Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының тиімділігі

Главная » Рефераттар » Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының тиімділігі

Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті қолдау мәселесі алғаш рет 1992 жылғы «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заңында көрініс тапты. Соңғы уақытта шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында ҚР-ның Президентінің бастамасымен 5 заң, зандық күші бар 7 жарғы, бірнеше бағдарламалар қабылданған:1999-2000,2001-2002ж.ж. арналған шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік дамыту мен қолдау туралы.
Дегенмен, оған қажетті жағдайлардың біртіндеп қалыптасып келе жатқанына қарамастан, шағын кәсіпкерлікті баяу қарқынды және қиын түрде дамып келеді. Қазіргі кезде нарықтық экономиканың ерекшке секторы ретінде шағын кәсіпкерлік қалыптасуының алғашқы қадамдары ғана жасалды.
Сондықтан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен ынталандыру бүгінгі күнгі мемлекетіміздің алдындағы шешетін өзекті мәсәлелерінің бірі. Бұл тұлғыда негізгі мақсат-шағын кәсіпкеліктің экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету болып табылады. ҚР-ның аса нараз аударып жатқан аясы кәсіпкерлікті дамыту мен оны басқару және материалдық, құқықтық қамтамасыз етудің өзекті проблемаларын шешу қажеттігі. Ол мемлекеттің көмегі керек:
1-ден, құқықтық реттеудің түрлері мен шегін белгілеу;
2-ден, кәсікерліктің қарқыны өсіру мәселесі;
3-ден, салық салу жүйесін шешу жолдарын дамыту;
4-ден, бақылау органдарының кәсіпкерлік субьектілірін тексеру жөніндегі қызметтерін бәсеңдеу.
Сондықтан бұл мәселе ҚР-ның Президентінің «Қазақстан — 2030» бағдарламасында да көрініс тапқан: экономикалық өсу стратегиясының принципі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың мақсаты — оны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Негізгі басымдылықтар:
1) мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өзара іс- қимылы;
2) несиелендіру тиімді және қол жеткізілетін жүйелерін қалыптастыру;
3) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылым дамыту;
Белгіленген шараларды іске асырудың нәтижесінде кәсіпкерлік субьектілері санының өсуі; жаңа жұмыс орындарының құрылуы; шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндер санының артуы; нақты бәсекелестік орта құру; қоғамның орта негізі ретінде меншік иелерінің жаппай жігін қалыптастыру күтіліп отыр.
Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытудағы ынталандыру мақсатында 2001-2002ж.ж. арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы қабылданған /07.05.2001 ж/. Бұл бағдарлама шағын бизнесті қолдау, бәсекені және табиғи монополияны реттеу жөніндегі Агенттігінің негізінде жүзеге асқан. Негізгі мақсат –шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының дамуының қамтамаыссыз етуін белгілейтін мемлекеттік қолдау саясатын ынталандыру. Бағдарламаның нәтижесінде екі жылдан кейін шағын кәсіпкерліктің жалпы ұлттық өнімдегі үлесі 22%-ке дейін өседі деп болжам жасайды.
ҚР-дағы шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекетік шараларының бірі «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау күшейту және оны жетілдіру жөніндегі шаралар туралы ҚР-ның Президентінің Жарлығы /06.03.1997 ж./. Бұл жарлық бойынша :
1) шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау институты құрылды: ҚР-ның Экономика және Сауда Министрлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаменті (бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті қолдау функциясы Индустрия және Сауда Министірлігіне жүктелген );
2) шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры құрылады;
3) мемлекеттік тексеруші органдар саны азайтылады;
4) екінші деңгейлі банктердің минималды көлеммен несиелендіру бекітілді.
Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекетік саясатының негізгі үйлестірушісі мен серігі болып 1997 жылы мамырда құрылған Шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаменті болып саналады. Оның құрамында 2 сараптау кеңесі бар:
Біріншісі –нормативті және құқықтық актілерді зерттеу үшін шағын бизнесті қолдау жөніндегі кісіпкерлік құрылымының өкілдерінен тұрады;
Екіншісі – кәсіпкерлік қызметті жандандыру жөніндегі Президент жарлықтарын жүзеге асырумен айналысатын ведомствоаралық , министірлік өкілдерінен тұрады;
Жоғарыдағы аталған кәсіпкерліктің дамуына мол сенім, мемлекет тарапынан келіп, экономикалық негіз ретінде заңдар мен құқықтық –нормативтік құжаттармен қатар қаржылай, салықтық инвестициялық және тағы басқадай қолдаудың түрлері бар. Соның бірі –ақша несие саясаты, оның кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асуына ықпал өте жоғары.
Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселе қозғалғанда несие меселесі маңызды, өйткені несие кәсіпкерлер үшін басты қаржы көзі.
Республикада шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін несие жолдары қалыптасқан. Бұл тұрғыда шағын кәсіпкерлік субьектілері банктердің несиелері мен халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік арнайы бағдарламаларына сүйенеді. Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жалпы несие саясаты негізінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру жүйесі жүзеге асырылған. Мысалы, Казкомерцбанк жеке тұлғаларға 500доллардан жоғары көлемде және 12 айдан асатын уақытқа белгілі бір пайыз мөлшерлемесімен несие беруді жүзеге асырады.
Сонымен қатар Европалық Қайта Құру мен Даму Банкі ҚР-ның шағын бизнесті қолдау Қорымен бірлесе отырып шағын кәсіпкерлікті несиелендіру бағдарламасын қалыптастыруда. Бұл бағдарламаның мақсаты – шағын және орта кәсіпорындарға қысқа мерзімді және орта мерзімді несиелер беру арқылы бәсекелі жеке секторды кеңейту және жақсартуға ықпал ету. Несиелік линия көлемі 775 млн. долл. және несиенің үш түрін беруді ұсынады:
1) micro (10 мың долларға дейін )-бұл теңгемен, шетел валютасымен де 12 айға дейін беріледі;
2) large-micro(10- нан 30 мың долл. дейін ) шетел валютасымен 12 айға дейін;
3) small(30-нан 125 мың долл.дейін / шетел валютасымен 30 айға дейін; ал теңгемен 12 айға дейін беріледі.
Бұл бағдарлама бойынша келесі банктер жұмыс аққарады: «Казкоммерцбанк », «Банкцентркредит», «Тұран Алем Банк »және т.б.
Жалпы шағын кәсіпорындарға несите берушілердің 37%-коммерцияляқ банктер, 21%-жеке қарыз берушілер(достары,туыстары), 18%-шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау Қоры;12 %-Ұлттық Банк қаражаттары құрайды.
Тағы бір маңзды мәселе шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау ретінде 2002 жылы 27 желтоқсанда ҚР-ның Үкіметінің «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мараторий жариялау туралы» Қаулысы қабылданды. Бұл Қаулысы сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар 2003жылдың 1 қаңтар мен 1қазаны аралығында кезеңде шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтата тұрады. Тек төрт түрлі жағдайда ғана тексеру жүргізіледі:
1) Салық қызметі тексеруі, бұл тексеру жүргізудің негізгі салық төлеушінің өтініші болып табылады. Яғни аталмыш тексеру салық төлеушінің мүддесін заң жүзінде қорғауға бағытталады.
2) Заңдарға сәйкес, қылмыстық іске және әкімшілік құқық бұзушылыққа тоқтауыл қою мақсатында тексеру.
3) Мемлекетіміздің конституциялық құрылысы, қоғамдық тәртіп,адам құқығы мен бостандығына қарсы құқық бұзушылыққа бағытталған іс-әрекеттерді әшкерлеу мақсатындажүргізілетін тексеру.
4) Халықтың санитарлық –эпидемиологиялық жағдайы туралы заңнамалардың талабын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді анықтау бағытында жүргізілетін тексеру.
Аталған қаулы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еркін жұмыс атқаруына мүмкіншілік тудырып отыр деуге болады.
Сонымен бізге 2003жылы сәуірде ҚР Президентінің Қазақстан халқыны өсу және дамыту бағдарламасы ретінде Жолдауды жарияланды, яғни 2004 жылға арналған кезекті және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы бағдарламасы. Бұл тұрғыда экономиканы дамыту негізінде негізгі 4 бағыт аталынған :
1) аграрлық;
2) индустриалды-инновациялы;
3) инфроқұрылымдық;
4) әлеуметтік.
Осы бағдарламаға сәйкес мемлекет 2003-2005 ж.ж. ауыл экономикасына 150 млрд. Теңгені жұмсауды жоспарлады. Сонымен қатар 2004-2005 ж.ж. жыл сайын бұл сомма 10 млрд. теңгеге көбейіп отырды. Мұндағы негізгі тапсырма 2000 жылмен салыстырғанда Жалпы Ішкі Өнімді 3,5 есе көбейту болып табылады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – жеке сектордың дамуын ынталандыратын кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру. Кәсіпкерлік пен ғылыми – техникалық салалардың өзара қарым-қатынастарының тұрақты қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық Қор құрылады.
Сонымен қатар Қазақстандағы кәсіпкерліктің осындай мемлекеттік қолдауларға ие болуына байланысты оны басқарудың көп деңгейлі жүйесін көрсетуге болады.
ҚР-дағы кәсіпкерлікті басқарудың көп деңгейлі жүйесі мемелекеттік қолдау жүйесінің құрылымы үш деңгейде қалыптасады: республикалық, аймақтық, жергілікті.
Әрбір деңгей өзіндік жүйе құрып, үш блокқа бөлінеді:
1) концептуалды — бағдарламалық;
2) ұйымдық – ресурстық;
3) функционалдық.
Концептуалды – бағдарламалық блок шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мақсаттарын, әдістерін, принциптерін, тұжырымдамалары мен бағдарламаларын қамтиды.
Ұйымдық – ресурстық бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдаудың арнайы мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ тиісті ресурстармен және мамандармен қамтамасыз етілген инфрақұрылым нысандарын біріктіреді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау іс шараларын республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейде ұйымдастыру бағыттарын мақсатты түрде қол жеткізуге арналған бағдарламалар негізінде қалыптастыру қажет.[39.22б.]
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халқын жолдауында «…өндірістерді, мұнай-газ, көлік саласында және машина жасау мен металлургиядағы, химия мен агроөнеркәсіп кешеніндегі басқа да ішкі салаларда бірлескен кәсіпорындар құруға және дамытуға арқа сүйеуіміз керек. Алдымызда халықаралық ұйымдардың белсене қатысуымен биотехнологиялық орталықтар; өңірлік IТ-орталық ретінде ақпараттық технологиялар паркін дамыту міндеті тұр.
Үкіметті ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет».
Қазақстан 2030 даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауы басымдықтары тұрғысынан «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған» Бағдарламасының басты мақсаты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметін барынша кеңейту және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
«Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған» Бағдарламасын қаржылық қамтамасыз ету көрсетілген мақсаттарға көзделіп жыл сайын бекітілетін республикалық бюджет қаражаты шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбайтын көздер есебінен жүзеге асырылатын болады. Осы Бағдарламада баяндалған жеделдетілген шараларды іске асыру үшін 2005 жылы республикалық бюджеттен 11181,12 млн. теңге, 2006 жылы – 10215,12 млн. теңге, 2007 жылы – 10000,0 млн. теңге бөлінеді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы мен дамуының талдамасының нәтижелерін және шетелдік тәжірибені ескере отырып, алға қойылған мақсатқа жету үшін аталған бағытта мынадай міндеттерді іске асыру көзделуде:
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы үшін заңнамалық негіздің барынша ашықтығын құру;
Экономиканы бюрократиясыздандыру және әкімшілік кедергілерді жою;
Шағын және орта кәсіпкерлікте көлеңкелі айналымды қысқарту;
Мемлекетке бейінді емес функцияларды рыноктық ортаға, бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерлікке беру;
Кластерлік-желілік ұстаным негізінде тіршілікке қабілетті инфрақұрылымдық жүйелерді құру және қамтамасыз ету;
Инновациялық экономикаға кәсіпкерліктің қатысуы.
Жоғарыда аталған міндеттер мынадай негізгі шараларды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады:
2006 жылы: — Мемлекеттің қатысуымен мемлекеттің және акционерлік компаниялардың бейінді емес функцияларына талдау жүргізу және шағын және орта кәсіпкерлікке беру; — Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру көлемін 10 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету.
2007 жылы: — Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру көлемін 10 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету;
— Мемлекеттің жеке секторымен өзара іс-әрекетінің жаңа идеологиясын жасауды аяқтау.
Кластерлік-желілік ұстаным негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық модельін әзірлеу шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жаңа стратегиясына және мемлекет пен бизнестің өзара қатынасының жаңа идеологиясына көшуді білдіруі қажет. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту үшін мемлекеттің бұдан әрі қолданатын шаралары (нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, салық салу, кредит беру, инфрақұрылымды дамыту және т.б.) осы ұстанымды іске асыру тұрғысынан және осы экономикалық модель шеңберінде қолданылады.
Экономикалық дамудың қазіргі кезенінде мемлекеттің негізгі ролі кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау болуы тиіс.
Кәсіпкрлікті қолдаудың инфрақұрылымы – бұл субъектілердің дамуына жәрдемдесетін және оларға кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті қызмет көрсететін және кәсіпкерлік ортаның тыныс-тіршілігіне орта мен жағдайжы қамтамасыз ететін ұйымдар мен бірлестіктердің жиынтығы.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті қолдау саласында көптеген түрлі институттар бар, қолдаудың базалық қағидаттары, нысандары мен тетіктері қалыптасқан.
Институттардың құрылымының функционалдық бағытына байланысты инфрақұрылымдар былай айқындалады:
Қаржы институттары;
Қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар;
Бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер;
Ақпараттық-талдамалық, маркетингтік, консалтингтік, оқыту орталықтары;
Халықаралық институттар.
Мемлекет бастамасы бойынша құрылған қаржы институттары мынадай ұйымдардан көрінеді: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы және оның өңірлік бөлімшелері; лизингтік компаниялар; микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары.
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының» негізгі мақсаты — өз қаржы қаражатын және мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті дамытуға бөлген қаражатты тиімді пайдалану.
Қордың барлық облыс орталықтарында және Астана қаласында бөлімшелері бар. Қордың несие портфельі өз қаражаты, республикалық бюджет қаражаты және Еуропа Қайта Құру және Азия Даму Банкі қарыздары есебінен 2005 жылғы 1 қаңтарда 15,4 млрд. теңге құрады. ЕҚҚДМ-мен қарыз туралы келісімге сәйкес 2005 жылы үлкен қаржы ресурстары кетуі күтілуде.
Қордың қаражаты шағын кәсіпкерліктің қалыптасу процесінде оң роль атқарады, бірақ соңғы қарыз алушы үшін пайыздық ставкаларды нақты төмендетуді қамтамасыз етпеді және ұзақ мерзімді өндірістік жобаларды іске асыруға жәрдемдеспеді.
Қор қызметі басталғаннан бері қазіргі уақытта тек қана өз қаражаты есебінен 6,3 млрд. теңге сомаға 577 жоба қосымша қаржыландырылды. Аиалған қаражат бойынша ағымдағы берешек 5,9 млрд.теңгені құрайды. Берілген қаражаттың салалық құрылымы мынадай: қаржыландырудың негізгі көлемі өнеркәсіптік өндіріске – 39%, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге – 29,5%, қызметтер мен көлік саласында — 23% келеді. Қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдауы Республиканың барлық өңірлерінде 250 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
Қордың проблемалары: оларда кепілдік қаражаттың жеткіліксіздігі салдарынан шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін инвестициялық қаражаттың қолжетімсіздігі.
Микрокредиттік және микроқаржылық ұйымдары елдің кредит беру жүйесінің 3-ші деңгейі болып табылады және банк секторы мүдделілігінің бірқатар объективті факторларын (мол әкімшілік шығыстар, кредиттік тарихын, рентабельді жобалар және өтімділікті қамтамасыз етудің болмауы) қамтымаған кәсіпкерлердің қаржы қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыруға тартылған. Ұсақ кәсіпкерлер үшін өз капиталы, гранттары мен бағдарламаларға қатысушылардың жарналары есебінен кредит беруді жүзеге асыратын микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары кредиттік қатынастар жүйесі деңгейін мемлекет тарапынан аз реттелуші болып табылады. Сонымен қатар, жоғары операциялық және үстеме шығыстар, қарыз берушілердің нысаналы топтарына қызмет етумен байланысты тәуекелдерді ескере отырып, аталған операциялардың қызметі басқа басқа кредиттік мекемелердің қызметімен салыстырғанда көлемі көп болып табылады. Сондай-ақ микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары өз қызметінде микрокредиттер берумен қатар өз тәуекелдерін төмендету үшін әлеуетті қарыз алушыларды шағын бизнесті жүргізу жөнінде оқытумен және консультациялық көмектер көрсетумен айналысады. Осылайша экономикалық міндеттерді шешумен қатар микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлік бастаманы дамытуға, халықтың экономикалық белсеңді бөлігінің өз өзін жұмыспен қамтуын қамтамасыз етуге оның жалпы өмір сүру деңгейін арттыру мен кредиттік мәдениетке баулуға бағытталған әлеуметтік міндеттерді шешуге тартылған. Сондай-ақ микрокредит беру саласын дамыту міндеттерінің бірі ұсақ қаржы делдалдарын заңдастыру және көлеңкелі сектордан шығару болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік статистикалық тізілімі мәліметтері бойынша микрокредиттік ұйымдардың саны 2005 жылы 1 қаңтарда 177 бірлікті құрады, олардың нақты жұмыс істейтіндері 40,7% (72 бірлік) құрайды, уақытша бостары – 10,2%(18 бірлік), бір ұйым тарау процесінде, қалғандары қалыптасу сатысында. Микрокредиттік және микроқаржы ұйымдарының проблемалары – осы уақытқа дейін микрокредит беру жүйесінің дамуын тежейтін негізгі факторлар микрокредит беру жүйесінің дамуына тұжырымдамалық қағидаларды, әлеуетті инвесторлар үшін аталған саланы мемлекет тарапынан кешенді қолдаудың болмауы.
Қоғамдық ұйымдар мен салалық бірлестіктер (қауымдастықтар) азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерінде әлеуметтік проблемаларды шешуде мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыстырушы рөл атқарады және кәсіпкерлік ортада қоғамдық қатынастарды реттеу тетіктерінің бірі болып табылады.
Қазақстандық Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар салыстырмалы түрде әлі жас. Қазіргі ұйымдардың көпшілігі соңғы бес жылдың ішінде тіркелген және кәсіпкерлікті дамыту жобаларын іске асыруда жеткілікті тәжірибе жинақталған жоқ, мемлекеттік органдар үшін де, нысаналы аудиторлар үшін де байсалды әріптестердік имидж құрған жоқ.
Сондықтан үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар бытыраңқы, бір-бірімен байланыссыз әрекет етеді, олардың қызметі бір біріне қайшы келеді. Қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың едәуір бөлігі шетелдік және халықаралық донорлық ұйымдардың гранттары үшін бәсекелеседі, осыған байланысты олар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің нақты проблемалары мен қажеттіліктеріне емес донордың миссиялары мен бағдарламаларымен үндес жобаларды әзірлейді және іске асырады.
Қазіргі уақытта экономиканың басым салаларын дамытуда және нақты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін алғанда мемлекет мүддесінің жүйесіне жалғауға қабілетті барабар үкіметтік емес ұйым жоқ. Осыған байланысты, ҮЕҰ-ның қызметі қалың бұқарада нақты жобаға бекітусіз және міндеттердің нақты қорытындамасынсыз жалпы мәселелерді шешуге тіреледі, жергілікті атқарушы органдар үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды тең құқықты әріптес ретінде қарамайды және шешім қабылдаудың нақты прцесіне тартпайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 44 бизнес-инкубаторлар мен инновациялық орталықтар қызмет етеді. Олардың мүлдем барлығы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша қалыптасу кезенінде.
Бизнес-инкубаторлар — өз алаңдарына арнайы жеңілдік жағдайда жекелеген шағын кәсіпорындарды орналастыратын және оларға консалтингтік, оқыту, бухгалтерлік және офистік қызметтер, оқыту бойынша қызмет көрсететін құрылым. Бизнес-инкубаторлардың негізгі мақсаты оның аумағында орналасқан шағын кәсіпорындардың орнықты қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады.
Негізінен жоғары оқу орындарының базасында немесе ғылыми-зерттеу институтарының базасында осы жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін пайдалану және технопарк аумағында орналасқан инновациялық кәсіпорындарды құру және дамыту арқылы әзірленген технологияларды коммерциализациялау мақсатында құрылған технопарктер бар.
Көптеген бизнес-инкубаторлар инфрақұрылымның аталған нысанын құру тұжырымдамасының халықаралық практикасына сәйкес емес: офистік және өндірістік үй-жай ұсынумен заңды тұлғаны ұйымдастырумен шектеледі және өзінің нақты міндетін әлсіз орындайды не мүлде орындамайды: — бизнес-инкубаторлардың менеджерлері мен ұйымдастырушыларының теориялық және практикалық даярлығының әлсіздігіне; — биліктің жергілікті органдары тарапынан бизнес-инкубаторларды түсіну мен қажетті қолдаудың болмауына; — қаржы қаражаты мен ақпараттың болмауына әкеліп соғады.
Технопарктер қаржылық дербестікке жеткен жоқ және мемлекет пен басқа ұйымдар тарапынан қолдауды қажет етеді.
Ақпараттық-талдамалық, маркетингтік, консалтингтік, оқыту орталықтары, шағын және орта кәсіпкерлік құрылудың бірінші кезеңінде бірқатар проблемалармен түйіседі, олар: шағын және орта кәсіпкерлікті тіркеу куәлігін қалай алу, қандай салық режимін таңдау, қаржыландыру мәселесі бойынша қайда бару керек. Сондықтан осы кезенде негізгі рөл консалтингтік компанияларға берілетін болады. Консалтингтік компаниялар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мынадай бағыттар бойынша қызметтер көрсетеді: — құқықтық қамтамасыз ету; — аудит және бухгалтерия; — маркетингтік зерттеулер; — бизнес-жоспарлау; — салық заңнамасы; — кедендік рәсімдер және т.б.
Консалтингтік компаниялардың қызметтері қымбат және әрбір шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің оларды пайдалануға мүмкіндігі жоқ. Консалтингтік қызметтер рыногы тіпті ірі қалаларда толық емес, ал орталықтан алыс өңірлерде мүлдем дерлік жоқ.
Бүгінгі күнде қазақстандық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ресурстық, әдістік және ақпараттық қолдау көрсететін Қазақстан Республикасының аумағында 150 астам аккредиттелген шетелдік халықаралық ұйымдар әрекет етуде. Қазақстанда халықаралық ұйымдар мен шетелдік қорлардың өкілдіктері іске асыратын жобалар мен бағдарламалардың көп түрлігінен хабардар және талдайтын және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен қолдаудың шетелдік институттары арасындағы тиімді кері байланысты қолдайтын бірыңғай орган жоқ. Көптеген шетелдік ұйымдар үшін олардың жұмыстарының басты нәтижесі тапсырыс берушіге бөлінген қаражатты “игеру” нәтижелері туралы сындарлы есеп болып табылатыны практикаға айналды(бұл ретте тапсырыс берушіден басқа ешкімге жұмыстардың нәтижелері ұсынылмайды, орындалатын жұмыстар туралы тек органдар, яғни қандайда бір жоба оған қатысты іске асырылса ғана ақпарат алады). Қазақстанда түрлі шетелдік және халықаралық институттар бастамашы болған қайталанатын жобаларды халықаралық ұйымдар жиі іске асырады.
Құрамына мемлекеттік органдар мен республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіретін Қазақстан Республикасының Үкіметі касынан 2002 жылы Шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссия концультациялық-кеңес орган болып табылады және оның шешімі ұжымдық сипат алады. 2002-2003 жылдары мемлекеттік органдар жанынан құрамына олардың қызметкерлері және кәсіпкерлер қауымдастықтары мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіретін Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері бойынша сараптама кеңесі құрылды. Кеңестің шешімі ұсынымдық сипат алады.
Шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссия мен Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері бойынша сараптама кеңесінің негізг міндеттері шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері мен қолдаудың инфрақұрылымдары арасындағы негізгі проблема – бұл қатысушылар арасында өзара іс-әрекетті бастайтын және ұйымдастыратын бірыңғай үйлестіруші орган немесе институттың болмауы.
Экономиканы және әкімшілік кедергілерді төрешілдіктен арылту жөніндегі негізгі күш салулар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін, барынша аз реттеуші аясын құруға бағытталатын болады.
Экономиканы бюрократизациясыздандыру саласында. «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң жобасында кәсіпкерлік қызметті реттеу, оын мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаттары, кәсіпкерлік проблемалары жөнінде консультациялық-кеңесші мәселелері, кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу және жою тетіктері, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік әкімшілендіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде жауапты мемлекеттік органдардың құзіретті және билікті бизнес – қоғамдастықпен өзара іс-әрекеті нақты көрсетілетін болады.
Әкімшілік кедергілерді жою саласында мемлекеттің бюрократиялық жүйесінің негізін рұқсат беру жүйесі құрайды. Сондықтан кәсіпкерлік қызмет түрлерін мемлекеттік реттеудің рұқсат беру жүйесін нақты регламенттеу үшін:
Мемлекеттік монополия терминін айқындау;
«Лицензия туралы» жаңа заң әзірленіп, лицензияланатын қызмет тізімін ұсыну;
лицензиялық тәртіптің қажетті қол жетімділігн қамтамасыз ету;
олардың үнемділігін қамтамасыз ететін біліктілік таалптарын жеңілдету.
Сертификаттау саласында қауіпсіздіктердің көрсеткіштері тұрғысына ғана өнімнің, жұмыстардың(процестердің) және қызметтердің Дүниежүзілік Сауда Ұйымының ережесі бойынша халықаралық заңнама негізінде сертификаттау процессі жүзеге асырылатын болады.
Аккредиттеу саласында рәсімді тек ерікті сипатта және оны мемлекеттік емес, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады, ал оның бөлігі лицензиялау санатына беріледі.
Мемлекеттік сатып алу саласында әкімшілік кедергілерді алып тастау үшін сондай-ақ мемлекеттік мұқтаждар үшін тауарларды (жұмыстарды және қызметтерді) жеткізуге кәсіпкерлік субъектілерін барынша тарту жұмысы жалғастырылады.
Кәсіпкерлік қызметіне еркіндік құқығының кепілділігін іске асыру мемлекеттен ғана емес, кәсіпкерлердің өздеріне және олардың қоғамдық бірлестіктеріне де байланысты. Әрбір іскер қазақстандық ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға ұмтылуда.
2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық стратегияны тиімді іске асыру және оған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көбірек қатысуы мақсатында инновациялық жобаларды іске асырудың алғы шарты негізінен отандық және шетелдік ғылым әлеуетін пайдалану негізінде бәсекеге қабілетті соңғы өнім құруды қамтамасыз ететін ашық үлгідегі жаңа инновациялық жүйе болады.
Жаңа инновациялық жүйе ғылыми әлеуетті дамытады, көпдеңгейлі инновациялық инфрақұрылымды қалыптастырады, берілетін гранттар түрлерін кеңейту және венчурлық қорларды құру бөлігінде қаржы инфрақұрылымдарының элементтерін және т етіктерін дамытуда.
Технологиялық бизнес-инкубаторларды – технологиялық инновацияларды құратын және іске асыратын және оларға консалтингтік, заңгерлік, лизингтік және өзге де қызметтер көрсететін арнаулы пысықталған жеке және заңды тұлғаларды өз алаңдарында белгілі бір мерзімге орналастыратын құрылымдар құрылуда.
Коммерциялық тиім жағынан әлеуетті перспективалы болып табылатын жаңа иехнологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулік және тәжірибелі конструкторлық әзірлемелердің гранттарын беру жүйесін қайта қаралуда: — шағын гранттар – ғылыми зерттеулік және тәжірибелік конструкторлық әзірлемелерді өткізу үшін 7,2 млн. тенгеден кем емес сомаға тартылатын; — жоба алдыңдағы гранттар құжаттардың толық пакетін дайындау үшін (ТЭН, бизнес-жоспар т.б.) 650 мың теңгеден кем емес; — үлкен гранттар – зерттеулерді аяқтау және пайдалы модельге немесе ойлап шығаруға жеткізу үшін 33млн.теңгеден кем емес; — патенттеу үшін гранттар – шетелдегі патентті рәсімдеу үшін 13,2 млн.теңгеден кем емес.

.

2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі Бағдарлама шеңберінде ұлттық технологиялық парктерді, ақпараттық аймақтарды, ядролық технологиялар мен биотехнологиялар аймақтарын, жаңа материалдар паркін, мұнай-химиялық технопаркті құру көзделуде.

Қорытынды
Экономикалық өсу қарқыны бойынша Қазақстан ТМД-да көшбасшысы орында нық тұр. Бұл тұрғыда ресейлік экономистің бағасын келтірген жөн болар. Леонид Григорьевич былай деп жазады: «Нақты ІЖӨ-нің орташа өсу қарқыны Қазақстан 2000-2002жылдары 10% асып түсті, мұның өзі елді осы көрсеткіш бойынша әлемде енді болса бірінші орынға шығарғандай. Алдағы он жылға болжам шамамен 7 % пайыздық өсім бермек, ал бұл дегеніңіз Оңтүстік Шығыс Азия «жолбарыстарынан» кейін көрінбеген жаңа даму деңгейіне сирек болатын секірістің бірін туғызбақ».[40.4б.]
Тұтастай алғанда тәуелсіз жылдары кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру аяқталды. Өндірістің құрылымы шаруашылық жүргізу мен еңбек бөлінісінің әлемдік жағдайына бейімделіп келе жатыр. Өнеркәсіп өндірістің көпсалалы құрылымы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует қалыптасуда. Дамыған отын-энергетикалық, кен–металлургиялық және көлік коммуникациялық кешендер жұмыс істеуде. Өндірістік қуаттардың пайдаланылмаған резертері баршылық.
Жекелеген салаларда өндіріс пен басқарудың жоғары деңгейдегі шоғырлануына қол жеткізілді. Мұның өзі әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті ұлттық корпорацияларды құру үшін жақсы негіз болып табылады.
Қазақстанда жеке меншік секторы серпінді дамып келеді, мұнда өнімнің 70 пайыздан астамы шығарылады.
Елде шағын кәсіпкерліктің 348 мың түрлі субъектілері жұмыс істейді. 100 мыңнан астам жеке меншік кәсіпорындары тіркелген, олардың 1700-дейі ірі өндірістер болып табылады.
2005 жылғы қаңтардың басында 208,4 мыңнан астам шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, бұл 2004 жылғы сәйкес күнге қарағанда 13,5пайызға көп. Республикадағы шағын кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің саны өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 7 пайызға ұлғайып, 524,6 мың адамға жеткен. 2005 жылғы қаңтарда өнім өткізуден түскен табыс 48113,3 миллион теңге болды, бұл 2004 жылғы қаңтардағы деңгейден 11,9 пайызға артық.
Нарық институттары мен шаруашылық жүргізудің тетіктерін қалыптастыру саласында бірқатар түбейгелі қадамдарды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан реформалау қарқыны жағынан ТМД елдерінің көпшілігін басып озды.
Қ.Р. Президентінің және Үкіметінің кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөнінен нормативті-заңды құжаттарын, экономикасы дамыған елдер мен отандық кәсіпкер жұмысының тәжірибесін зерттеу, сонымен қатар әйгілі ғалым-экономистердің зерттеулерінің негізінде диплом жұмысында келесі қорытындыларды тұжырымдадық:
1. Кәсіпкерліктің теориялық негізіндерін зерттеу негізінде кәсіпкерлік, кәсіпкер және кәсіпкерлік табыстарын тектілік түсініктері дәлелденді. Ғалым-экономисттердің еңбектерін жалпылау және Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпкерліктің осы формасының ұғымдық аппараты айқындалды.
2. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың әлемдік тәжірибесін талдау Қазақстанның ұлттық экономикасындағы адам қызметінің осы сферасының ролін және орнын анықтауға мүмкіндік береді.
3. Кәсіпкерліктің бір түрі – қаржылық кәсіпкерліктің бөлімі сақтандыру қызметі. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары. Нарықтағы сақтандыру компанияларының орнын бағаланылды. Сақтандыру нарығынын дамуына әсер ететін факторлардың мәні ашылды.
4. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығындағы «Қазақшетсақтандыру» сақтандыру (қайта сақтандыру) компаниясының кәсіпкерлік орны мен баму бағыты айқындалды. Сақтандыру қызметінің түрлері, топтары, класстарының жіктелімі берілді.
5. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының тиімділігі, мемлекеттік қолдау, салық әкімшілігін жүргізу әсерін жетілдіру, несие ресурстарына қол жетімділігін қамтамасыз ету, нормативті құқықтық базаны жетілдіру кәсіпкерлерге көмек беру немесе жеңілдіктер тағайындау мақсаттарын жүзеге асыру бағдарламаларының тиімділігі айқындалды.
Осы экономикалық қызмет формасымен айналысуды ұйғарған кәсіпкерлік функцияларды орындауға әркімнің кәсіпқой біліктілігі керек, ал оған алдағы практикадан жинақталған барлық мәліметтерді тиімді игеру, яғни тек қана білім, теориялық дайындық арқылы жетуге болады.

.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.