Көру кемшіліктері бар балаларды оқыту

Главная » Рефераттар » Көру кемшіліктері бар балаларды оқыту

Көру қабілеті бұзылған балалардың ата-аналары мамандардың (тифлопедагог, психолог, офтальмолог) консультациялық көмегіне үнемі сүйеніп отыруы тиіс. Соқыр немесе нашар көретін балалардың ата-аналары баланың жас кезінен бастап оның қоршаған ортаны қабылдауына мүмкіншіліктер жасауы тиіс. Баламен қарым-қатынаста оған ақпаратты ауызша үзбей бере отырып «есту арқылы көруге» қалыптастыру қажет. Анализаторлардың компенсаторлық қайта қүрылуы көбіне отбасы тәрбиесіне байланысты. Көре алмауы баланың әлеуметтенуінде де өз ізін қалдырады.
Соқыр балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде 2-3-тен — 7 жасқа дейінгі көрмейтін, нашар көретін жэне қыли балалар оқытылып тэрбиеленеді. Бұл мекемелердің мақсаты — балалардың бүзылған көру функциясын емдеу, мүмкін болса қалпына келтіру, оларды мектепте оқуға дайындау. Сондай-ақ көрудің қалған мүмкіндіктерін пайдалану, танымдық, түлғалық түрғыдан дамыту, кеңістікте бағыт үстау мен өзін-өзі күту дағдыларын қалыптастыру бағытында коррекциялық жүмыстар жүргізіледі.
Соқырлар мен нашар көретін балаларды мектепте оқытудың өзіндік принциптері мен міндеттері бар, яғни бүзылған көру функцияларын қайта қалпына келтіру, коррекция жэне компен-сация. Ал тифлопедагогиканың ең басты мақсаты — ол дамуында ауытқушылықтары бар балалардың түлға ретіндегі жан-жақты то-лысуы, дамуы. Осыған байланысты оларға арналған мектептердің атқаруға тиіс функциялары бар. Олар — оқыту-тэрбиелеу; кор-рекциялық-дамытушылық; санитарлық-гигиеналық; емдеу-қалпына келтіру; элеуметтік бейімделу жэне кэсіби бағыттандырылу функ-циялары.
Көрмейтін жэне нашар көретін балаларға арналған мектептердің ерекшеліктері:
• Балалар дамуының жалпы жэне жеке ерекшеліктерін ескеру.
• Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жаңартып отыру. оқыту мерзімін үзарту жэне оқу материалдарын ыңғайлап қайта
К¥РУ-
• Сыныптар мен тэрбие топтарындағы бала санын азайту,
жіктеу; жүмыстың арнайы эдістері мен түрлерін қолдану; көрнекі қүралдар мен қызықты кітаптарды жэне жаңа тифлотехниканы қолдану.
• Оқу сыныптары мен кабинеттерін жабдықтау, санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасау, емдеу-қалпына келтіру жүмыстарын үйымдастыру.
• Еңбек жэне элеуметтік бейімдеу жүмыстарын күшейту, соның нәтижесінде түлектердің өмірден өз орнын табуын қамтамасыз ету. Көру қабілеті бүзылған балаларды орта мектепте оқыту үш ке-зеңге бөлінеді: бастауыш, негізгі жэне орта мектеп. Барлық деңгейде де оқыту арнаулы бағдарламалар жэне оқу жоспарлары арқылы іске асырылады. Бастауыш мектепте оқыту — есту, иіс сезу, сөйлеу жэне мүмкіндігінше көру қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сондай-ақ емдеу дене мэдениеті, ритмика, элеуметтік-түрмыстық бағыттағы сабақтар жүреді. Көруі нашар немесе мүлде көрмейтін балалар бас-тауыш мектепте оқу іс-эрекетінің дағдыларын — оқу, жазу, санауды меңгереді; көрнекі-бейнелік жэне теориялық ойлауға, жеке гигиена негіздеріне, кеңістікте бағыт үстауға үйренеді.
Толық емес орта немесе негізгі мектепте жалпы білім мен еңбекке дайындықтың негізі салынады. Білім беру мазмүны баланың ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, элеуметтік орнын анықтауына бағытталған.
Мектептегі білім берудің ІІІ-ші деңгейінде жалпы орта білім беру жэне дифференциация негізіндегі кэсіби оқыту аяқталады. Орта мектептің соңғы кезеңінде балалардың қызығушылығы, әлеуметтік-психологиялық бейімделуі есепке алына отырып, оның еңбек ете алатын саласы анықталады. Осы мақсатта оқу жоспарына түрлі бағыттағы факультативтік сабақтар енгізілген.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.