Канцерогенез

Главная » Рефераттар » Канцерогенез

Канцерогенез дегеніміз — рак (ісік) ауруының пайда болу процесі. Көптеген мутагендік факторлар канцерогендік те әсер етеді. Рак (ісік) ауруы XX ғасырдағы адамдардың ең қауіпті ауруларының бірі.

Рак (ісік) ауруының жасушаларының кәдімгі дене жасушаларынан 2 ерекшеліктері болады: 1) кәдімгі дене жасушалары санаулы рет қана бөлініп, содан кейін бөлінуін тоқтатып өліп қалатын болса, рак (ісік) жасушалары шексіз бөлініп өсуге қабілетті. Сондықтан да олар ағзаға механикалық зиян келтіріп, өсіп көбейе береді де ақырында оның өлуіне алып келеді; 2) рак жасушалары жайылып метастаз береді, яғни оның кейбір жасушалары лимфа не қантамырлар арқылы басқа мүшелерге, ұлпаларға таралып, сол жерлерде жаңа ісіктер пайда болады.

Ағзалардың бөлінуге қабілетті кез келген жасушалары ісікке айнала алады. Бірақ, олар қалайша, ненің әсерінен рак (ісік) жасушаларына айналады, әлі толық шешілмеген мәселелер. Дегенмен, қазіргі кезде белгілі болғаны — рак (ісік) жасушаларында гендер қызметінің реттелу механизмінің бұзылуы салдары екендігі. Екінші бір толық шешілмеген мәселе — рак (ісік) ауруы тұқым қуалай ма, жоқ па? Бұл тұрғыдан екі түрлі гипотезалар айтылып жүр: бірі — рак (ісік) ауруы тұқым қуалайды десе, екіншісі — тұқым қуаламайды деп болжамдайды. Қалай болғанда да рак (ісік) ауруының пайда болуының негізгі себептері — сомалық мутациялар және вирустардың әсері екендігі анықталып отыр. Қазіргі кезде рак (ісік) ауруының кем дегенде 3—4 түрінің тұқым қуалайтындығы дәлелденген, олар: ретинобластоманың бір түрі, Фанкони анемиясы (кан аздылығы), пигменттік ксеродерма және нейрофиброматоз. Рак (ісік) ауруының көпшілігі сомалық мутациялардан басталады.

.

Сомалық мутациялар адамдардың дене жасушаларында әр түрлі мутагендік факторлардың — радиация сәулелерінің, ультракүлгін сәулелерінің, химиялық заттардың әсерінен түзіледі. Сомалық мутациялар алғаш жеке жасушада пайда болып, оның тағдыры сол жасуша тіршілігіне байланысты болады. Егер осы мутация әсерінен жасуша өліп қалса пайда болған сомалық мутация да сол жасушамен бірге жойылады, ал егер мутацияланған жасуша әрі қарай бөлініп көбейетін болса, онда сол жасушаның ұрпақтарыңың бәрінде де мутация сақталынады. Сомалық мутация негізінде ағза денесінде жасуша мозаикасы қалыптасады, яғни қалыпты сау жасушалармен қатар мутантты жасушалар да кездеседі. Сомалық мутациялар негізінде мутантты жасушада хромосома тұрақтылығы бұзылады, ал ол әр түрлі мутацияларға (делеция, транслокация, дупликация т.с.с.) алып келеді. Осының нәтижесінде сол жасушалар жедел өсіп, көбейіп ісік пайда етеді, мысалы, осылайша Фанконни анемиясы — (жас балаларда кездесетін ауру — оның белгілері қаңқа, әсіресе саусақ сүйектері, кәрі жілік құрылысы бұзылады, сүйектерде кемік жасушалары жетілмейді, сондықтан эритроциттер аз мөлшерде түзіледі) дамиды. Сомалық мутациялардың рак (ісік) ауруын пайда етуінің жалпы механизмінің жобасы келтірілген (30-сурет).

Тұқым қуалайтын рак (ісік) ауруының тағы бірі — ретинобластома. Ол балалардың көздерінде болатын ісік ауруы. Егер дер кезіңде дұрыс емделмесе ісік миға беріліп балалардың өліп қалуына алып келеді. Ретинобластоманың екі түрі белгілі, бірі тұқым қуалайды, екіншісі тұқым қуаламайды. Ретинобластоманың тұқым куалайтын түрі аутосомды — домнантты жолмен беріледі. Оның пайда болуы екі сатыдан тұрады:

1)  мутация алғаш жыныс жасушаларында пайда болады, ал ол сомалық мутациялардың тууына алып келеді;

2)  сомалық мутация пайда болған жасушалардың біреуі есіп, көбейіп ретинобластомаға айналады. Ретинобластоманың гені 13-хромосоманың ұзын иінінде орналасқан.

mutagenez-KazOrtaКанцерогенездің сомалық мутация болжамымен қатар вирустық болжамы да белгілі. Вирустардың рак (ісік) ауруын туғыза алатындығы туралы болжамдар ерте кезден ақ белгілі. Бірақ, тек 1950 жылы американ ғалымы Р.Делебекко кемірушілерді маймыл вирусымен зақымдап, оларда рак (ісік) ауруының пайда болғанын зерттеп анықтаған. Соңғы кездері кептеген рак (ісік) және лейкоз ауруларының вирустар әсерінен болатындығы анықталды. Бірақ көптеген рак пайда етуші вирустарда тұқым қуалаушылық материалдары ретінде ДНҚ емес РНҚ молекуласы болатыны белгілі. Сонда, қалайша вирус РНҚ-сы жасуша ДНҚ-сымен қосыла алады?

1970 жылы Г.Темин және Д.Бальтимор РНҚ молекуласы негізінде ДНҚ молекуласының синтезделуін қамтамасыз ететін ерекше фермент кері транскриптаза (ревертаза) ферментін ашты. Осындай РНҚлы вирустарды ретровирустар деп атайды.

.

Вирустар РНҚ күйінде жасушада ұзақ уақыт зиянсыз өмір сүріп жүре алады, ал сол РНҚ негізіңде, кері транскриптаза ферментінің қатысуымен, ДНҚ синтезделіп жасуша ДНҚ-сына жалғанса болды, жасуша «құтырып», тез бәлініп, рак жасушасына айналады.

Вирус РНҚ-сында өздерінің тіршілігіне қажет гендермен қатар жасушаны «құтыртып» рак жасушасына айналдыратын гендер де кездеседі. Оларды онкогендер V-опс деп атайды, олардың жалпы саны 20-ға жуық. Бір қызығы, вирус онкогеңцеріне ұқсас гендер адамның қалыпты эукариотты жасушаларында да кездеседі, бірақ олар өз беттерінше қалыпты жасушаны рак жасушасына айналдыра алмайды, керісінше олар адам онтогенезінің алғашқы кезендерінде өте маңызды рөл атқарады. Ол гендерді протоонкогендер — с-опс деп атайды.

Вирус онгкогендері мен жасуша онкогендері (протоонкогендер) ұқсас белоктарды синтездейді. Дегенмен, с-опс интрон-экзон учаскелерінен, ал V-опс тек экзондардан құрылған. С-опс активтенуі үшін оған вирус онкогенінің (V-опс) промоторы -вирус LTR жалғануы қажет.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.