Көліктің таза экологиялық технологиясы

Home » Рефераттар » Көліктің таза экологиялық технологиясы
Рефераттар Комментариев нет

«Көліктің экологиялық таза технологиясы» атты ғылыми-зерттеу жұмысында қоршаған ортаның ластануын азайту мақсатында қолданатын таза экологиялық құрылғының жұмысын зерттеу жəне оның үлгі жобасын ұсыну.

Автокөліктердің шығарған улы газдарымен қоршаған ортаның ластануы. Қазіргі кезде негізгі мəселенің бірі – қоршаған ортаның (экологияның) кеселді апаттарға ұшырау салдарын тоқтату. Экология – жер бетіндегі тіршілік атауларының қоршаған ортамен органикалық қарым-қатынасын жан-жақты зерттеудің, жаратылыстану ғылымдарымен, медицина, тіпті социология тəрізді көптеген ғылым салаларын біріктіретін, философиялық мəні терең, адамзат болашағы үшін маңызы зор ілім.

«Экология» деген сөзді Австрия ғалымы, талантты биолог Э. Геккаль 1886 жылы «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген еңбегінде тұңғыш рет айтқан. Одан бері бір жарым ғасыра жуық уақыт өтті. Ол кездегі экологияның жағдайы мен бүгінгі хал-ахуалын салыстыруға мүлдем болмайды.

Қазіргі кезең – экологиялық жағдайдың шиеленген сəті. Қазақстан жері, экологиялық жағдайын тəуір деп айтарлықтай емес. Солардың ішінде экологиялық шырғалаңға түскен Арал өңірі бəрінен ерекше тұр. Арал теңізінің кепкен табанынан үздіксіз көтеріліп, миллиондаған тонна тұз аралас шаң-тозаңды, əр түрлі химиялық заттармен қаныққан, суы ішуге жарамсыз Сырдариясын, аппақ соры бұрқыраған егістік, шабындық, жайлымдық жерлерін айтсақ та жеткілікті. Айнала қоршаған ортаны ластаушы «Байқоңыр» ғарыш айлағының өзі не тұрады?

Осы өлкенің табиғатына, оның экологиялық жағдайына қатысты проблемалар жетіп артылады. Арал теңізі мен «Байқоңыр» ғарыш айлығына қатысты проблемалар жергілікті жердің күшімен шешу мүмкін емес. Дегенмен де, қол қусырып қарап отырмай, экономика мəселелерін жаңа экологиялық жағдайға беімделіп шешсе – қошаған ортаға, сол арқылы адамға түсетін ауыртпалықтың үлес салмағы азаяды.

Атмосфера – ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физика-химиялық жəне биологиялық процестердің жүруінің шарты жəне метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген компоненттердің қатынасы оның радиацияға, жылу жəне су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы су буы жəне əр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін, жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса онда, жер бетіндегі орташа жылдық температура +150С емес, -180С болар еді. Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші орында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді жəне атмосфераға жиналуға қабілетті.

Ластаушы заттар Млн. т/жылына
Көмірқышқыл газы 6000
Түтіннің қатты бөлшектері 580
Көміртегі(ІІ) оксиді 360
Ұшқыш көмір сулар жəне т.б. орг. заттар 320
Күкірт тотығы 160
Азот тотықтары 110
Фосфор қосылыстары 18
Күкіртсутек 10
Аммиак 8
Фторлы сутек 1
Хлор 1

 

Көміртегі(ІІ) оксидінің көп мөлшері өте қауіпті, бірақ ол тұрақсыз жəне жылдам СО2 мен басқа да қосылыстарға айналады. Атмосфераның басқа ластанушыларының ішінен азот тотықтарының, көмірсуларының, бенз-а-пирен, хлор, фтор жəне басқа қосылыстардың маңызы зор. Бұлардың көпшілігі жылу балансының өзгеруі (көміртегі қос оксиді, азот тотықтары, метан, фреонид жəне т.б.) немесе озонның бұзылуы (фреон жəне азот тотықтары) арқылы əсер етеді. Жанармайдан шыққан газдың құрамы қолданылатын жанармайдың, майдың түрінен, қозғағыштың жұмыс режиміне, оның техникалықжағдайына, автомобильдің қозғалу жағдайына жəне тағы басқа байланысты.

Карбюратор қозғағышының жанармайдан шыққан газдардың улылығы, оның құрамындағы көміртегі мен азот тотықтарына, дизельді қозғағыштарда –азот тотығы мен күйенің болуына тікелей байланысты. Солардан атмосфераға шығатын зиянды заттардың мөлшер (шаң-тозаң, улы газдар) 2001 жылы 189,6 тонна, 2008 жылы 356,2 мың тонна.

Зиянды компоненттердің қатарына құрамында қорғасын мен күйе бар концерогендік қасиеті бар қатты ластағыш заттардың қоршаған ортаға таралу заңдылықтары арасында айырмашылық бар. Ірі фракциялар (диаметрі 1 мм-ден азырақ) топырақ пен өсімдіктің бетіне шөге отырып, соңында топырақтың беткі қабатына жиналады. Ұсақ фракциялар (диаметрі 1-мм-ден азырақ)аэрозольдер түзеді де, ауа массасымен үлкен қашықтықтарға таралады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы жасаған кестеде көрсетілген негізгі он ауаны ластаушылардың ішінде көміртегі тотығы екінші орында тұр. 300-350 адам қанша оттегіні көмірқышқылына айналдыратын болса, автомобиль орташа алғанда 80-90 шақырым жылдамдық ала отырып, сондай мөлшердегі оттегіні көмірқышқылына айналдырады. Мəселе тек көмір қышқылында ғана емес. Бір автомобильдің пайдаланған газының жылдық мөлшері – бұл 800 кг көміртегі тотығы, 40 кг азот тотығы жəне 200 кг-нан астам түрлі көмірсутектер. Міне, осы жинақтың ішінде ең қауіптісі көміртегі тотығы.

Бензин құйғыш түтіктен бензиннің бəрін құю мүмкін емес, оның аздаған мөлшері болса да, жерге төгілетін əрбір көлік жүргізушісі біледі. Алайда, ойланып қарасақ, қазіргі кезде жер бетінде қаншама автомобиль бар десеңізші. Жыл санап оның мөлшері арта береді, соған орай атмосфераға да зиянды заттардың бөлініп шығуға көбейді. Автомобильге құйған кезде төгілген бензиннің 300 гр ғана 200000 м3ауаны ластайды. Осы мəселені шешудің қарапайым жолы – жер бетінебірде-бір тамшы бензиннің төгілуіне мүмкіндік бермейді жаңа конструкциялы май құйғыш автоматтарды жасау.

Көлікпен ластану. Жол-көлік кешені ауаға, суға,топыраққа қосылатын зиянды сұйық, газ түріндегі жəне қатты қалдықтардың негізгі көзі. Көлік құралдарындағы іштен жану двигательдерінде, органикалық отынды жағу салдарынан, қоршаған ортаға көмір қышқыл газы мен зиянды заттардың – қорғасынның, күйенің, көмірсутектердің, көкірт пен азот оксидтерінің, этилен, бензол, этан, метан-көп мөлшері бөлініп шығады. Əсіресе, барлық, көлік түрлерінің ішінде, автомобиль көлігінің зиянды қалдықтары 70% құрайды жəне ол антропогенді əсерлер есебінен атмосфераны ластаушы заттар мөлшерінің 40%-на дейін жетеді.

Автомобиль көлігі, яғни іштен жану двигательдерінің жұмысы нəтижесінде түзілген газ, атмосфераны ластаушы заттардың ең негізгілерінің бірі болып табылады. Жыл сайын, олар 280 миллион тонна шамасында көміртек тотығын, 56 миллион тонна көмірсутек, 28 миллион тонна азот тотығын ауаға қосады. Қазіргі кезде жер шарында шамамен 200 млн.-дай автомобиль машиналары бар. Олар іштен жану двигательдерінің жұмыс істеу барысында ауаға 200-ге тарта əр түрлі заттар шығарады.

Қорытынды. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында көз жеткізген жағдайларға байланысты төмендегідей ұсыныстарды айтуға болады. Автокөліктердің барлығын табиғи газбен немесе сутегімен жүру жағдайына көшіру. Себебі, жанармайдың бар болғаны 15%-ы ғана автомобильді қозғауға жұмсалса, ал қалған 85%-ы ауаға шығарылады. Табиғи газдың 90%-ы жұмсалады. Терек ағашын көптеп отырғызу. Себебі, терек ағашы 20% шамасында дыбысты, шуды бəсендетеді жəне жалпақ жапырақты болғандықтан оттегін көп бөледі. Мысалы, 25 жылдық терек ағашы 5 ай ішінде 44 кг жуық көмірқышқыл газын сіңіретіндігін айтсақ, онымен теңесетін өсімдік табу оңайға түспес.

Автокөліктерде жанармай бөлігінде жұмыстық глушительде жиналған газдарды, глушительдің ішінде (цилиндр қойып) жинақтап, сыртқа химиялық реакцияның СО2-ні бөлу нəтижесінде салалсыз таза затқа айналдыру үлгісін (сұлбасын) ұсыну.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.