Көмірсулар алмасуы

Главная » Рефераттар » Көмірсулар алмасуы

Көмірсулар — ағзада энергияның көзі. Олар тәулік бойы колданылатын энергияның 67% дейін және 50% кем емес энергияның алмасуын камтамасыз етеді. Глюкоза ішектен жасушаларға түсіп, оларда фосфорланып, глюкоза-6-фосфат түзіледі. Соңғысы аталған 4 жолмен өзгерістерге ұшырайды: 1) бос глюкозаға; 2) гликоген синтезінде колданылатын Г-6-Ф-қа; 3) глюкозаның СО-ге дейін ыдырауы және АТФ түрінде колданатын энергияньгң түзілуі жүретін негізгі жолы немесе лактатка ыдырауы (анаэробты гликолизде); 4) тотықсыздану реакцияларына сутегінің көзі болып табылатын НАД-ФАН2 синтезі және ДНҚ мең РНҚ синтезіне кажетті рибозо-5-фосфаттың түзілуі жүретін пентозофосфаттық жолмен (ПФЖ) ыдырауы. Бауыр көмірсулардың аралық реакцияларында маңызды қызмет атқарады. Әсіресе, олардың ішінде галактозаның глюкозаға, фруктозаға, гликогеннің синтезі мен ыдырауы, глюконеогенез глюкозының тотығуы, глюкурон қышқылының түзілуі маңызды. Көмірсулар ағзада гликоген түрінде бауырда, бұлшық еттерде, бүйректерде қорға жиналатын, оңай мобилизацияланатын энергетикалық материал қызметін атқарады. Бұл кораы ағза энергия шығындары көп болғанда немесе тамактану жетіспеушілігінде пайдаланады. Көмірсулардың аралық алмасуының өнімдері дәнекер тіннің құрылым компоненттері болып табылатын липидтердің, амин қышкылдарының, гомополисахаридтер мен гетерополисахаридтердің түзілуіне қолданылады. Бұл жерде көмірсулар пластикалық материал ретінде колданылады. Галактозаның глюкозаға айналуы. Галактоза ағзаға сүт қантымен түседі. Ол бауырда уридинфосфогалактоза аркылы глюкозо-1-фосфатқа айналады. Бауыр қызметінің бұзылыстарында галактозаны сініру, қолдану мүмкіншілігі азаяды. Бауырдың галактозамен жүктеу сынамасы осыған негізделген. Фруктозаның глюкозаға айналуы. Фруктокиназа ферментінің көмегімен АТФ катысуымен фруктоза фруктозо-1-фосфатқа (Ф-І-Ф) айналады. Одан кейінгі альдолаза, гексокиназа, глюкозофосфатазамераза ферменттерінің кезек-кезек әсер етуі аркылы глюкозо-фосфатқа (Ф-6-Ф), яғни белсендірілген глюкозаға айналады.
Гликогеннің түзілуі мен ыдырауы. Гликоген глюкозаның корға жиналған түрі. Ол жануарлардың ағзасында өсімдіктегі крахмалдың аналогы болып табылатын полисахарид. Гликоген бауырда белсендендірілген глгокозадан (Г-6-Ф) гликоген-синтетаза ферментінің катализімен Г-1-Ф-дан түзіледі. Бауыр гликогенді көмірсу алмасуының баска өнімдерінен, лактат пен пируваттан түзе алады. Гликогеннің ыдырауы гидролиз және негізінен фосфорлану арқылы жүреді. Фосфоролизді (фосфор қышқылы компоненттерінің қосылуы мен жүретін гликогеннің ыдырауы) катализдейтін фосфорилаза немесе гликогенфосфорилаза ферменттері әсерінен Г-І-Ф түзіледі, ол өз кезегінде алмасу үдерістеріне (бұлшық еттерде — аэробты және анаэробты гликолиз, т.б.) катысатын фосфоглюкомутаза әсерінен Г-6-Ф-қа айналады. Бауырда Г-6-Ф глюкоза мен фосфатқа ыдырайды. Глюкоза қанға түседі. Осылайша, қайтымды синтез және ыдырау реакцияларының көмегін глюкозаның мөлшері ағзаның қажеттілігіне байланысты бақыланады. Гликоген деңгейі гормондармен реттеледі. АКТГ, глюкокортикоидтар, инсулин гормоны бауырдағы гликогеннін мөлшерін көбейтеді, ал адреналин, глюкагон, соматотропты гормон, тироксин — керісінше азайтады.

One thought on - Көмірсулар алмасуы

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.