Көнерген сөздер

Home » Рефераттар » Көнерген сөздер
Рефераттар Комментариев нет

Көнерген сөздер. Тілдің негізгі сөздік құрамы үнемі өзгеруде болады. Әлеуметтік құрылыстың өзгеруіне, өндірістің, мәдениеттің және ғылымның дамуына байланысты кейбір ескірген сөздердің тілдің сөздік құрамынан шығып қалуына қарамастан, тілдің сөздік құрамына анағұрлым көп жаңа сөздер де қосылады. Көнерген сөздердің көпшілігінің мағынасы осы күнде түсініксіз болып барады, олар тек тарихи шығармада әрбір кезеңге сай өзіне лайық құрал-саймандарды, киім-кешектерді, өндіріс- құралдарын, т.б. білдіру үшін ғана қолданылады. Сондай-ақ, әдет-ғұрыпқа, ескі салт-санаға, өткен дәуірдегі әкімшілік ел басқаруға, өндірістің жабайы түріне, шаруашылық күн көріске байланысты болғандықтан ондай сөздік құрамынан шығып та жатыр. Мысалы, көнерген сөздер архаизм және историзм болып екіге бөлінеді. Бұл терминдер бір емес. Бұл екеуінің арасында төмендегідей үлкен айырмашылық бар. Архаизм негізінде қарапайым сөздер болады және ол сөздер ескіріп, бара-бара мүлде ұмытылып кетеді. Ол сөздер әдеби тілде ауыспалы мағынада қолданылмаса, тура бұрынғы мағынасында қолдануға жарамайды. Сонымен бірге, бұл сөздердің көпшілігі өз дәуірінің өзінде де өмірге аса маңызы, кесек ұғымды білдіретін сөздер болмағандықтан, сөздік құрамынан шығып, тез ұмыт болады. Мысалы, әдет-ғұрыпқа байланысты бата оқыр, арулау, сыңсу, босаға аттау, қынаменде, күл шашу, сауын деген сөздер архаизмге жатады Шаруашылық тұрмыс-күйге байланысты пайек я майек меншікті шабындық жер, қоныс- меншікті жер, күзек–күзде қонатын жер, баю-малдың сауылып болуы, жейде, шидем, сәукеле, күпі, жастағыш, жүкаяқ, партал, саптаяқ, талыс, садақ, адырна, қорамсақ сияқты сөздер де, көнеріп осы күнде қолданыстан шығып барады. Историзмге келер болсақ, ол замандар өтсе де, тілдің сөздігінің белгілі бір тобында көнерген күйінде-ақ, шығарманың тарихи ерекшелігін айқындау үшін қолдануға маңызы бар сөздер болады және олар табиғи бір дәуірдің ерекшелігіне, оның дәуір туғызған, дәуір сыртқа тепкен ұғымдар екеніне көрсеткіш болатын, қазір қолданыстан шығып қалған сөздер болады. Мысалы, белгілі бір дәуірде қолданылатын тарихқа қатысты сөздер; ханзада, нөкер, би, болыс, жүз басы, хан, елубасы, т.б. Сөйтіп қазіргі қазақ тіліндегі историзм мен архаизмді бір-бірімен ажырата білу қажет. Өйткені историзм мағына жағынан қазіргі қазақ тілінде сирек ұшырайтын, бірақ тарихи даму дәуірлерге тікелей байланысты болғандықтан, күні бүгінге дейін қолданылатын сөздер. Ал архаизм деген сөздердің сөздік құрамынан шығып қалуына қарай қолданудан шығып бара жатқан сөздер. Архаизм, историзм тек жеке сөздер ғана емес, сөз тіркесінде де болады. Мысалы, ат ұстар – ұл, қырық жеті- қыз, игі жақсылар қанаушылар, т .б. Сөздік қор – ғасырлар бойы қолданып келе жатқан қазақтың байырғы төл сөздері. Сөздік қордағы сөздер жалпы халыққа түсінікті болады және олар әдеби тілге жатады. Оған зат, сын – сапа, сан, қимыл, мезгіл атаулары, т.б. жатады. Көнерген сөздер уақыт өте келе қайтадан қолданысқа еніп, жаңа ұғымның атауы болатын жағдайларда кездеседі. Біз сондықтан да халқымыздың сонау ерте заманнан бері жалғасып келе жатқан тіл байлығымызды сақтауымыз керек. Мысалы, ай аттары: ақпан, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, т.б. Тариқи атаулар: ақорда, еларда, байрақ, ғарыш, ғарышкер, т.б.а

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.