Кәсіби авиациялық білім берудің кейбір мәселелері

Главная » Рефераттар » Кәсіби авиациялық білім берудің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасындағы кәсіби білім берудің дамуы «Қазақстан-2030» бағдарламасы талаптарына негізделеді және кәсіби мемлекеттің бірден-бір ұзақ мерзімді басымдықтарын қарастырады. Қазіргі заманғы қоғамның дамуы оның техникалық және ақпараттық дамуының күшінде, басқару мен өндірістің әртүрлі салаларындағы кәсіби мамандардың деңгейі бойынша кәсіби қызметіне анағұрлым қатаң талаптар қойылады. Сонымен бірге еңбектің гуманизация қағидалары, адамның жұмыс істеу қабілетін көтеру үшін, еңбек шарттарының неғұрлым жеңілдетілген түрін жасаудың қажеттілігін анықтайды. Өндірістің кейбір салаларын назарға ала отырып, әскери істе, транспорттарда адамдық фактор ықпалының ақпаратты жинау, шешімді қабылдау мен оны іске асыру басты орында болып табылған жағдайда кәсіби қызмет еңбекті басқарушы сипатына ие болады. Авиацияның даму тарихы әуе тасымалының міндетті түрдегі экономикалық өсуі ұшу қауіпсіздігі деңгейінің көтерілуіне әкелуі керек. Отандық психология мен педагогикада жалпы қабылданушы болып, дамуындағы басты рөл, кәсіби маманның қалыптасуы мен құрылуы ең басты процесс болып табылады [1]. Алайда, жарты жылдан бері, авиациялық салада басқа да салалардағыдай, техникалық білімді алудың бастапқы кезінде тұлғаның жеке мінезін және оның болашақ мамандығына сәйкестігін анықтау мақсатында кәсіби- психологиялық іріктеу қолданылады. Ұшу қауіпсіздігі мәселелерін шешу кезінде адам факторын жүйелік психология әдістерімен қарқындату қазіргі уақытта теориялық және практикалық қиыншылықтармен кездеседі.

Қазіргі өмірдегі адам ролінің өсуі, қате қабылданған пікірлердің, немесе әртүрлі ауытқушылықтағы орындаушыларымен қабылданғандары, әрқайсысы үшін белгіленген шектеуден шықпағандары, алайда олардың арасындағы өзара әрекет барысының ақырғы қорытындысы қайғылы нәтижелерге әкеп тірейді, сондықтан да олардың әлеуметтік және экономикалық маңыздылығының ұлғаюына назар аудартуы талап етіледі. Ааиациялық оқиғалардың негізгі себептерінің бірі болып адам факторы саналады. Дегенмен, адам факторының авиациялық оқиғалардағы үлесі шамадан тыс жоғары болса да, әуе тасымалының қауіпсіздігі басқа көліктің түрлеріне қарағанда әдеуір жоғары. Қасиеттердің кәсіби-маңызды ұғымын енгізу, тәуекелдік пен қауіптің жоғары деңгейіндегі өндіріс саласындағы тұлғалар үшін, сондай-ақ басқару саласы мамандары үшін бастапқы кәсіптік оқуға жіберілетін материалдық шығын көлемін азайтуға және кәсіптік қызмет процесінде қауіпті ұстанымды қабылдау шешімін түзетуді қысқартуға мүмкіндік берер еді. Қызмет пен жеке тұлға қатынас көптүрлілігімен және күрделілігімен ерекшеленеді, бір жағынан, адам қылығындағы реттеуші психологиялық ерекшеліктер, жеке тұлғалық бейнесі және олардың біртұтас мақсаттағы белсенділігі, ал басқа жағынан – қызмет ерекшелігі, оның шұғылдық, кеңістіктік – уақыттық, ақпараттық сипаттамалары [2].

Кәсіби педагогикалық білім берудің ғылыми және ғылыми методологиялық саласында кәсіби жеке тұлғаның дамуы жөніндегі мақсаттары анағұрлым толық қарастырылған, қызмет үдерісіндегі кәсіби-маңыздылық құрылымын арттыру мақсатында, оның кәсіби жолға түсу кезеңіндегі психологиялық дамуы болып табылады. Алайда, мамандардың шешімін талап ететін тапсырмаларының көпшілігін, сонымен қатар шешімін табу жолы нақты айқындалмаған, тәуекелділікті талап ететін тапсырмалардың да бар екендігін ескере отырып, кәсіби маманның қабілеті қауіп қысымының төнуі бойынша өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және қабылданған шешімнің барлық шығын мүмкіндіктерін шұғыл есептеу, қазіргі заманғы кәсіби білім берудің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ұшқыштар даярлайтын оқу орындарындағы кәсіби дарялық пен іріктеу жүйесі, бірінші кезекте авиация саласы мамандарының кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады. Ұшу еңбегі сипатындағы өзгерістер, ұшу кезінде ұшақтың орнын анықтау жөнінде, маневрден шығу құрылымы және аэроалаң аймағына енуі, автоматтандырылған қондырғыға салынған, бұл экипаж жұмысын әлдеқайда жеңілдетті, алайда, мұнымен бірге, ұшу құрамының алдына бұрыннан шешімін таппай келген мына міндеттер қойылады – ақпаратты жинау, оны екшелеу, оның негізінде қоршаған жағдайдың субъективті бейнесін жасау, шешім қабылдау және оны іске асыру. Психологиялық ерекшеліктер саласында ұшу құрамына деген талаптар өсе түсті, нысаналық белгілерді қайта қосу мүмкіндіктері жөнінде және дайын алгоритмдік әрекеттер, стандартқа сай емес шешімдерді қайта өңдеу және оларды қарастырылмаған басшылық құжаттары әдістері және тәсілдерімен іске асыру. Психологиялық процестің икемділігі, жағдайдың одан әрі дамуы ұдайы анықталмаған кезінде, қажеттілігі шартты түрде болып табылады, бірақ ол ұшу қызметінің нәтижелі болуы үшін жеткіліксіз. Адамның қателік жасауының маңыздылығы, оның әлеуметтік және экономикалық байланысының салдарынан болады. Қате әрекеттердің сараптамасы көрсеткендей және олардың салдары, олардың әрекеті нәтижесіндегі қателіктер, үлкен әдістемелік маңыздылықпен беріледі, егер де, кейбір қате әрекеттердің туындауы күтпеген жерден болған кезде таңғаларлық болып көрінуі мүмкін. Күтпеген жағдайға байланысты және оқиға жөнінде сөз болғанда, мұндай сараптама болуы мүмкін, сол фактіден күмәндануы ықтимал. Алайда, бәрімізге де белгілі, көпжақты құбылыс барысында қажеттілік пен тіпті заңдылық та күтпеген жағдай болып көрінуі мүмкін және тек күтпеген оқиға арқылы болады. Күтпеген жағдайлық әрекет шарттарымен, қателік әрекет ұдайы түрде болуы мүмкін, алдын ала айтылған тіпті заңдылықты болып көрінуі түсінікті болады.

Қатаң жұмыс тәртібі, штаттан тыс жағдай туындаған кезде алгоритм әрекетін мүлтіксіз орындау қауіпсіздіктің шықпауына кепілдік бермейді. Ұшқыштың қабілеті мен шұғыл даярлығы, негізгі жағдайда стандарттан тыс шешім қабылдауы, басымшылдық болып табылады. Оқуға іріктеу мәселелерін шешу барысында, моральды-психологиялық тұрақтылығы және шұғыл ойлау икемділігі бойынша үлкен талапты көрсетуге қатысты мамандықтарға, бірінші кезекте талаптанушының физикалық әзірлігіне көңіл аударылады. Бұл және табиғи түрде: «тәні саудың – жаны сау», алайда тек физикалық әзірлік қана іріктеудің негізгі түрі болып табылмайды, және соңғысы да емес. Жеке тұлғаның мотивациялық және психологиялық, әртүрлі ойлау қабілетін анықтайтын мамандар қолданып жүрген тесттер жинағы өзінің негізгі салмақты үлесінде әлеуеті анағұрлым сай келетін талаптанушыларды анықтайды. Жалпы талаптанушылардан, іріктеу жұмысы әртүрлі әдістер негізінде ең жоғарғы жинаған балы бойынша жүзеге асырылады.

Жеке тұлғаның дәлелдеушілік (мотивациялық) және психологиялық ерекшелігін, әртүрлі ойлау қабілетін анықтау үшін мамандардың қолданатын тесттер жинағы өзінің негізгі салмақты үлесінде неғұрлым әлеуеті сәйкес келетін талаптанушыларды айқындауға мүмкіндік береді. Барлық талаптанушыларды іріктеу, тестілеудің әртүрлі әдісі бойынша, ең жоғарғы жинаған балл саны негізінде жүзеге асырылады. Кәсіби ойлау қабілеттерінің мінезге, ойдағы қызмет түріне сәйкестігінің дәрежесін анықтау мен бағалау, сондай-ақ олардың алдағы дамуына жағдай жасау тек ұшуды оқытатын ғана емес, бас қа оқу орындарының негізгі мақсаты болып табылады. Сарапшылардың пікірінше, маңызды кәсіби ойлау қабілеттерінің қалыптасуы қазіргі уақытта адам факторының ұшу қауіпсіздігіне әсерін төмендету бойынга алдыңғы қатарлы мәселе болып табылады.

Жеке тұлғаның жеке қасиеттері қызмет әрекетіне ықпал ететіндігі 70 жылдан астам уақыт кеңінен талқыланып келеді. «Апатшылар» тұжырымдамасында көрсетілген мәселелер алғаш рет 1925 жылы K.Marbe жұмысында көрсетілген: Marbe К. Uber einstellung und umstellung. Nacheinem auf dem Biologekongress (Munchen,1925) gehaltenen Vortraf. – Рец. ғ.к: Еңбек психологияся мен психотехникасы (Психофизиология труда и психотехника), 1928, 1 т. 1 шығарылым – 324 б. Жұмыстағы негізгі ой – қателік әрекеттерінің көп бөлігі жеке тұлғаның кемшіліктері салдарынан болады. Бұл тұжырымдаманың өзектілігі әсіресе «апатшылардың» тіршілік әрекеті туралы постулатында анық көрсетілген. «Апатшылар – бұл адамдар басқаларға қарағанда, оларға апат салдарын туындататын, белгілі бір психофизиологиялық қасиет тән» [3-4]. Бұл тұжырымдама, апатқа жақын орналасатын адамдарды іріктеуге негіз болады, апатқа «жақын орналасқыш» қасиетін анықтау диагностикасының көмегі арқылы жүзеге асады.

K.Marbe тұжырымдамасы нұсқауында қолданылған тест негізіндегі психологиялық тесттерді қолдана отырып, көптеген қиын факторлармен кезігеді, соның ішінде, негізгі теорияның авторы айтқан, апатқа ұлттық жақынорналасқыш бейімділігі факторымен де. Осы теорияның негізгі ережелерінің бірі болып, адам әрекеті және олардың нәтижесі оның ішікі стимулымен негізделіп қана қоймай, олардың орындалуына адам организіміндегі ерте қалыптасқан әзірліктің тіршілік етуі (түйсік ретінде) тезис болып табылады. Мұндай тәсіл ешбір күмәнсіз, үлкен практикалық маңызға ие, (апат аясынан тыс шығушы, өндірістік шығын және барлық мүмкіндіктегі бақытсыз оқиғалар) маманның үмітін бағалау үшін маңызды [5]. Осы тұжырымға сәйкес, зерттеу мақсаты шешімді қабылдауда биік жауапкершілікке және үлкен тәуекелділікке байланысты, өндірістік қызметте апатты жағдайларға бейім тұлғалардың түсуіне жолбермеуші, талапкерлермен іріктеуді жүргізуге мүмкіндік беретін әдістемелік өңдеулермен негізделеді. Талапкерлерді іріктеудегі негізгі әдісті іске асырудың техникалық сұрақтарына кіріспей отырып, стандартты түрдегі кәсіби –психологиялық тесттілеуді жүргізер алдында, іріктеудің бастапқы кезеңінде-ақ тәуекелділікке бейімділерін және бейімсіздерін, сондай-ақ ойлау түрінің басымшылдығы немесе шұғыл да анық ойын жеткізе алу қабілеті барларын анықтап алу қажет.

Барлық қауіпті жағдайлардан нұсқамалық пен басшылық ережелерінің әзірлемесі негізінде сақтану мүмкін емес, тіпті мұның мүмкіншілігі болған жағдайдың өзінде, азғантай немесе басы артық ақпаратты қайта өңдеуге шығармашылық (икемі) әдісі жоқ орындаушы, шынайы оқиғаға жақын қоршаған орта жағдайының субъективті көрінісін жасай алмайды. Алдына қойған мақсатына жете алмау қаупі бола тұрып, жоғары жетістіктерге жетуге ұмтылатын тыңдаушының (оқушының) қабылданған шешімдерді талдай білу қабілетін шешімді, шешімнің басты ережелерін қабылдаушы тұлға тыңдаушының (оқушының) білімі аясында қарастыруы қажет. Бірінші жағдайда, уақытты көп жоғалтуды қоспағанда, қойылған мақсатқа жетуде тыңдаушы тапсырманы толық орындамау және артық тырысу қаупіне душар болады. Екінші жағдайда тәуекел еселене түседі, шешім қабылдаушы адам үшін жағдаяттың бақылаудан шығып кету қаупі туады [6-7].

Ұшқыштар дайындайтын училищенің жиырма жылдық тарихында алғашқы оқыту ұшағында курсанттардың басынан өткен авиациялық оқиғаларын қарастыра келе, курсанттардың қиын жағдайларға ұшырау заңдылығы олардың тәжірибесіздіктеріне немесе білімдерінің жетіспеуіне байланысты екендігі анықталды. Алайда мұндай оқиғалардың барлығын бірдей шешімі табылатын жағдай ретінде қарастыруға болмайды. Бұл топтағы респонденттердің шұғыл ойлау икемділігі, қосымша, маңыздырақ ақпараттар пайда болғандағы зейін салуы мен іс-әрекет жасау қабілеттері өте төмен деңгейде бағаланады. Жасалатын іс-әрекеттердің ізбе-іздігіне (алгоритміне) қандай да бір жағдайға ұшырағанда, әсіресе ұшу қауіпсіздігіне және курсанттың өміріне қауіп айқын төнген жағдайда оқиғаға талдау жасау өте қиын.

Әуе қорғаныс күштері Әскери институтында 2004 жылы ұшақтың апатқа ұшырауы ұшқыш- инструкторлар құрамының дайындығының әлсіз жақтарын айқын көрсетіп берді. Жауапты тұлғалардың өздерінің тікелей қызметтік міндеттерін селсоқ атқаруы, тіпті қылмысқа апаратын ұқыпсыздығы кәсіби біліксіз маманды ұшқыш-конструктор лауазымына тағайындап, курсанттармен бірге әуеге көтерілуіне жол беруге алып келген. Алайда маман дайындаудың мәселесіне бұлай қараудың қауіптілігі – кейбір бастықтардың «жұқалап айтқанда» кәсіби біліктілігінің төмендігінде ғана емес, олардың жазаланбайтындығында немесе істерінің дәлелденбейтіндігінде. Апаттың нақты себептерінің ашылмауы тыңдаушылардың (оқушылардың) ғана емес, оқытушылардың өздерінің де күштеріне, өз білімдері мен дағдыларына деген сенімсіздік туғызады. Осыған орай авиация адам қызметінің ең қауіпсіз түрі дегенге күмән келтіруге тура келеді. Статистика тек шындыққа қана жүгінеді, адам ауаға ұшу аппараттарын ұшыра бастаған уақыттан бері авиацияда қаза болғандардың саны әлемдегі автомобиль көлігі құрбандарының бір жылғы санынан аспайды, яғни автокөлік апатының саны авиацияға қарағанда бірнеше рет асып түсетіндігі көрініп тұр. Ұшақ апатына қатысты қоғам пікірі автокөлік апаты туралы пікірлермен салыстыруға келмейді, бұл ең алдымен ұшақтың құлауы әрбір адамның ұшуға деген ниетінің жоғалуы болып есептеледі, сондай-ақ авиация апаты құрбаны автокөлік оқиғасына қатысушыларға қарағанда қорғансыз болып көрінетіндігімен байланыстырылады. Аталған оқиғадан кейін ұшқыш-инстукторларға аталған оқиғаға алып келген ұшу тапсырмасын орындауға тыйым салынды, енді курсантқа ұшудағы қиын жағдаяттан шығу жолдарын түсіндіру қиын болады. Таңдаған мамандығының қыр-сырын жақсы меңгеру үшін талапкерлерге осы мамандықтың болашақ иесінің қандай кәсіби-психологиялық қасиеттері болуы қажет деген мәселе төңірегінде біліктілік талаптарын әзірлеумен және енгізумен айналысатын мамандар да тығырыққа тірелуде. Мәселенің шешімін табу шиеленісіп кетеді, дене бітімі, ақыл-ой және психологиялық қасиеттері сай талапкерлерді таңдап алуға тағайындалған маманның өзі де осы талаптарға сай болмай шығады. Жүзуден олимпиада чемпионын өзі суда жүзе білмейтін жаттықтырушы дайындаған жағдай кездескен. Бұл әрине ерекше жағдай, ұшу ісінде бастапқы үйрете бастаған кезде «мен сияқты жаса» дейтін ереже қолданылады, инструктордың тәжірибесі, оны кәсіби біліктілігі курсантты ұшуға үйретудің негізгі кепілі болып табылады. Осының бәрінің астарында, біздің ойымызша, кәсіби біліктілік мәселесі жатқан сияқты, өзінің соңғы көкке көтерілуін орындаған курсант жаттығудың осы түрін бойынша өзінің алғашқы ұшуын орындаған еді. Тіпті ол ұшу тапсырмасын теориялық тұрғыдан «үздік» бағаға тапсырғанның өзінде апаттық жағдаяттың пайда болуын сезгенде дұрыс шешім қабылдап, оны орындай алар ма еді, яғни әуеде ұшақтан секіруге жүрексінер ме еді. Бұл жағдайда инструктор өз курсантының өмірін құтқарып қалуға ешқандай әрекет жасамаған. Бұл ұшқыш-инструктордың курсантпен ұшуға көтерілу тұрмақ, өздігінен ұшуға кәсіби тұрғыда дайын еместігін көрсетеді. Бұдан аталған ұшқыш инструкторлық жұмысқа қалай және қандай негізде рұқсат алған, өзінің кәсіби-психологиялық сапасы бойынша тіпті қарапайым қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін маманды ұшқыш-инструктор лауазымына қандай қағидаттар негізінде кәсіби іріктеу ұйымдастырылған және өздерінің сауатсыз әрекеттері салдарынан ешқандай күнәсі жоқ курсанттың өліміне алып келген оқиғаға жол берген лауазымды тұлғалар атқаратын қызметтеріне лайық па деген сұрақтар туындайды. Жалған ғылыми долбарларға сүйене отырып, бақытсыздыққа душар еткен жағдайдың шынайы себептерін жасарып, сондай- ақ оқиғаның шынайы себептерін жасыруға мүдделі адамдардың жадында қалған сәттерінен екі жылдан кейін құрастырылған жалған құжаттарды қарауға жіберген, тексеру жұмыстарын жүргізген құзыретті органдар қандай қағидаттарға сүйенген. Бұдан екі ұшқыштың өліміне алып келген және осы оқиғаның шынайы себептерін жасырған біліксіз мамандардың кәсіби тұрғыдан төмен іс-әрекеттерінің тізбегінің жан түршігерлік суреті көз алдымызға келеді.

Кәсібилік – біліктілік сияқты категориялық ұғым. Кәсіби маман белгілі бір алгоритм бойынша белгілі бір операцияны немесе операциялар тізбегін сапалы түрде орындай алады [8]. Білікті кәсіби маман белгілі бір іс-әрекеттерді орындап қана қоймай, оларды орындауды мұқият түсіндіріп, үйрете алады, сондай-ақ өзінің шығармашылық қасиетін пайдалана отырып, төтенше жағдайлар пайда болғанда қалай әрекет етуді үйрете алады. Осы оқиғаны тексеруге жоғары санаттағы мамандар қатысты, алайда олардың тексеру жұмыстарының уәжі мен мақсаты әділеттік пен адалдық стандарттарынан алшақ тұрды. Ресей Федерациясының мемлекеттік төрт ұйымы, олардың қатарында Мемлекеттік азаматтық авиация ғылыми-зерттеу институты (МемААҒЗИ) да бар, бақытсыз оқиғаның себебіне «ұшқыш-инструктордың білімсіздігі» деген анық та нақты түсініктеме берді. Қалай болғанда да осы типтегі ұшақты пайдалануға рұқсатты дәл осы МемААҒЗИ бергендігін және авиациялық оқиғаларды тексерудегі тәжірибесі сияқты, авиациялық техниканы жобалдауда, өндіруде және пайдалануға беруде біздің солтүстік көршіміздің тәжірибесі мол екендігін ескеруміз керек.

Уақыт, ұшқыр уақыт жазға да келіп жетті. Бастапқы кезеңде кез келген өндірісте жоғары дәрежелі мамандардың жетіспеуі қатты сезіле бастады. Бұл жағдай қызмет сатысымен жоғарылау кезінде күмәнді бедел мен жетістіктер сияқты себептерге байланысты. Мысалы: бір әскери қызметкер өзіне атақ әкелу үшін былай депті: «барлық есі дұрыс офицерлер жұмыстан шығып кеткенде, қиын қыстау кезде мен армияны тастап кетпедім». Оқу орынының құрамында жазғы құрамды ұстап қалу мақсатында бекітілген ережеге қайшы таптастыру жұмыстары жүрді. Дәлірек айтсақ, жоғары білімі жоқ немесе базалық білімінің профиліне сай келмейтін адамдарды командалық лауазымға тағайындалды. Мұның барлығы қызметке тағайындау тіркеуінсіз туысқандық қатынас арқылы немесе қолайлы «адамдар» арқылы жүзеге асырылып, аяғында өнім өндіретін ешкім болмай калды. Аға буын өкілдерінің барлығына жоғары білім беру туралы арманы орындалған кезде, жиырмасыншы ғасырдың аяғында жоғары білімге қол жетімділік өрледі.

Бұл жағдай қоғамның тиімділігі төмендеуінің бір себебі болып табылады. Ең алдымен, бұл тиімділік өнеркәсіптік өндірістің жалпы мәдениетінің төмендеуінен көрініс тапты. Қоғамға қажетті негізгі мамандықтарды меңгеруге деген мотивацияның төмендеді. Жастар қоғам дамуының заңдары тарапынан еш шектеу қойылмағандықтан, тартымды мамандық ретінде экономикаға (банк ісі), құқықтануға (сот және прокурор) ұмтылды. Бір жағынан бұл жағдай еліміздегі өндіріс дамуының болашақтағы бағыттарын алдын ала анықтап берді, яғни шикізаттық бағытты таңдады, оның ішінде пайдалы қазба өнімдерін, ал мұнай мен газды шетелдік компаниялар өз жұмысшыларының қолымен өндіреді. Көп жағдайда бұл олардың жеке мүддесі (амбициясы) бойынша емес, мамандандырылған жұмысшы күшінің жетіспеуі сияқты объективті себептерге байланысты болады. Кеңес идиологиясы мұнда да өз ізін қалдырды. «Қоғамда мамандығы бар жұмысшылар жалпыға бірдей және олар жоғары білім ала алмағандардың үлгісі» деген түсінік көпке дейін үстемдік ететін болады. Қоғамның әрі қарай дамуы экономика саласындағы қоғамдық қатынастардың дамуынсыз мүмкін емес. Республиканың тұрғылықты халқының сауда саласы, тасымал, аздап басқару саласында жұмыс істейтінін ескеретін болсақ, өндірістің кеңеюіне және соңғы өнім өндіруге негізделген ғылыми өндіріс секторына бағытталған даму векторы жоқ мұндай экономиканы ұлттық деп айту қиын.

Республиканың белгілі экономистері сыртқа шығарылған шикізаттан түскен пайданың және сол трансұлттық компаниялардың ауыр өнеркәсіптің дамуына салған қаржыларының пайыздық арақатынасын айтуға ұялады. Бұл түсінікті жағдай. Бір де бір шетелдік компания өз монополиясын өндірістің белгіленген аумағында күйретуді құптамайды. Республика аумағында бастапқы және орта буын мамандарын оқытатын мамандандырылған кәсіпқой оқу орындарын ашу компаниялардың ешқайсысын қызықтырмайды. Мемлекет алған тәуелсіздік эйфориясы, орталыққа деген бақылаудың жойылуы өндіріс пен ғылымның түрлі салаларына біліктілігі жоғары шетелдік мамандардың жаппай назар аударуына әкеліп соқты. Республикамыздағы кәсіби мамандардың ең ғылыми және өндірістің ең табысы көп саласындағы жұмыстарынан нақты ажырауы мұндай жағдайдың негізгі себебі болып табылады. Сонымен қатар республикада ғылыми да, технологиялық та ойлардың дамуына кедергі келтіретін барлық мүмкін амалдар қолданылуда, қажет десеңіз, фашистік Германия қолданған экспериментпен салыстыру жұмыстары да жүргізілуде. Уақыт өте келе, біздің мамандар өздерінің кәсібилігін жоғалтуда, ал жас мамандарды дайындау ахуалы күйреу үстінде. Ұлттық менталитет негізінде жасанды жасалған жоғары білімге қолжетімділік және жұмысшы мамандар беделінің төмендеуімен бірге адамдарға қажет қорлар қолда бар бола тұрса да, соңғы өнімді шығаратын ешкім болмаған немесе оның сапасы бәсекелестерге қауіп төндірмейтіндей төмен болған жағдайлар қалыптасты. Ұлттық кадрларды дайындауға жұмылдырылған ғылыми-педагогикалық мамандар өз жұмыстарын атқара алмай келеді. Шетелдік мектептердің оқу-тәжірибелік жұмыстарының жүйелілігі біздің мемлекеттегі бастапқы және орта буындағы өнеркәсіп жұмысшыларының білім саласындағы кәсіпқой дайындықтарына бейімдендірілмеген. Жіберілуге рұқсат алу нақты процедуралар арқылы жүзеге асырылады және жұмысшының алдағы кәсіпқорлық өсімін тұтас шектейді. Еліміздің астанасында біздің мемлекетті қоршап жатқан шамамен барлық мемлекеттің жұмысшылары құрылыста еңбек етуде және олардың үштен бір бөлігінің ешкімге қажетсіз жоғары білімі бар. Бұл әсіресе жұмыссыздықтың пайызы жоғары болып тұрған республиканың оңтүстік аймағындағы жағдай. Мұндай оғаштықтар қазіргі кезеңнің бет бейнесіне айналды. Егер туған-туыстарыңның көмегімен, жанұялық тамыр-таныс арқылы қарыналық-банктік мамандық алсаң, шетелдік жұмысшы сияқты «тер төгудің» қажеті шамалы. Тек қана жұмыс істеуші шетелдіктің бейнесіне қараумен боласың. Бұл жағдайдың уәжділігі айтпаса да барлығына түсінікті. Біздің республика тұрғындарының барлық жігі асқан жақсы автокөлігі бар шетелдік жұмысшы мен және дәл сондай автокөлігі бар өзіміздің қазыналық-банктік маманға наразылықпен қарайды. Қоғамның бұл бағытта дамуы оның жойылып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін. Бірақ табиғаттың заңдылығы бойынша әлсіздер ғана жойылып, мықтылар ғана тіршілікке қабілетті болып қана қоймай, ұрпақтарына қамқоршылар да тіршілікке бейім болады. Шыныққан «бұрынғы» адамдардың орнына жас кеудемсоқ адамдар келіп, басымдықтар ауысты. Кеңес одағының құлдырауы мен қайта құру кезінде тәрбиеленген ұрпақтар өздерінің санасыздығы мен әдептерінің төмендігінен мемлекеттің алдағы атақ-даңқын асқақтату үрдісінен іс жүзінде шектетіледі. Көптеген адамдар жетістіктерден жаппай бас тартушылық пен «бұрын, кеңес кезінде…» деген сияқты өткенмен салыстырудан айыға алмады. Елімізде қиын қыстау кезде өздерінің ұстанымдары мен парасаттылықтарын «рыноктық қатынасқа» ауыстырмаған жастардың креативтілігі көп дүниеге қарыздар. Сонымен қатар, жаппай бас тартушылық пен күмәнсіз келісімдер экстремумның нүктесі екендігіне назар аудару керек. 2004 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Әскери институты базасында өткен ғылыми-практикалық конференция матерериалдары жинағындағы ғылыми жұмыстардың бірінде: «Естеріңізде ме, «оқы, оқы және оқы». Бұл танымал сөздердің авторы В.И.Ленин сияқты ақылдан адаспас үшін «оқы, оқы» болуы тиіс.» Аға буын өкілдеріне мұндай тура айтылған сөздерді түсіну қиын болса, 1918 жылдың күнтізбесінде 2-ақпан күнінің көрсетілмеуін жас ұрпақ та түсіне білмейді және «ақылынан адасу» тіркесін бейнелі сөз деп те айту қиын. Жарыққа мұндай сападағы мақаланы шығармас бұрын редактор біліктіліктің қандай шарттарымен басқарушылық еткендігін бал ашып қана білуге болады, ал оның бастығы аталған маманды қызметке тағайындау барысында қалай басшылық жасағаны туралы білу үшін бал ашудың қажеті жоқ. Біліктілік, кәсібилік және солардың негізінде қалыптасқан қабілеттілік жағдайдың болашақтағы дамуын болжайды. Көпшіліктің мұны жай ғана сезгіштік деп ойлауы кәсіби білімнің теориясы мен әдістемесіндегі тапшылық болып табылады. Бұл тұста К.Марбенің теориясы қауіпті жағдайда болса да, оның теориялық жорамалына да сүйенуге болады, алайда болжамы бар қауіп-қатермен байланысты кәсіпорында жұмыс істейтін маманның кәсібилігінің төмен деңейін растау өзге адамдар үшін қиын. Республикамыздың оңтүстік өңірінде орын алған медицина саласындағы оқиғадан кейін мемлекет басшылары денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер деңгейінің кәсібилігінің төмендігіне назар аудара бастады. «Оңтүстік дәстүр» деген сын да жан-жақтан түскен қысымға төтеп бере алмады, себебі кез келген баланың денсаулығын сүйеушісі бар адамның немесе кез келген деңгейдегі атқамінерлердің бұрынғы атқарған еңбегімен өлшеу мүмкін емес. Мұндай жағдай тек қана біздің мемлекеттегі денсаулық сақтау саласындағы жоғары деңгейдегі білікті мамандарға қатысты емес, сондай-ақ қауіпсіз қызмет мотивациясының жоғары деңгейінде жоғары санаттағы мамандарды кәсіби маман дайындау кәсіби білім беру жүйесіндегі бірінші кезектегі мәселе болып табылады. 2004 жылдың 11 қазанынан күшіне енген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жоғары мамандандырылған және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау сапасын көтеруге мүмкіндік туғызды. Осымен байланысты дүниежүзі білім беру кеңістігінде жоғарыда айтылған үрдістер арналарындағы білім беру мәселелеріне педагогикалық зерттеулер жүргізу қажеттілігі туындады. Дүниежүзі дамыған мемлекеттеріндегі қадағалаудағы бұл үрдістер мен өзгерістер білім берудің жаңа жеке бағдарлау гуманистік парадигмасы бойынша Қазақстан Республикасының тұтас білім беру жүйесін қайта құрастыруға әкеліп соқты. Зерттеу нәтижелері дүниежүзі педагогика ғылымдарының аталған даму үрдістері Қазақстанның педагогикалық ғылымдарымен де ескерілетінін және бірнеше басым бағыт бойынша әдістемелік және практикалық сипатта жүргізілетін қазақстандық ғалымдардың теориялық, тәжірибелік еңбектерінен орын алатындығын да көрсетті.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.