Камфора туралы мәлімет

Home » Рефераттар » Камфора туралы мәлімет
Рефераттар Комментариев нет

Камфора — Camphora. Камфораның оң айналатын, теріс айналатын және оптикалық түрлері бар. Көпке дейін камфора ағашынан алатын оң айналатын камфораның ғана емдік әсері бар деп есептелініп келген болатын. Н.В.Вершининнің басшылығымен жұмыс істеген ғалымдар камфораны базилик өсімдігінен және синтетикалық жолмен алуға болатындығын дәлелдеп берді. Синтетикалық теріс айналатын және оптикалық камфораны скипидардан және майкарағайдың эфирлі майынан алады. Камфора ароматты иісі, алғашқыда ащы, соңынан салқын-датқандай өсер ететін дәмі бар кристалды кесек заттар. Ашық ыдыстарда сақтағанда және қыздырғанда ұшып кетеді, сол себепті оны жақсы жабылатын ыдыстарда салқын жерде сақтайды. Камфора суда нашар (1:840), ал спиртте (1:1), эфирде, хлороформда және майларда жақсы ериді. Оның әсері кейбір жеке мүшелер мен организмнің жалпы функционалдық жағдайына байланысты өте күрделі және әртүрлі келеді.

Камфора рецепторларға баяу тітіркендіріп әсер етеді. Теріге өсер еткен жерінде алғашқыда салкындатқандай болады да, соңынан қыздырып, ол жердің ауырсыну сезімділігін әлсіретеді. Камфораның әсер еткен жерінде гиперемия пайда болады, ал ұзақ уақыт әсер еткенде жүйке ұштарының сезімділігі төмендейді. Сонымен бірге көптеген микробтардың өсуін тоқтатады, ал кейбіреулерін өлтіреді. Осындай жан-жақты өсеріне байланысты камфора өте күшті қабынуға қарсы қолданылатын зат ретінде пайдаланады. Оны тері астына еккенде 20 % төменгі концентрацияларында баяу тітіркендіріп әсер етеді, ал 30 % жоғары концентрациясында қабыну реакциясы пайда болады. Камфора микробтарға да қарсы әсер етеді. Оның мұндай әсері камфораны жергілікті жерге қолданғанда, кеңірдек бездері арқылы бөлінгенде және бүйректерде байқалады.

Камфора организмге тез, әсіресе тері астына еккенде өте тез сіңеді. Камфораның көп мөлшері организмде тотыға бастайды. Организмнен глюкурон қышқылымен жүп қосылыстар турінде, ал аздаған бөлігі өзгермеген күйінде бүйректер арқылы шығарылады. Қанға тарағаннан кейін камфора орталық жүйке жүйесін қоздырады, жүректің жүмысын жақсартып, несеп бөлуді күшейтеді. Камфораның әсер ету механизмінде, еккен жер арқылы рефлекторлы әсерінің маңызы зор. Камфора сіңгеннен кейін, көптеген улы заттарды ығыстырады. Сонымен бірге камфораның өзі және пайда болған жүйелі қосылыстары арқылы куаттандырып әсер етеді. Камфораның әсерінен орталык, жуйке жұйесінің қозуы орталық жүйке жүйесінің жағдайына байланысты әртүрлі деңгейде өтеді. Барлық жағдайларда камфора организмнің жалпы жағдайын жақсартады, ұзакка созылатын тынышсыздануда организмді тынышсыздандырады, орталық жуйке жүйесі әлсірегенде мұның қуаттандырғыш өсері айқын байқалады. Өкпенің минуттік көлемі тыныс алудың тереңдей түсуіне байланысты ұлғаяды. Егер тыныс алу орталығы әлсіреген болса, тыныс алудың күшеюі айтарлықтай болып 1-5 сағатқа созылады. Тыныс алудың күшеюі, тыныс алу орталығының тікелей қозуынан болады да 1-2 сағаттан соң басталады. Ал рефлекторлы түрде әсер етуі салдарынан тыныс алудың 15-20 минуттен соңақ күшейетіндігі анықталған.

Камфораның жүрек қан тамырлары жүйесіне әсері өте күрделі. Камфора сау жүрекке айтарлықтай өсер етпейді, тек өте жоғарғы мөлшерінде ғана жүректің қозғыштығы мен өткізгіштігін төмендетеді, жүрек ритмін баяулатып, диастолалық босаңсуын күшейтеді. Ал шаршап-қажыған жүрекке ете нөтижелі әсер етеді, систолалық жиырылуын күшейтіп, жүректің ритмін қалпына келтіреді, сонымен бірге жүректің қозуы мен өткізгіштігін жақсартады. Оның минуттік көлемі едәуір артқандықтан, қанның жүру жылдамдығы күшейеді. Камфора жүрек құлақшаларының кейбір жүқпалы аурулары кезінде, интоксикацияларда, хлороформ және хлоралгидратпен уланғанда болатын фибрилляциясын әлсіретеді. Тіптен строфантинмен, тиопенталмен,. бактериялық жөне басқада өте күшті улы заттармен уланғанның өзінде жүректің жұмысын жақсартады, ал кейде толық қалпына келтіреді.
Камфораны тері астына еккеннен кейін жүрек жұмысының өзгеруі 15-20 минуттен кейін басталып, 2-8 сағаттан кейін ең жоғарғы шегіне жетеді де, жайлап төмендей бастайды.

Камфора жүрекке алғашқыда егілген жердегі сезімтал жүйке үштарына әсер ету арқылы рефлекторлы, ал соңынан орталық жүйке жүйесі арқылы немесе жүректің өзіне тікелей резорбтивті әсер етеді. Камфораның жүрекке қолайлы өсері оның жүректегі әртүрлі улы заттар мен токсиндерді ығыстыруынан деп түсіндіріледі. Камфораның торшалардың өткізгіштігін арттыратын қасиетінің жүрек үшін маңызы зор. Жүрек бұлшық еттері торшаларының өткізгіштігінің артуы зат алмасу өнімдері мен улы заттардың толық ығыстырылуына, ұлпалық зат алмасудың күшейіп, сол арқылы жүрек жұмысының жақсаруына септігін тигізеді. Жүрек жұмысының жақсаруы сонымен бірге жүрек (коронарлық) қан тамырларының кеңеюінен, газ алмасудың күшеюінен, орталық жүйке жұйесінің қозуынан және камфораның антисептикалық және уға қарсы әсер етуінен болады. Төменгі мөлшерінің өзінде қан тамырларын қозғайтын орталықты қоздырып, қан қысымын арттырады. Қантамырлары, өсіресе капиллярлар әртүрлі деңгейде кеңейетіндіктен, қан қысымы да әртүрлі деңгейде болады. Жүректің, мидың және бүйректердің қантамырлары үнемі кеңейеді, ұсақ артериялар мен капиллярлар алғашқы кезде әртүрлі деңгейде өзгереді, тарылған қантамырлары камфораның әсерінен кеңейіп, ал кеңейгендері керісінше тарылады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.