Картоп дақылының ақмола облысы жағдайында кездесетін аурулары

Главная » Рефераттар » Картоп дақылының ақмола облысы жағдайында кездесетін аурулары

Ауылшаруашылық дақылдарының ішінде кортоп бүгінгі таңда бидайдан кейін«екінші нан» деген атқа ие. Картоп — тағамдық, азықтық қасиеттеріне қарай жəне өндірісте шикізат ретінде қолдануға арналған, сонмен қатар Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығындағы кеңінен тараған, үлкен сұранысқа ие дақылдардың бірі [1]. Бүгінгі таңда экономикамыз тұрақталып, өсу қарқыны белең ала бастаған елімізде картоп шаруашылығының дамуын қолдау мақсатында Қазақстан ауылшаруашылығы министрлігінің тарапынан қолдау көрсетіліп, қаржы бөлінуде. Қазақстанда картоп дақылдың егіс көлемі 170 мың гектар шамасында, орташа өнімділігі гектарына 160 центнер төңірегінде. Жыл сайын елімізде 2,76 млн. тонна картоп өндіріледі. Ақмола облысы картоп егісінің көлемі жағынан республикада Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан жəне Алматы облыстарынан кейін төртінші орында[2]. Дақылдан алынатын өнімнің төмен болу себептерінің бірі вегетация кездері оның əртүрлі өте зиянды ауруларға шалдығуынан. Сонымен бірге алынған өнімнің айтарлықтай бөлігі тағы да сол аурулардың əсерінен қоймаларда сақтау кездері жойылады. Сондықтан картоп дақылының жəне оның өнімінің ауруларымен күресудің алғы шартына алдымен ауру түрлерін анықтап, олардың таралу жəне даму заңдылықтарын анықтау жатады. Ақмола облысының картоп егісі алқабынан вегетация кездері жəне қоймалардан қысқы сақтау кездері алынған сынамаларды зерттеу нəтижесінде фитопатогенді саңырауқұлақтар туындататын аурулардың 6 түрі анықталды. Олардың ішінде 2 түрі картоптың тек түйнегін (кəдімгі отыр,немесе актиномикоз жəне б.рт.кті отыр, немесе ооспороз), 1 түрі түйнегін, тамырсабағын жəне жас өскінін (араотыр, немесе ризоктониоз) қалған 3 түрі (фитофтороз,макроспориоз, обыр жəне) дақылдың барлық органдарын зақымдайды. Қысқы сақтау кездері картопты шірітуге себеп болатын ауруларға осы анықталған барлық ауру түрлері себеп болады. Мақалада ауру түрлеріне жəне ауру қоздырғыштарға морфологиялық сипаттамалар жəне олардың таралу аудандары берілген. Төменде осы анықталған түрлердің зерттелу аймағында таралуы, морфометрикалық ерекшеліктері жайында алынған мəліметтер баяндалады. Фитофтороз. Зерттелген барлық аудандар көлемінде кездесті. Алғашқы белгісі дақылдың гүлдей бастаған кезінде жоғарғы жəне ортаңғы жапырақтарда майда, жеке-жеке орналасқан, бірен-саран қоңыр дақтар түрінде байқалып, сонан соң бірте-бірте олардың көлемі ұлғайып, саны да арта түсті. Басқа жапырақтарда да, кейде сабақтарда да пайда болды. Мұндай жапырақтар қоырқай тартып, сонан соң қарайып, қурап қалды. Түйнектегі ауру белгісі біршама өзгеше. Мұнда алдымен түйнектің сыртқы қабығында түсі сұр, батыңқы ұлғая түсетін дақтар пайда болады. Түйнекті кесе бөліп қарағанда дақ пайда болған жердің ұлпасы қоңырқай тартып, түйнек етіне тереңдей, сына тəрідене ене түсетінін байқаймыз. Мұндай жерлер шіри бастайды, көп ұзамай ауру түйнектің қалған бөлігін қамтып, түгелдей шірітіп жібереді.

Ауру қоздырғыш саңырауқұлақ – Phytophthora infestansD.B. оомицеттер класының (Oomycetes) переноспоралар қатарына (Perenosporales) жатады. Гифтері түссіз, клеткасыз, көпядролы. Жыныссыз көбюі зооспораларымен, жынысты көбеюі (ооспоралары) біздің жерімізде анықталмаған, тек картоптың шыққан отаны – Мексикада ғана кездеседі. Конидийтүзгіштері аздап тарамдалған, конидийлері бір клеткалы, пішіні лимонға ұқсас, көлемі 26-30х15-22 мкм. Картоп фитофторозы Оңтүстік Америка құрылығынан Европаға, одан бізге жеткен. Ауру өте қауіпті. Қоймада сақтау кездері түйнектен-түйнекке тез тарап өнімнің көп бөлігін шірітіп жібереді. Обыр. Бұл ауру Целиноград жəне Аршалы аудандар жерінде анықталды. Өсімдіктің тамырынан басқа барлық органдарын зақымдайды. Ең көп зақымдайтын органы картоп түйнегі. Аурудың алғашқы белгісі жас түйнектердің көзшелерінде шағын бүртік түрінде пайда болып, сонан соң тез үлкейе бастайды. Ісік көлемі картоп түйнегінің көлеміне жетуі тосын жай емес. Бірте-бірте күңгірттеніп, сонан соң қара түске енеді. Əбден жетілген ісік жіктеліп, ыдырайды, онымен бірге картоп та ісік астынан бастап, түгел шіріп кетеді. Түйнек қоймалжың, қоңырқай шірнелі массаға айналып, жағымсыз иіс таратып тұрады[4]. Ауру қоздырғыш саңырауқұлақ – Synchitrium endobioticumPerc. оомицеттер класының (Oomycetes) миксохитридиялар қатарына (Mychytrxoidiales) жатады. Патоген иелік өсімдік клеткасының ішінде тіршілік етеді. Вегетативтік денесі жалаңаш протоплазма түйіршіктерінен тұрады. Шіру үдерісіне ауру қоздырғышынан басқа, əртүрлі бактериялар мен сапротрофты саңырауқұлақтар да қатынасады. Вегетация соңына қарай обыр ісіктерде қалың қабықты, түсі сарғыш-қоңыр цисталар (50-80 мкм) пайда болады. Олар қыстап шығу қызметін атқарады, көктемде өсіп зооспорангий береді. Зооспорангийлерде пайда болған бір жіпшелі зооспоралар картоп түйнегінің көзшесіне, немесе оның айналасындығы ұлпаларға жетіп, өседі, өскіні ұлпа клеткаларына енеді.

Картоп обыры өте зиянды, кей жылдары өнім 40-60%-ға дейін төмендейді. Столондары көп зақымдалған картоп дақылы өнім бермейді. араотыр, немесе ризоктониоз. Зерттеген аудандардың барлығында кездесті. Картоп түйнегінде жабысқан топырақ түйіршігі сияқты, оңай сылынып алынатын сүйелшелер (склероция) пайда болады. Кейде түйнек жасымығының айналасында майда қара дақтар түрінде, ал түйнек көзшелерінің маңында ірі (1-3 см), батыңқы, суланып тұратын қара дақтар түрінде көрінеді. Қоңыр дақтар жəне мұндай дақтар тізбегі тамырда жəне тамырсабақта да пайда болады. Ауруға шалдыққан картоп ештеңеге жарамсыз болып қалады. Өскінінде ауру күңгірт-қоңыр дақтар мен ойық жарақаттар түрінде байқалады. Зақымдалған жерінен өскін сынып, жер бетіне шыққанға дейін өледі. Жинап алынған өнім қамбада ұзақ сақтауға жарамайды. Дымқылданып тұратын жара дақтар тез ұлғайып, мұндай түйнектер тез арада шіріп кетеді. Шірік сау түйнектерге өтіп, олар не азыққа, не тұқымға жарамсыз болып қалады. Ауру қоздырғыш -Rhizoctonia solani Kühn жетілмеген саңырауқұлақтар класының (Deuteromycetes) стерильді мицелийлер (Mycelia sterila) тобына жатады. Паразиттік түрде тіршілік етуі тек стерильді мицелий күйінде ғана өтеді. Мицелийі жуан, жиі далдалы гифтерден тұрады, тоғалары болады[2, 3]. Кəдімгі отыр, немесе актиномикоз. Балық зерттелген аудандарда кездесті. Картоптың тек түйнектері ғана зақымдалады. Түйнектің бетін бүртіктер мен майда жарақаттар басады. Аурудың бірнеше типтері болады: жайпақ, томпақ, батыңқы жəне торлы. Бұлардың ішіндегі ең зияндысы батыңқы қотыр (Actinomyces ochroleucusWol., Act. incanescens Wol.). Бұл ауру картоптың қабығымен бірге оның астында орналасқан ұлпаларын да зақымдайды. Түйнек бетінде терең батыңқы жарақаттар түрінде көрінеді. Мұндай жарақаттар, кейде бір-бірімен қосылып, түйнектің едəуір бөлігін қамтиды.. Ауру картопты жаңадан жинаған кездері пайда болады.

Ауру қоздырғыштар актиномицеттер (Actinomyces түрлері) тобына жатады. Актиномицеттер топырақта көп тараған микроорганизмдер қатарында. Кəдімгі қотыр зиянды ауру, картоптың тауарлық бағасын төмендетеді, ұзақ сақтауға жарамсыз етеді, тұқымдық сапасын нашарлатады. Б.рт.кті отыр, немесе ооспороз. Целиноград, Шортанды жəне Аршалы аудандарында анықталды. Ауру тек картопты қысқа сақтау кездері ғана байқалады, қыс бойы күшейіп, көбейе түседі. Алғашқыда түйнекте майда, түсі картоп қабығына ұқсас, немесе одан сəл күңгірттеу, бүртіктер пайда болады. Бүртіктердің жиектері батыңқы, ал орта тұсы көтеріңкі, көлденеңі 2-4 см шамасында болады. Ауру дендеген сайын бүртіктер бір-бірімен қосылып, түйнектің едəуір бетін қамтиды, картоп фитофторозына ұқсай бастайды. Бірақ фитофтороздан айырмашылығы дақтың орнына бүртік пайда болады жəне бүртіктің асты дақтағыдай шірімейді. Егер бүртіктер түйнек көзшесінің жанында пайда болса, онда көзшелер өліп, өскін бермейді[5]. Патоген түйнекке ондағы көзшелері мен жасымықтары арқылы енеді. Жас түйнекке ауру танапта жұғып, кейін, қамбада жалғасын табады. Қамбада сақтау кездері ауру түйнектерде пайда болған патогеннің конидийлері сау түйнектерге қонып, ауруды таратады. Қамбада ылғал жоғары болып, желдетілуі нашар болған жағдайда, ауру асқына түседі. Ауру қоздырғыш -Oospora pustulans Owen. et Wak. жетілмеген саңырауқұлақтар класының (Deuteromycetes) гифтілер қатарына (Hyphales) жатады. Ауру қоздырғыштың гифтері түссіз, далдалы, конидийтүзгіштері болмайды. Конидийлері сопақша келген, көлемі 5-11х2-3 мкм, тікелей негізгі мицелий гифтерінде тізбектеле пайда болады. Макроспориоз, немесе, кебу датар. Тек Зеренді ауданында кездестірдік. Жапырақта кепкен, дөңгелек, күңгірт-қара дақтар, пайда болады. Дақтардың бетін патогеннің спора түзуші органдарынан тұратын күңгірт-жасыл үлпілдек зең басады. Дақтардың пайда болуы жапырақтың сарғая бастауымен ұласады. Сабақта ұзындығы 7-10 см жететін, бетінде күңгірт үлпек зеңі көрініп тұратын, созылыңқы күңгірт дақтар пайда болады. Кейде мұндай дақтар бір-бірімен қосылып жатады. Макроспориоз ауруына шалдыққан картоп пəлегі вегетация соңына көп жетпей қурап қалады. Пəлектен ауру картоп түйнектеріне өтеді. Онда дөңгелек, аздап батыңқы, əртүрлі көлемдегі, күңгірт зең басқан дақтар түрінде байқалады[4]. Макроспориоз картоптың өте зиянды ауруларының бірінен саналады. Кей жылдары дақылдың бұл аурудан шығыны 20-50-%-ға дейін жетеді. Ауру қоздырғыш -Macrosporium solani Ell. et Mart. жетілмеген саңырауқұлақтар класының (Deuteromycetes) гифтілер қатарына (Hyphales) жатады. Мицелийлері, конидийтүзгіштері мен конидийлері күңгірт түсті. Конидийлері сопақша келген, бойлық 1-3 жəне көлденең 7-10 далдалы. Дақылдың барлық органдарын зақымдайды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.