Көліктің қоғам өміріндегі маңызы

Главная » Рефераттар » Көліктің қоғам өміріндегі маңызы

Көлік деп жүктер мен жолаушыларды тасу үшін қолданылатын кәсіпорындар жиынтығы. Көлік тауарлар немесе адамдардың географиялық жағдайларын өзгерту адамдардың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейімен байланысты экономикалық әрекеттің бір бөлігі болып саналады. Ол шикізатты жеңіл өңдейтін жерге немесе дайын өнімдерді тұтынушылар дүрыс қолдана алатын пункттерге апара алады. Яғни көлік табиғи, жасанды және еңбек қорларын аз пайда түсіретін жерден пайдасы толық тиетін жерге тасыған пайдалы кеңістік құрайды. Сондықтан да көлікті тауарлар мен адамдарды тасу арқылы адамзат қажеттілігінің қанағаттандыру деңгейін өсіретін құрал ретінде анықтауға болады. Әр көліктің түрлері үш негізгі компонент немесе құрама бөліктерді пайдаланады. Бұл — жолдар, терминалдар — көлік тораптары, жылжымалы құрам — көлік құралдары.
Көлік құралдары өз кезегінде өзі жүретін және ауырлық құралдары көмегі арқылы қозғалатын түрлерге бөлінеді. Жол өз қызметін орындай отырып, сонда немесе сол бойынша қозғалатын көліктің ортасын білдіреді. Жолдар табиғи, жақсартылған табиғи, жасанды түрлерге бөлінеді. Табиғи жолдар ерте кезден бастап қолданылады. Бұл кеме жүретін өзендер, теңіздер кейіннен оларға әуе орталары қосылды.Табиғи жолдар ретінде шөлдер, дала, батпақ, тиісті көлік болса қар кеңістіктері қолданылады. Егер қандай да болмасын өзен учаскесінде жағалаулар бекітілсе, кеме жүрісінің фарватері терендетілсе, қалалық емес жолдарда қиыршық тастар салынса, онда табиғи қатынас жолдары жақсартылған табиғи турге көшеді. Қазіргі автомобиль жолдары, темір жол жолдары, казылған кеме жүру каналы жасанды жол қатынастарына жатады. Терминал бір көлік торабының бітіп, екіншісі басталған пунктін білдіреді. Барлық кез-келген маршруттың көлік түрлерін ауыстыратын желілік пункттері болады. Теңіз немесе өзен порттары кеме терминалдары ретінде қарастырылады, бірақ негізінен олар поездар, автомобильдер, құбыр өткізгіш көліктері терминалдары болып есептеледі. Жүктерді темір жол көлігінен автомобильге немесе, керісінше ауыстыратын жүк алаңы (бұрында механизацияланған дистанциялар ПРР) терминалға қатысты бола алады. Көлік құралдары. Көліктің әрбір түрінде жүктер мен жолаушылар тасымалданатын көлік құралдары болу керек. Көлік құралдарының конструкциясы нақты көлік турін қанағаттандыру қажет. Көлік құралдарына немесе жылжымалы құрамға: локомотивтер, вагондар, тікұшақтар, теңіз және өзен кемелері, автомобильдер, автомобиль тіркестері, трейлер және т.б. жатады. Көлік құралдары күш қондырғыларымен біріктірілу керек, кейбір жағдайларда олар ажыратылады. Біріншіге тікұшақтар, теңіз және өзен кемелері қарайды, екіншіге — буксир-итергіштермен және автомобиль тіркестерімен, вагондармен орналастырылатын баржалар қарайды. Көлік тораптарында әр түрлі көлік түрлерінің технологиялық өзара әрекеттерін қамтамасыз ету қажет, жекелеген көлік түрлерін бір тұтастыққа байлап, келістіретін жетілген технологияны құру қажет. Мұндай технология өзара әсер ететін көлік түрлерінің ырғақты жұмыстарын, тікелей нұсқа бойынша жүктерді өңдеудің ең жоғары деңгейін, өңдеу мерзімі мен вагондардың, автомобильдердің, кемелердің тұрып қалуы уақыттарын қыскартуды, өзара әрекет етуші пункттерінің өткізу және өлшеу қабілеттерін ұтымды пайдалануды (тиеу механизмдері, қоймалар жәнс басқа техникалық қондырғылар) көлік шығындарын азайтуды қамтамасыз етеді. Технологиялық өзара әсерлерді жасаудағы ең негізігі мәселе, жекелеген көлік түрлерінің жүмыс жоспарларының сәйкестігін қарастыратын өзара әсер пунктке берілетін тоннаж бойынша араласқан тасымалдауларды жоспарлау (мысалы, пароход және темір жол); өзара әсер етуші көліктерге бірдей уақыт және кеңістіктегі жүктерді тиеу үйлесімділігін қамтамасыз ету; өзара әсер етуші көлік түрлерінің жылжымалы құрам операцияларын орындадаудағы біртұтас жоспар-кестелерін жасау кажет. Станциялар мен порттардағы, станциялар мен кірме жолдардағы вагон топтары мен составтардың операцияларды орындау кестелері; тасымалдауды маршруттандырудың, көлік тораптарындағы өзара әсер пункттеріндегі өткізу қабілеттерін ескерген поездар мен кемелердің қалыптастыру жоспарларын, біртұтас технологиясын біріктіру; жөнелту пунктінен қабылдау пунктіне дейінгі жүктерді тасымалдаудың біріккен кестесін жасау мысал бола алады. Бұл мәселерді қарастыру біртұтас технологиялық үрдістің (БТҮ) негізін, көлік тораптарьіндагы өзара әсер ету пункттерінің жұмыстарын, оған керекті өзара әсер етуші көлік түрлерінің календарлық жоспарын, көлік кұралдарының қозғалыс кестесі мен кемелерді, поездарды калыптастыру жоспары: көлік тораптарының техникалық құрылғылары туралы мәліметтер және техникалық бөлу актісінде қарастырылған оларды пайдалану тәртібін; көлік құралдарын өңдеу бойынша жекелеген операцияларды орындаудың әрекет етуші және накты жеткен нормаларын; көлік ағымдары туралы мәліметтер; соңғы жетістіктер мен алдыңғы қатардағы әдістемелік жұмыстар туралы мәліметерді; сол сияқты көлік тораптарының ерекшеліктеріне байланысты қойылған алғашқы мәліметгерді қарастырады. БТҮ төмендегідей кезекпен жасалады: 1) Көлік тораптарындағы өз ара әсер ету пункттерінің кемшіліктерін көрсететін қазіргі жағдайын тереңірек оку және егжей-тегжейлі зерттеуді жүзеге асыру, оларды жою кейде өзара эсер ету шарттарын материалдык шығынсыз жақсартады. 2) Өзара әсер ету пункттері арасында ерекшеліктеріне қарай әр пункттің жекелеген каналдары арқылы жүктерді қою көлемін ұтымды бөлу (экономикалық-математикалық әдісті пайдалану арқылы). Көлік құралдарымен өндірістік операция тәртібін салмақтық нормалар, алмасу тәртібі анықтайды. 3) Өзара әсер етуші көлік түрлерінің жылжымалы құрамымен техникалық және коммерциялық операцияларды жасау және түсу кестесі кіретін БТҮ-нің кестесін жасайды. Мысалы, маршрутты түсіруте арналған жылжымалы құрамның қабылдануы; түсіру үшін өзара әсер ету пункттеріне келген кеменің келу кестесі; өз ара әсер ету пункттеріндегі ПРМ жұмыстарының кестесі, құжаттарды толтыру кестелері және т.б. Бүгінгі таңда мемлекеттердің экономикалық дамуының әлемдік беталысы қазіргі заманғы көлік иифракұрылымын кұру мәселелерінің ұлттық экономика және көлік саясатының шеңберінен асып кеткендігін көрсетіп отыр. Кең ауқымды сыртқы экономикалық байланыстар ішкі көлік жүйелері аркылы тасылатын ірі жүк ағындарын тудырады. Өздерінің негізінде лагистикалық операциялар жүзеге асырыпатын көліктік жүйелерге өндірісті, соның ішінде халықаралық өндірісті мамандандыруды және кооперациялауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер кең ауқымда жүктеліп отыр. Көліктік байланыстардың біріктірілген сипаты олардың әрқайсысын аймақ көлемінде халықаралық тасымалға кызмет көрсету үшін жеткілікті еткізу қабілеттілігі бар тиімді және біркелкілендірілген инфрақұрылымын жасауға деген өзара кызығушылығын тудырып отыр. Халықаралық логистикалык жүйелерді кұру кезінде келесі мәселелер шешіледі: — тасымал сыйымдылығы мен жүктемесі бойынша шектелмеген еркін нарық құру; — ортақ реттеуші органдардың тарапынан ұсынылған бәріне ортақ тарифтерді қолдану; — жүкті шекара аркылы өткізу кезінде көлік және кеден рәсімдерін ырықтандыру; — көліктің тасымалдау кабілетгілігін, темір жол және қойма құрылғыларының өнімділігін өзара келісу.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.