Көкжөтел ауруы (Коклюш)

Главная » Рефераттар » Көкжөтел ауруы (Коклюш)

Көгерткен көкжөтелді бала өсіргендердің білмейтіні аз. Ауру кәдімгі суық тигендегі жөтел тәрізденіп басталады. Кейде жөтелден баланың дене қызуы көтеріледі. Сөйтіп сырқат созыла береді. 10-12 күннен кейін нағыз қиқыл басталады да, ол оқтын-оқтын ұстайды. Ұстағанда бала қиқылдайды, типті көгеріп, талып та қалады. Жөтел қысырда бала демін барлық күшімен ішінде тартады, содан кейін қораздың шақырғанындай қатты дыбыспен қиқылдап көгеріп қалады, жөтелгенде баланың тілі аузынан шығып кетеді, кейде қысылып тіпті тілін тістеп жарақаттап алады. Көкжөтел кезінде баланың баланың екі беті шиедей қызарады, кейде құсып та жібереді. Баланың көздері мен екі беті домбығады. Көкжөтел, әсіресе ұйықтап жатқанда күшейеді. Бала далаға шығып, таза ауада серуендеп жүргенде жөтел бәсеңдейді. Көбінесе бала ашуланса, жыласа жөтел ұстауы жиілей береді. Көкжөтел қиқылдатуы кемінде бір айға жақын созылады. Егер бала азып кетсе немесе қосалқы кеселге ұшыраса, көкжөтел бір жылға дейін созылуы мүмкін. Кейде жөтел ұстауы созыла бермей, біраз күн бәсеңдеп, кейін қайталап отырады.

Көкжөтелмен ауырған бала алғашқы бір жарым ай ішінде ғана төңірегіндегі балаларға өте қауіпті. Бұдан кейін көкжөтел ауруы жұғады деп қауіптенбесе де болады. Бала яслиде немесе балалар балабақшасында жүріп ауырса, оны сау балалардан бөлу керек. Бірақ енді бұл коллективке жаңадан бала қабылдауға 14 күнге дейін тыйым салынады.

Егер де балалар коллективіне қатысып жүрген баланың үйінде көкжөтел ауруы болса, ондай бала екі жетіге дейін яслиге, балалар бақшасына қатыстырылмайды. Көкжөтел шыққан орынды дәрімен дезинфекциялау керек. Баланың бөлмесін сабындап жуып, желдетудің өзі де көкжөтел микробын жояды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.