Картоп аурулары

Home » Рефераттар » Картоп аурулары
Рефераттар Комментариев нет

Картоп шаруашылығына қатерлі ісік, фитофтороз, түйнектердің қара қотыры, макроспориоз және тағы басқа аурулар үлкен залал келтіреді. Осы аурулардың қоздырғыштары саңырауқұлақтар. Картоп бактериялармен және вирустармен де зақымданады. Картоп аурулары өнім түсімін, түйнектердің тауарлық құндылығын (дәмдік сапасы нашарлайды, азық-түліктік картоптың қалдықтары көбейеді және нашар сақталады) төмендетеді.

Картоптың қара мойнағы. Қара мойнақ түйнектерде де, танаптағы өсімдіктерде де байқалады. Ауру өсімдіктердің сабағының түбі қарайып, шіріп кетеді. Осы сабақтағы жапырақтар алғашқыда ақшылданып, кейін сарғайып кеуіп қалады. Ауруға шалдықңан сабақтар топырақтан жеңіл жұлынады. Ауруды өскіндер жер бетіне шыққаннан кейін байқауға болады. Қара мойнаққа шалдыққан түйнектің өзегі шіриді. Түйнектің шіруі столонға бекіген жерінен басталады. Ауру өсімдіктердің 2-3 сабақтары ғана болады. Ылғалдылық жағдайында жапырақтар кілегейленіп, қоңыр дақтар мен жарықшалар пайда болады. Егер ауру сабақты көлдеңінен кессек бактериялардың бітеп тастауынан өткізгіш ұлпалардың қарайып кеткендігін көруге болады.
Қара мойнақты тудыратын бактериялар тұқыммен тарайды. Аурудың дамуына 15-18° С ауа температурасы мен топырақтың жоғары ылғалдылығы қолайлы. Танапта тікелей топыраққа түскен бактериялар сақталмайды, ал өсімдік қалдықтарында олар шірігенге дейін ғана сақталады. Ауру топырақта болатын тақта мұртты қоңыздар мен шірінді шыбындарының дернәсілдерімен және кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттарымен тарайды. Күресу шаралары: отырғызу үшін салмағы 50 г. шамасындай сау түйнектерді іріктеп алады; көктетіп өсіреді және өскіндері нашар түйнектерді алып тастайды. Картоп отырғызылған алқапқа фитосанитарлық тазалау жүргізеді, ал жинағанда жапырақ пен сабақтардың түйнектермен араласуына және түйнектердің механикалық зақымдануына жол бермейді. Қажет болғанда «Тізім…» бойынша фунгицидтерді қолданады. Картоптың сулы шірігі. 
Ауруға шалдыққан түйнектер бастапқыда ақшыл, кейін қара қоңыр түсті болады. Зақымданған жерлерде сары қоңыр кілегей зат түзіледі, ал түйнектің қабығы көбінесе сау күйінде қалады. Түйнектер жұмсарып, суланады, жұмсағы жағымсыз иісі бар қойыртпа тәрізді массаға айналады. Күресу шаралары: картопты жинаудан бір-екі апта бұрын сабақтарын шауып тастайды; түйнектерді зақымдамай жинап, кептіру және сақтау үшін қолайлы жағдайлар жасау. «Тізім…» бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.
Сақиналы шірік. Ауру өсіп даму кезеңінің екінші жартысында білінеді. Өсімдіктің жекелеген сабақтары мен олардың жапырақтары сарғайып солады. Ауру сабақтың кесіндісінде өткізгіш ұлпалардың қарайғандығын көруге болады. Егер зақымдалған ұлпаларды қысса созылмалы сары кілегей түріндегі бактериялар шығады. Ауру түйнектерде екі түрде байқалады: түйнектердің шеңберлі шірігі және түйнектердің шұңқырлы шірігі. Шеңберлі шірікпен ауырғанда түйнектің кесіндісінде тұтас немесе үзік-үзік қоңыр шеңберді көруге болады. Бактериялармен зақымдалған ұлпалар жұмсарады, қысқан кезде ақшыл кілегей тамшылар шығады. Шұңқырлы шірікпен ауырғанда түйнек қабығының астында сары түсті, бастапқыда майлы, дөңгелек дақтар түзіледі. Дақтарды түйнектің қабығын алғанда ғана көруге болады. Бактериялар тұқымда сақталады. Ауру түйнектерді еккенде ауру өскіндер пайда болады. Қоректік заттар мен судың жетіспеушілігінен ауру өсімдіктердің жапырақтары қурайды, 2-3 қана сабақ дамиды. Күресу шаралары: фитотазалау кезінде ауру өсімдіктерді жою; картопты уақытымен ауа райының құрғақ кезінде жинап алу (түйнектері пісіп, қабығы қатайғанда); түқымды ауру түйнектердентазалау; «Тізім…» бойынша фугицидтерді пайдалану қажет.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.