Калашников автоматы

Home » Рефераттар » Калашников автоматы
Рефераттар Комментариев нет

4(254)Автоматтың (пулеметтің) арналуы мен ұрыстық қасиеті. 5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматы — дербес қару, ал 5,45 мм Калашников пулеметі атқыштар бөлімшесінің қаруы болып табылады. Олар қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын жоюға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүңгі-пышақ бекітіледі. Түнгі табиғи жарык жағдайларында ату және бақылау үшін АК74Н, АКС74Н автоматтары мен РПК74Н, РПКС74Н пулеметтеріне түнде атуға арналған әмбебап көздеуіш бекітіледі (НСПУ). Автоматтан атыс жүргізу үшін кәдімгі (болат өзекті), жарқырауық және сауыт бұзғыш — өртегіш оқтары колданылады.  Автоматтан (пулеметтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) және ұзак атумен (10 атысқа дейін, пулеметтерден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға, пулеметте 45 патронға дейін болатын оқжатар қорабынан жүргізіледі. Автомат пен пулеметтің оқжатарларын өзара алмастыруға болады. Атудың көздеу қашықтығы — 1000 метр. Жерүсті нысаналары бойынша нақты атыс қашықтығы; автоматта 500 метрге дейін, пулеметте 600 метрге дейін. Ал ұшақтар, тікұшақтар және парашютпен секірушілерге автоматтан және пулеметтен ату кашыктығы 500 м — ге дейін. Автомат пен пулеметтен жер үстіндегі нысаналар бойынша шоғырланған атыс 1000 метрге дейінгі қашықтықта жүргізіледі. Тура атыс қашықтығы: автоматта «кеуделік» фигураға 440 м, жүгірмелі фигураға 625 м; пулеметте «кеуделік» фигурага 460 м, жүгірмелі фигураға 640 м. Атыс қарқыны минутына 600 атысқа жуық. Ұрыстың ату жылдамдығы — автоматтан минутына кезекпен ату 100 — ге дейін, пулеметтен 150 — ге дейін, жекелей атқанда — автоматтан 40 — қа, пулетметтен 50 — ге дейін. Автоматтың сүңгі — пышақсыз жарақталған оқжатарымен қоскандағы массасы: АК74 — 3,6 кг; АК74 — 5,9 кг; АКС74 — 3,5 кг; АКС74Н — 5,8 кг. Сүңгі — пышақтың қынабымен қоса алғандағы массасы — 490 г. Пулеметтің жарақталған оқжатарымен қосқандағы массасы: РПК74 — 5,46 кг; РПК74Н — 7,76 кг; РПКС74 — 5,61 кг; РПКС74Н — 7,91 кг. Автоматтың (пулеметтің) жұмыс істеуі және құрылымы туралы түсінік,

Автомат (пулемет) мынадай негізгі бөліктер мен механизмдерден тұрады:

— ұңғы қорабы, көздеу аспаптары және тапаншпа сабы;

— ұңғы қорабының кақпағы;

— газ поршені мен бекітпе жақтауы;

— бекітпе;

— қайтармалы механизм;

— ұңғы жапсырмасы мен газ түтігі;

— соққы — ағытқыш механизм;

— құндақ;

— оқжатар.

Сонымен қатар автоматта ұңғы аузындағы тежеуіш компенсаторы мен сүңгі-пышақ, ал пулеметте — жалын сөндіргіш пен сирағы болады. Автомат жиынтығына керек — жарақ, бау және оқжатарды салуға арналған сөмке (оқжатарда екі сөмке) кіреді. Жиналмалы дүмі бар автомат (пулемет) жиынтығына, сонымен қатар окжатар салынатын калтасы бар автоматқа (пулеметке) арналған қапшық, ал түнгі көздеуіші бар автомат толымына түнде атуға арналған көп салалы көздеуіш кіреді. Автоматтың автоматтық әрекеті ұңғы арасынан газ камерасына бөлінетін оқ — дәрі газдарының қуатын пайдалануға негізделген. Ату кезінде оқтың соңынан ілескен оқ — дәрі газдарының бір бөлігі ұңғы қабырғасындағы саңылау арқылы газ камерасына ұмтылады, газ поршенінің алдыңғы қабырғасына қысым түсіріп, поршень мен бекітпе жақтауы бар бекітпені артқы орынға итеріп тастайды. Кейін итерілгенде — бекітпе ұңғы арнасын ашады, оқтықтан оқсауытты алып, сыртқа лақтырады, ал бекітпе жақтауы қайтармалы серіппені қысып, шүріппені қайырады (оны ұрыстық дайындыққа қояды). Бекітпе жақтауы бекітпесімен алдыңғы орынға қайтармалы механизм әсерінен оралады, бұл ретте бекітпе оқжатардан кезекті патронды іліп алып, оқтыққа береді де, ұңғы арнасын жабады, ал бекітпе жақтауы автоілмектің дөңесін шүріппенің автоілмегінен шығарады. Бекітпенің жабуы оның оңға қарай бұрылуымен және бекітпенің ұрыстың дөңестерінің ұңғы қорабының ұрыстық тіректеріне кіруімен жүзеге асырылады. Егер ауыстырғышты автоматты атысқа қойса, онда атыс ағытқыш ілмек қысылып тұрғанда және оқжатардағы патрондар біткенше жалғасады. Егер ауыстырғыш жекелей атуға қойылатын болса, ағытқыш ілмекті басқан кезде тек бір ғана атыс болады. Келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілгекті босатып барып, қайта басу керек.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.