Ұйымдасқан қылмыстың алдын алу және жолын кесу

Главная » Рефераттар » Ұйымдасқан қылмыстың алдын алу және жолын кесу

Қазіргі әлемде ұйымдасқан қылмыстың әртүрлі нысандары бар. Алайда олардың барлығы аты шулы мафиядан бастау алады (ұйымдастырылуы мен құрылымы тұрғысында). Мафияның Сицилия аралында бастапқыда патриоттық — революциялық сипаттағы ұйым ретінде пайда болғаны баршаға мәлім. Бұл ұйым біртіндеп ірі магнаттардың қол астына өтіп, олардың мүддесіне пайдаланыла бастаған. Мафияның бір жарым ғасырдай тарихында оның бүкіл кезеңдерін ететін біртұтас желі тартылып жатыр: 1. Көне мафияның үстемдігі кезеңі — 1800 жылдан 1950 жылға дейін. 2. Өтпелі кезең -1950 жылдан 1970 жылға дейін. 3. Қазіргі кезең -1970 жылдан бастап қазіргі кезге дейін. Басқа мемлекеттерде ұйымдасқан қылмыстың пайда болуы мен одан әрі дамуы негізінен әлеуметтік — экономикалық жағдайлармен, ал олардың бірқатарында (Қытай, Жапония) тарихи жағдайлармен байланысты. Сондықтан «ұйымдасқан қылмыс» ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Осыған байланысты мынадай сұрак туындайды: ұйымдасқан қылмыстың халықаралық қылмыстан айырмашылығы неде? Халықаралық сипаттағы қылмыс немесе халықаралық қылмыс әлеуметтік құбылыс ретінде ұйымдасқан қылмыстан айырмашылығы халықаралық құқықтың ғылымда көптеген халықаралық құқық саласындағы халықаралық саланың мамандары мен құқықтанушылары тарапынан зерттелген. Халықаралық қылмыс проблемасы бойынша әртүрлі монографияларда, ғылыми жарияланымдарда «халықаралық қылмыс» термині кеңірек аяда қолданылады. Мысалы, белгілі ғалым И.И. Карпецтің пікірінше, «халықаралық қылмыстар немесе халықаралық сипаттағы қылмыстар болып табылмаса, яғни ұлттық қылмыстың заңдарда көзделген қылмыстар халықаралық қылмыстың құқықтық қолданылу аясына жатпайды…». Өз кезеңінде Д.Б. Левин халықаралық қылмысты «бүкіл адамзаттың… бүкіл мемлекеттің мүдделеріне» қол сұғу деп қарады, ал М.И. Лазарев аталған қылмысты әрбір халықтың тәуелсіздігіне қол сұғуға жатқызды. В.А. Маджорян бұл қылмысты мемлекет пен ұлттың тіршілігіне қол сұғу ретінде қарады. «Халықаралық қылмыс» секілді ұғымның барлық құрамдас бөліктерін мұқият талдай отырып, А.Н. Трайнин оны «адамзатқа қарсы қылмыс» деген формулаға топтастырды. Ал Андре Боссар (бұрын Интерполдың Бас хатшысы болған) әрбір зерттеуші ұшырасатын мынадай қиындықтарды алға тартқан еді: халықаралық қылмыстың нақты анықтамасының, оның қолданылу фактісін растайтын әрекеті мен статистикасының тізбесі келтірілген халықаралық кодекстің болмауы. Сонымен бірге талданып отырған термин Интерполға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарының да, Интерпол мамандарының да лексикасына кеңінен енді. Олардың барлығы бұл терминнің шарттылығын мойындайды, бірақ мұндай әлеуметтік кұбылыстың болуын жоққа шығармайды. Батыс криминологтерінің пікірінше, ұйымдасқан қылмыс — бұл өзара функциялары шектелген бірнеше адамнан тұратын ұйымның ерте бастан жасалған жоспары бойынша ұзақ уақыт бойы жасаған қылмысы; табыс табу немесе қоғамдык өмірге әсер ету мақсатында еңбек бөлінісіне негізделген және уақытша сипат иеленбейтін екі не бірнеше топ адамның келісілген қылмыстық әрекеті. Жоғарыда келтірілген анықтамадан ұйымдасқан қылмыстың мынадай белгілерін бөліп алуға болады: алдын ала дайындалған әрекет ету жоспары; бірнеше адамнан немесе топтан тұратын құрам; өзара функцияларын бөлісіп алу; еңбек бөлінісіне негізделу; тұрақтылық; екі немесе бірнеше адамның немесе бірнеше топтың келісілген әрекеті; табыс табу; қоғамдық өмірге ықпал ету. Мұнда ұйымдасқан қылмыстың негізгі белгісі ретінде алдын ала дайындалған әрекет ету жоспары мен қатысушылар арасында функцияларды бөлу көрінеді. Сөйтіп, А.Н. Волобуевтің тұжырымдауынша, «ұйымдаскан қылмыс  — сатылық деңгейге  бөліне  отырып  және лидерлері іріктеліп шыққан, ұйымдастыру, басқару, идеологиялық функция-ларды атқаратын ел аймағы шеңберінде біріккен криминалдық ортаны сипаттайтын жағымсыз әлеуметтік құбылыс; қауым қатысушыларының белгілі бір қауіпсіздігі мен кепілдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау) органдары қызметкерлерінің жемқорлыққа ұшырауы, кылмыстың әрекетке тартылуы; оның жоғарғы эшелонының қылмыстық жауапкершіліктен барынша қорғала отырып, барынша материалдық кіріс алу мақсатында заңға қайшы қызмет аясын монополиялауы мен кеңейтуі». Автор мұнда ұйымдасқан қылмысты одан сатылық деңгейге бөле отырып, ұйымдастыру, басқару, идеологиялық функцияларды атқаратын лидерлерін бөліп шығаратын, криминалдық ортаның бірігуін сипаттайтын қылмыстық әрекеттің белгілі бір бағытын бөле отырып, біртұтас басқарылатын құбылыс ретінде қарайды. Алайда, А.Н. Волобуеваның пікірінше, ұйымдасқан қылмысқа теріс әлеуметтік құбылыс негіз болады. Мұндай тұжырыммен келісу қиын. Біздің пікірімізше, ұйымдаскан қылмыс — бұл өзара байланыс пен өзара бағыныштылық тән, қатаң тәртіп орныққан, зақдылық пен құқықтық тәртіпті әлсірету арқылы мемлекеттік басқару органдары жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін бұзатын, қоғамдық санаға теріс әсер ететін жоғары деңгейде ұйымдасқан және тұрақты қылмыстық топтардың немесе қауымдастыктың әрекеті. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай, ұйымдасқан қылмыс негізінде субъектінің қылмыс жасау фактісі ғана емес, ұйымдасқан және тұрақты қылмыстық топтардың немесе қауымдардың қызметі жатыр. Осыған байланысты сұрақ туындайды: «ұйымдасқан» деген ұғым аясына не кіреді және оны қылмыспен не байланыстырады? С.И. Ожеговтың «Орыс тілінің сөздігі» бойынша, «ұйымдасқан» сөзі мыналарды білдіреді: 1. Ұйымға біріккен, тұтасқан. 2. Қатаң тәртіппен ерекшеленетін жоспарлы. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 31 — бабының 3 — тармағына сәйкес егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін ерте бастан біріккен тұрақты адамдар тобы жасаса, оны ұйымдасқан топ жасады деп танылады. Мұндай жағдайда басқа сұрақ туындайды: заң шығарушының зерттеушілердің, оны қойғанда практиктердің назарын «ерте бастан» ұғымына аудартуы ойға қонымды ма? Заң шығарушының идеясы бойынша, бұл бап бойынша тұрақты топтың «ерте бастан» бірігу фактісін белгілеу керек, яғни қылмыс жасалғанға дейінгі біршама уақытты. Егер тұракты қылмыстық топ қылмыс жасау мақсатында «ерте бастан» бірікпей, нақ сол қылмыс жасау сәтінде біріксе, онда мұндай жағдайда оны қалай жіктеуге болады? Егер «ерте бастан» деген жіктеуші белгісі болмаса, қылмысты ұйымдасқан топ жасады деп жіктеуге бола ма? Қазақстан Республикасының Жоғаргы Соты өздерінің төменгі соттарға берген 2001 жылғы 21 маусымдағы № 2 «Соттардың сыбай-ласа жасалған бандиттік және басқа қылмыстар үшін жауапкершілік туралы зандылықты қолдануының бірқатар мәселелері туралы» нұсқаулығында «ерте бастан» деген ұғым мүлдем қолданылмайды. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «ерте бастан» деген ұғымды қолданбағанымен қоймай, тіпті қолданыстағы қылмыстық кодексте пайдаланылған осы ұғымға түсіндірме де бермейді. Керісінше, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына сәйкес «ұйымдасқан қылмыстық топты… немесе қылмыстық қауымдастықты құру қандай да бір қылмыстық жоспарлатанына немесе жасалғанына қарамастан, қылмыстың аяқталған құрамы болып табылады». Келтірілген айғақтар негізінде «ерте бастан» ұғымы, біздің ойымызша, талданып отырған нормадан алынып тасталуы тиіс, себебі тұрақты қылмыстық топтың бірігу фактісінің өзі (бірігу уақытына қарамастан) қылмыстық ойды іске асыру мақсатында адамдар тобының бірігуін білдіреді. Ұйымдасқан қылмыс нысандарына қатысты бірқатар нор-маларды зерттеуді жалғастыра отырып, біздің көзқарасымызша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 31-бабының 4 — бөлігіне барынша кеңірек тоқгалған жөн, онда былай делінген: «Егер қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған бірігіп ұйымдасқан топ (ұйым) не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыстың сыбайластың (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп   танылады».   Көрсетілген   норманың   мазмұнынан   көріп отырғанымыздай, заң шығарушы қылмыстық сыбайластық» пен қылмыстық ұйым» ұғымдарын шектемейді. Заң шығарушының идеясы бойынша, бұл ұғымдарды тұтас ұғым ретінде түсіну керек. Оның үстіне талданып отырған нормада аталған ұғымдар арасында нақты градация жоқ. Ал жоғарыда көрсетілген Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысында «қылмыстық ұйым» ұғымы мүлдем аталмайды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.