Көне Қытай жазбаларындағы түркі ақындары

Главная » Рефераттар » Көне Қытай жазбаларындағы түркі ақындары

Жалпақ Еуразия құрлығын ежелден мекендеп келе жатқан түркі халықтары өзінің ұзақ тарихы барысында адамзат мәдениетіне еселі де өшпес үлес қосқаны айдан анық. Алайда олар маңайындағы алпауыт көршілері мен өздеріндегі ішкі алауыз-дыктың салдарынан «мың өліп, мың тіріле жүріп», сол өздері жаратқан төл рухани құндылықтарына бекем ие болып қала алмағаны да белгілі. Бұл ретте түркі халықтарының ұлттық болмыс-бітімін бедерлейтін дүниелер ғана тек олардың салт — санасында, фольклорында сақталып қалып, іргелі мәдени қазыналары (әдебиет, дін, философия, музыка, сурет, сәулет, емшілік, тағысын-тағылары) тістегеннің аузында, үстағанның қолында кеткенін немесе әр кезеңдердегі соғыс өртінің күл-қоқысына айналып жоғалғанын айтсақта жеткілікті. Өкінішке орай, бүгінгі түркітану ғылымында тер төгіп жүрген қайраткерлеріміз, көп жағдайда түрік халықтарының тарихы мен тіліне деген зерттеуге көбірек мэн береді де, әдебиетіне, музыка өнеріне, тарихта үстанған түрлі діндеріне, дүниетанымына (философия), сурет-сәулет өнеріне, ырым-салттары мен емшілік, тағы басқа да қүндылықтарына көп назар сала бермейді. Егер біз, бүгінгі түркі халықтарының зиялы қауымы, аталған салалардың бары мен жоғын тарихтың тозанды беттерінен ашып, аршып алып, бүгінгі үрпақтың санасына ұялатып, игілігіне айналдыра алмасақ, онда «түркі ха-лықтарының түбі бір» немесе «түркітілдес түгел болайық» деген секілді жалпы түркілік ниет, талабымыздан бәлендей нәтиже шыға қоюы неғайбыл. Себебі, тек хронологиялық тұрғыдан тарихи деректерді тізбелеу, тек лингвистикалык тұрғыдан тілдік ерекшелікке талдау жасау бүгінгі түркі үрпақтарын рухани бірлікке жеткізе алмайды. Өйткені тарих дегеніміз, екінші сөзбен айтқанда, адамзаттың тірлік көшінің сорабы. Сондықтан ол (тарих) негізінен «біз кеше қайда, не істедік?» дегенге толыққанды жауап беруге онша міндеттенбейді. Ал тілдік зерттеулер тіліміздің сипаттамалық ұғымын, қатысын анықтауда шешуші рөл атқарады да, халықтың рухани жакындығын ашып көрсетуде дәрменсіздік танытады. Демек, бұл жағдайлар тарихшыларымыз бен тілші ғалымдарымыздың осалдығынан емес, қайта аталған ғылымдардың өзіндік, мәндік ерекшелігінен қалыптасып отырғандығын астын сызып айтуымыз керек. Оның үстіне тарихтың ортактығы мен тілдің ұқсастығы, әрі кеткенде, рухани туыстықта қандастықты дәлелдейтін көп шарттардың біреуі ғана. Ал сол ортақ тарихты, ұқсас тілді өмірге әкелген, оны дамытып, байытқан, тіпті бүгінге жеткізіп отырған қандай кұдірет? Қандай бір іргелі мәдениеттің, танымның туындысы? Міне, мұның өзі мәдениетіміздің өзге салалары арқылы жауап беруге тиіс іргелі де киелі сұрақтар. Сондықтан, біз бүгінгі үрпақ санасына «түбіміздің бір» екендігі жәніндегі ұғымды сіңіреміз десек, жалаң «ортақ тарих, ұқсас тілді» ғана дәріптей беруден гөрі, ортақ мақтаныш сезімді оятатын, ортақ дүниетанымды қалыптастыратын рухани құндылықтарымызды көбірек жалаулатып көрсетуге тиіспіз. Ол үшін біз түркі халықтарының рухани казынасына жататын күллі
мұраларды жинап, зерттеп халықтық игілікке айналдыруымыз керек болады. Ал осы түста «ондай мүраларымызды қай жерден, қалай табамыз?» деген заңды сүрақ та туады. Бұл туралы, сөзіміздің басында айтқанымыздай, бізге керек мұралар алыс-жақындағы көршілеріміздің архивтерінде шаң басып, қираған қалаларымыздың жұрттарында көміліп жатқаны баршамызға мәлім. Ал олардың бәрін тауып, жинап, зерттеп, әдебиетіміздің, өнеріміздің, дініміздің, философиямыздың, этнографиямыздың ортақ оқулықтарын жазып шығу тек айтуға ғана оңай. Жұртқа мәлім, бір елдің екінші бір елді жаулап алуы көбінде әскери, экономикалық, мәдени шаралардың кейде біреуі, кейде бәрінің қатысуымен жүзеге асырылады. Егер біз тек қана қор-ғаныс саламызды күшейтіп, экономикамызды жандандырумен шектелсек, онда біз екінші бір елдің рухани отарына айналып шыға келеміз. Әрине, өзге елге отар болудың қай түрі болса да шекемізді қыздырмайды. Дегенмен оның аса қорқынышты-сы — рухани отар. Себебі халықтық рухы өлмеген, ұлттық сана-се-зімі жойылмаған халық өзгелердің саяси немесе экономикалық отарынан түптің-түбінде қүтылып шығады. Ал өзгенің рухани отарына айналған халықта азаттыққа ұмтылу деген үғым бол-майды. Себебі ондай жұрт өзін отармын деп сезінбейді, сезіне қалған күнде кайда, неге үмтыларын білмейді. Себебі мәдени-рухани шабуылғатек мәдени-рухани қуатымызбен ғана тойтарыс бере аламыз. Сөз болып отырған игі шараларға зәредей де болса септігі тиер деген мақсатпен, біз бұл мақаламызда көне қытай жазбаларындағы түркі ақындары туралы оқырман қауыммен сыр бөліссек деген ниеттеміз.
Түркі халықтарының ежелгі көршісі ретіндегі көне шүршіт жұртында, яғни бүгінгі Қытай елінде ежелгі түркілердің тыныс-тіршілігіне, тарихына, мәдениетіне қатысты деректер өте көп сақталғанын бәріміз де білеміз. Ал біз болсақ, өкінішке орай, күні бүгінге дейін, Ресейдің қытайтанушылары аударған шамалы дерекпен шектеліп келеміз. Оның өзі о баста қытайлық тұрғыдан, қытайлық мүддеге икемделіп жазылған болса, екінші жағынан ресейлік тұрғыдан, ресейлік мүддеге икемделіп аударылған дүниелер. Ендігі жерде біз жоғарыда аталған бұрмалаушылық-кемшіліктің орнын толтырамыз десек, қытай деректерімен өзіміз тікелей айналысуға тиіспіз. Бірақ бұл жүмыс тұрғы-көз-қарас мәселесінде бізден сергектікті, салмақтылықты талап етеді. Мәселен, қытай архивтерінде қытайға беріліп кеткен түр-кі қағандары «көреген, данышпан, саналы» деп сипатталса, хандықты мықты ұстаған, елі мен жерін берік қорғаған, қы-тайларға берілмеген қағандарымыз «оңбаған, қанышер, топас» деп суреттеледі. Ал осындай жайлардан өз керегін тани білу, әрине, берісі әрбір адамның, әрісі бір халықтың өз мүдделерімен іштей астасып жатары даусыз.
Біз сөз еткелі отырған ақындардың денін сол кездегі қытай хан ордалары, біріншіден, өздерінше «қытайшыл» деп жинап, құнттап сақтап қалғандығы көрініп тұр. Екіншіден, бұл акындар өз шығармаларын қытай тілінде жазғандыктан да сол елдің әдеби-мәдени өмірінен өз орнын ала білген деп топшылауға болады.

Қарлұқ Кегменер ақын Үлгеұлы

.
.

Ақынның туған-өлген жылы жөнінде нақты жазба дерек жоқ. Біздіңжыл санауымыздың 766 жылы Ұлге қаған Таң елінің бо-дандығын қабылдаған кезде 7-8 жасар ұлын (Кегменерді — Д. М.) шүршіттердің кепілдікке әкеткендігі ғана белгілі. Осылай есеп-тегенде ақын жыл санауымыздың мөлшерімен 760 жылы дүниеге келген болып шығады. Енді ақынның тағдыр-талайын, болмыс-бітімін тереңірек білу үшін, оның әкесінің Таң еліне калай бодан болғаны жөнінде айта кетудің еш артыктығы жоқ деп есептейміз. Өзі Сүй патшалығын енді кұлатып, жыл санауымыздың 618-ші жылы «Таң» деп аталатын патшалығын енді қүрып жатқан шүршіттердің түріктерге соқтығатындай еш қауқары жоқ еді. Ке-рісінше, олар түріктердің шабуыл жасап, басып алуынан қатты алаңдаулы болатын. Ал бұл түста түріктер батыс және шығыс хандықтарға бөлініп алып, езімен-өзі текетіресте түрған шақ еді. Қытай деректерінің мәліметі бойынша, мөлшермен, жыл санаумыздың 627-628-ші жылдары аралығында Алтай тауы өңі-рінде жасайтын қарлұқ тайпасы Батыс Түрік хандығына шабуыл жасайды. Осы орайды пайдаланып Кердартуш тайпасы (70 мың-нан астам түтін) Батыс Түріктен қашып, Шығыс Түрік хандығын келіп паналайды. Осы мезгілде Батыс Түрік хандығының ор-дасында таққа талас боп, Тұн Ябғу қаған ағасы Бағатұрдың қолынан өледі. Мұратына жеттім деп есептеген Бағатұр өзін «Көл Елбике қаған» деп жариялайды. Бүған наразы болған Садақ тайпасы (оқтар) Тұн Ябғу қағанның баласы Зелтекенді қаған сайлап алады. Сөйтіп, Батыс Түрік хандығының ішіндегі екі қаған соғыса-соғыса, ақыр аяғына келгенде екеуі де шүр-шіттердің Таң патшалығына бодан болатындығын айтып, ке-зек-кезек көмек сұрайды. Дәл осымен шамалас мезгілде Шығыс Түрік хандығының ішкі жағында да таққа талас өршіп, ел іргесі шайқалып тұр еді. Бұл тұста ес жиып, етек жауып, әл-дәрмен жинап алған шүршіттер 630-шы жылы Гоби шөлінің сол-түстігіндегі қуатты Теле тайпасының көмегімен Шыгыс Түрік хандығын жаулап алады. Осы кезде Батыс Түрік хандығының қағаны Асынахалу хандықты орнықты үстап тұрған-тұғын. Ар-тынша олар да ішкі алауыздық пен сыртқы жауларының ша-буылына төтеп бере алмай, хандықтарының іргесін шайқалтып алады. Батыс Түрік қағандыгының кұрамына кірген екі тайпалық одақ — дулу мен оқтар билік үшін тартысқа түседі. Дәл осындай аласапырандықты орайлы сәт деп білген Таң патшасы Ли Шы-мин бұл өңірлерге жаппай «тыныштандырушы» армиясын кір-гізіп, өзінше басқару аймақтарын кұрып, басқарушы тағайындай бастайды. (міне, осы мезгілден бастап Орталық Азия өңіріндегі хандықтарға X ғасырға дейін өз ықпалын жүргізіп келген қытайлар аталмыш өңірлерді «өз территориямыз» деп жазып та жіберді). Таң ордасы істі көбІнде бодандыққа мойынеынған қағандардың балаларын «түрақты қорғаушылыққа» — аманатқа алу арқылы жүргізіп отырды.

.

Қаңлы Бұқым ақын Қайранбайұлы

Қаңлы Бұқым ақын Қайранбайұлы біздің заманымыздың 1254 жылы туып, 1300 жылы қайтыс болған. Ол да бала күнінен қытайша тәлім-тәрбие алған. Өз шығармаларын қытай тілінде жазган. БІрақ ақынның хан ордасына бару себебі Кегменер ақынның жағдайымен онша ұқсамайды. XIII ғасыр әрісі әлем тарихында, берісі Азия елдері тарихында Шыңғысханның қанды жорықтарымен байланыстырыла отырып еске алынатыны белгілі. Бір қызығы, Шыңғысхан жаулаған елдерді қанша қырғанымен, халық ішіндегі өнер-ғылым иелерін өлтірмей, тұтқында үетап, олардың ақыл-парасатын, өнерІн пайдаланып отырады екен. Бұл туралы қытайдың жазба деректері былай дейді: «Шыңғысхан батыс өңірге (Орталық Азия өңірі — Д.М.) шабуыл жасап кірген кезде, ол өңірден көптеген өнерлі-білімді қайраткерлерді тұтқындап алып кеткен. Солардың көмегімен кейін қару-жарақ, тағы да басқа өнеркәсіп орындарын ашуға мү.мкіндік алды». Ал бұл деректі қытай ғалымы, профессор Су-Бэйхайдың мына мәліметі одан әрі толықтай түсетіндей: «Шыңғысхан қазақ даласын жаулап алған кезде көптеген қазақтар Ішкі Қытайға көшіп барып, қытайлармен қоян-қолтық араласа өмір сүрді. Олар қаптаған қалың қытайды басқару үшін, мансап шенге ие болу үшін жатпай-тұрмай қытай тілін, қытай мәдениетін үйренді. Әсіресе, моңғол билеушілері өздерінің үстемдік орнын бекемдей түсу үшін ордадағы эр үлт перзенттеріне қытайдың тіл-жазуын қаршадайынан бастап үйрететін» («Қазақтын мәдениет тарихы» Су-Бэйхай, 1989 ж. Үрімжі (қытайша басылым), 294-6.). Себебі «қаптаған қалың қытайды» басқару үшін таза моңғол жұрты аздық ететіндіктен, олар орда істеріне Орталық Азиядағы түркі халықтарынан да көптеп қатыстырып отырған. Бұл туралы қытай деректері тағы да былай дейді: «Олар (моңғұлдар) батыс өңірліктердің (Орталық Азия өңірі — Д.М.) көмегімен қытайларды езді әрі әр ұлт халқының қарсылығын әлсіретіп, өз үстемдігін нығайту үшін қытай халқының ішкі ынтымағына да іріткі салды. Олар сондай-ақ Қытайда жасайтын халықтарды 4 жікке (дэрежеге) бөліп қарайтын. Бірінші дәрежедегілер — өздері (моңғүлдар), екінші дэрежедегілер — батыс өңірліктер (түркі халықтары); үшінші дәрежедегілер — солтүстіктегі өзге де көшпелілер; төртінші дәрежедегілер — қытайлар мен оңтүстІк халықтары». Міне, бұл деректерден Юань хандығы ордасында түркі халқы өкілдерінің аз болмағанын әрі олардың мәртебесінің де аса төмен болмағанын аңғару қиын емес. Ал әңгімені Бұқым ақынның Құбылай хан (Юань) ордасына қалайдан-қалай апа-рылғанына бұратын болсақ, бұл туралы көне қытай деректері тағы да былай дейді: «Қаңлы тайпасынан шыққан Бұқым ақын-ның Өңшен деген лақап аты бар еді. Оның экесі Қайранбай кезінде керей тайпасының ханы болатын. Ол хандық Шыңғысхан тарапынан күйрегеннен кейін Қайранбай ханның он баласын Шыңғысхан тұгқындайды. Балалардың ең кішісі 6 жаста еді. Ал Бұқым болса Қайранбайдың екінші ұлы-тұғын. Оның алғырлығы адам баласында жоқ еді. 16 жасында Қытайдың күллі тарихын, әдеби шығармаларын оқып шығып, жаттап та алды». Әрі қарай Бұқымның өлең жаза бастағандығы, тіпті ел басқару істеріне ара-ласа бастағандығы айтылады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.