. 70-жылдары үйсіндерге барған ғұн елшілігі бір қызын күнбиге әйелдікке береді. Осылайша үйсіндер Қытай мен ғұндардың арасындағы күресте маңызды салмағы бар елге айналғанды. Б.з.д. 74 жылдан кейін Хань империясы мен ғұндардың соғыс алаңы Батыс өңірге ауысқандықтан, үйсіндер мен ғұндар арасында қақтығыстар бола бастайды. Бұл өз кезегінде үйсіндердің билеуші топтарының ішінде толқу туғызды. Тақ мұрагерлері оны үш бөлікке бөліп алды. Б.з.д. 73 жылы Солтүстік (Шығыс), Оңтүстік (Батыс) және Орталықты, яғни үш қанаты бар күнби өзі басқарды.

Б.з.д. 64—51 жылдары Хань империясы үйсіндердің ішкі ісіне, тіпті таққа мұрагерлік ісіне дейін араласа бастады. Бұл халық бұқарасының қарсылығын туғызды. Сондықтан үйсін халқы екі аймаққа ыдырап кетті.

.

Ендігі үйсіндердің тарихы осы екі аймақтық тақ таласы күресіне толы. Демек, біреуі Хань империясын қолдайтындар болса, екіншісі ғұндармен одақты жақтайтындар еді.

Үйсіндердің саяси тарихын қорытындылайтын болсақ, б.з.д. 170—160 жылдары Үйсіндер мемлекеті құрылды. Жетісуда Үйсін мемлекеті дамып-нығайып, гүлденді. Саны 630 мың адам тұратын сол аймақтағы ең ірі елге айналды. Ғұндардың тегеурініне төтеп беру үшін үйсіндер Хань империясымен тығыз байланыс орнатты. Ал Хань империясы үшін үйсіндер ғұндарға қарсы күресте таптырмас күш еді. Хань империясының қашаннан «көшпелілердің бірігуін болдырмау», «көшпелілерді көшпелілер күшімен талқандау» саясатын ұстанғандығы белгілі. Бұл саясат әркез өз нәтижесін берді.

Сол кездегі қалыптасқан тарихи ахуалға байланысты үйсіндердің көрші ғұндармен, Хань империясымен, қаңлылармен қарым-қатынасы өзгеріп отырды. Б.з. V ғасырға дейін Жетісуда өмір сүрген Үйсін мемлекетін аварлар (жужандар) құлатты.