Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі

Home » Рефераттар » Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Рефераттар Комментариев нет

БҰҰ-ның Конвенциясы келісімі бойынша, әр балалар (кәмелетке толмаған) он сегізге дейін бір тұлға болып саналады. Қазақстан Республикасының заңнамасы анықтайды, жасы он сегізге келмеген балалар кәмелет жасына толмаған болып есептеледі. «Неке және отбасы» заңының 52-бабында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 17-бабында және т. б.). Мектеп оқушылары арасында 14–17 жастағы (8–11 сыныпта) оқитын оқушылардан анкета әдістемесін өткіздім. Тек қана қатысып қоймай, зерттеуге де қатыстым. Салыстырмалы ішінара құрам 68 адамды құрады. Бірінші сұрақ: «Әке-шешеңізбен жиі сіз араласасыз ба?» 25 пайыз жауабы «сирек», 10,2 пайыз — «мүлдем». Біздің тексеріс бойынша ата-аналарының балаларына мәселелеріне қатысты мынандай шешімдер:

  1. кәмелетке толмағандардың жарты көпшілігі бір күндерін өздеріне арнаған, ал ата-аналары балаларының не істеп қойып жүргендеріне ешқандай ақпараттары жоқ;
  2. негізінен әр отбасыда баланың мінез-құлығы отбасына байланысты;
  3. көпшілік ата-аналардың балаларының іс-әрекеттеріне көңілдерін бөлмейді және бұған қатысты даладағы көрініс деп өздерінің қол бостығын түсінбейді;
  4. көбісі ата-аналардың балаларының тәрбиесімен айналысу керек;
  5. сынып жетекшісі, мектеп психологы, әлеуметтік мұғалім.

Басым көпшілік ата-аналар, олардың балалары нашақор, маскүнем, қылмыскер болып кетеді деп ойламайды. Олардың тағдырына басым көпшілігі көшелік немесе аулалық ортаның бұзақы балалары кінәлі деп ойлайды. Қазақстан Республикасында кәмелетке толмаған жасөспірімдер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті 16 жастан жауапқа тартылады, жеке жағдайларда, қылмыстық жауапкершілікке қатысты 14 жастағы қылмыс жасаған болып есептеледі. Қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар адам өлтiргенi (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (103-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiргенi (104-бап, екiншi бөлiк), зорлағаны (120-бап), нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттерi (121-бап), адам ұрлағаны (125-бап), ұрлық жасағаны (175-бап, екінші, үшінші бөліктер), тонаушылық (178-бап, екінші, үшінші бөліктер), қарақшылық жасағаны (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап, екінші, үшінші бөліктер), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгенi (185-бап, екiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктер), ауырлататын мән-жайлар кезiнде мүлiктi қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (187-бап, екiншi, үшiншi бөлiктер), терроризм актісі (233-бап), адамды кепiлге алғаны (234-бап), терроризм актiсі туралы көрiнеу жалған хабарлағаны (242-бап), қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлағаны не қорқытып алғаны (255-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде бұзақылық жасағаны (257-бап, екiншi, үшiншi бөлiктер), тағылық (258-бап), есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (260-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлердi қорлағаны (275-бап, екiншi бөлiк), көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіргені (299-бап) үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартуға жатады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.