Көне шығыс дипломатиялық тәжірибесі

Главная » Рефераттар » Көне шығыс дипломатиялық тәжірибесі

Бүгінгі Шығыстың дипломатиялық қызмет тамыры тереңде жатыр. Алғашқы коғамның өзінде тайпааралық қатынастарды реттейтін тетіктер қалыптасқан. Бұл ойға көрші тайпалармен келіссөздер жүргізу үшін тиісті адамдар шеңберін айқындап отырған және Солтүстік Америкадағы үндістердің тайпааралық қатынастарына орай құрылған қоғамдық органдарга назар аударған XVII ғасыр мен XIX ғасыр басындағы еуропалық саяхатшылар мен зерттеушілердің зерттеулері жетелейді. Сол кездің өзінде елшілерге айрықша сыртқы белгілер тағылып, олар қалыптасқан белгілі бір этикет бойынша қабылданған және дербес қүқыққа ие болған. Келісімдер көкейде толық жатталып, тайпа көсемдеріне ауызша түрде сөзбе-сөз жеткізіліп отырған. Келісімдер жасау, ант беру және басқа да сөйлесімдер жүзеге асырылып, келісімнен айну қылмыстық әрекет ретінде қарастырылған.

Тарихи даму үдерістеріне белсенді қатысу ерте кездерде жекелеген тайпалармен шиеленістерді шешу, сауда байланыстарының шекараларын айқындау және басқа да түрлі мақсаттардағы келіссөздер жүйесін дамытуды талап еггі. Тайпааралық жиналыстар шақырып, барлық тайпа өкілдерінің қатысуымен арадағы ортақ мәселелер талқыланып отырған. Қарулы қақтығыстар кезінде майдан даласынан қүрбан болғандардың денесін алып кету үшін, белгілі бір уақыт аралығында соғысуды доғара тұру туралы (жаушылар арқылы) өзара шарттасу тәжірибе-сі де болған. Соғысар алдында жаршының ақ жалау немесе зәйтүн ағашының бұтағын ұстап, қарсы жақ әскерінің қолбасшысына өз басшылығының тапсырмасын жеткізіп болган соң, аман-есен өз жағына қайта орала алғандығына қарасақ, жаршьшардың имму-нитеті көне нормалардың бірінен екендігін көреміз. Соғыстарды алдын алу және сыртқы қатынастардағы мүдделерге қол жеткізу құралы ретінде дипломатиялық қызмет Көне Шығыс мемлекеттерімен бір уақытта пайда болған және шешілуі қажет міндеттердің көлеміне қарай күрделене түскен тәсілдер мен формаларға ие болған. Египет. Шумер, Ассирия, Вавилон, Ираи, Үпдістан, Қытай секілді көне мемлекеттер тарихы олардың дипломатияны өнер ретінде табысты меңгергендіктерін, сыртқы саяси қызметті ұйымдастыру мен дипломатиялық қызмет институттарын құруда тиімді болғандығын дәледдейді.

Көне Шығыс тарихы дипломатиялық құжаттарда, келісімдер мен жолдауларда және басқа да халықаралық актілерде хатталған және осы құжаттардан жан-жақты саяси, сауда қатынастарын көруге болады. Дипломатиялық жазбалар және ресми құжаттар саяси қызмет формаларының бірі ретінде саналып, сол кезеңдердегі белгілі бір тенденциялар мен дипломатия тэжірибелеріне тән өзгешеліктер туралы ақпарат береді.

Халықаралық келісімдердің ең көнесі — Элам билеушісі және Аккада патшасы арасындағы келісім б. з. д. ХХІП-ғасырға жатады. Щығыстағы ең көне дипломатиялық құжат б. з. 2500 жыл бұрын сынамен жазылған хат болып табылады. Итальяндық археологиялық экспедиция тарапынан 1970 жылдары Эбла сарайының мұрағатынан табылған бұл жолдау Эбла патшалығынан (Жерорта теңізі аумағы) Хамази еліне (бүгінгі Иранның солтүстік аудандары) жолданған. Іс қағаздарын жеткізуші хатында былай делінген: «Патша сарайының іс басқарушысы Ибубу хаттасушыға айтгы: «Сіз мсніц, ал мен Сіздің бауырыңызбын. Бауырыңыз ретінде қалауыңыздың бэрін жасаймын, Сіз де менің қалауымды жасаңыз. Маған мықты жалдамалылар [немесе жүк тасымалдаушы жануарлар] беріңіз. Отінсмін, жіберіңіз соларды. Мен, Ибубу, хат тасушыға (сізге арналған) он бау самшит, екі шана самшит бердім. Иркаб-Даму, Эбла патшасы, Хамази патшасы Зизидің бауыры және Хамази патшасы Зизи-Эбла патшасы Иркаб-Дамудың бауыры, Жазған Тира-Ил, хатшы. Зизидің хат тасушысы үшін». Осы жолдаудың өзінде бүгінгі күнгі дипломатия тарапынан да кең қолданылып отырған элементтер кездеседі. Атап айтқанда, екі егемен мемлекет арасындағы белгілі бір деңгейде қалыптасқан қарым-қатынас, алыс қашықтыктағы мекендерге хат жеткізу үшш курьердің қызметін пайдалану, тең дәрежелілік тұжырымдамасы тапсырмасын айтудың жалпы қалыптасқан түрін біріктірген хаттама, тайпааралық туыстық сезім, өкілдер арқылы сыйлықтар беру және т. б.

Тіпті, Эбла мен Ашшур мемлекеттері арасында жасалған ең ежелгі ұйымдық сауда келісімінде көпестердің кұқықтары мен міндеттері, қол қоюшы таралтарға тиесілі әрбір сауда бекеттерінің мэртебесі айқындалған. Таңқаларлығы, аталған келісімнен екі жақтан салық салу, эмиссарлардың ары-бері өту реті, сатып алынған тауарлардың қозғалысы, зақымдалған не жоғалған тауарлар үшін айып салу, үшінші жақ елмен сауда жасауды шектеу, жеке басқа ксл-тірген шығын үшін айыппүл төлету секілді баптардың тізімін та-буға болады. Эбла мемлекеті бүл секілді «коммерциялық, одақтық» келісімдерді басқа да елдермен жүзеге асырған. Зерттеушілердің пікірінше, Эбла мемлекеті ірі халықаралық орталық бола отырып, сауда және саяси байланыстарды шалғай жатқан тәуелсіз елдермен де орнатқан. Бұл мемлекеттің құдіреттілігі саудада болған. Саяси байланыстар және саудамен айналысу экономикалық операцияларын жүзеге асыруға қатысты нақты халықаралық-құқықтық мәселелердің ортаға шыққандығын көрсетеді. Алдыңғы Азияда б. з. дейінгі екінші мыңжылдыққа қатысы бар көптеген халық-аралық коммерциялық келісімдер табылған. Мемлекетаралық қатынастар Көне Шығыста жаушылар арқылы іске асырылып отырған. Қытайдың Орта патшалығынікі делінетін «Синуха повесінде» мынадай фрагмент бар: «Солтүстік не оңтүстік резиденцияларға атганған жаушылар маған тоқтайтын». Ғылымдағы ең белгілі көне дипломатиялық кұжат XVIII династия дэуірінің соңындағы мысыр перғауындарының эл-Амарн мемлекеттік мүрагаты жэне Хетт патшалығының мемлекетгік келісімдері, б, з. дейінгі XVI ғасырдағы Угарита елінің ресми құжаттары және т. б. болып табылады. Әр жылдары табылған мемлекеттік мұрағаттардың дәлелдегеніндей, Мысыр, Хетт мемлекеті, Миттани, Вавилон, Ассирия, Угарит, Кипр, Элам және баска да елдер кейіннен «амарндық кезең» деп аталған дипломатиялық қауымдастықта болған. Аменхотеп IV перғауынның резиденциясын қазу жұмыстары кезінде, Амарнда табылған эл-Амарн жазбаларынан көретініміздей, Мысыр елі өз кезінде көрші елдермен сауда және дипломатиялық байланыстарға түскен. Мүрағат мазмұны Вавилон, Ассирия, Кипр, Миттани, Хетт мемлекеттері билеушілерінің, сонымен қатар сирия-палестин князьдерінің мысыр перғауындарына жіберген дигоіоматиялық жолдауларынан тұрады. Осы мүрағат материалдары дипломатиялық қызмет тарихындағы ең көне дерек көздерінің бірі больга табылады және мемлекетаралық байланыстардағы кикілжіндер мен қайшылықтарды болдырмау бойьшша арнайы адамдар тобы елшілер институты, хат авторының және оның артында тұрған елінің ізгі ниетін және міндетгі құрмет білдіру формуласын байқата отырып, хат жазысу, Алдыңғы Азияда ортақ мүдделер айналасында мемлекетаралық одақ кұру секілді формалар мен кұралдардың қаншалыкты жиі қолданылғандығын айқындауға мүмкіндік береді. Жолдаулар алушыға сөзбен назар аудару, негізгі ой, соңына қарай қошемет білдіру секілді дипломатиялық хат жазысудың барлық канондары сақтала отырып түзілген. А. Г. Бокщаниннің эділ атап көрсеткеніндей, эл-Амарнда табылған сьгаа жазульі хаттарды қазіргі заманның дипломатиялық ноталарымен салыстыруға болады. Амарндық кезенде аймақтағы мемлекеттер арасында басты сипаты түрақты барыс-келіс болып табылатын дипломатиялық жүйе дамыған.
Сонымен қатар жоғарыда эл-Амарндың делінген мүрағат Алдыңғы Азия мен Мысырда ерте кезеңдерде дигшоматияның жоғары деңгейде дамығандығын дәлелдейді. Бұл елдер келіссөздер жүргізіп, арнаулы елшілер көмегімен шиеленістерді шешіп отырған жэне династиялық некелердің бекітілуімен әскери-саяси одақтар құрған. Ол кездері саяси тарих күрделі болғандығы белгілі, сондықтан да Алдыңғы Азияның әлсіз мемлекеттері күшейіп келе жатқан Хетт мемлекетіне төтеп беру үшін Мысырмен одақтасудың жолын іздеген.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.