Кәсіпорындардағы менеджментті тиімді ұйымдастыру

Главная » Рефераттар » Кәсіпорындардағы менеджментті тиімді ұйымдастыру

Тауарларды өңдіру мен қызметтерді басқаруды ұйымдастыру

Кез келген кәсіпорын экономикалық өнімдерді: тауарды немесе қызметтерді өндіру үшін ұйымдастырылады. Бұл үшін өндіріс факторлары: жүмыс күші, материалдық-техникалық ресурстар, жер ресурстары, акпарат және ақшалай каржылар пайдаланылады. Өндіріс ресурстарын үтымды пайдалану мен оның тиімді жүмыс істеуі өндірісті басқаруды ұйымдастыруға тәуелді. Менеджмент ахуалы өндірістің технологиялық деңгейіне де, кадрлардың сапасына да өсер етеді.

Кәсіпорындарды басқарудың негізгі мақсаты — өндірісті клмтамасыз ету жене тауарлар мен қызметтерді өткізу, кәсіпорынның негізгі іс-әрекетін тиімді түрде жүзеге асыру. Жұмыс істеп тұру үшін кәсіпорын өндіріс құралдарын пайдалануға жөне шығарылған өнімді өткізуге тиіс, яғни жабдықтау мен өнім өткізуді де басқаруы қажет.

.

Басқарудың негізгі қызметтері мыналар:

  1. кәсіпорынның даму болашағын болжай білу жөне алдағы максатты дұрыс таңдай білу;
  2. ресурстарды ескеріп, тауардар мен қызметтер өндіруді үнымдастыру;
  3. кадрларды дүрыс іріктеу мен орналастыру;
  4. қызметтерге бшіік жүргізу және эрекеттерді үйлестіру,
  5. кәсіпорын жоспарларының орындалуын бақылау. Басқару шешімдерін қабылдау фирманы басқару ұстануларына тәуелді. Көбірек таралған басқару стилдері мен ұстанымдары мыналар болып табылады:
  6. Бақылау негізінде басқару;
  7. Жаңғарту (экстраполяция) негізінде басқару;
  8. Мүлде жаңа стратегаялар әзірлеу негізінде басқару;
  9. Жедел шешімдер қабылдау негізінде баскару. Бақылау негізінде басқару тиянақты даму болашағы бар кәсіпорындарда пайдаланылады, бұл ретте негізінен фирманың және оның бөлімшелерінің іс-ерекетін қаржы жөнінен бакылау кабылданылады.

Жаңғырту (экстраполяция) негізінде баскару көсіпорынның бұрынғы даму беталысын {тенденциясын) болашақта сақтау көзделген кезде пайдаланылады. Осы мақсатта ағымдағы бюджеттерді кұрастыру, мақсатты түрде басқару және қол жеткен жетістіктер кезінде ұзақ мерзімдік жоспарлау қолданылады. Мүлде жаңа стратегиялар әзірлеу кезінде басқару дамудың жаңа беталыстары және кәсіпорын стратегияларын өзгерту қажеттілігі пайда болган кезде қолданылады.

Жаңа стратегия өріден ойластырып (стратегиялык) дамудың: қаржы, өткізуді басқару, өндірістік, инвестициялық үлгілері (моделдері) негізінде әзірленеді. Жедел шешімдер кабылдау негізінде басқару ойда болмаған, тосын жағдайлар мен даму беталыстары пайда болған кезде кабылданылады. Фирманы тиімді басқарудың негізгі компоненттері мыналар болып табылады:

  1. басқару құрылымы мен билік құрылымы;
  2. басқарушылар мен қызметшілердің (персоналдың) біліктілігі;
  3. фирманың өз ішіндегі қарым-катынастар мәдениеті;
  4. басқарушылардың ұйымдастырушылық қабілеттері. Басқару моделі фирма мөлшеріне, өнім сипатына және
  5. бизнестің сыртқы ортасына тәуелді.

Басқарудың қазіргі жүйесі кдрапайым жөне икемді болуға тиіс. Басқару жүйесі мынандай талаптарға сай болуы керек:

  1. білікті қызметкерлермен толықтырылған шағын бөлім-шелер;
  2. баскару деңгейлерінің саны барынша аз болуы;
  3. мамандардың топтасулары негізінде қүрылған құрылымдар;
  4. тұтынушыға бағдарланған, бәсекеге қабілетті өнім шығаруды кдмтамасыз ету.

Ауыл шаруашылык, көсіпорындардагы басқарудың негізгі ұстанымдары мен басқару жүйесі. Ауыл шаруашылығының сала ретіндегі өзгешелігімен байланысты ауыл шаруашьшығындағы баскарудың белгілі бір ерекшеліктері бар.

Біріншіден, ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналымдар (циклдер) мен олардың ұзақтығы биологиялық үрдістердің табиғи өрістеуімен тікелей байланысты. Айналма кұралдардың (тұқым, азық және т.б.) белгілі бір бөлігі тікелей шаруашылықтарда ұдайы өндіріледі. Ауыл шаруашылықгық өнімнің басым бөлігі күздікүні өткізілуіне байланысты және ақшалай түсімнің шаруашылықтардың есеп-шоттарына түсуі осы уақытқа сәйкес келетіндіктен ауыл шаруашьшығында несиелер мен көмек қарыздар ұдайы өндірістің экономикалық тұрғыдан кажетті аспабы жөне өндірісті басқару әдісі ретінде рөл көрсетеді.

Екіншіден, казіргі уақытта ауыл шаруашылық еңбегінің кормен жарақтануының техникалық деңгейі өнеркәсіптік деңгейден едәуір дәрежеде кейін калып отыр, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілік деңгейі белгілі шамада төмен. Ауылда тұратын және ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындардың азаюы орын алган және оның объективті сипаты бар.

Үшіншіден, бұл жалпы мемлекеттік ауқымда әрбір шаруашылықтағы жұмыстың аймақтық айырмашылықтарымен байланысты, мысалы, нарық жағдайларында өндірістің ұтымды құрылымын, егіс алаңдары мен жан-жануардың  мал басы құрылымын белгілеудің бірыңғай тәртібін ұсыну, жүмыстардың кажетті айналымдары мен олардың орындалу мерзімдерін және тағы басқаларын алдын ала білу мүмкін емес. Бүкіл осы және басқа мәселелерді тек қана әрбір шаруашылықтың жетекшілері мен мамандары дұрыс және ақылға сай шеше алады. Бұл ұстанымды бұзу өндірістік-қаржы іс-әрекетінің нашарлауына, ауыл шаруашылықтық кәсіпорындарының жетекшілері мен мамандарының жауапкершілігі төмендеуіне әкеліп соғады.

Төртіншіден, басқару ерешелігі, сондай-ақ ауыл шаруашылық өндірісінің маусымдылығымен байланысты. Ауыл шаруашылық кәсіпорынның басшысына жұмыс күшінің бүкіл күнтізбелік  жыл бойына толық жұмыс басты болуын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Бұған қосалқы кәсіпорындар мен кәсіпшіліктерді және тағы басқаларды ұйымдастыру салаларын ұтъімды үйлестіру арқылы қол жеткізіледі.

Бесіншіден, басқару әрбір шаруашылықта жеткілікті қорлар мен резервтерді, өндірістің қажетті материалдық-техникалық ресурстарын қамтамасыз етуге тиіс. Мәселен, ауыл шаруашылықөнімнің жалпы өндіру көлемін жоспарлаған кезде оларды өткізу көлемін ғана емес, шаруашылықтың тұқым, азық және тағы баскаларға деген қажеттілігін де; сақтық қорын жасауды да негізге алу керек.

Ауыл шаруашылығында басқарудың сатылы, міндеттілік (функционалды) жөне аралас жұйесін ажыратады. Басқарудың сатылы жүйесі — кезінде төменгі сатыдағы қызметкерлер жоғары түрғыдан басшыға бағынады. Мәселен, жұмысшы — звено жетекшісіне, звено жетекшісі — бригадирге, бригадир — бөлімше баскарушысына, бөлімше басқарушысы көсіпорын басшысына бағынады.

Басқарудың мұндай жүйесі кезінде қарама-қайшы өкімдерге жол берілмейді және басшылықгың тұтастығы қамтамасыз етіледі. Алайда бұл жүйенің елеулі кемшілігі бар, ол — бірнеше салаларды және қазіргі күрделі техниканы басқару үшін қажетті әр алуан біліктің бір кісінің басынан табыла қоюының мүмкін еместігі.

Осыған байланысты басқарудың міндеттілік жүйесі пайдаланылады, ол агрономиялық, зоотехникалық, мал дәрігерлік, инженерлік, жоспарлық-экономикалық, қаржы-коммерциялық секілді және тағы басқа қызметтердің жұмысшыға негізделген.

Сатылы жүйе де, міндеттілік жүйесі де іс жүзінде «таза» күйінде қолданылмайды. Әдетте олар әртүрлі қисындастыруда тіркеседі: басқарудың бригадалық, цехтық және аралас кұрылымы. Осылайша бағаланған құрылым негізінде ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік бөлімшелер сипаты жатыр.

Басқарудың бригадалык, тұрпаты салыстырмалы түрде шағын және орта шаруашылықтарға, сондай-ақ шағын ауқымда мамандандырылған шаруашылықтарға (аң өсіруші шаруашылықтарға, жылыжай комбинаттарына, құс фабрикаларына) тән. Мұндай кұрылым кезінде шаруашылықгың бүкіл ішкі бөлімшелері олардың іс-әрекетін үйлестіруші кәсіпорын басшысына тікелей бағындырылған.

.

Басқарудың бригадалық құрылымының басқа тұрпаттардан белгілі бір артықшылықтары бар: басқарудың бағыну деңгейлерінің саны ең аз болуынан бригадалық құрылым көбірек үнемді; орта буын жетекшілері мен кәсіпорын басшысы арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді, әртүрлі жетекшілер мен мамандар арасында өкілдікгерді (биліктерді) дәл белгілеп беруді қамтамасыз етеді. Басқарудың мүндай құрылымы кезінде бригадалардың жетекшілігіне мамандарды койған жөн. Мысалы, өсімдік өсіруші бригадаға — агроном, мал шаруашылығы бригадасына зоотехник жетекшілік етеді және тағы сондай. Басқарудың бригадалық құрылымы кезівде кәсіпорын басшысына тікелей бағынудың оңтайлы нормасы кызметтер мен бөлімшелердің 5-6 менеджері болып табылады.

.

Бригадалық тұрпаттағы ауылшаруашылық кәсіпорын басқарудың үлгі құрылымы

Ауылшаруашылық өндірісінің мамандандырылуы мен жоғырландыру үрдісінің дамуына байланысты баскарудың цехтык,  қүрылымына көшу үшін жагдайлар жасалады. Негізінде өндірісті үйымдастырудың салалық ұстанымы жатыр. Өсімдік шаруашылығының, мал шаруашылығының, техникаландырылудың ірі цехтарының құрамында мамандандырылған бригадалар құрылады. Цехтардың жетекшілері (бастықтары) тиісті мамандар болып табылады. Сатылы  мынадай түрде болады: мамандандырылған бригаданың бригадирі —цех бастығы—кәсіпорын директоры (төрағасы), салалардың мамандандырылуы әртүрлі деңгейдегі кейбір шаруашылықтарда басқарудың аралас құрылымы бар. Оларда өндірістік бөлімшелердің көпшілігін басқару бөлімше құрылымы негізінде жүзеге асырылады, тар ауқымда мамандан-дырылған бөлімшелерді бір бөлігі көпсалалы бөлімшелер кұрамына кірмейді жөне шаруашылық жетекшісіне тікелей бағындырылады, яғни басқару бригадалық құрылым бойынша жүргізіледі.

Жоғарыда аталып өткен кұрылымдармен кодтар, агроөнеркөсіп кәсіпорындары мен бірлестіктерін басқаруда пайдаланылатын басқарудың төрт сатылы қурылымы бар. Жер, материалдық жөне еңбек ресурстарға пайдалану тиімділігі жедел басқаруды ұйымдастыру деңгейіне едөуір түрде төуелді. Жедел басқару деп өндірістік үрдіс барысы туралы анықталған ақпарат негізінде жасалған жедел жоспарлардың, 323 тапсырмалардың, графиктердің орындалуы жөнінде дер кезіндегі шешімдер қабылдау мақсатында нысанға (объектіге) мақсаттылыкпен және жүйелі түрде ықпал етуді айтады. Жедел басқаруды жетілдіру жөніндегі ең ұтымды шаралардың бірі — шаруашылықтың өндірістік бөлімшелердің баскару аппаратына қызмет көрсетудің диспетчерлік жүйесін ұйымдастыру. Агробизнес кәсіпорындарын басқару кұрылымы кәсіпорынның түріне және оның мөлшеріне тәуелді. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне қызметтер көрсететін шағын көсіпорындарды баскдру құрылымы 5 тарауда мазмұндалған.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.