Күй аңызы

Главная » Рефераттар » Күй аңызы

Қазақ эпосы мен фольклоры өзінің бар сала түрінде музыкамен етене жақын, тығыз байланысты. Күй аңызы әлі тегіс тексеріліп, ерекше жиналып зерттелмеген түрдің бірі. Бірақ қазақ халқының музыкалық фольклорын біліп, аңғарған адамның барлығына сыбызғы, қобыз, домбыра баян ететін көп күйлермен қатар сол күйлердің ауызша айтылатын көркем, шебер әңгімесі болатыны мәлім. Күйші атаулы қай күнде болса да, өзінің сезімді, саналы, мәнді күйін тартпас бұрын тыңдаушы жұртқа осы күйді тудырған себеп не еді — соны айтады. Білсең ең алдымен күйді шығарған күйшіні айтады. Оның өмірін, өмірінде осы күйді тудырған кезеңін не қуаныш шаттықтай, не күйініш зардай, не бір егес-серпіндей, өкініш-армандай халін баяндайды. Әлдебір ер-азаматты күйзелткен ел әбігеріндей, жұрт жарасы, ер қазасы, шабыс әлек, айырылу шері, ел шері сияқты толып жатқан ой салған сылтау — себептерді айтады. Бірталай күй арнаулы күй шығарушының атын сақ-тап калса, көпшілік күй жалпы фольклор шығармала-рының халі бойынша аты сақталмаған, атсыз күйшілер мұрасы болып та жүре береді. Бірақ бұл ретте де күй әңгімесі деген терең сырлы, шебер көркем шығарманьщ аса көп екенін білеміз. Қазақ музыкасын жиып, зерттеушілер бұл күнге шейін халық өнерінің бүл түрін жиып, жарыққа салып, бағалы орын әперуге көп еңбек етсе де, әлі күнге халықта бар мол қазынаның бәрін жиып, баурап алған жоқ. Күйді жиюшылардың бір алуан кемшілігі көбінше фольклордағы күйдің өзін ғана жазып, сонымен ілесе айтылатын әңгіме-аңызды қоса жиып жазбайтыны бар. Осындай себептен қазіргі қағазға түскен күйдің көпшілігі Батыс Казақстак күйлері болса, соның өзініц де ауыз-ша, сырлы сөз, шебер көркем әңгіме түріндегі екінші бөлімі түгел жазылып ескерілген жоқ. Қүй аңызының көп екенін ел біледі, бірақ кітап, бас-па білмейді. Егер олқылықтар толып, күйлердің көрікті аныздары, тілдегі баяндауыш әңгімелері жазылса, онда қазақ халкының музыка фольклорына әдемі айшық, нақыш қосылуымен мағыналы, мазмұн анықталып жалға-суымен қатар ауызша фольклор да өзінің бір қысқа түр-дегі көркем әңгіме-новеллаларын көп байытқан болар еді. Ұмытылып, жоғалып бара жатқан көп-көп ескі күй-лердің қызық, терең сырлы, мол мағыналы аңыздары да мәдениет мүрасы болып, жөнін тауьш, жолы ашылар еді. Барлық Орталық, Шығыс Қазақстан, Алтай, Алатау, Сыр аясындағы қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы еалқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі шекті ғана емес, әдейі күйге арналғаи үш шекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс — тарих үшін елеулі бұйым. Сол өлкелердІ мекен еткен ел ортасында ертелі-кеш туған күйлердің нелер үлкен мазмұнды, кең толғаулы -болғандары бар. Әсіресе тарихтың зор бағасы бар көне күйлердің талай толқын алыс-тартыстарға ескерткіш есепті болғандары бар. Сол күнгІ бүқара қамқоры, көп-шілік жоқшысы болған ерлер жайында немесе ой, өнердің жүйрігі болған саналы, мұңшы өнерлаздардың халық мүддесін күңіренткені жайында туған күй мен аңыздар бар. Орталық Қазақстанда бұрын «Ноғайлы — қазақ айрылған күй» дейтін. «Қорқыт күйі», «Асанқайғы күйі» дейтін күйлер тартылған. Ел тәуелсіздігі үшін шеру тартып, жорыкка шыккан елдің «Ала байрак» атты жортуыл — марш күйі болған. Сыбызғымен күй сыздырған Саймақтай, кобызбен күй тамызған ТәтІкарадай, домбыраға тіл бітірген Алшағыр-дай, Тәттімбеттей ірі дәулескер күйшілердің де аты көп. Ескідегі көпке мәлім «Ақсак кұланнан» басқа «Нар идірген», «Азамат қожа», «Балбырауын», «Бұлан жігіт», «Алшағырдың ащы күйі», «Тепең көк», «Қос кыздың. жылағаны», «Боз торғай», «Боз айғыр» сияқты немесе «Қара атты мен торы атты» сияқты күлдіргі күйлерг. «Қара жорға» сияқты би күйлер, тағы талай толып жат-қан күйлердің аты калып, жазылмай жоғалып бара жатқаны бар. Осы күйлердің көбіне тек өздеріне ғана тән, нактылы сұлу әңгіме-аңыздар болған. Қазірде кеп жазылған Батыс Қазақстан күйлерг жөнінде де ескерілмей келген кемшілік бар.
Жазылған күйлерде бәрі де болған күйші-композитор Дәулеткерей, Қүрманғазылар атымен ғана байланыстылары терілген. Олардың бұрын ескі замандарда туған Батыс Қазақстан күйлері аз ескерілген. «Абыл» күйі сияқты ескілікті заманның мінез-күлқын, тартыс, салтын, ерекше көрінісін танытқандай, мазмұны қызыкт аңызы көркем, түйіні қиын кеп күй кені болған Батыста, әсіресе мол болса керек еді. Сол сиякты, ел дәстүрімен ескі жақсы күйшіге шарт болған күйшілік жораны жақсы біліп, ұғынғандықтан қазақ күйлерінің» атасы — Құрманғазы езінің бар күйін шығарумен қатар-соның бәрін тудырған себеп халді де, сезім-сырды да бірге аңыз, әңгіме етіп айтып кеткен. Ол да күй шығару-мен бірге аныз шығарған. Міне, күй-аңызы деген әңгімелер осы үлгІмен бұрык барлық күй шығарушы, күйші-өнерпаздардың көбінше өздері шығаратын әңгімелері болған. Жалпы күй аңызына тән бір ерекшелік— бұл үлгіде-гі әңгімелер сезімді, сыршыл келеді. Және сол мазмұнына сай қыска, шебер, дәмді қызық әңгіме болып келеді.. Қазактағы ауызша айтылған, көркем кара сөз түріндегі, әсем кұрылысы бар әңгімелердің ішінде бүл аңыздар — анық жазба әдебиеттегі қысқа новеллаға ұқсайтын үлгілер. Айтылған тілінде, сөз көркінде кей кезде өлең, мұң «Ақсақ құлан жосыған, баласы өлген осы хан» деген сияқты жыр араласып кетіп отырады. Немесе, Асанқайғы күйіндей: «Құйрығы жоқ, жалы жоқ кұлан қайтып күн көрер, аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтып күн көрер» деген сияқты сыр-толғау араласып отырады. Күлкі күйде қара атты мен торы аттыны шақырып-шақырып келтіре алмаған әйел болып, күйші: «келмесец қой, ады-ра қал, торы атты-ау» деп күйді бІтіреді. Жалпы, алдын ала айтылатын аныздан бөлек жаңағыдай өлең — сөйлемдер күйдін тартылу үстіне араласа қосылып отырады. Бұл — бұрынғы ескі түрдегі синкре-тизм (бар өнердің бірігіп, топталып жүретін) белгісін білдіретін, сонын, қалдығын сездіретін, күй анызында қалған ескі өрнек. Куй аңызының түр ерекшелігіне тән бұл да бір айшық, нақышы есепті болады. Өнер тарихында өте-мөте сирек үшырасатын қасиет, яғни бір адамның бойында әрі ақындық, әрі музыканттық өнердің тұтас табылуы қазақ өнерінің тарихында ежелден бері бар. Біржан сал, Шөже, Сүйінбай сияқты атақты айтыс ақындары да, Ақан сері, Иман Жүсіп, Жаяу Мұса тәрізді әнші-ақындар да, әрі әнші компози-тор, әрі ақын болған, Жамбыл да солай. Тіпті қазақтың жазба әдебиетінің негізін салған Абай әндері халық арасында әлі күнге дейін сүйікті де мәшһүр. Біздің заманымызда Жамбылдың шәкірттері мен Дина осы тамаша дәстүрді ілгері дамытты.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.