Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны

Главная » Рефераттар » Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны

Кәсіпкерлік экономикада орталық орынға ие және ол әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым-қатынастарды қамтиды. Мұнда құқықтық, психологиялық тарихи сәттер көрініс алады. Сондай-ақ кәсіпкерлік әрекет тіршілігіміздің экономикалық жағдайына да қатысты екені анық. Буржуазиялық экономикалық теорияда «кәсіпкер» ұғымы XVIII ғасырда қолданыла бастады. А.Смиттің ойы бойынша кәсіпкер сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады және соның нәтижесіне иелік жасайды.

Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор деп иелігіндегі қажетті құралдары (өзінікі немесе қарызға алған) бар пайдалы жұмысты ұйымдастырушы адамды айтады. Бұлардың қатарына жататындар: шағын кәсіпорындардың иесі, акционерлік қоғамның басқарушысы, кооперативтің жетекші және шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері (жалдамалы басшы). Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш шарты айтылып жүр: Біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз -аталған субъектінің (кәсіпкерліктің) шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау; өнімді өткізуде және таңдауда, т.б. олардың жиынтық бостандығы мен құқықтары болуы керек деген сөз. Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың өндіріс құрал-жабдықтарына, өнімге және табысқа иелік құқығы болуы маңызды шарт. Үшіншіден, өзін-өзін басқару мен шаруашылықты таңдауда бостандықты, инвестициялауды нақты қамтамасыз ететін белгілі бір экономикалық орта және қолайлы жағдай қажет. Толығырақ айтқанда, белгілі бір кәсіпкерлікпен айналысу үшін — нарықтық бәсекелестік тәртіп бойынша, шаруашылық жүргізуге қолайлы жағдай туғызу. Кәсіпкер дегеніміз — белсенді, жаңалыққа, оны тез жүзеге асыруға бейімділік танытады; нысаналы нәтижеге жұмыс істейді; іскер адамдар арасында өзін еркін сезінеді; өзіне және серіктестіктеріне қатаң талаппен қарайды; адамдарды басқаруға, оларды әрдайым рухтандырып, іс-қимылдарын үйлестіріп отыруға бейім, икемді адам болып келеді. Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы — өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі.

Пайда — кәсіпкердің сұранысты қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен баға арасындағы айырмашылық. Кәсіпкер — нарықтық байланыстарды қалыптастыратын және дамытатын белсенді тұлға болып табылады. Кәсіпкерлік қажеттілік немесе тапқырлық кәсіпкерлердің бір-бірімен байланысты төрт қызметтері арқылы сипатталады. Олар:

а) кәсіпкер жер, капитал, еңбек ресурстарын біркелкі өзгеріс жөне қызмет процесінде ұштастыру үшін өз тарапынан ынталылық білдіре отырып, оларды өз қолына алады;

б) бизнесті ұйымдастыру мен жүргізу процесінде кәсіпорынның әрекеттік бағытын және оның тиімді жұмыс істеуін анықтайтын негізгі шешімдерді қабылдау үшін міндеттеме алады;

в) жаңашыл, коммерциялық негізінде жаңа өнімдер, жаңа өндірістік технология және тіпті бизнесті ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізуге ынтасы бар адамдар;

г) жоғарыда айтылған кәсіпкердің үш қызметін таңдаудан шығатын қорытынды: ол тәуекелге бел буған адам.

Кәсіпкер жұмылдырған қаржысымен, сонымен бірге ол өз уақытымен, еңбегімен, тіпті өзінің іскерлік атағымен да тәуекелге барады. Кәсіпкер болу үшін капиталдың иесі болудың қажеті жоқ, оның басты капиталы — ұшқыр қиял және тұтынушының психологиясын сезінуі. Нақ осылар кәсіпкерге пайда түсіреді. Кәсіпкерлікті менеджменттен және оны басқарушыдан аражігін ажырата білу қажет. Кәсіпкер — бұл меншік иесі, әрі ол шаруашылықпен тікелей араласады. Ол нарыққа өзінің дербес жауапкершілігі арқылы тәуекелге баратын адам. Ал менеджмент -жалпы өндіріс пен тауар айналымын тиімді жүргізу мен пайда табу мақсатында басқару жүйесі мен формаларының, әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Менеджер — шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару жағынан арнайы кәсіптік білімі бар жалдамалы басқарушы, ол өз әрекеттерінде мүліктік жауапкершілікті мойнына алмайды. Яғни, оның сөзсіз тәуекелге баруы өзінің басқару орнынан айырылуы деген сөз. Кәсіпкер іс-қимылы мен тұрмыс жағдайларына, мінез-құлықтарына қарай екіге бөлінеді: Біріншісі, бұрынғы классикалық кәсіптік шаруашылықтың (кәсіпорын, фирма) қолда бар ішкі ресурстарын тиімді пайдалана отырып, нәтижелі әрекет жасайтын көсіпкерлік. Екіншісі, қазіргі өтпелі кезеңде әрекет жасайтын кәсіпкерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер қолда бар пайда көзін емес, әр түрлі мүлікті пайдалану арқылы әрекет жасайды. Демек, кәсіпкерліктің бірінші түрі қолда барға бағытталса, ал оның екінші түрі кәсіпкерлік ұйымдастыру-құқықтық жағынан: жеке дара кәсіпкерлік, компаниялар және серіктестік болып бірнеше түрге бөлінеді.

Жеке-дара кәсіпкерлік. Бұл қазіргі заманғы классикалық кәсіпкерлікті жолға қою шарттары. Әрине мәдениетті кәсіпкер болу оңай емес, ол көп уақытты, көп ізденісті, мол тәжірибені қажет етеді. Сондықтан да болар, Батыс елдерінде «Бизнес дегеніміз — өнер» деген қанатты сөз кеңінен тараған.

Компания. Сіз өз белсенділігіңіз арқылы кәсіпкерлік әрекетте табысты боларыңызды сезіне түстіңіз делік. Енді кәсіптік әрекеттеріңізді ұлғайтуды ойластыра бастайсыз. Әрине, ол үшін сізге ғимарат, құрал-жабдықтар, көп мөлшердегі сапалы шикізаттар қажет. Осы жағдайға байланысты кәсіпкерлікпен айналысуға қабілеті бар басқа адамдарды шақыруға болады. Соның нәтижесінде жеке меншік фирма компанияға айналады, яғни капиталы бірнеше дербес мүлік иелерінің бірлескен меншігіне негізделген фирма пайда болады. Мұндай компаниядағы капитал аталған компанияға енген мүшелердің қосқан жарнамаларынан құрылады. Серіктестік дегеніміз — бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесе кәсіпшілік жасауы.

Серіктестіктің мынадай түрлері бар:

A) толық серіктестік;

Б) сенімге негізделген серіктестік;

B) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

Г) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;

Д) акционерлік қоғамдар.

Қазіргі таңда нарықтық экономикаға көшуге байланысты жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларды жүзеге асыру, соның ішінде меншік нысандарын қайта құру ісінде акционерлік қоғам өзекті проблеманың біріне айналып отыр. Жоғарыда қарастырылған серіктестіктер кәсіпкерлік әрекетті шектейді. Себебі олардың мүшелері өздері қосқан үлестерін басында келісілген нысанда ғана қайтарып алуға мүмкіншілігі бар. Мәселен, серіктестіктің бір мүшесі үлесі ретінде ғимаратты берсе, ол одан шыққан кезде сол ғимаратты өзіне қайтаруға талаптанады. Бұл жағдайда өндірісті тоқтату қажет болады. Міне, осыдан сақтану үшін серіктестікті акционерлік қоғамға айналдыруға болады. Мұндай қоғамда барлық қосылатын үлес тек ақшалай салынады да, оның құрамынан шыққан да оның үлесі ақшалай қайтарылады. Сол арқылы қоғамның бір мүшесінің одан шығуы өндірісті тоқтауын құтқарады. Тек қана қоғамның ақша капиталын өз мөлшерінде кемітеді.

Акция — бұл оның иесі акционерлік қоғам капиталына өз үлесін қосқанын және сол кәсіпкерліктен түсетін пайданың белгілі бір бөлігін алуын растайтын қағаз. Кәсіпорын өндіріс шаруашылық әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі нысаны болып табылады. Ол қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі жекеленген дербес бөлім. Сондай-ақ, кәсіпорын қоғамдық қатынастары жүйесіндегі өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыскерлердің іс-әрекетін өзара ұштастыратын буын екені анық. Кәсіпорын атаулыға фабрика, зауытпен бірге өндірістік және ғылыми өндірістік бірлестіктер, сондай-ақ өте ірі және күрделі кәсіпорындар да жатады. Еңбектің қоғамдық бөлінісі мен кәсіпорындардың экономикалық жағынан дербестігіне байланысты олардың өндіретін өнімдері тауарға айналады. Ендігі жерде тауар айырбастау және оны сақтау, сатып алу процестері басталып, бұл әрекеттер қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сондықтан кәсіпорындар тауар өндіруші ретінде бейнеленеді. Біздің республикадағы бүкіл шаруашылық механизміндегі өзгерістердің іргетасын қалайтын әлеуметтік-экономикалық маңызы зор құжат Қазақстан Республикасының «Кәсіпкер туралы» заңы. Бұл заңда халық шаруашылығының негізгі буындары ретіндегі кәсіпорындардың қоғамдық өндіріс жүйесіндегі рөлі мен орны жөнінде айтылады. Нарық жағдайында әрбір кәсіпорын тұтынушылардың сұранысын ойдағыдай қанағаттандыратын өнімдер өндіріп және сол деңгейде қызмет көрсетулері өзекті мәселе. Кәсіпорындардың мақсатты қызметі тұтынушылардың қажеттілігін толығырақ қамтамасыз етуге негізделуі қажет. Мұндай мақсат пайданы барынша арттыра отырып, нарықта қолайлы жағдайға ие болу үшін ұқсас өнімдер өндіретін көсіпорындармен бәсекелестік жағдайда ғана жүзеге асырылады. Кәсіпкерліктің түрлері:

1. Жеке кәсіпкер — бір ғана иесі бар және жалдамалы жұмыскерлердің саны шектеусіз кәсіпорындар.

2. Серіктестік кәсіпорындар — белгілі бір пропорция бойынша өз капиталдарын, еңбек ресурстарына жұмылдырып және кәсіпорындардың пайдасынан өз үлесін алып тұруға келісім жасап, осы кәсіпорындардың иесіне айналатын бірнеше кәсіпкерлердің бірлестігі.

3. Корпорациялар — осы көсіпорынға өз қаржысын орналастырған және кәсіпорын әрекетіне байланысты мәселелерді шешуге араласуға құқығы барлығын білдіретін акция иесі және корпорацияның барлық әрекетіне белгілі бір үлес қоса алатыны негізінде кәсіпорынды ұжымдық иеленуге ат салысады.

Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынандай түрлері болады: өндірістік, коммерциялық, қаржы және консультациялың. Меншік түрлері бойынша — жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс, жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек. Кәсіпкерлік нысаны бойынша екіге бөлінеді:

1) ұжымдық-құқықтық; 2) ұжымдық-экономикалық.

Ұжымдық-құқықтық нысандары: А) Серіктестік — адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталын қосады жөне әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар: 1. Жауапкершілігі шектеусіз серіктестік. 2. Сенімге негізделген серіктестік. 3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. 4. Қосымша жауапкершілікті серіктестік.

Б) Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады. Ұжымдық-экономикалық нысандары: 1. Концерн — көп салалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады. 2. Ассоциация — экономикалық дербес көсіпорындар-дың ерікті бірлестігі. Маманданған көсіпорынның негізгі мақсаты — ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу. 3. Концорциум — бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі. 4. Синдикат — бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру. 5. Картель — тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім. 6. Қаржы-өнеркәсіп тобы — банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі. Қазір Қазақстанда мынандай ұжымдық-құқықтық нысандағы кәсіпкерліктер құрылуда: А) Шаруашылық серіктестік — толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып содан соң салық төлейді. Б) Сенімге негізделген серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады. В) Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Олардың мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді және зиян тәуекелін өздерінің үлестерімен есептейді. Г) Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді. Д) Ашық және жабық акционерлік қоғам. Ж) Өндірістік кооперативтер — ерікті түрде біріккен қоғамдар. 3) Біртүтас кәсіпорын дегеніміз — коммерциялық ме-кеме. Олардың меншік ңұқығы болмайды. Біртұтас кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Біртұтас кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдың болады. Біртұтас кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорыны болып есептеледі. Қазіргі жағдайда капитализмге ауысу жолында қоғамдық меншікті жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып, ұсақ, шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Халық шаруашылығының барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік практикада экономикалық тиімділік болып табылады. Ірі фирмаларда зор материалдық, қаржылық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғарғы дәрежеде ғылыми-техникалың шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады. Шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі — жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын және орта дәрежедегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды. Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттық әлеуетін арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүние-жүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну саласында емес, сол сияқты кейбір бөлек механизмдерді шығару жағдайында немесе шалафабрикаттар өндіріп, негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық саласында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескеретін жағдай кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы лицензия керек. Шағын кәсіпорынның өзінің шаруашылық әрекетінде дербестік мүмкіндігі бар: өндірген тауарын, салық төлемдерінен қалған пайдасын пайдалана алады.

Шаруашылық іс-әрекетіндегі басты жағдай — жоспарлау. Шағын кәсіпорын өзінің жеке пайдасын арттыру мақсатында және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен қызметтер атқару үшін өзінің әлеуметтік дамуы негізінде жұмыстарын алдын ала жоспарлауы керек. Жоспардың негізінде (бизнес-жоспар) тауар алушылармен және шикізат, материалдар сататын кәсіпорындармен, өндіріске керекті өнімдермен жабдықтау туралы шарттар болуы керек. Шағын кәсіпорын өзінің өндірген тауарларына, көрсеткен қызметтеріне бағаны тағайындайды немесе шарт бойынша келісім бағамен сатады. Кәсіпорынның қаржы ресурстары оның ұйымдастыру-құқықтық нысандарына байланысты, пайдадан амортизацияға шығарылған сомадан, бағалы қағаздарды сатқаннан түскен ақшадан, еңбек ұжымының мүшелерінің жарналарынан, пайдадан түскен несиеден, заңға ңарсы емес түсімдерден тұрады. Ақша қаражаттарды сақтау үшін және есеп айырысу, кассалық операцияларды жүргізу үшін банкте есеп-айырысу және басқа түрлі шарттар аша алады.

Кәсіпорын несие шарттары есеп айырысу тәртібіне толық жауап береді. Есеп айырысу тәртібін орындамаған кәсіпорын сот арқылы банкрот болып жарияланады. Жалпы негізде, шағын кәсіпорын шетелдік серіктестермен шарт жасап және шетел валюталық шотын аша алады. Белгіленген ережеге сәйкес шағын кәсіпорынның өз бетімен дербес нарыққа шығып валюта табуына, оны сатып алуына, оның ішінде аукциондарға да қатынасуға құқығы бар. Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. Шағын кәсіпкерлік — кез келген мемлекет экономикасының негізгі саласының бірі. Бұл кәсіпкерлік аясында шағын инновациялың бизнес ерекше орын алып, мемлекет экономикасының дамуына көп әсер етеді.

1. Шағын инновациялың кәсіпкерлік бір салада тоқтап қалмай, экономиканың барлық саласын қамтиды.

2. Ірі фирмалар ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді жүргізуге мүмкіншілігі әлдеқайда көп болса да, күрделі басқару пирамидалары себебінен инновациялық процесс баяу атқарылады. Сондай-ақ ірі фирмалар сыртқы орта әсеріне икемсіз болып келеді. Ал шағын инновациялың фирмалар сыртқы орта өзгерістеріне тез икемделініп, жауап қайырып, процесс бағытын жылдам өзгертуге қабілетті.

3. Шағын фирмалар ірі компанияларға қарағанда ғылыми-техникалың зерттеулер нәтижелерін, инновацияларды өндіріс пен өнеркәсіпке жылдамырақ енгізеді.

Осы көрсетілген ерекшеліктердің бәрі шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдау маңыздылығын ескеріп отыр. Дамыған елдерде шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау жүйесі мынадай сұрақтарды қамтиды:

— шағын инновациялық кәсіпорындар қызметін құқық және заңмен қамтамасыз ету;

— кредиттік жеңілдіктер ұсыну, жеңілдетілген салық түрлерін енгізу;

— шағын инновациялық фирмалар жобаларын тікелей бюджеттік қаржыландыру, жеке кәсіпкерлік саласының қаржысын бағыттау.

Дүниежүзілік тәжірибеге қарайтын болсақ, шағын инновациялық кәсіпкерлік қызметіне және дамуына ең қолайлы жағдай ғылыми технологикалық орталықтарда — инкубаторларда, технопарктерде, технополистерде ұйымдастырылады екен. Бұл ұйымдар шағын инновациялық кәсіпорындарды бір «шатырдың астында» «бір қалада шоғырландырып», оларға ғылыми-техникалық зерттеу зертханаларын, өндіріс-тәжірибелік цехтарын және жалға бөлмелер ұсынады. Бұл жерде мемлекеттік қаржы, коммерциялық банктер және венчурлы қорлар қаржылары шоғырланады.

Инкубатор — инновациялық қызметтің көптеген түрлерін ұсынушы кешен, ол бір немесе бірнеше ғимаратты алып тұрады, ал шағын инновациялық фирмалар осы ғимарат ішінен белгілі бір аумақты жалға алып қызметін бастайды, инкубациялы кезең 2-3 жыл, осы мерзімнен кейін фирмалар өз бетінше қызмет жасау үшін бұл кешеннен кетеді. Инкубаторда жаңа ғана қалыптасқан фирмаларға бухгалтерлік, маркетингтік (бизнес-жоспарын жасау, өнімге жарнама, маркетингтік талдау жасау), компьютер, басқа да құрал-жабдықтарды жалға ұсыну сияқты көмектер көрсетіледі. Бұл ғылыми-өнеркәсіптік құрылымның негізгі мақсаты — шағын инновациялық фирмаларды ғылыми идеядан практикаға жеткізу, бәсеке күресіне төтеп бере алатын кәсіпорын дәрежесіне жеткізу. Ол кәсіпорындар инкубаторлардан шыққан соң технопарктерде немесе басқа да өнеркәсіптік орталарда қызмет етуге қабілетті болады.

Технопарк — ғылым-техникалық аумақты кешен, негізгі мақсаты — шағын бизнес фирмаларының қызмет етуіне тиімді, ыңғайлы жағдай қалыптастыру. Олар жоғары оқу орындары, зерттеу орталыңтары, зертханалар тұсында қалыптасады. Оның құрамына: зерттеу орталықтары, инкубаторлар, инновациялық орталықтар, маркетинг, т.б. орталықтар енеді. Технопарк шағын инновациялың кәсіпорындарға қажетті бухгалтерлік, аудиторлық, консалтингті, маркетингті қызметтер ұсынып отырады. Технополис — жеке қала негізінде құралған ғылыми-өндірістік құрылым. Негізгі құрылымы — технопарктер, инкубаторлар, ғылыми орталықтар мен университеттер. Ғылым мен технология аймақтары — ірі оқу орындары, ірі өндіріс кәсіпорындары шоғырланған аумағы шектелмеген ғылыми өнім өндіруге маманданған аймақ. Технополистер және ғылым мен технология аймақтары инновациялық фирмалар қызмет ететін қаржы оазисіне айналды. Мұнда мемлекеттік, коммерциялық банктер, өнеркөсіптік корпорациялар, венчурлықорлар, қайырымдылық қорларының капиталдары шоғырланды, оның үстіне мемлекеттік жеңілдетілген салықтар, кредиттер қосылды.

Сонымен, дүниежүзілік тәжірибе көрсетуіне қарағанда, шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың басты бағыты. Біздің елде шағын инновациялың кәсіпкерлікті қолдау бойынша нақты заңды негіз жоқ; бұл сала шағын кәсіпкерлік бойынша заңдар мен жобалар бойынша реттеліп келеді, ал барлық дамыған елдерде бұл бизнес түрін мемлекет тарапынан белсенді қолдау ұйымдастырылған.

Ал біз неден бастауымыз керек? Жаңа сапаға ие өнімдер мен технологияларды жасауға қабілетті ғылыми жаңалықтар мен инновациялың идеяларға ие ғалымдар мен кәсіпкерлердің өз бизнестерін ұйымдастыруға көмек беру керек. Біріншіден, Қазақстанда шағын инновациялық бизнесті мемлекеттік қолдаудың нақты жүйесі болуы керек. Осы жүйе арқылы экономиканы жаңалықтармен қамтамасыз етіп, оны ескірген және шетелдік экологиялық таза емес техника мен технологиялардан қорғау. Алдымен инновациялық кәсіпкерлікті құқықпен қамтамасыз ету керек, яғни «Ғылыми-техникалық және инновациялық кәсіпкерлікті қолдау туралы», «Шағын инновациялық фирмаларды қалыптастырушы инкубаторлар мен технопарктер туралы» заңдарды қабылдау.

Екіншіден, тез арада инкубатор, технопарк сияқты ұйымдарды қалыптастыру керек. Олар инновациялық идеяларды маркетингтік талдаудан өткізіп, өнім қаншалықты бәсекеге қабілеттілігін анықтап, ол өнімді өндіруге қаржы іздестіріп, нарыққа жеткізуі тиіс. Мемлекет осы ұйымдарды қалыптастыру мәселесін шешуді өз қарамағына алуы керек.

Үшіншіден, егер ғалым инновациялық идеяның авторы болса, университеттегі жұмысынан кетпей, осы идеяны өндіріске жеткізу мақсатымен шағын кәсіпорын немесе консультативті өнімдер жәрмеңкелерін ұйымдастырып тұру қажет. Бүкіл қиындықтарға қарамастан Қазақстанда инновациялық идеяларды өмірге енгізетін зерттеушілерді қолдайтын бюро қызмет атқарады, сондай-ақ, инновациялар мен жаңалықтар және технологиялар дамыту орны құрылды. Сондай-ақ, ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасының жобасы, «Ғылым туралы » заң және мемлекеттік инновациялық даму бағдарламасының жобалары жасалып, талқыланған.

1998 жылы «Экономикалық реформа» қоры қолдауымен ең жақсы үш бизнес-инкубатор ашуға сайыс жарияланған болатын. Нәтижесінде 2000 жылдың қазан айында үш бизнес-инкубатор жобалары таңдалынып алынды: «Лига предпринимателей Казахстана» ассоциациясы, «НПО СотБИ» және «Бизнес — инкубатор». Бұл бизнес-инкубаторлардың қызметін бастауына «Сорос — Казахстан» қоры атынан 258 469 доллар көлемінде қаржы бөлінген. Бұл инкубаторлар Польша және Түркия елдерінің тәжірибесі негізінде құрылған.

Загрузка...

One thought on - Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.