Күбіртке ауруы

Главная » Рефераттар » Күбіртке ауруы

Күбіртке жиі кездесетін іріңді ауру. Кейбіреулер қолдағы кішігірім жараларға кезінде мән бермейді. Теріге түрлі себептермен түскен жарақаттарға микробтар үйір келеді. Микробтар жарылған, қажалған орынға түсіп көбейеді, тез уын жаяды. Сейтіп тканьдарды қабындырады, іріңді жараға айналдырады.

Қазақ күбіртке деп тек тырнақ түбінің ісіп, іріңдегенін айтады. Ал ғылымда күбіртке (панариций) деп саусақ тканінің іріңді жарасын айтады. Сондықтан жараны шыққан орнына қарай тері, теріасты, сіңір, сүйек және буын күбірткесі деп айырады. Бәрінен де саусақ буынына түскен күбіртке адамға ауыр тиеді.

Тырнак ұясының түбі ісіп, іріңдеуі күбірткенің жеке түріне жатады. Оны ғылми тілде паронихия дейді. Білініп келе жатқан жараға кезінде көңіл бөлмей, «осы қайтеді дейсіннің» салдарынан барып ол үлкейеді, Күбірткені уақтылы емдемесе, ол іріңдеп, тамыр қуады. Тырнақтан саусаққа, одан алақан, білек, қарға шауып, асқынады, қолтық безін шошытады. Ақырында саусактар бүгіліп, майысып қалады. Сондықтан күбіртке белгі берді дегенше-ақ науқастың алдын ала емделуі қажет. Паронихияда тырнақ түбінің қабынып іріңдеуі ұзаққа созылады, адам жұмыстан қалады. Бастапқы кезде тырнақтың ірге жиегі қызарып, қабынса, күшейе келе ірің тырнақ астын кеулеп кетеді. Тырнақ кейде түсіп те қалады, Емдеу ісі кешіккен жағдайда ірің жиналады да, саусақ еті шіри бастайды, микроб бақалшақ сүйегін кеміріп жейді(остеомиэлит).

Қолына күбіртке түскен адамның алдымен дәрігерге көрінгені жөн. Дәрігердің кеңесі бойынща марганцовканың бір-еқі түйірін қосқан, ыстықтау суда, саусақты, күніге 4 — 6  рет үстау  күбірткенің тез  пісіп, жарылуына көмектеседі, қолдың солқылдап ауырғанын да басады.  Бұдан басқа емді дәрігер, кейде оның ұйғаруымен адамның өзі де жасауы мүмкін. Біздіңше күбіртке болып оны емдеп әуреленгенше, күбірткеден алдын ала сақтана білген жақсы. Ол үшін қолды әрдайым сабындап жуу, тырнақты өсірмей Қырқып, таза үстау шарт. Кейбір жағдайда жұмысты қолғап киіп істеу керек.  Қысқасы,  қолға  жарақат түсірмеу қажет.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.